Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Бақ пен жүзім шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды бақ пен жүзім шаруашылығымен таныстыру.

Диқан еңбегі мен сол еңбектің жемісінің маңыздылығын

аңғарту. Еңбек қуанышын сезіндіру.

Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Кең байтақ Отанымыздың жер асты мен жер бетіндегі байлықтарымен таныстыра отырып мақтаныш сезімдерін ояту және Отанымыздың әр қадам жерін мақтан тұтуға, аялауға. сүюге, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы

түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. . Қазақстан картасы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Кең байтақ жері Кенге толы қойнауы

Қазақстан байлығы.

Мұнайы мен газы Алтын астығы

Көмірлі алқаптары Мол балығы

Ақ алт ыны

Оңтүстіктің климатының жылы болуына байланысты мұнда бақ пен жүзім шаруашылығы да жақсы дамыған. Бақтарда алма, алмұрт, шие, алхорының неше түрлі сорттары өсіріледі. Оларды бағбандар күтіп-баптайды. Сонымен қатар мұнде қарақат бұтасы мен таңқурай да өседі.

Оқулықпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Оңтүстікте өсірілетін жеміс ағаштары мен жеміс бұталарын ата.

  2. Олардың қандай пайдасы бар?

  3. Ағаштарды қалай күтіп баптайды?

  4. Өзің білетін бақша дақылдарын ата.

  5. Қандай көкөністерді білесің?

  6. Ағаш діңдерін неге әктейді?

  7. Көктемде неге дәрі шашады?

  8. Өсімдік шаруашылығының өнеркәсіппен байланысы бар ма?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.