Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.2.3 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын далалық жағдайда “ылғаудау” арқылы анықтау (н.А.Качинский әдісі)

Тапсырманы орындау

1) топырақты ылғылдап, саусақпен балшық консистенциясына дейін жұмсартып, яғни Аттерберг бойынша төменгі сұйылу шегіне дейін ылғалдау (бұл жағдайда су топырақтан сығылмайды, бірақ топырақ жылтырайды қолға жұғады);

2) жақсы иленген балшықты алақанға салып жуандығы 3 мм дей жіп есу және диаметрі 3 см-дей сақинаға ию;

3) жіптің түрі (сүрет 3) топырақтың төмендегідей гранулометриялық құрамын көрсетеді саз – жіп сақина болып жарылмай жеңіл иіледі; ауыр сазды – жіп толық есілгенмен сақинаға игенде жарықшақтанады; орташа сазды – жіп жеңіл есіледі, бірақ сақинаға игенде жарықшақтанып, бөлініп кетеді: жеңіл сазды - жіпесу кезінде бөлшектеніп кетеді; құмайт – балшықты есе бастағанда-ақ бөлшектеніп кетеді; құм – жіп жасалмайды басы бірікпейді;

4) осы далалық жағдайда жасалған анықтауларды зертханалық талдаулармен тексеру керек.

1.2.4 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтау үшін органолептикалық әдісті қолдану

Студентер экскурсия кезінде жер игеру, агрохимия және экология оқытушыларына “Бұл қандай топырақ?” – деген сұрақты жиі қояды. Сондықтан болашақ оқытушы топырақтың гранулометриялық құрамын күрделі құралсыз-ақ тез анықтайтын далалық немесе органолептикалық әдісті білуі керек. Бұл әдістің дәлдігі аз болғанымен далалық жағдайда лупаны, пышақты және суды қолданып, гранулометриялық құрамы бойынша 1.2.4 кестеге қарап, топырақтың басым көрсекіштері арқылы әртүрлілігін анықтауға болады.

Гранулометриялық құрамы

Топырақ үлгілерінің анықтау

кезіндегі пішіндері

1. Жіп есімейді - қүм

2. Жіптің нышаны жасалады - қүмайт

3. Жіп есу кезінде бөлшектеніп кетеді – жеңіл сазды

4. Жіп толық есіледі, сақинаға игенде бөлініп кетеді – орташа сазды

5. Жіп толық есігенмен сақинаға игенде жарықшақтанады – ауыр саз

6. Жіп сақина болып жарылмай жеңіл иіледі – саз

Сүрет 3 – Топырақтың гранулометриялық құрамын далалық жағдайда «ылғалдау» әдісімен анықтау көрсеткіштері

1.2.4 кесте – Гранулометриялық құрамы бойнша топырақтың әртүрліліктерін анықтау (органолептикалық әдіс)

Лупамен қарағандағы түрі

Саусақпен сезіну

Ылғалды топырақты есу

Ылғалды топырақты пышақпен кесу

Топырақтың әртүрлілігі

Түгелімен құмдық бөлшектер

шықырлайды, құмшықтар айкын сезіледі

шар жасалмайды

топырақ шашылып кетеді, пышақ кеспейді

құм

Құмы көп, бірақ саз бөлшектері де бар

шықырлайды, аздап саусаққа жұғады

шар жасауға басы бірікпейді, жіп бөлініп кетеді не тіпті есілмейді

кесіндісі тегіс емес

құмайт

Құм көрінеді, бірақ саз бөлшектер басым

саусаққа жұғады, құм саусаққа аз білінеді

шар жасалады, жіп қысқа және әлсіз

кесінді бетінің тегістігі нашар

сазды

Негізінен саз бөлшектен тұратын масса, құмның ұсақ бөлшектері кездеседі

жұғады, құмшықтар саусаққа білінбейді

жіңішке ұзын жіп есіледі

кесіндінің беті жалтыр, тегіс

саз