Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.15 Топырақ карталары және картограммалар

Жерді тиімді пайдалану (егіске, шабындыққа, жайылымдарға, т.б.), агротехниқалық және мелиоративтік шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін ірі масштабты немесе детальдік (толық) топырақ карталары жасалады. Бұл жұмысқа арнайы топтардан басқа студенттерді де “Егіншілік негіздері” пәнінің далалық практика бағдарламасы бойынша тарту қажет. Топырақ карталарын жасау болашақ мамандарға оқу материалдардын игеру, курстык, дипломдық тапсырмаларды орындау, өндірісте жерге орналастыру, шаруашылықты мамандыру, суару және суландыру, т.б. жұмыстарды атқаруда тәжірибе жинақтау үшін керек. Табиғат жағдайларын сипаттауда: 1) топырақтары картаға түсүрілетін аймақтың әкімшілік картасын ала отырып географиялық орны, шекаралары; 2) климаттық картада климат көрсеткіштері (орташа жылдық атмосфералық қалдықтар мөлшері, орташа жылдық температура, қаңтар және шілде айларының температуралары, аязсыз және қарлы кезеңдердің ұзақтығы, басты желдер бағыты, т.б.); 3) физикалық карта бойынша макромезорельефтер, гидрографиялық тораптар (өзендер, көлдер, батпақтар); 4) геологиялық карта бойынша аймақтың геологиялық құрылысы, - төрттік шөгінділер (мысалы, қабатты Каспий маңы ойпаты, Туран ойпаты, т.б.) және олардың астындағы терендік жыныстар, жер бетінде ашылып қалған магмалық интрузиялар, литологиялық құрамы бойынша әктастардың, мергельдің, фосфориттердің, калий, натрий тұздарының, сульфаттардың, кварц құмдарының, сол сияқты жанатын сланецтердің, көмірлі, газды, мұнайлы қабаттардың, қара және түсті металдардың, полиметалдардың орындары, артезиан суларының бассейндері; 5) төрттік шөгінділер картасында топырақ түзуші жыныстар, олардан түзілген топырақтардың гранулометриялық, химиялық құрамы, аймақта кездесетін жыныстардың аттары, мысалы жақсы сортталған золдық құмдар, сортталмаған өзен жағалауы құмайттары, жазықтық лестер, көлдік тұнба саздар, эллювиалдық қиыршақ тасты жыныстар, т.б; 6) өсімдіктер картасы бойынша түрлер құрамы, мысалы араласшөпті бетегелі – селеулі онтүстік далалық өсімдіктер, сексеуілді – жусанды аралас шөпті шөл өсімдіктері, таулы құрғақтық шалғынды өсімдіктер; 7) аймақтың (облыстың, ауданның) топырақ жамылғысының тиісті топырақ карталары бойынша қай зонаға жататындығы, кездесетін топырақтардың тізімі (типтері, типшелері, кешендері, интразональды топырақтар), шартты белгілері, бояулары, индекстері анықталады. Мұнан кейін топырақ түрлерінің, түршелерінің кеңістікте таралу заңдылықтарын жоғарыда аталған карталарды ала отырып, рельефпен, топырақ түзуші жыныстар және өсімдіктермен, тік (таулық) зоналықта теңіз бетінен биіктігімен байланыстырып сипаттайды.

Сонымен, белгілі аймақтың барлық топырақтар контурлары (кеңістік бойынша таралуы) көрсетіліп сызылған жерге орналастыру жоспарын (жазығын) топырақ картасы деп атайды.

Масштабтары бойынша карталар ұсақ масштабты (1: 300000-нан кіші),орташа масштабты (1:100000-нан 1:300000-ға дейін), ірі масштабты (1:50000-нан 1:100000-ға дейін) және детальді (1:5000-нан ірі) болып бөлінеді.

Ұсақ масштабты карталар үлкен аймақтарға – аудандарға, облыстарға жасалып, жер қорын есептеуге, ауылшаруашылығын жоспарлауға, детальдік карталар аз көлемдегі топырақтардың (тәжірибелік, суару учаскелеріндегі, питомниктердегі, баулардағы, т.б.) өзгерістен көрсетуге қолданылады.

Ірі масштабты карталар маңызды келеді. Олар ауылдар, шаруашылықтар үшін жасалады. Студенттерге далалық практика кезінде 1:10000 масштабты картаны сызу (оқу-тәжірибелік шаруашылықта, жақын шаруашылықтарда) ыңғайлы.

Топырақ картасын жасау жұмыстары 3 кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары, далалық зерттеулер және материалдарды камералық өндеу.

1.15.1 кесте – Бұлар мынадай көрсеткіштерге сәйкес келеді

Түсіру масштабы

Картаның аталуы

Картадағы 1 см-дің жергілікті қашықтыққа сәйкесі

Картадағы 1 см2-тың жер көлеміне сәйкесі

1:1000

1:5000

1:10000

1:50000

1:100000

1:300000

1:500000

Мыңдық

Бесмындық

Онмындық

Елумындық

Жүзмындық

Үшжүзмындық

Бесжүзмындық

10м

50м

100м

500м

1км

3км

5км

100м2

2500м2

1га

25га

100га (1км2)

300га (3км2)

500га (5км2)

Дайындық жұмыстары зерттелетін ауданның табиғат жағдайларымен, топырақтарымен, арнайы әдебиеттермен, топографиялық негізбен және топырақтың жүйелік тізімімен танысудан, топырақ кесінділерін (шұнқырларын) қазу және сипаттау үшін жабдықтар мен құралдарды жинақтаудан (топырақ морфологиясын зерртеу тақырыбын қара) басталады.

Далалық кезеңде аймақтың топырақтары туралы материалдар іздестіру, физиқалық, химиялық талдаулар үшін топырақ үлгілерін жинау, далалық топырақ картасын құрастыру, ал камералық кезенде топырақтарды зертханалық талдау, далалық топырақ картасына түзету енгізу, нақты топырақ картасын және картограммасын сызу жүргізіледі. Топографиялық негіздің (топографиялық картаның) масштабы 1:10000; 1:5000 болады және анықталған топырақ контурларын, елді пункттерді, жолдарды, өзендерді, шабындықтар мен жайылымдарды, т.б. түсіру үшін қолданылады.

Топырақты далалық зерттеу топырақ кесінділерін жасау арқылы жүргізіледі. Кесінділер түсетін орындар рельефке байланысты ара қашықтығы 100-1000 м маршруттар бойынша белгіленеді. Топырақ типін негізгі кесінділер (шұңқыр), топырақ типшесін, әртүрлілігін жартылай кесінді (жартылай шұңқыр), топырақтар шекараларын кіші шұңқырлар (терендіктері тиісінше 150-300; 70-100 және 20-25 см, орташа ара қатынастары 1:4:5) қазу арқылы анықталады. Физикалық және химиялық талдаулар үшін массасы 300-400 г орташа аралас топырақ үлгілері алынады (қосымша топырақ морфологиясы және оны зерттеу тақырыбын қара)

Негігі кесінді рельефке, өсімдіктеріне байланысты болатын көп тараған топырақ типінде жасалады және 1:10000 масштабында 15-25; 1:5000 масштабта 5-10 гектарды сипаттайды. Картада негізгі кесіндіні “+”, жартылай шұңқырды “0”, кіші шұңқырды “ “ белгілерімен көрсетеді.

Соңғы рет топырақ картасын сызуды далалық топырақ картасының, далалық күнделіктің, морфологиялық кестенің, топырақ үлгілерін талдау қорытындыларының негізінде жасайды. Мұнын алдында жоғарыда аталған документтер бойынша зерттелген аймақтың топырақтарының толық аттарын, гранулометриялық құрамын, аналық жыныс индекстері көрсетілген топырақтың жүйелік тізімін құрады. Жасалған тізімге контурларды бояу шкаласын жалпы қабылданған шартты белгілерге сәйкес тандап алады. Топырақ картасын ватманға тушпен түсіріп, тиісті түстермен бояйды, картаның жоғары жағы солтүстік, төменгі жағы оңтүстік болып белгіленеді және шартты белгілер кестесі беріледі

Төменгі оң бұрышқа орындаушылар тобы, картаның дайындалған уақыты жазылады.

Топырақ картасына түсінік хат (топырақ очеркі) жалпы бөлімнен, табиғи жағдайларды, топырақ жамылғысын сипаттаудан, топырақтарды агроөндірістік топтастырудан және олардың құнарын арттыру туралы ұсыныстардан тұрады.

Жалпы бөлімде топырақтары зерттелген шаруашылықтың, ауданның, облыстың географиялық және әкімшілік орны, көлемі (гектар), картаның масштабы, топографиялық негізге баға беріледі. Сондай-ақ далалық жұмыстардың көлемі: топырақ кесінділерінің, үлгілерінің саны, талдаулардың саны, далалық камералық жұмыстардың орындалған уақыттары, соңғы 3-5 жылдағы шаруашылықтың сипаты, мамандандырылу бағыты, егіс көлемі, өнімі, негізгі дақылдардың агротехникасы, мал шаруашылығы туралы қысқаша мәліметтер жазылады.

Топырақ жамылғысы бөлімінде тақырып басында аталған көрсеткіштерге қоса бір кесіндінің морфологиялық сипатын, гранулометриялық құрамын, физиқалық және химиялық қасиеттерін келтіру керек.

Соңғы бөлімінде топырақтардың барлық түрлерін бағалау және картаны келешекте шаруашылықта қолдану үшін оларды агроөндірістік топтарға біріктіреді. Мұның мақсаты жеке контурларды біріктіріп үлкен көлемге салыстырмалы бірдей агротехника қолдану және ауыл шаруашылықтық пайдалануға ұсыну.

Топырақ құнарын арттыру жөніндегі ұсыныстарда алдымен суару, сорланған топырақтарды жақсарту, учаскелерді тазарту, т.б. ірі шараларды көрсету керек.

Картограммада топырақтағы гумустың қорына сәйкес минералдық органикалық тыңайтқыштарды дақылдарға байланысты нормалап енгізу, далалық шөп себу, шабындықтар мен жайылымдарды түпкілікті және үстіртін жақсарту шараларын жоспарлау ұсынылады. Топырақ картасымен қатар агрохимиялық картограммалар дайындалады.

Агрохимиялық картограмма деп, топырақтарының қышқылдығы, коректік заттарының мөлшері, құнарының көрсеткіштері (гумусы, сорлануы, т.б.) көрсетілген шаруашылықтың жер пайдалану жоспары (картасы) аталады.

Химиялық талдаулар жергілікті (карбонатты) топырақтар ерекшеліктеріне сәйкес келетін бір әдістемемен: гидролизденетін жылжымалы азот И.В. Тюрин және М.М. Кононова, жылжымалы фосфор Б.И. Мачигин, сіңетін калий П.В. Протасов бойынша жүргізілгені жөн. Талдау қорытындылары мг/кг топыраққа есептеледі.

1.15.2 кесте – Топырақтарды қышқылдық картограммасында топтастыру.

Топ №

(класс)

Тұзды сығындының рН-і

Қышқылдық бойынша топырақ топтары

Картограммадағы түсі

І

ІІ

ІІІ

IV

V

VI

4,0 және кем

4,1-4,5

4,6-5,0

5,1-5,5

5,6-6,0

6,0-н артық

өте күшті қышқылды

күшті қышқылды

орташа қышқылды

әлсіз қышқыл

бейтарапқа жақын

бейтарап

қызыл

қызғылттау

сары

жасыл

көгілдір

көк

1.15.3 кесте – Топырақтардың жеңіл гидролизденетін азотпен қамтамасыз етілуі (И.В. Тюрин және М.М. Кононова бойынша)

Азот мг/кг

Топырақтағы азоттың жеткіліктілігі

Картограммадағы түсі

0-40

40-60

60-н көп

төмен

орташа

жоғары

солғын жасыл

жасыл

күңгірт жасыл

1.15.4 кесте – Топырақтарды фосфор картограммасында топтастыру (карбонатты қара топырақтар, қоныр және сұр топырақтар, Р2О5-ті анықтау Б.П. Мачигин бойынша)

Топырақ топтары (класс)

Р2О5- мг/100г топыраққа

Топырақтағы Р2О5 –тің жеткіліктілігі

Картограммадағы түсі

І

ІІ

ІІІ

IV

V

VI

1,0 ден аз

1,0-1,5

1,5-3,0

3,0-4,5

4,5-6,0

6,0 және көп

өте төмен

төмен

орташа

көтеріңкі

жоғары

өте жоғары

қызыл

қызғылттау

сары

жасыл

көгілдір

көк

1.15.5 кесте – Топырақтарды калий картограммасында топтастыру (карбонатты кара топырақтар, қызыл қоңыр топырақтар, қоңыр және сұр топырақтар; К2О Б.П. Мачигин және П.В. Протасов бойынша)

Топырақ топтары (класс)

К2О- мг/100г топыраққа

Топырақтағы К2О –тің жеткіліктілігі

Картограммадағы түсі

І

ІІ

ІІІ

IV

V

VI

0-10

10-20

20-30

30-40

40-60

60-тан көп

өте төмен

төмен

орташа

көтеріңкі

жоғары

өте жоғары

қызыл

қызғылттау

сары

жасыл

көгілдір

көк

Талдаулардың қорытындыларын қарындашпен далалық картадағы тиісті шаршыларға жазып, қоректік заттары шамасы бірдейлерін қоршап картограммаға түсіреді, шаруашылық бойынша агрохимиялық очерк жазылады, ұсыныстар беріледі. Топырақ құнарының өзгеруін бақылау үшін картограмманы жаңалау 4-5 жыл сайын қайталанады.