Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.12 Өсімдіктердің топырақтағы қөректік заттары

Өсімдіктер тіршілігінде қазіргі болған химиялық элементтердің барлығы дерлік қатысады. Олар жай қоспа емес, маңызды физиологиялық рольдер атқарады. Олардың ішінде 10 химиялық элементтер аса маңызды: С, О, Н (өсімдіктер органикалық заты құрғақ массаның 90 проценттен артығын құрайды), N, P, K, Ca, Mg, S, Fe. Осы макроэлементтердің ішінде өсімдіктердің топырақтан алатындары соңғы жетеуі, ал көп алатындары N,P,K.

Азот белоктық заттардың құрамына кіреді, хлорофилде, нуклеин қышқылында, фосфатиттерде, т.б. тірі клетканың органикалық заттарында болады. Топырақтағы азоттың негізгі массасы оның органикалық затында – гумуста болады. Көптеген топырақтарда бұл элемент гумустың 5-8,3 процентін құрайды. Азот өсімдікке аммоний, нитраттар, нитриттер формасында түседі. NH4 ионы топыраққа тез сіңіп ауыспайтын (бекіген) түрге өтеді. NO3 ионы топыраққа химиялық және физика-химиялық жолдарымен сіңбейді де, негізінен топырақ ерітіндісінде болып, өсімдіктер оларды жеңіл пайдаланады. Сондықтан да ылғалды және суармалы топырақтарда нитраттар шайылып кетіп отырады. Өсімдіктер құрамында азот қоректік элементтердің ішінде бірінші орында. Топырақтағы азот қоры органикалық заттың азотын аммиакқа ауыстыратын аммонификация процесінде, аммиакты азотты қышқылға, сонан соң азот қышқылына ауыстыратын нитрификация процесінде жылына 1 гектарда 100-150 кг, Атмосфералық қалдықтармен түсетін 4 кг, бос (симбиозсыз) тіршілік ететін азотфиксаторлармен 5-10 кг азот жиналуы арқылы толығып отырады. Сол сияқты жоңышқа, беде және т.б екпе бұршақ тұқымдас шөптер 150-200 кг/га азот қалдырады, егіске органиқалық және азотты минералдық тыңайтқыштар енгізу де азот қорын толықтырады.

Фосфор көптеген органиқалық қосындылардың құрамына кіреді. Өсімдіктер фосфорды төменгі қабаттардан алып, топырақтың беткі қабаттарында жинайды. Мысалы, жер қыртысында оның мөлшері 0,1 проценттен аспағанымен қара топырақта жалпы мөлшері 0,35% және одан жоғары болады. Фосфор топырақта органиқалық және минералдық қосындыларда болады. Қара топырақта фосфордың жарты қоры органиқалық затта болады да, минералданғаннан кейін өсімдікке түсетін жағдайға келеді. Минералдық қосындылары көбінесе қиын еритін, өсімдікке нашар түсетін темірдің және алюминийдің фосфаттары, үш кальций фосфаты Ca3(PO4)2 формасында болады. Кальцийдің жеңіл еритін фосфорлы тұздары Ca(H2PO4)2, магнийдің фосфаты Mg(H2PO4)2, калийдің KH2PO4, және KHPO4, аммонийдің (NH4)2HPO4 және NH4H2PO4, фосфаттары топырақта аз. Топырақтағы фосфор апатиттің, фосфориттің, вивианиттің құрамынан пайда болады және топыраққа сіңген фосфат – ион, фосфат – анион түрінде ұсталып тұрады.

Калий өсімдіктерге маңызды физиологиялық функциялар атқарады. Картофель, тамыр жемістілер және т.б. углеводты крахмалды өсімдіктер калийді көп тілейді. Шымтезекті және сусымалы құмды топырақтардан басқа топырақтарда калий оксиді (К2О) 1,2-2,5 процентке жетеді немесе 35-75 т/га құрайды. Калий гранулометриялық құрамы сазды топырақта көп болады. Мысалы, бір топырақ типінің өзінде құм және құмайт топырақтарда 2,17, ауыр сазды және сазды топырақтарда 2,33% болады. Калий топырақта, негізінен, өсімдікке түспейтін немесе аз түсетін формада ортоклаз, мусковит, биотит, нефелин минералдарында болып, өсімдіктер тамырларынан бөлінген көмір қышқылымен және химиялық үгілудің әсерінен еритін түрге өтеді. Калий топырақта ауыспалы және ауыспайтын сіңу жағдайында, сол сияқты жай тұздар түрінде кездеседі. Ол қара топырақтарда және сұр топырақтарда 100 грамм топыраққа есептегенде 50мг-ға дейін болады. Өсімдіктер негізінен ауыспалы калиймен қоректенеді. Топырақ ерітіндісіне өтетін ауыспалы және ерітіндіге нашар өтетін ауыспайтын калий арасында белгілі мөлшерде тепе-теңдік орнайды, өсімдіктер алған ауыспалы калийдің қоры ауыспайтын калиймен толығып отырады. Мұның да азотпен фосфор сияқты топырақта жылжымалы формалары жетіспейтіндіктен, калийлі тыңайтқыштар түрінде қосымша енгізуді қажет етеді.

Кальций және магний. Бұлар да өсімдіктер тіршілігінде маңызды физиологиялық роль атқарады. Магний хлорофильдің құрамына кіреді. Топырақтағы магнийдің негізгі бөлігі силикаттарда болады және өсімдіктерге қиын түседі. Суда еритін және ауыспалы магний оның жалпы қорының 10 проценттейін құрайды, жеңіл топырақтарда 100г топыраққа 0,5-2,5 мг магний келеді.

Кальций топырақтың физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады, топырақ структурасында, агрегаттарына суда еріміетін беріктік береді. Өсімдіктер үшін топырақтағы кальций мен магнийдің жай тұздарының (хлоридтердің, нитраттардың, карбонаттардың, сульфаттардың, фосфаттардың) маңызы үлкен.

Көптеген топырақтарда кальций сіңген катиондар ішінде бірінші орында, магний екінші орында тұрады. Кальций мен магнийдің иондары басым түрде топырақ ерітіндісіде жүреді. Бұл элементтердің карбонаттары қиын еритін қосындылар түрінде топырақта көп жиналып, суда еріген көмір қышқылының әсерінен ерігіш бикарбонаттарға ауысып топырақ ерітіндісіне өтеді:

CaCO3+CO2+H2O=Ca(HCO3)2

MgCO3+CO2+H2O=Mg(HCO3)2

Өсімдіктер кальцийдің және магнийдің жетіспеуінен зардап шекпейді, бірақ қышқыл топырақтар әктеуді (известеуді), сілтілі топырақтар (гипстеуді) қажет етеді. Сортаң топырақтарда өсімдіктерге кальцийдің жетіспеуі сіңген натрийдің көп мөлшеріне байланысты болады.