Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

2.4.12 Тапсырма Құмайдың түр тармақтары мен топтарын анықтау және сипаттау

Жабдықтар мен заттар: құмайдың әртүрлі түрлері мен тобының шашақгүлдері

Тапсырмаға түсініктеме. Құмайдың түрлерінің ортасында негізгісі - кәдімгі құмай – Andropogon Sarghum Brot. Құмай тары түрлі өсімдіктердің ішінде өзінің биіктігімен ерекшеленеді. Құмайдың гүл шоғы – шашақгүл, оған әртүрлі деңгейдегі шашыраңқылық пен жабысу тән, ол бүйір тармақтарының ұзындығына байланысты. Шашақгүлдің бұтақтарының ұшында дән беретін бір гүлді масақшалары орналасқан. Масақша қауыздары қалыңша, жылтыр, жиі қара, қызыл, қоңыр, жартылай ашылған; гүл қауыздары нәзік, жұқа, мөлдір. Шашақгүлінің сипатына қарай құмайдың екі тармақ түрін ажыратады: тармақты құмай және кесек құмай.

Тармақты құмай (effusum Korn) өзінің тығыз емес шашақгүлімен жан-жағына бытыраңқы бүйір бұтақтарымен сипатталады. Бұл түр тармағында екі топты бөледі – ұзын басты өзегімен қысқа бүйір бұтақтарымен қант құмайы және қысқа басты өзегімен, ұзын бүйір бұтақтарымен сыпырғыш құмайы.

Кесек құмайдың қалың топтасқан қысқа жабысқан шашақгүлдері бар, олардың бұтақтары тығыз жинақталған. Бұл түр тармақтың өсімдіктерінің екі түрлі шашақгүлдері бар: түк тұратын сабағымен (гаолян) және жоғарғы жағы иілген сабағымен (джугара). Қант құмайы мал азықтық дақыл, сыпырғыш құмайы – техникалық дақыл, кесек құмай гаолян және джугара – бағалы жармалық дақыл.

Тапсырманы орындау

1) құмайдың түр тармақтары мен тобының белгілерімен танысу;

  1. түр тармақтары мен топтарын анықтау;

  2. үлгілерді келтірілген схема бойынша сипаттау.

Түр тармағы мен тобы

Шашақгүлінің тығыздығы

Шашақгүлінің сабағы

Шашақгүлдің бұтағы: ұзын, қысқа, шашыраңқы, кесек

Шаруашылыққа пайдаланылуы

Шашақгүлдің суреті

ұзын, қысқа

тік, иілген

2.4.13 Тапсырма Күріштің топтарын сипаттау Oryza sativa l.

Жабдықтар мен заттар: күріштің үнді және қытай-жапон топтарының гүлшашақтары мен тұқымдарының үлгілері.

Тапсырмаға түсініктеме. Бізде кәдімгі күріш өсіріледі, ол дәнінің сипатына және гүл қауызының түгіне байланысты екі топқа бөлінеді: үнді және қытай-жапон тобы.

Күріштің үнді тобының дәні жіңішке, ұзын; ұзындығының еніне қатынасы 3:1. Гүл қауыздары қысқа жіңішке түкті. Масақшалары көбіне мұртсыз.

Күріштің жапон-қытай тобының дәні қысқа, толық, жалпақ, ұзындығының еніне қатынасы 2:1. Гүл қауыздары қалың ұзын жуан түкті, масақшалары мұртты және мұртсыз.

Тапсырманы орындау

Айрықша белгілеріне қарай күріштің екі тобын анықтап, сипаттау.

2.4.14 Тапсырма Қарақұмықтың түр тармақтары мен әртүрлерін анықтау және сипаттау

Жабдықтар мен заттар: гербарий үлгілері мен түр тармақтары, әр түрлерінің тұқымы, үлкейткіш шынылар.

Тапсырмаға түсініктеме. Мәдени қарақұмықтың жарма дақыл және бал жинағыш ретінде үлкен маңызы бар. Ол Fagopyrum esсalentum Moench түріне жатады. Өсімдігінің сабағы мықты, қырлы, бұтақты, өсу мерзімінің аяғына қарай қатты қатайып кетеді, жапырақтары найза немесе садақ іспеттес. Гүлі дұрыс орналаcқан бес ақ-қызғылт немесе қызғылт гүл күлтесімен. Ерекше белгісі гүлінің екі түрлілігі – аталық және аналық гүлдерінің ұзындығы әртүрлі. Қарақұмықтың жемісі – үш қырлы жаңғақша.

Кәдімгі қарақұмықтың екі түр тармағы бар, біріншісі – Vulgare, Евразияда кең тараған және multivorium,Теңіз жағалауындағы аймақтарда.