- •1 Егіншілік және агрохимия негіздері
- •1.1 Топырақ морфологиясы және оны зерттеу әдістері
- •Көлденеңіңің мөлшері
- •1.1.1 Тапсырма Топырақ кесіндісін сипаттау.
- •1.1.2 Тапсырма Топырақ үлгілерін алу және оларды химиялық талдауға (анализге) дайындау
- •1.1.3 Тапсырма Топырақ монолиттерін алу
- •Монолитті сипаттау
- •Қара топырақтың монолитінің сипаттамасы
- •Қызыл қоңыр топырақтың монолитін сипаттау
- •1.2 Топырақтың гранулометриялық (түйіршік) құрамы және оны зерттеу әдістері
- •1.2.1 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын оның саз бөлшегін сумен шайдыру арқылы анықтау
- •1.2.2 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •1.2.3 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын далалық жағдайда “ылғаудау” арқылы анықтау (н.А.Качинский әдісі)
- •1.2.4 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтау үшін органолептикалық әдісті қолдану
- •1.2.5 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •1.3 Топырақтың структуралық құрамы және структуралық агрегаттардың беріктігі, оларды анықтау
- •1.3.1 Тапсырма Топырақтың структурасын анықтау
- •1.3.2 Тапсырма Топырақтың структуралық агрегаттарының беріктігін н.И. Саввинов әдісі бойынша анықтау
- •1.3.3 Тапсырма Структуралық агрегаттардың беріктігін н.И.Никольский әдісімен анықтау
- •1.4 Топырақтың физикалық қасиеттері және оларды анықтау
- •1.4.1 Тапсырма Топырақтың қатты фазасының тығыздығын аңықтау
- •1.4.2 Тапсырма Топырақтың құрылым тығыздығын (көлемдік массасын) анықтау
- •1.4.3 Тапсырма Топырақтың куыстылығын анықтау
- •1.5 Топырақтың сулық қасиеттері және оларды анықтау
- •1.5.1 Тапсырма Топырақтың гигроскопиялық ылғалдығын анықтау
- •1.5.2 Тапсырма Максимальды гигроскопиялық ылғалдықты және өсімдіктің солу ылғалдығын анықтау
- •1.5.3 Тапсырма Топырақтың далалық ылғалдылығын анықтау
- •1.5.4 Тапсырма Топырақтың су сыйымдылығын анықтау
- •1.5.5 Тапсырма Топырақ ылғалдылығын және топырақтағы су қорын массалық әдіспен анықтау
- •1.5.6 Тапсырма Топырақтың өнімдік ылғалдық қорын (запасын) анықтау
- •1.5.7 Тапсырма Суару нормасын анықтау
- •1.5.8 Тапсырма Топырақтың су өткізгіштігін анықтау
- •1.5.9 Тапсырма Топырақтың су көтергіштік қабілетін (капиллярлылығын) анықтау
- •1.6 Ауыспалы егістер
- •1.6.1 Тапсырма Негізгі далалық дақылдардың алғы дақылдармен танысу және ауыспалы егістердің схемасын құру
- •1.6.1 Тапсырма
- •1.6.2 Тапсырма
- •1.6.3 Тапсырма
- •1.6.4 Тапсырма
- •1.7 Топырақты өңдеу
- •1.7.1 Тапсырма Топырақ өңдеу тәсілдерімен және топырақ өңдейтін машиналар жүйесімен танысу
- •1.7.2 Тапсырма Топырақ өңдеудің сапасының негізгі көрсеткіштері мен оны бағалаудың тәсілдері
- •1.7.3 Тапсырма Әртүрлі дақылдарды өсіруге жер өңдеу тәсілдерін зерттеу және оны қысқаша негіздеу
- •1.8 Егістіктердің арамшөптермен ластануын есепке алу тәсілдері
- •Сандық тәсілдері
- •Егістікте арамшөп қабаттылығын анықтау өлшемі
- •1.8.1 Тапсырма Егістіктің арамшөптермен ластануын сандық – салмақтық әдіспен анықтау
- •Тапсырманы орындау
- •1.8.2Топырақтың арамшөптердің тұқымымен ластануын есепке алу
- •1.9 Топырақтың органикалық заты
- •1.9.1 Тапсырма Топырақтың органикалық затын күйдыру арқылы анықтау
- •1.9.2 Тапсырма Топырақтағы еритін және ерімейтін органикалық заттардың мөлшерін анықтау
- •1.10 Топырақ гумусы
- •1.10.1 Тапсырма Топырақ гумусының әртүрлі формаларын сапалық анықтау
- •1.10.2 Тапсырма и.В.Тюрин әдісі бойынша топырақ гумусын анықтау
- •1.11 Топырақтың химиялық құрамы, қасиеттері және сіңіру қабілеті
- •1.11.1 Тапсырма Топырақтың механиқалық сіңіру қабилетін анықтау
- •1.11.2 Тапсырма Топырақтың физиқалық сіңіру қабілетін анықтау
- •1.11.3 Тапсырма Топырақтың физика-химиялық немесе ауыспалы сіңіру қабілетін анықтау
- •1.11.4 Тапсырма Топырақтың химиялық сіңіру қабілетін анықтау
- •1.12 Өсімдіктердің топырақтағы қөректік заттары
- •1.12.1 Тапсырма Дисульфофенол қышқылың қолдану арқылы нитраттарды анықтау
- •1.12.2 Тапсырма Жеңіл гидролизденетін азотты и.В. Тюрин және м.М. Кононова бойынша анықтау
- •1.12.3 Тапсырма Жылжымалы фосфорды б.П. Мачигин әдісімен анықтау
- •1.12.4 Тапсырма Карбонатты топырақтардағы жылжымалы калийді п.В.Протасов өдісімен анықтау
- •1.12.5 Тапсырма Калийді және натрийді жалынды фотометрде анықтау
- •1.12.6 Тапсырма Калийдің және натрийдің (кальций мен магнийдің) ауыспалы катиондарын Шолленбергер әдісімен анықтау
- •1.12.7 Тапсырма Кальций және магнийдің ауыспалы катиондарын комплексометриялық әдіспен анықтау
- •1.13 Топырақтың сулық ерітіндісін (сығындысын) талдау
- •1.13.1 Тапсырма Сулық сығындыны дайындау
- •1.13.2 Тапсырма Суда еритін заттардың жалпы жиынтығын анықтау (құрғақ қалдық)
- •1.13.3 Тапсырма Суда еритін минералдық заттардың жалпы жиынтығын анықтау (күйдірілген қалдық)
- •1.13.4 Тапсырма Сулық сығындының сілтілігін анықтау
- •1.13.4 Тапсырма Хлор-ионды анықтау
- •1.13.5 Тапсырма Сульфат-ионды анықтау
- •1.13.6 Тапсырма Калий мен натрий иондарын анықтау
- •1.13.7 Тапсырма Кальцийді және магнийді анықтау
- •1.13.8 Сульфаттарды және кальцийді сапалық анықтау
- •1.14 Топырақтың қышқылдығы (топырақ ерітіндісінің реакциясы)
- •1.14.1 Тапсырма Топырақтың актівті және ауыспалы қышқылдығын анықтау
- •1.14.2 Тапсырма Топырақтың гидролитикалық қышқылдығын Каппен әдісімен анықтау
- •1.15 Топырақ карталары және картограммалар
- •2 Өсімдік шаруашылығы
- •2.1 Тұқымтану негіздері
- •2.1.1 Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі
- •2.1.2 Тұқымның әртүрлі сапалылығы
- •2.1.3 Тұқым тыныштығы мен тіршілікке қабілеттілігі
- •2.1.4 Тұқымның өнуі және егін көгінің пайда болуы
- •2.1.5 Тұқымның далалық өңгіштігі, оның әртүрлі факторлар мен жағдайларға байланыстылығы.
- •2.1.6 Тұқымның жарақаттануы және оны азайтудың шаралары
- •2.2 Тұқымның себу сапасы және оны анықтау
- •2.2.1 Тапсырма Тұқым тазалығын анықтау
- •2.2.2 Тапсырма Тұқымның өну энергиясын және өнгіштігін анықтау тазалығын анықтау
- •2.2.2 Тапсырма Тұқымның ылғалдылығын анықтау
- •2.2.3 Тапсырма 1000 тұқымның массасын анықтау
- •2.2.4 Тапсырма Тұқымның себуге жарамдылығын анықтау
- •2.2.5 Тапсырма Тұқымның себу мөлшерін есептеу
- •2.2.6 Тапсырма
- •2.3 Өсімдік өнімдерін бағдарлау
- •2.3.1 Өнім бағдарлаудың негіздері
- •2.3.2 Өнім мөлшерін фар кірісімен анықтау
- •2.3.3 Өсімдіктердің өнімділігін ылғал мөлшерімен анықтау
- •2.3.4 Өнімді егістің жапырақ бетінің ауданымен болжау
- •2.3.5 Фотосинтездің таза өнімділігін (фтө) анықтау
- •2.3.7 Ең қолайлы сабақ жиілігін бағдарлау
- •2.4 Өсімдіктау негіздері
- •2.4.1 Тапсырма Астық тұқымдастарды дәні бойынша анықтау (дәннің ерекше сипатты белгілерімен танысу).
- •2.4.3 Тапсырма Астық тұқымдастарды өскініне қарап анықтау
- •2.4.4 Тапсырма Астық тұқымдастарды өсімдік мүшелеріне қарап анықтау (құлақшасы мен тілшігіне қарап)
- •2.4.5 Тапсырма Астық тұқымдастарды гүл шоғырына қарап анықтау
- •2.4.6 Тапсырма Бидай түрлерін анықтау және сипаттау
- •2.4.7 Тапсырма Жұмсақ және қатты бидайдың түрлерін анықтау
- •2.4.8 Тапсырма Арпаның маңызды түрлері мен түр тармақтарын анықтау
- •2.4.9 Тапсырма Сұлының маңызды түрлерін анықтау
- •2) Келесі форманы пайдалана отырып сұлы түрлерін сипаттау
- •2.4.10 Тапсырма Жүгерінің түрлері мен түр тармақтарын анықтау
- •2.4.11 Тапсырма Тарының түрі мен түр тармақтарын анықтау және сипаттау
- •2.4.12 Тапсырма Құмайдың түр тармақтары мен топтарын анықтау және сипаттау
- •2.4.13 Тапсырма Күріштің топтарын сипаттау Oryza sativa l.
- •2.4.14 Тапсырма Қарақұмықтың түр тармақтары мен әртүрлерін анықтау және сипаттау
- •Түр тармақтарының ерекшеліктері
- •2.4.15 Тапсырма Бұршақ тұқымдас дақылдарды дәнібойынша анықтау
- •Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымына қарап анықтау кілті
- •2.4.16 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын өскіні бойынша анықтау
- •2.4.17 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жапырақтары бойынша анықтау
- •2.4.18 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жемісіне (бұршағына) қарап анықтау
- •2.4.19 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарының негізгі түрлерін анықтау
1.13.8 Сульфаттарды және кальцийді сапалық анықтау
Жабдықтар мен заттар: кельсабы бар келі , технохимиялық таразылар (гирлерімен), сүзгі қағаз, воронкалар, сыйымдылығы 200 мл және 100 мл колбалар, темір штатив, пробиркалар, диаметрі 5 см-дей фарфор табақшалар.
Реактивтер
1) 10 проценттік азот қышқылы ерітіндісі HNO3. 50мл концентрациялы (тығыздығы 1,4 г/см3) азот қышқылын дистилденген сумен сұйылтып 1 л-ге жеткізеді;
2) 0,1 н азот қышқылды күміс ерітіндісі 17 г х.т. AgNO3 тұзын дистилденген суда ерітіп, араластырып 1 л-ге жеткізеді;
3) 10 проценттік НСІ ерітіндісі. 236 мл күшті концентрациялы НСІ –ды (т.1,19) дистилденген суда сұйылтып, көлемін 1 л-ге жеткізеді;
4) 20 проценттік ВаСІ2 ерітіндісі . 100 г барий хлориді тұзын 500мл дистилденген суда ерітеді;
5)күкірт қышқылындағы дифениламин ерітіндісі. 0,5 г C12H11N тұзын химиялық стаканға салып, шыны таяқшамен бірдейіне араластыра отырып, 100 мл т. 1,84 H2SO4 құяды және қызып кетендіктен, өте абайлап 20 мл дистилденген су қосады;
6) 4 проценттік қымыздық қышқылды аммоний (NH4)2C2O4;
7) қызыл қан тұзы (кристалл) немесе темір синеродты калий K3Fe2(CN)6;
8) 10 проценттік роданды калий ерітіндісі. 10 г х.т KCNS тұзын сыйымдылығы 100 мл колбада дистилденген сумен ерітіп, белгісіне дейін жеткізеді.
Тапсырманы орындау
Колбада қалған тұз қышқылды сығындыны воронка арқылы сүзеді. Сүзіндіден бір пробиркаға 5 мл, екінші пробирқаға 10 мл құйып алып, жоғарыдағы жазылған әдіспен сульфаттарды және кальцийді сапалық анықтайды. Қорытындысын кестеге түсіреді.
Ерітіндіде бар элементті (қосындыны) плюс (+), ал жоқ болса минус (-), белгілерімен белгілейді.
1.13.1 кесте – Топырақты сапалық талдаудың қорытындылары
Үлгі № қысқаша- сипаты |
Карбонаттар (қайнауы бойынша) |
Сулық сығынды |
Тұз қышқылды сығынды |
|||||
хлор идтер
|
сульфаттар
|
нитраттар
|
кальций
|
Темір оксиді |
Сульфат тар |
Кальций |
||
№ (шурф 6, В қабаты) |
+ күшті қайнады |
+ әлсіз опалесценция
|
+ әлсіз лайлану
|
-
|
+ әлсіз лайл
|
+ өте әлсіз боялу |
+ күшті лайлану |
+ көп тұнба |
1.14 Топырақтың қышқылдығы (топырақ ерітіндісінің реакциясы)
Топырақ ерітіндісі – оның өте активті және өзгермелі бөлігі. Топырақ ерітіндісінің концентрациясы кеміген сайын, оның қатты фазасынан заттар ерітіндіге шығады, ал концентрация өскен сайын, заттардың белгілі бөлігі ерітіндеп шығып, тұнбаға түсіп, топырақтың қатты фазасында қосылады.
Топырақ ерітіндісінің қышқыл реакциясы көмір қышқылының топырақ ылғалындағы диссоциациясынан, бос қарашіріктік қышқылдардың және органиқалық қалдықтардың ыдырауында бөлінетін қышқыл заттардан (продуктылардан), сол сияқты, топыраққа сіңген сүтегі және алюминий иондарының концентрациясынан түзіледі. Бұл реакция күлгін, шымды-күлгін топырақтарға тән.
Топырақ ерітіндісінің сілтілік реакциясы топырақтарда натрий карбонаттарының, не бикарбонаттарының және кальций бикарбонаттарының болуына байланысты жасалады. Бұл реакция сор және сортаң топырақтарға тән.
Қара топырақтардың реакциясы әлсіз қышқылды немесе бейтарап болады.
Топырақ ерітінділерінің қышқылдық көрсеткіштеріне қарай топырақта әртүрлі жеңіл, орташа еритін қосындылар болады. Қышқыл топырақтарда хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар болмайды. Бейтарап реакциялы топырақтарда карбонаттар мен сульфаттардың іздері ғана болады. Сілтілі реакциялы топырақтарда карбонаттар, сульфаттар және хлоридтер болады.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы сутегі және гидроксид иондарының мөлшерімен өлшенеді. Су бейтарап реакциялы орта. Ол электролиттік диссоциациядан Н – катионға және ОН – анионға бөлінеді. Осы иондардың концентрациясы өте әлсіз. П.Ф. Секун (1967) дистилденген судың 1 литрінде гидроксид иондарының концентрациясы 0,0000001 г деп көрсетеді. Сонымен, абсолютті таза (немесе дистилденген) суда [H+] * [OH-]= 10-14, сутегі және гидроксид иондарының концентрациясы тең болғандықтан [H+]=[OH-]= 10-7. Бұл үлкен бөлшек санды lg [H+] –ті рН – пен (сутегі иондарының концентрациясымен) ауыстырып жазғанда, судың реакциясы бейтарап болады
1 1000000 |
= 10-7немесе lgH+=7, яғни рН=7 |
(44) |
Топырақ ерітіндісіндегі қышқылдар сутегі иондарының концентрациясын жоғарылатады, қышқыл реакция [H+]>[OH-] түзеді. Ал негіздердің немесе сілтілердің болуы гидроксид иондарының концентрациясын өсіріп сілтілік реакция [H+]<[OH-] жасайды. Бейтарап ерітінділерде [H+]=[OH-].
Бірақ топырақ ерітіндісінде судан басқа да әртүрлі негіздер, қышқылдар бос және топыраққа сіңген түрде болады. Сондықтан сутегі иондарының концентрация көрсеткіштері де 3 – тен 9- ға дейін өзгереді.
Өсімдіктер көптеген ғасырлар бойы табиғи сұрыпталудың нәтижесінде әртүрлі топырақтарда түрліше элементтердің белгілі концентрациясы бейімделген. Әр өсімдіктердің жақсы өсіп, дамуы үшін қолайлы қышқылдың аралықтары (интервалдары) бар.
1.14.1 кесте - Ауыл шаруашылығы дақылдары үшін рН – тің қолайлы көрсеткіштері.
Дақылдары |
рН |
Дақылдары |
рН |
Жоңышқа Қызылша Алмұрт, шие Қара өрік Күздік бидай Қияр, томат Жүгері Жаздық бидай Капуста Ас бұршақ, беде |
7,2-8,0 6,7-7,5
6,5-7,0 6,3-7,7 6,3-7,0 6,0-7,5 6,0-7,3 6,0-7,1 6,0-7,0 |
Сұлы Сәбіз, редис
Зығыр Алма Күздік қара бидай Картофель Брюква, люпин шай |
5,5-7,5 5,5-7,3
5,5-6,5 5,5-6,0 5,0-7,7 5,0-5,5 4,8-5,5 4,5-6,0 |
Топырақтарды қышқылдық дәрежесіне қарай (рН) төмендегі топтарға бөледі: күшті қышқылды рН 4,5 кем, орташа қышқылды рН 4,6-5,0 аралығында, әлсіз қышқылды рН 5,1-5,5 аралығында, бейтарында жақын рН 5,6-6,0 аралығында, бейтарап рН 6,1-7,0 аралығында сілтілі рН 7,1-8,0 аралығында, күшті сілтілі рН 8,0 жоғары. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін мұны білудің маңызы зор.
Топырақ қышқылдығын активті (актуальды) және потенциалды (жасырын) немесе пассивті қышқылдықтар деп екіге бөледі.
Активті қышқылдық әлсіз қышқылдардың (негізінен көмірқышқылың,
(негізінен көмірқышқылының, органикалық қышқылдардың), сол сияқты қышқыл тұздардың және минералдық қышқылдардың, әсіресе H2SO4 – күкірт қышқылының әсерінен жасалады. Бұл қышқылдықты сіңіру коллоидтық кешені негіздермен қанықпаған топырақтарға суды беру арқылы білуге болады (топырақ ісінеді). Активті қышқылдық сутегі иондарының топырақ ерітіндісіне су молекуласына қосылып, кешенді ион Н3О+ (гидроксоний) жасауынан түзіледі. Сонымен, активті қышқылдық деп, топырақ ерітіндісіндегі сутегі иондарының концентрациясын атайды. Топырақтың активті қышқылдығын анықтау үшін оны сумен өндеп және сулық сығындыда сутегі иондарының концентрациясын табады.
Бірақ сумен қышқыл сығынды бермейтін топырақтарда кездеседі. Оларды тұздардың ерітінділерімен өңдегенде ғана қышқыл реакцияны көрсетеді. Бұл қышқылдықтың басқа формасы – пассивті (потенциалды) қышқылдық.
Потенциалды қышқылдық топырақтың сіңіру кешенінде және ерітіндісіне металдармен ауыса алатын Н+ немесе АІ3+ иондарының болуына байланысты болады. Сутегі иондары қышқылдардан және алюминий гидроксидінен босап шығады.
АІ(ОН)3 – қышқыл ортада Н+ - ион, сілтілік ортада ОН- - ион бөлетін амфотерлік қосынды. Потенциалды қышқылдық ауыспалы және гидролитиқалық қышқылдар болып бөлінеді.
Топырақтың бейтарап тұздар ерітінділерімен (ВаСІ2, КСІ, NaCl) өзара қатынасынан осы ерітіндіні қышқылдау әсерін ауыспалы қышқылдық дейді. Бұл – бейтарап тұздардың әсерінен болатын реакцияның нәтижесі. Осы бейтарап тұздардың біраз катиондары топырақтың қатты фазасында сіңеді, оның есесіне ерітіндіге сутегі және алюминий иондарының эквивалент шамасы бөлінеді. Ауысу реакциясы мына схема бойынша жүреді:
Са Н Са
TCK +4KCl = TCK 4K + HCl+AlCl3
Mg Al Mg
Топырақтың бейтарап тұздар ерітінділерімен өзара әсерінен түзілген бос қышқылдан және алюминий хлоридінен (АІСІ3) қышқылдық реакция жасалады. АІСІ3 гидролитиқалық қышқыл тұз болғандықтан сулық ерітіндіде бөлініп бос қышқыл түзеді:
АІСІ3+3Н2О = АІ(ОН)3+3НСІ
Түзілген НСІ – дың мөлшеріне қарай ауысу қышқылдығының шамасын біледі. Топырақтағы тұздардың гидролитикалық бөліну қабілетін топырақтың гидролитикалық қышқылдығы дейді. Бұл топырақтың қатты фазасының гидролитикалық сілтілік тұздармен, мысалы, сулық ерітіндіде төмендегіше бөлінетін сірке қышқылды натрийдің ацетаты мен (рН – 8,2) әрекеттесуінен болады:
CH3COONa+H2O=CH3COOH+Na++OH-
Топырақтың қатты фазасының гидролитикалық сілті тұздың өзара әсерінен ионогендік топтардың өте жоғары диссоциациясы жүреді. Коллоидтардың диффуздық қабаттарында ауысуға қабілетті сутегі иондары көбейеді. Гидролитикалық сілті тұздың катионы топырақтағы сутегі ауысу иондарын және сутегінің сілті реакцияда қосымша диссоциацияланатын иондарын ығыстырады:
Н Nа
TCK +2CH3COONa = TCK +2CH3 COOH,
H2 Na
мұндағы Н2 - сілті реакцияда ығыстырылатын сутегі иондары; Н- бейтарап реакцияда ығыстырылатын сутегі ионы.
Сулық ерітіндіде сілтілер гидроксид иондарының жоғары концентрациясын жасап, сілтілік реакция түзеді. Сондықтан сілтілену дәрежесі топырақтағы сілтілердің және сілтілік тұздардың мөлшеріне байланысты болады. Сілтілік топырақтарда суарғанда немесе атмосфералық қалдықтар түскенде, олардың құрамында азда болса болатын көмір қышқылына байланысты сода түзіледі:
Na H
TCK + H2O+CO2= TCK + Na2CO3
Na H
Сода гидролитикалық сілті тұз болғандықтан, ерітіндіде былайша бөлінеді:
Na2CO3+2H2O=2NaOH+H2CO3
Әктастың құрамында көмір қышқылы бар сумен әрекеттесіп біршама гидрокарбонатқа өтуі топырақтың сілтілігін арттырады:
СаСО3+Н2О+СО2=Са(НСО3)2
Топырақтын активті қышқылдығы сулық сығындыда, потенциалды қышқылдығы тұз сығындысында анықталады. Сулық сығындының рН – і тұздық сығындыдан гөрі жоғары болады.
