Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

2.4.7 Тапсырма Жұмсақ және қатты бидайдың түрлерін анықтау

Жабдықтар мен заттар: бидайдың түрлерінің бір-екі масағы, үлкейткіш шынылар, бөлшектейтін ине, скальпель және тақтайша.

Тапсырмаға түсініктеме. Бидайдың сорттары өздерінің морфологиялық ерекшеліктерімен әртүрлі түрлерге жатады. Түрлердің негізгі морфологиялық ерекшеліктері: масақша қауызының түктілігі, масақтың мұрттылығы, масақтың, мұрттың, дәннің бояулары.

Тапсырманы орындау

1) жұмсақ және қатты бидайдың масақтарын бөліп алу керек;

2) келтірілген кілтті пайдалана отырып бидайдың түрлерін анықтау;

3) келесі схеманы (бидайдың маңызды түрлерінің негізгі белгілері) пайдалана отырып бидайдың түрлерін сипаттау:

Бидайдың маңызды түрлерінің негізгі белгілері (Н.А. Майсурян бойынша)

Бидайдың түрлері

Масағы

Мұрты

Масақша қауызы

Дәні

Сабаны

Жазғы және күзгі түрлерінің бояуы

Кәдімгі бидай (масақ өзегі сынбайды)

Жұмсақ бидай

мұртты немесе мұртсыз, тығыз емес (масақшала-рының арасы әжептәуір ашық), ұзынша

қысқа (масақтан қысқа), бытыраңқы

қалыңша, гүл қауызына тең, қыры өте көрінбейді, түбіне қарай жоқ болып кетеді

жалаңаш, дөңгелекше, жақсы көрініп тұрған айдарымен, сынығында ұнды, сирек жылтыр

жоғарыға дейін қуыс

күзгі және жазғы

Қатты бидай

әдетте мұртты, тығыз

өте ұзын, параллельді

қалыңша, гүл қауызына тең, қыры жақсы көрінеді

жалаңаш, кедір-бұдырлы, әрең көрінетін айдарымен, сынығында жылтыр

жоғарыда (масағының астында) толық немесе біраз саңылауы бар

жазғы, өте сирек күзгі

Тургидум бидайы

мұртты, тығыз немесе босаңдау

өте ұзын, параллельді

½-1/3-ке қалыңша, гүл қауызынан қысқа, қыры жақсы көрінеді

жалаңаш, қысқа, толық, әдетте сынығында ұнды

жоғарыда толық немесе біраз саңылауы бар

көбіне күздік

Полоникум бидайы

мұртты немесе мұртсыз, тығыз немесе әртүрлі деңгейде тығыз емес

ұзын немесе қысқа

қабықты, гүл қауызына тең немесе ұзындау

жалаңаш, өте ұзын, сынығында жылтыр

толық немесе қуыс

көбіне жазғы

Жабайы бидай (масақ өзегі тез сынады)

Спельта бидайы

мұртты немесе мұртсыз, тығыз емес

қысқа, бытыраңқы

қалыңша, жоғарыда жалпақ, өте қысқа қылтығымен

қабығымен (бастырғанда қауызынан ажырамайды) масақшасында әдетте 2 дәннен

толық немесе қуыс

күздік және жаздық

Екі дәнді жабайы бидай

мұртты немесе мұртсыз, әр масақшасында бүйірінен екі мұртымен қысылған

ұзын, әдетте параллельді

қалыңша, жоғары қарай дөңгеленген, әдетте өткір қылтығымен

қабығымен (бастырғанда қауызынан ажырамайды) масақшасында әдетте 2 дәннен

қуыс немесе жоғары жағы толық

көбіне жазғы

Бір дәнді жабайы бидай

мұртты, бүйірінен өте қатты қысылған, тығыз, әр масақшасында бір мұрттан

әжептәуір ұзын, параллельді немесе біраз бытыраңқы

қалыңша, анық қырымен қырының қылтығынсыз, екіншісі кішіректеу

қабықты, масағында әдетте бір дән

қуыс немесе жоғары жағы толық

көбіне күзгі

4) сорт туралы мәліметті оқытушыдан алып, алынған деректерді төменнгі кестеге түсіріп, бидай сорттарын анықтау керек

Түр

Түрдің әр түрі

Масақтың түктілігі

Масақтың мұрттылығы

Бояу

Сорт

мұртының

масағының

дәнінің

Бидай түрлерін анықтауға арналған кілт

Жұмсақ бидай

Масақша қауызы түкті емес

А) масақ мұртсыз

1) масағы мен дәні ақ.................................альбидум (albidum Al).

2) масағы ақ, дәні қызыл.......................лютессценс (lutescens Al).

3) масағы қызыл, дәні ақ.........альборубрум (alborubrum Korn).

Б) масағы мұртты

1) масағы ақ, дәні ақ................................грекум (graecum Korn).

2) масағы ақ, дәні қызыл.......................эритроспермум (erythrospermum Korn).

3) масағы қызыл, дәні қызыл......ферругинеум (ferrugineum Al).

Масақша ауызы түкті

А) масағы мұртсыз, ақ, дәні қызыл.........велютинум (velutinum).

Б) масағы мұртты, ақ, дәні қызыл............гостианум (hostianum).

Қатты бидай

А) масақша қауызы түкті емес

1) масағы ақ, мұрты ақ, дәні ақ...............леукурум (leycurum Al).

2) масағы қызыл, мұрты қызыл, дәні ақ..................гордеиформе (hordeiforme Host).

Б) масақша қауызы түкті, масағы ақ, мұрты қара, дәні ақ.....................................................................мелянопус (melanopus Al).