Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.4.2 Тапсырма Топырақтың құрылым тығыздығын (көлемдік массасын) анықтау

Топырақтың құрылым тығыздығы (көлемдіқ массасы) деп табиғи құрылымы бұзылмаған барлық қуыстары сақталған 1 см3 абсолютті құрғақ (1050С – да тұрақты массаға дейін кептірілген) топырақтың массасын айтады.

Топырақтың құрылым тығыздығы оны құраушы минералдарға, органикалық заттардың мөлшеріне, структурасына және қуыстылығына байланысты болады. Топырақ қопсыған, структуралы және қарашірікті болған сайын оның құрылым тығыздығы да азаяды. Топырақтың құрылым тығыздығы 0,8-1,8 г/см3 аралығында болады. Ол жеңіл топырақтарда ауыр топырақтардағындан гөрі төмен болады.

Өсімдіктердің тамыр жүйелерінің жайылып өсуі, топырақтардың сулық және жылулық режимдері, осыған орай өсімдіктердің өнімділігі де топырақтың құрылым тығыздығына тікелей байланысты. Топырақтың құрылым тығыздығы оның жырту қабатының (0-30 см) гектардағы массасын, куыстылығын, қоректік элементтердің, судың, гумустың қорын және т.б. есептеу үшін керек.

Топырақтағы (оның қабатындағы) заттардың қорын есептеу үшін мына формуланы қолданады

Зқ=Ққ  ҚТ  А (5)

мұндағы Зқ – заттың қоры, т/га;

Ққ – қабаттың қалындығы, см;

ҚТ – құрылым тығыздығы, г/см3;

А – топырақтың құрғақ массаына есептегендегі заттың мөлшері, %.

Жабдықтар мен заттар: топырақ цилиндр – бұрғысы, ағаш балға, қазан пышақтар, күрек, алюминий құрғату стаканшалары (бюкстер), кептіргіш шкаф, техникалық таразылар, рулетка немесе сантиметр.

Тапсырма орындау

1) тік қабырғалы топырақ кесіндісін – шұңқырын дайындап алу және көлемі 50 см3 арнайы цилиндр – бұрғымен құрылымы бұзылмаған топырақ үлгілерін генетикалық қабаттардың орта шамасынан, ал жырту қабаттан (0-30 см) 10 см сайын алу;

2) топырақ үлгілерін массасы өлшенген алюминий стаканшаларға салып, қақпағын жауып, номерін жазып, зертханада топырағымен массасын өлшеп жазып, 105 0С тұрақты массаға дейін кептіру;

3) үлгідегі құрғақ топырақтың массасын анықтағаннан кейін құрылым тығыздығын мына формуламен есептеу

ҚТ=

m

V

,

(6)

мұндағы ҚТ – құрылым тығыздығы, г/см3;

m – абсолютті құрғақ топырақтың массасы, г;

V – топырақтың көлемі, см3.

4) тәжірибе басында көрсетілген формула бойынша 1 гектардың жырту қабатындағы (0-30 см) судың (18 %), гумустың (3%) және негізгі қоректік заттардың N, Р2 О5, К2 О 100 г топыраққа тиісінше 0,2; 2,0; 30,0 мг есебімен қорын есептеу.

Ескерту

1) егер тәжірибе басындағы формулада А процентпен берілмей, 100 г топыраққа миллиграммен берілсе, онда Зқ кг/га-мен шығады;

2) цилиндр – бұрғының көлемі (см3)

V=

d2

4

 h,

(7)

мұндағы  - тұрақты сан, 3,14-ке тең;

d – бұрғының кесу жүзінің ішкі диаметрі, см;

һ - бұрғының биіктігі, см.

3) егер Н.А.Качинскийдің аспабы болса, онда құрылым тығыздығы осы аспаппен анықталады. Зертханада бұрғы болмаса, онда түбінің, бетінің (ішкі) диаметрлері тең ыдыста мысалы, алюминий немесе химиялық стакандарда биіктігін ішінен өлшеп және бос топырақты стаканға салып, жұмсақ затқа ұра отырып, көлемдік массасын анықтайды.