- •1 Егіншілік және агрохимия негіздері
- •1.1 Топырақ морфологиясы және оны зерттеу әдістері
- •Көлденеңіңің мөлшері
- •1.1.1 Тапсырма Топырақ кесіндісін сипаттау.
- •1.1.2 Тапсырма Топырақ үлгілерін алу және оларды химиялық талдауға (анализге) дайындау
- •1.1.3 Тапсырма Топырақ монолиттерін алу
- •Монолитті сипаттау
- •Қара топырақтың монолитінің сипаттамасы
- •Қызыл қоңыр топырақтың монолитін сипаттау
- •1.2 Топырақтың гранулометриялық (түйіршік) құрамы және оны зерттеу әдістері
- •1.2.1 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын оның саз бөлшегін сумен шайдыру арқылы анықтау
- •1.2.2 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •1.2.3 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын далалық жағдайда “ылғаудау” арқылы анықтау (н.А.Качинский әдісі)
- •1.2.4 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтау үшін органолептикалық әдісті қолдану
- •1.2.5 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •1.3 Топырақтың структуралық құрамы және структуралық агрегаттардың беріктігі, оларды анықтау
- •1.3.1 Тапсырма Топырақтың структурасын анықтау
- •1.3.2 Тапсырма Топырақтың структуралық агрегаттарының беріктігін н.И. Саввинов әдісі бойынша анықтау
- •1.3.3 Тапсырма Структуралық агрегаттардың беріктігін н.И.Никольский әдісімен анықтау
- •1.4 Топырақтың физикалық қасиеттері және оларды анықтау
- •1.4.1 Тапсырма Топырақтың қатты фазасының тығыздығын аңықтау
- •1.4.2 Тапсырма Топырақтың құрылым тығыздығын (көлемдік массасын) анықтау
- •1.4.3 Тапсырма Топырақтың куыстылығын анықтау
- •1.5 Топырақтың сулық қасиеттері және оларды анықтау
- •1.5.1 Тапсырма Топырақтың гигроскопиялық ылғалдығын анықтау
- •1.5.2 Тапсырма Максимальды гигроскопиялық ылғалдықты және өсімдіктің солу ылғалдығын анықтау
- •1.5.3 Тапсырма Топырақтың далалық ылғалдылығын анықтау
- •1.5.4 Тапсырма Топырақтың су сыйымдылығын анықтау
- •1.5.5 Тапсырма Топырақ ылғалдылығын және топырақтағы су қорын массалық әдіспен анықтау
- •1.5.6 Тапсырма Топырақтың өнімдік ылғалдық қорын (запасын) анықтау
- •1.5.7 Тапсырма Суару нормасын анықтау
- •1.5.8 Тапсырма Топырақтың су өткізгіштігін анықтау
- •1.5.9 Тапсырма Топырақтың су көтергіштік қабілетін (капиллярлылығын) анықтау
- •1.6 Ауыспалы егістер
- •1.6.1 Тапсырма Негізгі далалық дақылдардың алғы дақылдармен танысу және ауыспалы егістердің схемасын құру
- •1.6.1 Тапсырма
- •1.6.2 Тапсырма
- •1.6.3 Тапсырма
- •1.6.4 Тапсырма
- •1.7 Топырақты өңдеу
- •1.7.1 Тапсырма Топырақ өңдеу тәсілдерімен және топырақ өңдейтін машиналар жүйесімен танысу
- •1.7.2 Тапсырма Топырақ өңдеудің сапасының негізгі көрсеткіштері мен оны бағалаудың тәсілдері
- •1.7.3 Тапсырма Әртүрлі дақылдарды өсіруге жер өңдеу тәсілдерін зерттеу және оны қысқаша негіздеу
- •1.8 Егістіктердің арамшөптермен ластануын есепке алу тәсілдері
- •Сандық тәсілдері
- •Егістікте арамшөп қабаттылығын анықтау өлшемі
- •1.8.1 Тапсырма Егістіктің арамшөптермен ластануын сандық – салмақтық әдіспен анықтау
- •Тапсырманы орындау
- •1.8.2Топырақтың арамшөптердің тұқымымен ластануын есепке алу
- •1.9 Топырақтың органикалық заты
- •1.9.1 Тапсырма Топырақтың органикалық затын күйдыру арқылы анықтау
- •1.9.2 Тапсырма Топырақтағы еритін және ерімейтін органикалық заттардың мөлшерін анықтау
- •1.10 Топырақ гумусы
- •1.10.1 Тапсырма Топырақ гумусының әртүрлі формаларын сапалық анықтау
- •1.10.2 Тапсырма и.В.Тюрин әдісі бойынша топырақ гумусын анықтау
- •1.11 Топырақтың химиялық құрамы, қасиеттері және сіңіру қабілеті
- •1.11.1 Тапсырма Топырақтың механиқалық сіңіру қабилетін анықтау
- •1.11.2 Тапсырма Топырақтың физиқалық сіңіру қабілетін анықтау
- •1.11.3 Тапсырма Топырақтың физика-химиялық немесе ауыспалы сіңіру қабілетін анықтау
- •1.11.4 Тапсырма Топырақтың химиялық сіңіру қабілетін анықтау
- •1.12 Өсімдіктердің топырақтағы қөректік заттары
- •1.12.1 Тапсырма Дисульфофенол қышқылың қолдану арқылы нитраттарды анықтау
- •1.12.2 Тапсырма Жеңіл гидролизденетін азотты и.В. Тюрин және м.М. Кононова бойынша анықтау
- •1.12.3 Тапсырма Жылжымалы фосфорды б.П. Мачигин әдісімен анықтау
- •1.12.4 Тапсырма Карбонатты топырақтардағы жылжымалы калийді п.В.Протасов өдісімен анықтау
- •1.12.5 Тапсырма Калийді және натрийді жалынды фотометрде анықтау
- •1.12.6 Тапсырма Калийдің және натрийдің (кальций мен магнийдің) ауыспалы катиондарын Шолленбергер әдісімен анықтау
- •1.12.7 Тапсырма Кальций және магнийдің ауыспалы катиондарын комплексометриялық әдіспен анықтау
- •1.13 Топырақтың сулық ерітіндісін (сығындысын) талдау
- •1.13.1 Тапсырма Сулық сығындыны дайындау
- •1.13.2 Тапсырма Суда еритін заттардың жалпы жиынтығын анықтау (құрғақ қалдық)
- •1.13.3 Тапсырма Суда еритін минералдық заттардың жалпы жиынтығын анықтау (күйдірілген қалдық)
- •1.13.4 Тапсырма Сулық сығындының сілтілігін анықтау
- •1.13.4 Тапсырма Хлор-ионды анықтау
- •1.13.5 Тапсырма Сульфат-ионды анықтау
- •1.13.6 Тапсырма Калий мен натрий иондарын анықтау
- •1.13.7 Тапсырма Кальцийді және магнийді анықтау
- •1.13.8 Сульфаттарды және кальцийді сапалық анықтау
- •1.14 Топырақтың қышқылдығы (топырақ ерітіндісінің реакциясы)
- •1.14.1 Тапсырма Топырақтың актівті және ауыспалы қышқылдығын анықтау
- •1.14.2 Тапсырма Топырақтың гидролитикалық қышқылдығын Каппен әдісімен анықтау
- •1.15 Топырақ карталары және картограммалар
- •2 Өсімдік шаруашылығы
- •2.1 Тұқымтану негіздері
- •2.1.1 Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі
- •2.1.2 Тұқымның әртүрлі сапалылығы
- •2.1.3 Тұқым тыныштығы мен тіршілікке қабілеттілігі
- •2.1.4 Тұқымның өнуі және егін көгінің пайда болуы
- •2.1.5 Тұқымның далалық өңгіштігі, оның әртүрлі факторлар мен жағдайларға байланыстылығы.
- •2.1.6 Тұқымның жарақаттануы және оны азайтудың шаралары
- •2.2 Тұқымның себу сапасы және оны анықтау
- •2.2.1 Тапсырма Тұқым тазалығын анықтау
- •2.2.2 Тапсырма Тұқымның өну энергиясын және өнгіштігін анықтау тазалығын анықтау
- •2.2.2 Тапсырма Тұқымның ылғалдылығын анықтау
- •2.2.3 Тапсырма 1000 тұқымның массасын анықтау
- •2.2.4 Тапсырма Тұқымның себуге жарамдылығын анықтау
- •2.2.5 Тапсырма Тұқымның себу мөлшерін есептеу
- •2.2.6 Тапсырма
- •2.3 Өсімдік өнімдерін бағдарлау
- •2.3.1 Өнім бағдарлаудың негіздері
- •2.3.2 Өнім мөлшерін фар кірісімен анықтау
- •2.3.3 Өсімдіктердің өнімділігін ылғал мөлшерімен анықтау
- •2.3.4 Өнімді егістің жапырақ бетінің ауданымен болжау
- •2.3.5 Фотосинтездің таза өнімділігін (фтө) анықтау
- •2.3.7 Ең қолайлы сабақ жиілігін бағдарлау
- •2.4 Өсімдіктау негіздері
- •2.4.1 Тапсырма Астық тұқымдастарды дәні бойынша анықтау (дәннің ерекше сипатты белгілерімен танысу).
- •2.4.3 Тапсырма Астық тұқымдастарды өскініне қарап анықтау
- •2.4.4 Тапсырма Астық тұқымдастарды өсімдік мүшелеріне қарап анықтау (құлақшасы мен тілшігіне қарап)
- •2.4.5 Тапсырма Астық тұқымдастарды гүл шоғырына қарап анықтау
- •2.4.6 Тапсырма Бидай түрлерін анықтау және сипаттау
- •2.4.7 Тапсырма Жұмсақ және қатты бидайдың түрлерін анықтау
- •2.4.8 Тапсырма Арпаның маңызды түрлері мен түр тармақтарын анықтау
- •2.4.9 Тапсырма Сұлының маңызды түрлерін анықтау
- •2) Келесі форманы пайдалана отырып сұлы түрлерін сипаттау
- •2.4.10 Тапсырма Жүгерінің түрлері мен түр тармақтарын анықтау
- •2.4.11 Тапсырма Тарының түрі мен түр тармақтарын анықтау және сипаттау
- •2.4.12 Тапсырма Құмайдың түр тармақтары мен топтарын анықтау және сипаттау
- •2.4.13 Тапсырма Күріштің топтарын сипаттау Oryza sativa l.
- •2.4.14 Тапсырма Қарақұмықтың түр тармақтары мен әртүрлерін анықтау және сипаттау
- •Түр тармақтарының ерекшеліктері
- •2.4.15 Тапсырма Бұршақ тұқымдас дақылдарды дәнібойынша анықтау
- •Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымына қарап анықтау кілті
- •2.4.16 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын өскіні бойынша анықтау
- •2.4.17 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жапырақтары бойынша анықтау
- •2.4.18 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жемісіне (бұршағына) қарап анықтау
- •2.4.19 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарының негізгі түрлерін анықтау
2.4.8 Тапсырма Арпаның маңызды түрлері мен түр тармақтарын анықтау
Жабдықтар мен заттар: арпа сорттарының масақтары.
Тапсырмаға түсініктеме. Кәдімгі арпа негізгі екі түр тармағына бөлінеді: көпқатарлы арпа, екі қатарлы арпа. Көп қатарлы арпа масақ өзегінің буындарына үш жақсы дамыған масақшасымен және олардың бәрінің дән беруімен сипатталады. Масақ тығыздығымен көп қатарлы арпа дұрыс алты қатарлы (алты қырлы) және дұрыс емес алты қырлы болады.
Алты қырлы арпаның масақшалары алты дұрыс тік қатар құрайды.
Екі қатарлы арпада да масақ өзегінің буындарында үш масақшадан орналасқан, бірақ олардың тек ортасындағысы ғана жақсы дамып дән береді. Бүйіріндегі масақшалар дән бермейді немесе түсіп қалады. Сондықтан екі қатарлы арпаның масағында тек қана екі тік қатар масақшалар болады.
Арпаның тармақ түрлері түрлерге масақ тығыздығына, дәнінің қабығына, мұртына, масағының бояуына және мұртының иректігіне қарай бөлінеді.
Тапсырманы орындау
1) көпқатарлы және екі қатарлы арпаның морфологиялық белгілерін зерттеп, төмендегі схема бойынша сипаттап, суретін салу керек:
-
Түр тармағы және тобы
Түр тармағының белгілері
Суреті
2) түрлердің белгілерімен танысып, кілтінің көмегімен көп қатарлы арпа түрлерін анықтау
Арпа түрлерін анықтауға арналған кілт
Көп қатарлы арпа
А) дәні қабықты
1) масағы тығыз емес, сары, мұртты, мұрттары бүкіл ұзындығына ирек-ирек............................................паллидум (pallidum).
2) масағы тығыз, сары, мұртты, мұрттары бүкіл ұзындығына иректелген, масақ формасы призма................параллелум (parallelum).
Б) дәні жалаңаш, масағы тығыз емес, мұртсыз, жарғақты қосымшасымен............................................трифуркатум (trifurkatum).
Екі қатырлы арпа
А) дәні қабықты
1) масағы тығыз емес, сары, мұртты, мұрты бүкіл ұзындығына иректелген.........................................................................нутанс (nutans).
2) масағы тығыз емес, қара, мұртты, мұрты тегіс......... персикум (persiсum).
Б) дәні жалаңаш, масағы тығыз емес, сары, мұрты иректелген, дәні жалаңаш......................................................................нудум (nudum).
3) арпа түрлерін мына схема бойынша сипаттау керек:
Арпаның тармақ түрі |
Түрі |
Дәнінің қабығы |
Масағының тығыздығы |
Масағының бояуы |
Мұрты |
Мұртының иректелуі |
|
|
|
|
|
|
|
2.4.9 Тапсырма Сұлының маңызды түрлерін анықтау
Жабдықтар мен заттар: сұлы мен қара сұлының сорттарының шашақ гүлі.
Тапсырмаға түсініктеме. Сұлының кәдімгі және жабайы түрлері бар.
Кәдімгі сұлының негізгі түрі – егістік сұлы (Avena sativa). Кәдімгі сұлы қабыршақты және жалаңаш болуы мүмкін. Шашақгүлінің құрылымы бойынша тармақты және бір жалды сұлы деп бөлінеді, егістік сұлыны түрлерге бөлуге осы белгісі негізге алынады.
Сұлының жабайы түрі – қара сұлы, ол қауіпті арамшөп. Қара сұлының кәдімгі сұлыдан айырмашылығы дәнегінің түбінде таға сияқты өсіндісі бар. Ол гүл қауызының түбінің өсіп, түбіне қарай жуандауынан пайда болған.
Көпшілік қара сұлының гүлдік қауызы қалың түкпен жабылған және жақсы дамыған қаттылау мұрты бар, ол ылғалға байланысты олай-бұлай бұралып тұрады, онысы тұқымның жерге енуіне жеңілдік жасайды.
Тапсырманы орындау
1) келтірілген кілтті пайдалана отырып сұлының кәдімгі және жабайы түрлерін анықтау керек;
Сұлы түрлерін анықтауға арналған кілт
Сұлы (тағасы жоқ)
1) масақшасы бір мұртты немесе мұртсыз. Төменгі гүл қауызы екі қырымен, мұрт сияқты үшкірленбеген. Төменгі дәннің сынығы тік. Масақшасын сындырғанда жоғарғы дәнінің өзекшесі төменгі дәнінде қалады........................................................егістік сұлы (Avena sativa L).
2) өменгі гүл қауызшасы екі қырымен, мұрт сияқты үшкірленбеген. Масақшалары ірі, мұртты, мұрттары жіңішке. Төменгі дәнінің сынығы қисық. Масақшасын сындырғанда өзекшесі қақ бөлінеді...............................византий сұлысы (Avena byzantina Koch).
3) гүл қауызы мұрт сияқты екі үшкірімен. Төменгі дәні сабаққа отырған....................................құмдауыт сұлы (Avena strigosa Ichred).
Қара сұлы
4) әр дәннің тағашығы бар, сондықтан әр дән піскенде жеке түседі. Масақшадағы барлық гүлдері мұртты, мұрты бұрышты иілген.................................................кәдімгі қара сұлы (Avena fatua L).
5) төменгі дәнінде тағашығы бар. Бірінші, екінші дәні қатты бұралып иілген мұрттарымен. Гүл қауыздары түкті............................оңтүстік қара сұлысы (Avena ludoviciana Dus).
