Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.5.8 Тапсырма Топырақтың су өткізгіштігін анықтау

Топырақтың су өткізгіштігі деп оның суды сіңіріп, жоғарғы қабаттан төменгі қабатқа өткізу қабілетін атайды. Бұл процесс топырақтың суды сіңіруінен және сумен қанықпаған қабаттарға сүзіп (фильтрациялап) өткізуінен тұрады. Суды өткізу жылдамдығына қарай топырақтар мына топтарға бөленеді:

1) суды өткізгіштігі жақсы топырақтар – алғашқы біріші сағатта суды өткізу қалындығы 15 см және онан да көп;

  1. суды өткізгіштігі орташа топырақтар – 15-5 см аралығанда;

3) суды өткізгіштігі нашар топырақтар – 5 см-ден кем.

Топырақтың су өткізгіштігі оның гранулометриялық құрамына, структурасына, ылғалдылықтың дәрежесіне, қарашіріктік заттардың мөлшеріне байланысты болады. Құм және құмайт топырақтар сазды және саз топырақтардан гөрі суды өткізгіш келеді. Структуралы топырақтар структурасыз топырақтарға қарағанда суды жақсы өткізеді. Топырақтар ылғалмен қаныққан сайын суды өткізгіштігін бірте-бірте кемітеді.

Жабдықтар мен заттар: саңылауы 2 мм елеуіштен өткізілген гранулометриялық құрамы және структурасы әртүрлі 4-5 топырақ үлгілері, биіктігі 25-30 см, диаметрі 3-4 см шыны түтіктер, стакандар, түтіктерді бекітетін штативтер, дәке, картон, сағат.

Тапсырманы орындау

1) 4-5 шыны түтіктер алып, түбін дәкемен, жіппен байлау және түтіктердің әрқайсысына бір түрлі топырақтан биіктігін 20 см етіп, 2-3 см сайын жұмсақ затқа, дәптерге, кітапқа аздап ұра отырып тығыздап топырақ салу;

2) топырақты судың ойып кетуінен сақтау үшін түтіктер ішіндегі топырақтың бетіне тесіктері бар картон дөңгелектерін салу және түттіктерді штативтерге бекітіп, астына стакандар қою;

3) уақытты белгілеп түтіктер ішіне биіктігі 5 см етіп су құю және осы биіктікті сақтап тұру үшін су құюды қайталап отыру;

4) түтіктегі 20 см топырақ қабатынан түгелдей (мұнымен қоса алғашқы бірінші сағатта судың әртүрлі топырақтар қабатынан) өту жылдамдығын белгілеу. Бұл сол топырақтың су өткізгіштік көрсеткіші (коэффициенті) болады (жұмыс басындағы су өткізгіштігі жөнінде 3 топ топырақтарды қара);

5) уақыт жетсе сүзілу коэффициентін анықтау. Мұнда түтіктің төменгі ұшынан бірінші тамшының шығуы сүзілудің басталуы деп есептеледі;

6) әрбір 10 минут сайын бір түрлі топырақтаң сүзілген судың (фильтраттың) мөлшерін анықтау. Анықтауды алдыңғы 10 минутте сүзілген судың стакандағы мөлшері соңғы сүзілген судың мөлшерімен бірдей болғанға (тұрақтанғанға) дейін жүргізеді, жұмыс кезінде қолданылған судың температурасын да белгілеп қояды;

1.5.5 кесте – Топырақтардың су өткізгіштігі (құм, құмайт, сазды, саз әрқайсысына – кестені жеке толтыру керек)

Уақыт

Топырақтың су өткізгіштік көрсеткіші

Алғашқы 1 сағатта су өткен топырақ қалыңдағы, мм

10 мин сайын сүзуде соңғы сүзілген су мөлшері

Кt (орташа 1 сағатта мм/мин)

түтікке алғашқы су құю

бірінші тамшының шығуы

судың топырақ бойымен жүруі

7) мына формула арқылы сүзілу коэффициентін есептейді

Кt=

Q 10

S  T

, (22)

мұндағы Кt – жұмыс кезіндегі температурада сүзілу коэффициенті, мм/мин;

Q – белгілі уақыт аралығында (10 мин) өткен судың мөл- шері, см3;

S – түтіктің кесіндісінің ауданы, см2;

T – уақыт, минут;

10 – текше сантиметрді мм су қабатына ауыстыру коэффициенті.

Есептеу 100С температураға мына формула бойынша жүргізіледі

К10=

____Кt___

0.7  0.03 t0

, (23)

мұндағы К10 – 10 0С температурада сүзілу коэффициенті;

Кt – тәжірибе кезіндегі температурада сүзілу коэффициенттер;

0,7 және 0,03 эмпирикалық коэффициенттер;

t0 – су өткізгіштікті анықтауға қолданылған судың температурасы.

Табылған нәтижелерді 17-кесте жазу.

Шыққан қорытындыларды ордината (тік) осіне К10 шамасын, абсцисса осіне Е уақытты салып, график сызу.