Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.2.1 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын оның саз бөлшегін сумен шайдыру арқылы анықтау

Өте қарапайым, студенттерге көрсетуге ең ыңғайлы және олардың түсінуіне жеңіл тиетін әдіс.

Жабдықтар мен заттар: ең кемі 3 топырақ үлгісі (құм, сазды және саз), пробиркалар, фарфор табақшалар, эксикатор, тістеуіктер, кептіргіш шкаф, техникалық таразы (гирлерімен).

Тапсырманы орындау

1) алдын-ала күйдірілген және саңлаулары 3 мм елеуіштен өткізілген топырақтан 10 г өлшеп алу;

2) өлшенген топырақты пробиркаға салу;

3) үстіне топырақ көлемінен үш еседен артық дистилденген су құю (дистилденген су жетпесе кәдімгі кран суын да пайдалануға болады);

4) суспензияны ептеп шайқап 5 минут тұндыру (осы уақыт ішінде диаметрі 0,01 мм-ден үлкен бөлшектер пробирка түбіне тұнып үлгіреді);

5) тұнба үстіндегі суды төгіп, қайтадан жаңа су құю, су тазарғанша қайталау;

6) төгінді су бастапқы түсіндей болып тазарған соң, суын төгіп, пробирка түбінде қалған құмды аз-аздап су құя отырып массасы өлшенген фарфор табақшаға аудару, ептеп суын сарқып, кептіргіш шкафқа салу, эбден кепкенше (екі сағаттай) ұстау;

7) құмы бар фарфор табақшаны өлшеп, физикалық құмның массанын табу;

8) құм массасын бастапқы топырақ шамасынан шегеру;

9) топырақтың құрамындағы физикалық құм мен физикалық саздың проценттік мөлшерін мына формула арқылы анықтау

Хқ=

а

b

 100 ,

(1)

мұндағы Хқ – құм бөлшектердің топырақтағы проценттік мөлшері;

а – құм бөлшектердің массасы;

b – топырақтың бастапқы массасы;

100 – процентке ауыстыру коэффициенті.

Осылайша Хс – саз бөлшектердің де проценттік мөлшері табылады.

1.2.2 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын

елеуіштерден өткізу арқылы анықтау

Жабдықтар мен заттар: саңлауынаң кендігі 10 мм-ден 0,01 мм-ге дейінгі топырақ елеуіштері, алдын ала күйдірілген әртүрлі құмайт, сазды, саз топырақтардың үлгілері, резинка келсабы бар фарфор келіше, гирлері бар техникалық таразылар.

Тапсырманы орындау

1) стандартты елеуіштерді төменнең жоғары қарай 0,25;0,5;1,0;3,0;5,0;10,0 мм ретімен құрастырып түбіне саңылауы жоқ табақшасын кигізу;

2) алдын-ала келішеде кесестері ұсатылған ауа-құрғақ топырақтан 100 г өлшеп алу және жоғарғы елеуішке салу, қақпағын жабу;

3) елеуіш ішіндегі топырақты фрақцияларға толық бөлінгенше елеу;

4) әрбір елеуіштегі фракцияларды қарап шамамен аз, не көптігін жазу;

5) барлық фракцияларды үш топқа біріктіру: а) тастық бөлшектер – 3-1мм аралығындағы, б) физикалық құм – 1-0,01 мм-ге дейінгі, в) физикалық саз – 0,01ммөден ұсақ бөлшектер;

6) әрбір фракциялық топтың проценттік мөлшерін мына формула бойынша анықтау

Х=

n

a

 100 ,

(2)

мұндағы n – фракциялық топтың массасы;

а – тәжірибеге алынған топырақтың бастапқы массасы;

Х – фракциялық топтың проценті.

Осы үш фракциялық топтардың проценттік қатынастарына қарай 1.2.2 кесте бойынша топырақ аттарын анықтап, төмендегі кестеге түсіру керек (1.2.3 кесте).

1.2.3 кесте – Топырақ фрақцияларының проценттік қатынастарына қарай оның аттарын анықтау (далалық топырақтар типі)

Физикалық саз, %

Физикалық құм, %

Топырақ аттары (әртүрліліктері)