Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

2.4.17 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жапырақтары бойынша анықтау

Жабдықтар мен заттар: дәнді бұршақ дақылдарының жапырақтары немесе гербарийі, үлкейткіш шынылар.

Тапсырмаға түсініктеме. Дәнді бұршақ дақылдарының қауырсынды жапырақтары қос қауырсынды немесе қос қауырсынды емес болады. Қос қауырсынды жапырақтардың барлық жапырақтары қос–қостан, ал сабақшасы мұртпен (асбұршақ, әйкен, жасымық) немесе үшкірлене (атбұршақ) бітеді. Қос қауырсынды емес жапырақтардың сабақшасы дара жапырақпен (ноқат) бітеді. Үш тармақты жапырақтар (түйебұршақ, қытайбұршақ) үш үлкен жапырақтан тұрады, ал саусақты жапырақтар әртүрлі формадағы және жалпақтықтағы бөлшектерден тұрады.

Сондай–ақ дәнді бұршақ дақылдарын жапырақтарының түктенуімен, қауырсынды жапырақтардың қос жапырағының санымен, жапырақтардың формасы мен үлкендігіне, жапырақ серіктерінің формасы мен мөлшеріне қарай ажыратуға болады.

Тапсырманы орындау

1) дәнді бұршақ дақылдарының жапырақтарын үш топқа бөлу керек (қауырсынды, үш тармақты және саусақты);

2) әртүрлі дәнді бұршақ дақылдарының жапырақтарының морфологиялық белгілерімен танысу;

3) кілтті пайдалана отырып дәнді бұршақ дақылдарын жапырағына қарап анықтау;

Дәнді бұршақ дақылдарын жапырағына қарап анықтау кілті

1) жапырағы қауырсынды .....................................................

2.

0) жапырағы үш тармақты.....................................................

10.

00) жапырағы саусақты..........................................................

13.

2) жапырағы қос қауырсынды...............................................

3.

0) жапырағы қос қауырсынды емес.......................................

000.

3) жапырақ сабақшасы ұзын мұртпен бітеді........................

4.

0) жапырақ сабақшасы қысқа үшкір......................................

9.

4) жапырағы жалаңаш немесе жалаңашқа тән.....................

5.

0) жапырағы түкті .................................................................

8.

5) жапырақ серігі өте үлкен, жапырақтан үлкен, түбі сабақты орап алады...........................................................................

6.

0) жапырақ серігі ұсақ, жапырақтан ұсақ.............................

7.

6) жапырақ серігінің түбінде, сабағының маңайында қызыл–сияғыш дақ бар. Сабағы жалаңаш, жығылады...........дала асбұршағы.

0) жапырақ серігінің түбінде қызыл дақ жоқ. Сабағы жалаңаш, жартылай немесе толық жығылады............................егістік асбұршақ.

7) көп қос жапырақты (6 қос жапыраққа дейін). Жапырақтары ұсақ, сопақ немесе ланцетті. Сабағы жалаңаш, жығылуға ыңғайлы.....................................................................................жасымық.

0) бір қос жапырақты. Жапырақтары үлкенірек, әдетте ланцетті сирек ұзынша сопақ. Өсімдіктері жығылуға ыңғайлы....... екпе әйкен.

8) жапырақтары нәзік түкті жабысқан. Жапырақтарының төбесі дөңгелек және жүйкелері көрініп тұрады........егістік сиыржоңышқа.

0) жапырақтары әжептәуір ірі, элипс тәрізді, қалыңша, жалаңаш. Жапырақ серіктері үлкен емес, шеті ирек. Сабағы түкті емес, жығылмайды..............................................мал азықтық бұршақ.

000) жапырақтары ұсақ, элипс тәрізді немесе кері жұмыртқа сияқты, қалың түкті, шеті ирек. Сабағы түкті, жығылмайды..... ноқат.

10) жапырақтары жалаңаш немесе біраз түкті.....................

11.

0) жапырақтары қалың түкті..................................................

12.

11) жапырақтары ірі, жұмыртқа тәріздес, ұшында үшкір, бұтақты формаларының сабақтары жығылмайды.........кәдімгі түйебұршақ.

0) жапырағы түйебұршақтың басқа түрлерінікіне ұқсас, бірақ жапырақтары одан да кіші. Өсімдік бұтақты ......... сары түйебұршақ.

12) жапырақтары әдетте жұмыртқа тәріздес, сопақ, сирек ұзынша болып келеді. Жапырағы екі жағынан да түкті......қытай бұршақ.

13) жапырақтары салыстырмалы ұсақ. Жапырақшалары ұзынша – сызықша, ұсақ...................................................................

14.

0) жапырағы үлкен немесе орташа көлемде. Жапырақшалары жалпақ, біршама үлкендеу................................

15.

14) жапырақтағы жапырақшаларының саны 7-9. Жапырақтарының түктенуі сирек, жабысқан, тек астыңғы жағынан. Сабағы жығылмайды .................... жіңішке жапырақты бөрібұршақ.

15) жапырақшалары ұзынша – кері жұмыртқа тәрізді, жапырағындағы жапырақшалар саны 8-11. Түктенуі екі жағынан да, астыңғы жағында көбірек. Сабағы жығылмайды....сары бөрібұршақ.

0) жапырақшалары кері жұмыртқа тәріздес, жапырағындағы жапырақ-шалар саны 7-9. Түктенуі тек астыңғы жағында ғана, түк шетінен шығып тұрады да жапырақшаларын ақ күміспен көмкергендей болып көрінеді. Сабағы жығылмайды...ақ бөрібұршақ.

00) жапырақшалары жалпақ ланцетті, ұшында үшкір, жапырағындағы жапырақшалар саны 9-16. Түктенуі тек астыңғы жағынан. Сабағы жығылмайды....................көпжылдық бөрібұршақ.

4) әр дақылдың жапырақтарын сипаттап, суретін салу керек.