Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.5.6 Тапсырма Топырақтың өнімдік ылғалдық қорын (запасын) анықтау

Топырақтағы ылғалдың қорын су қабатының қалындығымен (мм) немесе м3/га мен көрсетеді

W= 0.1  TT  h  X,

(19)

мұндағы W – ылғалдың жалпы қоры, мм;

0,1 – су қабатын мм-ге ауыстыру коэффициенті;

ТТ – топырақтың тығыздығы, г/см3;

Һ – ылғал қоры есептелетін қабаттың қалындығы, см;

Х – құрғақ топырақ массасына шаққандағы топырақтың

ылғалы, %.

Топырақтағы өнемдік ылғалдың қорын, яғни өсімдік өнім жасауы үшін пайдаланылатын ылғалды мына формуламен есептейді.

Wқ=0,1  ТТ  һ (Х-СЫ),

(20)

мұндағы W – ылғалдың жалпы қоры, мм;

СЫ – солу ылғалдылығы, % (құрғақ топырақтың массасына есептегенде).

Су қабатының миллиметрмен берілген ылғал қорын текше метрге (м3) немесе тоннаға ауыстыру үшін W (мм) шамасын 10-ға көбейту керек. Себебі, 1 гектардағы 1 мм су қабаты 10 000 м2  0,001 м=10 м3 немесе 10 т тең болады.

Топсырманы орындағанда топырақ ылғалын анықтау және топырақтың құрылым тығыздығын (массасын) анықтау жұмыстарының қорытындылары пайдаланылады. Мысалы, егер топырағының ылғалдылығы оның абсолюттік құрғақ массасының 20 процентіне, солу ылғалдығы 3 процентке тең, құрылым тығыздығы 1,21 г/см3 болса, онда топырақтың беткі 30 см қабатында ылғалдың өнемдік қоры төмендегідей болады

WҚ=0,1  1,21  30 (20-3)=61,7 мм немесе 617 м3/га

0-100 см топырақ қабатындағы өнемдік ылғалдың қоры (мм) төмендегі көрсеткіш бойынша бағаланады

өте нашар

-60-тан төмен

нашар

-60-90;

қанағаттанарлық

-90-130;

жақсы

-130-160;

өте жақсы

-160-тан жоғары

1.5.7 Тапсырма Суару нормасын анықтау

Суару нормасын белгілеу үшін топырақ-грунт жағдайларын, өсімдіктердің физиологиялық талабын ескеру керек. Өте жоғары суару нормасын қолдану артық судың өсімдіктермен пайдаланылмай терең қабаттарға сіңіп шығындалуына, өте аз норма топырақты ылғалмен қанықтырмай суару санының көбеюіне, еңбек пен қаржының тиімсіз жұмсалуына әкелеп соқтырады. Суару нормасын анықтау үшін акад. А.Н.Костяковтың формуласы қолданылады

W=ҚТ  һ(b-c),

(21)

мұндағы W – суару нормасы, м3/га;

ҚТ – топырақтың һ қабатының құрылым тығыздығы г/см3;

Һ – топырақтың ылғалданатын қабатының қалындығы, см;

b – топырақтың құрғақ массасына есептелген максимальды мүмкіндік ылғалдығы, %;

с – топырақтың құрғақ массасына есептелген суару алдындағы ылғалдығы,%.

Өсімдіктер тамырларының негізгі массасы (90%) орналасқан қабат топырақтың ылғалдану қабатының қалындығы немесе активті қабаты болып есептеледі. Ол далалық (егістік) дақылдар үшін 0,4-0,5 м, жеміс-жидек өсімдіктері үшін 1-1,5м.

Тапсырманы орындау

Белгілі бір дақылдың суару нормасын анықтау үшін топырақтың сулық қасиеттері туралы алдыңғы жұмыстардың және далалық практиканың нәтижелері қолданылады. Мысалы, шашақтану (сұлтан шығару) фазасында жүгерінің суару нормасын анықтау үшін берілген шарттар: топырақтың ылғалдану қабатының қалындығы 50 см, оның шекті су сыйымдылығы 25 процентке тең, топырақтың суару алдындағы ылғалдылығы 13%, топырақтың құрылым тығыздығы 1,21 г/см3.

W=1,21  50(25 – 13)=726,5м3/га.