Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.4.3 Тапсырма Топырақтың куыстылығын анықтау

Әртүрлі топырақ түзуші жыныстарда қуыстылық мынадай болады: сазда – 44-50%, лесте – 45% шамасында, ірі құм мен малта таста – 35-40%, құмда – 36-42%,құмайт топырақтарда – 42-45 % шамасында.

Топырақтарда бөлшектердің диаметрі 0,001 мм-ден (майда шаңнан) ұсақ болған сайын қуыстылықта өседі. Бұл саз бөлшектердің агрегаттар түзу қабілетімен дәлелденеді.

Табиғи қалпы бұзылмаған топырақтың көлем бірлігіндегі барлық қатты бөлшектер және кесекшелер аралық қуыстардың көлемдік жиынтығын жалпы қуыстылық деп атайды. Жалпы қуыстылықтың ауамен толған бөлігін аэрациялық қуыстылық дейді. Егер топырақтың тығыздығы оның қатты фазасын, ал құрылым тығыздығы бұзылмаған қалпындағы барлық қуыстылықты көрсететін болса, онда 1 см3 топырақтың қатты бөлшектері қанша көлемемін, қуыстылық қанша көлемін алып жататынын анықтау керек.

Мысалы, құрылым тығыздығы 1,21 г/см3, қатты фазасының тығыздығы 2,52 г/см3 болса, онда қуыстылық 1,21:2,52=0,48. олай болса 1 см3 топырақтың қатты бөлшектері 0,48 см3 (48 %), ал топырақ қуыстары 0,52 см3 (52%) көлемеді алады. Жалпы қуыстылықты мына формуламен анықтайды

ЖҚ=

( 1 –

ҚТ

Р

)  100, немесе

ЖҚ=

Р – ҚТ

Р

 100, (8)

мұндағы ЖҚ – жалпы қуыстылық, %;

ҚТ – құрылым тығыздығы, г/см3;

Р – топырақтың қатты фазасының тығыздығы, г/см3.

Формулаға ҚТ және Р-ның мәнін қойсақ, онда

1.21

ЖҚ=(1 – --------)  100 = 52%

2.52

1.21 – 2.52

ЖҚ=-------------------  100 = 52%.

2.52

Топырақтың қуыстылығы беткі қабаттарында 55-70%, төменгі қабаттарында 35-50% болады. Топырақтың қуыстылығы 40%-тен кем болса өсімдік тамырларының өсуі қиындайды.

Топырақтардың грануломктриялық құрамына, структуралылығына, органикалық заттың мөлшеріне қарай қуыстылық 26%-тен 65%-ке дейін өзгереді. Ең төменгі қуыстылық құм және көгіс топырақтарда болады. Мысалы, топырақтың құрылым тығыздығы 2,0, қатты фазасының тығыздығы 2,7 болса, онда ең төменгі жалпы қуыстылық шығады

2,0

ЖҚ=(1 – --------)  100 = 26%.

2,7

Ал, профессор Н.А.Качинскийдің дәлелдеуінше көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін оптимальды (қолайлы) қуыстылық 55-65% аралығында болады. Қуыстылықты мұнша жоғарылату үшін топырақты дер кезінде дұрыс баптау, қопсыту, органикалық тынайтқыштарды енгізу, сор топырақтардың тұзын сумен шайдырып жіберу, ауыспалы егістер жүйесінде көп жылдық шөптесін өсімдіктерін егу, т.б. жүргізіледі.

Топырақтың аэрация (ауа жеткіліктілігі) 100 см3 топырақтағы ауаның көлемімен анықталады. Аэрация дәрежесі топырақ жағдайының маңызды көрсеткіші ретінде есептеледі және топырақтағы судың қуыстарды толтыру дәрежесіне байланысты. Топырақ қуыстарры сумен қанша толы болса, өсімдіктер, аэробтық микроағзалар үшін сонша ауа аз болады. Егер топырақтағы ауаның мөлшері 15%-тей болса, онда өсімдіктердің, аэробтық микроағзалардың оттегімен қамтамасыз етілуі қиындайды. Ал, 8% және онан кем болса оттегің ағзаларға түсуі тоқтайды, мезофиттердің тамырлары опат болады, топырақ көгістенеді (батпақтана бастайды).

Топырақтың жалпы қуыстылығын, ылғалдылығын және құрылым тығыздығын білу арқылы топырақтағы ауа мөлшерін (аэрация қуыстылығын) мына формула бойынша анықтайды

Қаэр= ЖҚ – (Х  ҚТ) немесе Қаэр= ЖҚ – W, (9)

мұндағы Каэр – 100 см3 топырақтағы ауа көлемі,% (топырақ көлемінен);

ЖҚ – топырақтың жалпы куыстылығы,% (топырақ көлемінен);

ҚТ – топырақтың құрылым тығыздығы, г/см3;

W – топырақтың ылғылдылығы,% (топырақ көлемімен);

Х – топырақтың ылғылдылығы,% (топырақ массасынан).

Қорытындылау

1) алдыңғы екі тапсырманың нәтижесіне қарай жалпы қуыстылықты және аэрация қуыстылығын есептеу;

2) топырақтың аэрациялық қуыстылығы жөнінде қорытынды жасау;

3) топырақтың жалпы физикалық қасиеттері туралы тапсырмалардың нәтижелерін төмендегі кестеге түсіру.

1.4.2 кесте Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері туралы тәжірибелердің қорытындысы

Топырақ

Қабат тереңдігі, см

Қатты фазаның тығыздығы, г/см3

Құрылым тығыздығы, г/см3

Қуыстылығы,%

жалпы

аэрациялық

Топырақтардың физика-механикалық қасиеттері көбінесе оның саз массасына және суға, сол сияқты соңғыларының ара қатынастарына байланысты болады. Олар: 1) топырақтың иілгіштігі – топырақтың ылғал күйінде өзінің формасын сыртқы күштің әсерінен өзгертуі; 2) жабысқақтығы – топырақтың ылғал күйінде өз бетінде басқа бір затты ұстап тұру қабілеті. Иілгіштігі және жабысқақтығы сазды тоырақтар мен грунттарға тән; 3) семуі – топырақтың құрғағанда көлемін кішірейтуі. Көктемде еріген қар суынан және суарудан кейін болады; 4) ісінуі – топырақтың ылғалданғанда көлемін үлкейтуі. Топырақтардың, грунттардың көтерілуі (биіктеуі), солтүстік облыстарда қайталанып тұратын тоңазуға және тоңданған топырақ қабатының (тоңның) еруіне байланысты. Топырақтың бұл қасиеттері арнайы аспаптармен анықталады.