Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.7.3 Тапсырма Әртүрлі дақылдарды өсіруге жер өңдеу тәсілдерін зерттеу және оны қысқаша негіздеу

Тапсырманы орындау

1) ауыл шаруашылығы негіздері оқулығын және басқа да арнайы әдебиеттерді пайдалана отырып төмендегі дақылдарға (жергілікті топырақ, ауа райы жағдайына қолдануға бейімделген) жер өңдеу жүйесін зерттеу және негіздеу:

отамалы дақылдардан кейінгі күздік бидай;

дәнді бұршақ дақылдарынан кейінгі күздік бидай;

көп жылдық шөптерден кейінгі күздік бидай;

күздік дақылдардан кейінгі жүгері;

отамалы дақылдардан кейінгі асбұршақ;

дәнді бұршақтардан кейінгі картоп;

күздік дақылдар кейінгі қант қызылшасы;

дәнді бұршақ дақылдарынан кейінгі күнбағыс;

көпжылдық шөптерден кейінгі зығыр;

жоңышқадан кейінгі мақта;

2) Жұмыс нәтижесін келесі үлгіге жазу керек

Тәсілдер

Жобамен жүргізу мерзімі

Құралдар

Тереңдігі

Жоспарлап жер өңдеу тәсілін өткізу мақсаты

1.8 Егістіктердің арамшөптермен ластануын есепке алу тәсілдері

Арамшөптермен күрес жүргізу шараларын зерттегенде және жүргізгенде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерінде олардың есебін тұрақты жүргізу шарт. Арамшөптермен ластануды бағалағанда молшылық ( саны, салмағы, көлемі, топырақ бетін жабу мөлшері), сонымен қатар кездесу жиілігі мен арамшөптердің егістегі текшелік көрсеткіштерін пайдаланады. Жоспардың қойған мақсатына және жеке зерттеу жауапкершілігінің деңгейіне қарай сандық немесе көзбе-көз есеп тәсілдерін пайдаланады.

Сандық тәсілдері

Сандық, немесе құралдық, тәсілдің негізінде арамшөптерді есепке алғанда әртүрлі құралдарды көмекке алу жатыр (рама, таразы, өлшеу сызғыштары, эталондар және т.б.). Олар пайдалануға қиындау, ең бастысы ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланылады.

Саны және салмағы. Саны деп (жеке түрлердің, олардың тобының, барлық арамшөптердің немесе агрофитоценоздың өсімдіктерінің) егістік көлемінің бір өлшем мөлшеріне келетін өсімдік (сабақ) санын айтады (1 м2). Санын (А) мына формуламен санайды

А=

a

n · s

=

а

S

, (25)

мұндағы а – кездескен өсімдік (сабақ) саны;

n – есепке алу көлемінің саны;

s – есепке алу көлемінің мөлшері, м2;

S – жалпы есепке алу көлемі, м2.

Арамшөптер санын размері белгілі раманың көмегімен бөлінген есепке алу көлеміндегі олардың сабақ санын санау арқылы анықтайды. Ең қолайлы рама дұрыс бұрышты, ұзындығының еніне қатынасы 1:1 ден 1:3 ке дейін, жалпы егу тәсілімен егілген дақылдарда төрт раманы пайдаланады, олардың үлкен диагоналі егістіктің бір ұзын қатарында жатқандай орналастыру керек. Отамалы дақылдарда тік бұрышты рамаларды пайдалану қолайлы. Кең қатарлы егістерде раманың ені көрші қатарлардың ара қашықтығына тең болуы керек, ал ұзындығы еркіне қарай. Ұялап себу егісінде раманың екі қатар аралығының еніне тең, ал ұзындығы қатардағы ұялардың ара қашықтығына тең болуы керек.

Аз тіршілікті арамшөптерді есепке алатын көлем мөлшерінің ең кіші размері көп жағдайда 0,25 м2 кем болмауы керек, ал көпжылдықтар үшін – 3 м2 кем емес, тексерілетін жерде арамшөптер біркелкі тарағанда есептеу көлемінің мөлшерін 2-3 есе кемітуге болады. Есептеу көлемдерін тексеру жүргізілетін жерде кездейсоқ алынған нүктелерде немесе шахмат тәртібін пайдаланып орналастырған нүктелерде орналастырады.

Өсімдіктердің жер бетіндгі органдарының салмағын көлем мөлшерінің бірлігіне келетін граммен көрсетеді (м2). Ол үш өлшеммен сипатталады: тірі өсімдіктердің салмағы (шикі салмағы), олардың абсолютты құрғақ салмағы және өсімдіктердің ауасыз – құрғақ жағдайдағы салмағы, оның ішінде алдыңғы екеуі өте маңызды.

Егістікте арамшөптердің молшылығын бағалау бір мезгілде олардың саны мен салмағын анықтағанда толық жетіледі. Бұл жағдайда көлемдік раманың ішіндегі арамшөптер жұлынып алынып, кеуіп қалмауы үшін полиэтилен пакетке салынады. Зертханада арамшөптерді түрлеріне немесе белгілі топтарға бөліп, санап, сақталған тамырларын тамыр мойынының деңгейінде кесіп, өлшейді.

Арамшөптердің санын есепке алуда жазылған көлем мөлшерін бөлу тәртібі өзінің мағынасын арамшөптердің салмағын анықтағанда да сақтайды. Тек қана көлем мөлшері бұл жағдайда барлық арамшөп түрлеріне бірдей – 0,25 м2 кем болмауы керек.

Өсімдік көлемі, барлық дене сияқты, оның салмағына сәйкес. Бұл жағдайда кептірілмеген өсімдіктердің салмағының мөлшері мен олардың тығыздығын көлемін анықтауға пайдалануға болады. Пайызбен көрсетілген тірі өсімдіктердің көлемінің олардың алатын кеңістігінің көлеміне ара қатынасы өсімдіктің меншікті көлемі деп аталады. Бұл көрсеткіш өсімдіктердің өскен ортасын агрофитоценоздың жер бетіндегі органдарының толық пайдалануын сипаттайды.

Жобалы жабу деп, пайызбен көрсетілген өсімдіктің жер бетіндегі органдарының жауып тұрған топырақ бетінің көлемінің бөлігін атайды. Бірақ егістікте өсімдіктердің жер бетіндегі органдары жиі-жиі бірін-бірі жауып тұрады. Сондықтан жобалы жабуды кеңінен түсіне отырып, жеке агрофитоценоздарға келгенде былайша бөлуге болады:

1) жеке жабу немесе жобалы молшылық - өсімдіктің жеке тобының немесе түрінің жобалы жабуы;

2) қабатты жабу - өсімдік органдарының әр жеке қабатты жобалы жабуы;

3) қабатты бірін-бірі жабу – төменгі қабаттағы өсімдіктерді жоғарғы қабаттағы өсімдіктердің жабуы;

4) жобалы толықтық - өсімдіктердің жер бетіндегі органдарының көлемді жалпы жабуы;

5) жалпы жабу - өсімдіктердің жер бетіндегі органдарының жабу көлемі, тек қана олар бірін-бірі жаппауы керек.

Осыдан шығатыны, жалпы жабу, әсіресе бұл өсімдіктің көп түрлері және жақсы жайылатын түрлері кездескенде 100 % артық болуы мүмкін.

Жобалы жабу өсімдіктердің сан молшылығын, сонымен қатар олардың немесе олардың жеке түрлерінің жер бетіндегі органдарының бар салмағын сипаттайды. Көп жағдайда жобалы жабу мөлшері жарықты пайдаланудың және өсімдіктің көлеңкеге төзімділігінің, бәсекелестігінің көрсеткіші болып табылады.

Зерттелетін егісте арамшөптің көп түрлері өседі, сондықтан кейде белгілі жерде мына не ана түрдің кездесетіндігін анықтау қажет болады.

Кездесу мөлшері деп пайызбен көрсетілетін белгілі бір түрдің көлем мөлшеріндегі санын сол жердегі өсімдіктердің жалпы санына қатынасын айтады. Оны мына формуламен санайды

R=

m · 100%

n

,

(26)

мұндағы R – берілген түрдің кездесу мөлшері, %;

m – берілген түр кездесетін көлем мөлшерінің саны;

n – зерттеуге алынған көлем мөлшерінің жалпы саны.

Есте болатын жәйт, кездесу мөлшері есеп жүргізетін көлем мөлшері өскен сайын ол да өседі. Сондықтан әртүрлі агрофитоценоздарға салыстырмалы көрсеткіштер алу үшін көлем мөлшерлері бірдей болу керек.

Дала өсімдіктерінің қабаттылығы деп топырақ деңгейінен арамшөптердің егілген өсімдіктердің биіктігімен салыстырғанда бөлінуін айтады. Әдетте өсімдіктердің қабаттылығы дала өсімдіктері қауымдастығының құрылымының бір көрсеткіші ретінде қаралады, ол егістікті фитоценотика тұрғысынан сипаттайды. Сонымен қатар өсімдік қабаттылығы арамшөп молшылығын да сипаттай алады, бірақ бұл жағдайда олардың биіктігі олардың дамуының қаншылықты зорлығын білдіретін болады.

Фитоценотикалық өлшем тәсілін Тимирязев ауыл шаруашылығы академиясының егіншілік және тәжірибе жұмысының тәсілдері кафедрасында А.И. Туменов зерттеген. Бұл тәсілдің маңызы дала өсімдіктері қауымдастығының қалыптасқан қабаттылығын анықтығанда оларды құрайтын өсімдіктердің фитоценотикалық ерекшіліктеріне көңіл аударылады: өсімдіктердің биіктігі және олардың өсетін ортаға әсері, биологиялық ерекшеліктері, экологиялық реакция және арамшөптердің жобамен жабуының ең кіші мөлшері. Бұл жағдайда қабаттылықтың келесі класстары бөлінеді, оның есебі топырақтың бетінен басталады.