Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

2.4.11 Тапсырма Тарының түрі мен түр тармақтарын анықтау және сипаттау

Жабдықтар мен заттар: кәдімгі тарының түрлері мен чумизаның шашақгүлі, кәдімгі тарының түр тармақтарының шашақгүлі, үлкейткіш шынылар, пинцеттер.

Тапсырмаға түсініктеме. Екі түрлі тары өсіріледі: кәдімгі тары және басты тары немесе чумиза. Кәдімгі тарының гүл шоғы – шашақгүл әртүрлі деңгейдегі босаңдығымен, әртүрлі ұзындықтағы бүйірден қосалқы тармақтарымен. Бұтақшаларының ұшында бір дән беретін гүлімен жалғыз масақша. Масақша қауызы үшеу (ішкі қысқа қауызы қалыптасқан масақша). Гүл қауыздары қатты, жылтыр, тегіс, дәнді тығыз орап тұрады. Кәдімгі тарының барлық әр түрі шашақгүлінің формасы бойынша 5 түр тармағына бөлінген: шашыраңқы, тармақты, иілген, сопақша және кесек. Түр тармақтарына бөлудің негізіне мына белгілері жатқан: шашақгүлінің ұзындығы мен тығыздығы, бүйір тармақтарының қисаюы, шашыраңқылығы. Тарының әртүрлі түр тармақтарының шашақгүлінің сипатты белгісі тармағының түбінде көрініп тұрған жуандау буынының барлығы немесе жоқтығы. Тарау аймағы – Қазақстан, Оңтүстік Орал, Волга бойы, Украина, Орталық қаратопырақты аймақ.

Басты тарының гүл шоғы - өте қысқа және жабысқан қалпақшалы бүйір тармақтарымен және көрініп тұрған жұқа түктерімен ерекше масақша түріндегі шашақгүл. Екі түрлі түр тармағын ажыратады: қалқанды шашақгүлі және сирек білінбейтін түгі бар чумиза (жарма дақылы) және цилиндр сияқты қалың көрініп тұрған түгі бар шашақгүлді итқонақ (мал азықтық шөп).

Чумизаның отаны – Шығыс Азия, Қиыр Шығыс, Орталық Азия, Закавказье.

Тапсырманы орындау

1) тарының түрлерін мына схема бойынша сипаттап, суретін салу керек;

Кәдімгі тары

Басты тары - чумиза

Латынша аты

Шығу тегі

Шашақгүлінің сипаттамасы

Бүйір тармақтары

Шаруашылық пайдаланылуы

Тарауы

Құрамдық бөліктері көрсетілген шашақгүлдің суреті

2) жақсы піскен шашақгүліне қарап отырып, келтірілген сипаттаманы пайдаланып тарының түр тармақтарын анықтау. Бауда тұрған немесе қорабшаға тығыз салынған шашақгүлдердің бүйір тармақтарының негізгі діңінен ауытқу бұрышы және шашақгүлдердің қауызы қатты өзгеріп кетуі мүмкін, ол анықтауды қиындатады.

Кәдімгі тарының негізгі түр тармақтарының сипаттамасы (Н.А.Майсурян бойынша)

Шашақгүлінің белгілері

Шашыраңқы тары

(Pattentiss Popov)

Тармақты тары (Effusum Al)

Иілген тары Contractum Al)

Сопақша тары (жартылай кесек) (Ovatum Popov)

Кесек тары (Compactum Korn)

Ұзындығы

ұзын

ұзын

ұзын

қысқа

қықса

Тығыздығы

тығыз емес

тығыз емес

тығыз емес

тығыз

тығыз

Мұрты

түзу

түзу

иілген

түзу

түзу

Шашыраңқылығы

шашыраңқы

жартылай шашыраң

қы

жинақы

жартылай шашыраң

қы

жинақы

Бұтағының бұрылуы

барлық бұтағы шашақгүл өзегінен қатты бұрылған

шашақгүл өзегінен төменгі бұтақтары бұрылған, ал жоғарғылары жабысқан

барлық бұтақтары шашақгүл өзегіне жабысқан

шашақгүл өзегіне төменгі бұтақтары бұрылған, төменгілері жабысқан

барлық бұтақтары шашақгүл өзегіне жабысқан

Бұтақ түбіндегі бүртікшесі

барлық бұтақтарында бар

тек қана төменгі бұтақтарында бар

жоқ немесе нашар көрінеді

тек қана төменгі бұтақтарында бар

жоқ

Ескерту. Тарының шашақгүлінің тығыздығы бірінші қатардағы бұтақ сандарын шашақгүлдің басты өзегінің ұзындығына бөлу арқылы анықталады (шашақгүл тығыз емес – тығыздығы 1 ден жоғары емес; орташа тығыз – тығыздығы 1-1,2; тығыз – тығыздығы 1,2-ден жоғары).

Келтірілген схема бойынша түр тармақтарының үлгілерін сипаттау

Түр тармағы

Шашақгүл ұзындығы

Шашақгүл тығыздығы

Шашақгүлдің шашыраңқылығы

Бұтақтың түбірінде бүртікшесінің бояуы