- •1 Егіншілік және агрохимия негіздері
- •1.1 Топырақ морфологиясы және оны зерттеу әдістері
- •Көлденеңіңің мөлшері
- •1.1.1 Тапсырма Топырақ кесіндісін сипаттау.
- •1.1.2 Тапсырма Топырақ үлгілерін алу және оларды химиялық талдауға (анализге) дайындау
- •1.1.3 Тапсырма Топырақ монолиттерін алу
- •Монолитті сипаттау
- •Қара топырақтың монолитінің сипаттамасы
- •Қызыл қоңыр топырақтың монолитін сипаттау
- •1.2 Топырақтың гранулометриялық (түйіршік) құрамы және оны зерттеу әдістері
- •1.2.1 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын оның саз бөлшегін сумен шайдыру арқылы анықтау
- •1.2.2 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •1.2.3 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын далалық жағдайда “ылғаудау” арқылы анықтау (н.А.Качинский әдісі)
- •1.2.4 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтау үшін органолептикалық әдісті қолдану
- •1.2.5 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •1.3 Топырақтың структуралық құрамы және структуралық агрегаттардың беріктігі, оларды анықтау
- •1.3.1 Тапсырма Топырақтың структурасын анықтау
- •1.3.2 Тапсырма Топырақтың структуралық агрегаттарының беріктігін н.И. Саввинов әдісі бойынша анықтау
- •1.3.3 Тапсырма Структуралық агрегаттардың беріктігін н.И.Никольский әдісімен анықтау
- •1.4 Топырақтың физикалық қасиеттері және оларды анықтау
- •1.4.1 Тапсырма Топырақтың қатты фазасының тығыздығын аңықтау
- •1.4.2 Тапсырма Топырақтың құрылым тығыздығын (көлемдік массасын) анықтау
- •1.4.3 Тапсырма Топырақтың куыстылығын анықтау
- •1.5 Топырақтың сулық қасиеттері және оларды анықтау
- •1.5.1 Тапсырма Топырақтың гигроскопиялық ылғалдығын анықтау
- •1.5.2 Тапсырма Максимальды гигроскопиялық ылғалдықты және өсімдіктің солу ылғалдығын анықтау
- •1.5.3 Тапсырма Топырақтың далалық ылғалдылығын анықтау
- •1.5.4 Тапсырма Топырақтың су сыйымдылығын анықтау
- •1.5.5 Тапсырма Топырақ ылғалдылығын және топырақтағы су қорын массалық әдіспен анықтау
- •1.5.6 Тапсырма Топырақтың өнімдік ылғалдық қорын (запасын) анықтау
- •1.5.7 Тапсырма Суару нормасын анықтау
- •1.5.8 Тапсырма Топырақтың су өткізгіштігін анықтау
- •1.5.9 Тапсырма Топырақтың су көтергіштік қабілетін (капиллярлылығын) анықтау
- •1.6 Ауыспалы егістер
- •1.6.1 Тапсырма Негізгі далалық дақылдардың алғы дақылдармен танысу және ауыспалы егістердің схемасын құру
- •1.6.1 Тапсырма
- •1.6.2 Тапсырма
- •1.6.3 Тапсырма
- •1.6.4 Тапсырма
- •1.7 Топырақты өңдеу
- •1.7.1 Тапсырма Топырақ өңдеу тәсілдерімен және топырақ өңдейтін машиналар жүйесімен танысу
- •1.7.2 Тапсырма Топырақ өңдеудің сапасының негізгі көрсеткіштері мен оны бағалаудың тәсілдері
- •1.7.3 Тапсырма Әртүрлі дақылдарды өсіруге жер өңдеу тәсілдерін зерттеу және оны қысқаша негіздеу
- •1.8 Егістіктердің арамшөптермен ластануын есепке алу тәсілдері
- •Сандық тәсілдері
- •Егістікте арамшөп қабаттылығын анықтау өлшемі
- •1.8.1 Тапсырма Егістіктің арамшөптермен ластануын сандық – салмақтық әдіспен анықтау
- •Тапсырманы орындау
- •1.8.2Топырақтың арамшөптердің тұқымымен ластануын есепке алу
- •1.9 Топырақтың органикалық заты
- •1.9.1 Тапсырма Топырақтың органикалық затын күйдыру арқылы анықтау
- •1.9.2 Тапсырма Топырақтағы еритін және ерімейтін органикалық заттардың мөлшерін анықтау
- •1.10 Топырақ гумусы
- •1.10.1 Тапсырма Топырақ гумусының әртүрлі формаларын сапалық анықтау
- •1.10.2 Тапсырма и.В.Тюрин әдісі бойынша топырақ гумусын анықтау
- •1.11 Топырақтың химиялық құрамы, қасиеттері және сіңіру қабілеті
- •1.11.1 Тапсырма Топырақтың механиқалық сіңіру қабилетін анықтау
- •1.11.2 Тапсырма Топырақтың физиқалық сіңіру қабілетін анықтау
- •1.11.3 Тапсырма Топырақтың физика-химиялық немесе ауыспалы сіңіру қабілетін анықтау
- •1.11.4 Тапсырма Топырақтың химиялық сіңіру қабілетін анықтау
- •1.12 Өсімдіктердің топырақтағы қөректік заттары
- •1.12.1 Тапсырма Дисульфофенол қышқылың қолдану арқылы нитраттарды анықтау
- •1.12.2 Тапсырма Жеңіл гидролизденетін азотты и.В. Тюрин және м.М. Кононова бойынша анықтау
- •1.12.3 Тапсырма Жылжымалы фосфорды б.П. Мачигин әдісімен анықтау
- •1.12.4 Тапсырма Карбонатты топырақтардағы жылжымалы калийді п.В.Протасов өдісімен анықтау
- •1.12.5 Тапсырма Калийді және натрийді жалынды фотометрде анықтау
- •1.12.6 Тапсырма Калийдің және натрийдің (кальций мен магнийдің) ауыспалы катиондарын Шолленбергер әдісімен анықтау
- •1.12.7 Тапсырма Кальций және магнийдің ауыспалы катиондарын комплексометриялық әдіспен анықтау
- •1.13 Топырақтың сулық ерітіндісін (сығындысын) талдау
- •1.13.1 Тапсырма Сулық сығындыны дайындау
- •1.13.2 Тапсырма Суда еритін заттардың жалпы жиынтығын анықтау (құрғақ қалдық)
- •1.13.3 Тапсырма Суда еритін минералдық заттардың жалпы жиынтығын анықтау (күйдірілген қалдық)
- •1.13.4 Тапсырма Сулық сығындының сілтілігін анықтау
- •1.13.4 Тапсырма Хлор-ионды анықтау
- •1.13.5 Тапсырма Сульфат-ионды анықтау
- •1.13.6 Тапсырма Калий мен натрий иондарын анықтау
- •1.13.7 Тапсырма Кальцийді және магнийді анықтау
- •1.13.8 Сульфаттарды және кальцийді сапалық анықтау
- •1.14 Топырақтың қышқылдығы (топырақ ерітіндісінің реакциясы)
- •1.14.1 Тапсырма Топырақтың актівті және ауыспалы қышқылдығын анықтау
- •1.14.2 Тапсырма Топырақтың гидролитикалық қышқылдығын Каппен әдісімен анықтау
- •1.15 Топырақ карталары және картограммалар
- •2 Өсімдік шаруашылығы
- •2.1 Тұқымтану негіздері
- •2.1.1 Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі
- •2.1.2 Тұқымның әртүрлі сапалылығы
- •2.1.3 Тұқым тыныштығы мен тіршілікке қабілеттілігі
- •2.1.4 Тұқымның өнуі және егін көгінің пайда болуы
- •2.1.5 Тұқымның далалық өңгіштігі, оның әртүрлі факторлар мен жағдайларға байланыстылығы.
- •2.1.6 Тұқымның жарақаттануы және оны азайтудың шаралары
- •2.2 Тұқымның себу сапасы және оны анықтау
- •2.2.1 Тапсырма Тұқым тазалығын анықтау
- •2.2.2 Тапсырма Тұқымның өну энергиясын және өнгіштігін анықтау тазалығын анықтау
- •2.2.2 Тапсырма Тұқымның ылғалдылығын анықтау
- •2.2.3 Тапсырма 1000 тұқымның массасын анықтау
- •2.2.4 Тапсырма Тұқымның себуге жарамдылығын анықтау
- •2.2.5 Тапсырма Тұқымның себу мөлшерін есептеу
- •2.2.6 Тапсырма
- •2.3 Өсімдік өнімдерін бағдарлау
- •2.3.1 Өнім бағдарлаудың негіздері
- •2.3.2 Өнім мөлшерін фар кірісімен анықтау
- •2.3.3 Өсімдіктердің өнімділігін ылғал мөлшерімен анықтау
- •2.3.4 Өнімді егістің жапырақ бетінің ауданымен болжау
- •2.3.5 Фотосинтездің таза өнімділігін (фтө) анықтау
- •2.3.7 Ең қолайлы сабақ жиілігін бағдарлау
- •2.4 Өсімдіктау негіздері
- •2.4.1 Тапсырма Астық тұқымдастарды дәні бойынша анықтау (дәннің ерекше сипатты белгілерімен танысу).
- •2.4.3 Тапсырма Астық тұқымдастарды өскініне қарап анықтау
- •2.4.4 Тапсырма Астық тұқымдастарды өсімдік мүшелеріне қарап анықтау (құлақшасы мен тілшігіне қарап)
- •2.4.5 Тапсырма Астық тұқымдастарды гүл шоғырына қарап анықтау
- •2.4.6 Тапсырма Бидай түрлерін анықтау және сипаттау
- •2.4.7 Тапсырма Жұмсақ және қатты бидайдың түрлерін анықтау
- •2.4.8 Тапсырма Арпаның маңызды түрлері мен түр тармақтарын анықтау
- •2.4.9 Тапсырма Сұлының маңызды түрлерін анықтау
- •2) Келесі форманы пайдалана отырып сұлы түрлерін сипаттау
- •2.4.10 Тапсырма Жүгерінің түрлері мен түр тармақтарын анықтау
- •2.4.11 Тапсырма Тарының түрі мен түр тармақтарын анықтау және сипаттау
- •2.4.12 Тапсырма Құмайдың түр тармақтары мен топтарын анықтау және сипаттау
- •2.4.13 Тапсырма Күріштің топтарын сипаттау Oryza sativa l.
- •2.4.14 Тапсырма Қарақұмықтың түр тармақтары мен әртүрлерін анықтау және сипаттау
- •Түр тармақтарының ерекшеліктері
- •2.4.15 Тапсырма Бұршақ тұқымдас дақылдарды дәнібойынша анықтау
- •Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымына қарап анықтау кілті
- •2.4.16 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын өскіні бойынша анықтау
- •2.4.17 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жапырақтары бойынша анықтау
- •2.4.18 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жемісіне (бұршағына) қарап анықтау
- •2.4.19 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарының негізгі түрлерін анықтау
1.12.6 Тапсырма Калийдің және натрийдің (кальций мен магнийдің) ауыспалы катиондарын Шолленбергер әдісімен анықтау
Бұл әдіс жеңіл еритін тұздары, гипсі жоқ карбонатсыз, карбонатты топырақтардағы ауыспалы калийді (натрийді) аммоний ацетаты ерітіндісімен шығарып алып, соңынан калийді жалынды фотометрде мына схемамен анықтауға негізделген.
TCK K+ CH3COONH4 = TCK NH4 + CH3COOK
Егер суда ерігіш тұздар болса, оларды топырақ үлгісінен, 50 проценттік спиртпен жуу арқылы шығарып жібереді.
Жабдықтар мен заттар: топырақ үлгілері, саңылауы 1 мм елеуіш, конус колбалар, химиялық стакандар, воронкалар, сүзгі қағаздар, технохимиялық таразы (гирлерімен), жалынды фотометр.
Реактивтер
1) 1 М аммоний ацетаты СН3СООNН4;
2) қара хромоген ерітіндісі С20Н13О7N2SNa. 0,2 г тұзды 10 мл хлорлы аммиак буферінде ерітіп, 100 мл этиль спиртімен сұйылтады, қараңғыда сақтайды;
3) аммиакты буфер ерітіндісі. 20 г NH4Cl тұзын дистилденген суда ерітіп, 100 мл-ге жеткізу; 81 мл NH4ОН (25%-тік ерітінді не тығыздығы 0,92) 100 мл-ге жеткізу. Екі ерітіндіні де 1:1 есебімен қосып араластыру, сумен 1 л-ге жекізу;
4) дистилденген су.
Тапсырманы орындау
1) технохимиялық таразы да 10-20 г топырақ өлшеп алу;
2) топырақты 1 М аммоний ацетаты ерітіндісімен (рН 6,6-7,0) кальцийге теріс реакцияға дейін декантациялап жуу. Бұл үшін пробиркаға 2-3 мл сүзінді құйып, 3 тамшы қара хромоген қосады. Шарап-қызыл бояудың болуы кальций мен магнийдің ауыспалы катиондарының толық ығыстырылмағанын көрсетеді. Бұл ретте кальций мен магнийге теріс реакция болғанша жууду жалғастырады;
3) калийді немесе натрийді жалынды фотометрде (1.12.5 тапсырманы қара) анықтау;
4) егер топырақта жеңіл еритін тұздар болса, онда осы тәжірибемен қатар бос анықтауды жүргізу. Ол үшін топырақты дистилденген сумен өндеу және оның сулық сығындысынан калийді және натрийді жалынды фотометрде анықтап, жеңіл еритін тұздарға түзету табу.
Тұз ерітіндісінің және су сығындысының нәтижелерінің айырмасы бойынша калийдің немесе натрийдің ауыспалы катиондарының нақты мөлшерін анықтайды.
1.12.7 Тапсырма Кальций және магнийдің ауыспалы катиондарын комплексометриялық әдіспен анықтау
Ауыспалы катиондарды комплексометриялық әдіспен анықтау комплексондардың (органикалық қосындылардың) 2 және 3 валентті металдар катиондары мен суда еритін комплексішілік (тұнбаға түспейтін) қосындылар түзуіне, соңғыларының мөлшерін тиісті индикатор қосып титрлеу арқылы табуға негізделген.
Химиялық талдау жұмыстарында комплексондардың екі түрін қолданады. Олардың бірі индикаторлар ретінде қолданылады, олар Са2+, Mg2+, Cu2+, Fe3+ катиондарымен берік емес, еритін түсі бастапқы ерітінділердің түсінен өзгеше боялған қосындылар түзеді. Индикатор комплексондарға қара хромоген жатады. Басқа комплексондар жоғарыдағы катиондармен беріктеу, бірақ түссіз, еритін қосындылар жасайды. Олардың ішінде натрийі, басқа катиондарға ауысатын трилон Б – этилендиамин – тетрасірке қышқылының қос натрийлі тұзы кең қолданылады. Сулық сығындының кальций және магний катиондарының комплексон – индикатор мен өзара әсерінен боялған қосындылар түзіліп, трилон Б-мен титрлегенде біршама тұрақты түссіз қосындыларға өтеді. Трилон Б-ның шығындаған мөлшеріне қарай Са2+ және Mg2+ ауысу катиондарының жиынтығын есептеп шығарады. Са2+ , Mg2+ катиондарын анықтау алдында сілтілік жер негіздерінің карбонаттарына тексеру жасайды. Ол үшін 1 г топырақты фарфор табақшаға салып, бірнеше тамшы дистилденген сумен ылғалдайды, үстіне 1-2 мл 10 проценттік НСl ерітіндісін қосады. Топырақтың көпіршіктенуіне байланысты карбонаттардың бар екенін шамалайды.
Мұнан соң жеңіл еритін тұздардың және гипстің бар екенін тексереді. Ол үшін фарфор табақшаға 1 г топырақ салып, 5 есе (5 мл) сумен (гипс үшін үлгіні 1 %-тік HСl ерітіндісімен) өңдейді, табақшадағы топырақты 3 пробиркаға сүзіп, біріншісіне AgNO3 (СІ – ды сапалық анықтау үшін) екіншісіне ВаСІ2 (SO2-4-ті анықтау үшін), үшіншісіне (NH4)C2O4 (Ca – ді анықтау үшін) қосады. Егер топырақта сілтілік жер негіздердің карбонаттары, гипс және жеңіл еритін тұздар болмаса, Са2+ және Мg2+ ауыспалы катиондарын анықтауды жүргізеді (егер топырақта карбонаттар мен гипс болса, бұл әдісті қолданбайды.)
Жабдықтар мен заттар: топырақтар үлгілері, саңылауы 1 мм елеуіш, фарфор табақшалар, пробиркалар, пипеткалар, бюреткалар, сыйымдылығы 200-500 мл өлшемді колбалар, 250 мл конус колбалар, электроплитка немесе газ жандырғышы, аналитиқалық таразылар.
Реактивтер 1) трилон Б ерітіндісі C10H14O8N2Na 2H2O; 2) хлоридті – аммиакты буфер ерітіндісі; 3. Қара хромоген ерітіндісі C20H13O7N2SNa; 4) мурексид C8H8N6O6 H2O; 5) натрий сульфиді ерітіндісі Na2S 9H2O; 6) тұз қышқылды гидроксиламиннің 1 проценттік ерітіндісі NH2OH 9H2O; 7) 10 проценттік NaOH немесе КОН ерітіндісі; 8) 10 проценттік НСІ ерітіндісі; 9) AgNO3; 10) 1М NaCl ерітіндісі; 11) ВаСІ; 12) (NH4)2 С2О4; 13) Са, Mg, Cu-ның бар екеніне тексерілген дистилденген су.
Тапсырманы орындау
А) Са2+ және Mg2+ - ді ерітіндіге ығыстырып шығару
1) саңылауы 1 мм елеуіштен өткізілген ауа-құрғақ топырақтың үлгісінен аналитиқалық таразыда 2-20 г топырақ өлшеп алу;
2) 1М NaCl ерітіндісімен Са2+ және Mg2+ катиондарын ығыстырып шығару (декантация – тұндыру әдісімен);
3) толық ауысуды анықтау. Ол үшін пробирқаға 2-3 мл сүзінді құйып, 3 тамшы қара хромогенді қосу. Шарап – қызыл бояудың болуы Са2+ және Mg2+ катиондарына теріс реакцияға дейін шаяды;
4) топырақтан Са2+, Mg2+ толық ығыстарылған білгеннен кейін катиондар хлоридтер түрінде жүрген сүзіндіні сыйымдылығы 200-500 мл өлшемді колбаларға ауыстыру;
5) колбадағы сұйықты дистилденген сумен белгісіне дейін жеткізу жақсы араластыру;
6) ауысу катиондарын комплексометриялық әдіспен сандық анықтауды жүргізу (алдымен Са2+ және Mg2+ катиондарының жиынтығын анықтау, сонан соң Са2+ мөлшерін Mg2+ - ден айырмасы бойынша табу.
Б) Са2+ және Mg2+ - дін жиынтығын анықтау
1) пипетка мен 50 мл сүзінді алып, сыйымдылығы 250 мл конус колбаға құю;
2) колбаны асбест торы бар электроплиткаға немесе газ жандырғышына қойып, 70-800С – ға дейін (бу шыққанша) қыздыру;
3) 2 мл Na сульфидінің ерітіндісін (анықтауға кедергі болатын мыстың иондарын қосып алу үшін) және 5 тамшы гидроксиламин (марганец иондарының кері әсерін болдырмау үшін ) қосу;
4) пипеткамен 5 мл хлорлы аммиакты буфер ерітіндісін (рН 10 – ға дейін сілтілеу үшін) және 15 тамшы қара хромогенді (комплексон-индикатор ретінде) құю. Ерітіндіде шарап-қызыл түстің пайда болуы, онда Са – индикатор, Mg – индикатор кешендерінің түзілгенін көрсетеді;
5) колбадағы сұйықты шарап – қызыл түстен көгілдір немесе көк түске ауысқанша трилон Б ерітіндісімен титрлеу. Мұнда күлгін түс пайда болуынан бастап трилон Б-ны бір тамшыдан қосып тез шайқай отырып, титирлеуді абайлап жүргізеді. Мұнда титрлеуге кететін 0,05 М трилон Б ерітіндісінің шамасы 5 мл-ден немесе 0,025 М ерітіндісінің шамасы 10 мл – ден аспайды. Себебі, титрленуші ерітіндіде Са және Mg иондарының мөлшері 0,25 ммольден артпауы керек.
Ескерту: титрленуші ерітіндідегі Са және Mg иондарының қажетті мөлшерін ерітіндінің көлемін азайту (100 мл – ден 5 мл-ге дейін) және трилон Б ерітіндісінің концентрациясын өзгерту (0,005-тен 0,05 М-ге дейін) арқылы реттейді.
6) Са2+ және Mg2+ ауыспалы катиондарының шамасын миллимольмен мына формула арқылы есептеу
Х = |
а М К1 К2 100К c |
(34) |
мұндағы а – титрлеуге кеткен трилон Б ерітіндісінің мөлшері, мл;
М –трилон Б ерітіндісінің молярлық концентрациясы
К1- трилон Б ерітіндісінің молярлық концентрациясына түзету коэффициенті;
К2- талдауға алынған ерітіндіні барлық көлемге (егер 250 мл – ден 50 мл алынса, К2=5) есептеу коэффициентті;
К – құрғақ топыраққа ауыстыру коэффициенті,
с – топырақ өлшемі, г.
В) Са2+ ауыспалы катионын анықтау
1) пипеткамен 50 мл сүзінді алып, сыйымдылығы 250 мл конус колбаға құю;
2) оның үстіне пипеткамен 2 мл Na сульфидін құю;
3) гидроксиламиннен 5 тамшы қосу;
4) ерітіндіні рН 12-ге дейін сілтілеу үшін 10 проценттік NaOH немесе КОН ерітіндісінен 2 мл құю. Сонан соң комплексон-индикатор ретінде 50-60 мг құрғақ мурексид ұнтағын қосу. Мұнда Са катионымен мурексидтың қызғылт немесе қошқыл қызыл түсті тұзы түзіледі;
5) колбадағы қоспаны тез трилон Б ерітіндісінің күлгін түске өткенше титрлеу. Күлгін түстің пайда болуы титрлеудің аяқталуын көрсетеді және трилон Б – ның тамшысынан түсі өзгермейді.Сондықтан титрлеудін аяқталуын дәл анықтау үшін, бақылау ретінде алдын-ала аздап артық титрленген үлгіні дайындайды;
6) ауыспалы кальцийдің мөлшерін жоғарыдағы кальций мен магний катиондарының жиынтығын анықтау формуласымен есептейді.
