Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

Егістікте арамшөп қабаттылығын анықтау өлшемі

Қабат-тардың классы

Қабаттардың

қысқартылған

белгісі

Екпе өсімдіктерге

қарағанда

арамшөптердің

қабатының биіктігі

Арамшөптердің

дамуы мен жағдайы

Қабаттың арамшөптермен жалпы жобалы жабылуының мөлшері

IV

Ж- жоғары

екпе өсімдіктерден биіктігі басым

өсімдіктер биік, жер бетіндегі мүшелері қалыпты және зор дамыған

қабаттылығы анық көрінбесе де белгіленген

III

О-орташа

екпе өсімдіктерден биік емес немесе төмен, бірақ олардың биіктігінің ½ нен кем емес

өсімдіктер қалыпты немесе нашар дамыған, сонымен қатар шырмалып өседі

10 % кем емес

II

Т-төмен

екпе өсімдіктердің биіктігінің ½ не жетпейді, бірақ 8-10 см биік емес

қалыпты дамыған, нашар дамыған және шырмалып өседі

10 % кем емес

I

Т-топыраққа таман

топырақ бетінен 8-10 см төмен

өскіндері қатты тұншығып өскен өсімдіктер, қалыпты дамыған аласа бойлы, сонымен қатар жорғалағыш және жайылып өседі

10 % кем емес

Көзбен шамалау әдісі

Өсімдіктердің молшылығын бағалау әдістерінде келтірілген сандық әдістен басқа тәжірибеде кеңінен көзбен шамалау әдісін де пайдаланады. Арамшөптерді есепке алғанда көзбен шамалау әдісі сандық, жобалық және құрама деп бөлінеді.

А.И.Мальцевтің көзбен жобалау-сандық әдісі.

Арамшөптермен ластану шкала бойынша баллмен көрсетіледі, олардың молшылық сатысы кестеде келтірілген.

Арамшөптер молшылығының сатысының шкаласы

Баллдары

Молшылық сатысының сипаттамасы

Арамшөптермен ластану деңгейі

1

егістікте арамшөптер бірен-саран кездеседі

төмен

2

егістікте арамшөптер шамалы кездеседі, олар екпе дақылдардың арасында байқалмайды

орташа

3

егістікте арамшөптер мол, бірақ екпе өсімдіктер басым

жоғары

4

арамшөптер екпе өсімдіктерден басым, оларды басып тастайды

өте жоғары

Егістік алқабының тарихымен және ондағы егістіктің жағдайымен таныса отырып, біршама біртекті танапты немесе оның жеке учаскесін бөліп алады, олардың өзара топырақ құнарлылығымен, алғы дақылдарымен, негізгі топырақ өңдеуімен, еңгізілген тыңайтқыштарымен, өсірілетін дақылдарының түрімен айырмашылығы жоқ. Сосын осы біртекті егістік алқабын немесе учаскені бір немесе екі диагоналі арқылы жүріп өтіп байқайды және егістіктегі арамшөптердің әр түрінің молшылығын ескереді. Бірден егістік алқабын жүріп өткеннен соң арамшөппен ластануын көзбен шамалайды. Егістіктің арамшөптермен ластануын арамшөптердің биологиялық топтарымен анықтайды. Бұл егістіктің арамшөптермен ластану картасын құру жұмысын әжептәуір жеңілдетеді, мұнда арамшөптердің биологиялық топтары келесі түрде белгіленеді:

жаздық – көлденең штрихтар немесе сары түс;

қыстайтын және күздік – қиғаш штрихтар немесе көгілдір түс;

екі жылдықтар – ңүктелер немесе қоңыр түс;

өзек тамырлылар – айқасатын қисық сызықтар немесе қызғылт сары түс;

жорғалағыштар – ұшбұрыштар немесе қызғылт түс;

жуа және түйнек тұқымдастар – дөңгелекшелер немесе қара түс;

шашақты тамырлылар – айқасатын көлденең және тік сызықтар немесе көк түс;

тамырсабақтылар – көлденең сызықтар немесе жасыл түс;

тамыр өркенділер – тік сызықтар немесе қызыл түс;

жартылай тоғышарлар және тоғышарлар – тік штриховка немесе күлгін түс.