Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.11.1 Тапсырма Топырақтың механиқалық сіңіру қабилетін анықтау

Жабдықтар мен заттар: воронкалар, дәке немесе ұсақ малта тастар, штативтер, топырақтар үлгілері, ірі дәншелі шеге құм, стакандар және су.

Тапсырманы орындау

1) топырақ түсіп кетпес үшін екі воронканың түбіне дәке немесе малта тастар салу, мұнан соң бірінші воронканың 2/3 бөлігін саңылауы 2 мм елеуіштен өткізілген топырақпен толтыру. Екінші воронканы да ірі дәншелі құммен толтыру. Воронкаларды штативтерге бекіту;

2) химиялық стаканға 2-3 г саз топырақ салып жартысына дейін су құйып араластыру. Стакандағы лай судың жартысын топырағы бар воронқаға, жартысын құмы бар воронқаға құю. Мұнда топырақ пен құм сүзгі ролін атқарады. Лай су механиқалық (қарапайым) сүзіледі. Құммен салыстырғанда топырақтың қуыстары тар болғандықтан, сүзінді тазалау, мөлдірлеу болады. Сүзіндіге топырақ қуыстарынан кіші бөлшектер ғана өтеді. Сонымен, топырақтың механиқалық сіңіру қабілеті тікелей оның гранулометриялық құрамына байланысты екен. Топырақта сазды бөлшек көп болса, механиқалық сіңіру де жоғары, ал сүзінді таза болады.

1.11.2 Тапсырма Топырақтың физиқалық сіңіру қабілетін анықтау

Құмнан өткен сүзінді әлсіз боялған болады. Себебі, құмда коллоидты бөлшектер болмағандықтан, боялған су түсін өзгертпей өтеді. Ал топырақта коллоидтық бөлшектер көп болғандықтан, боялған су өткенде метилен көгінің немесе сияның молекулаларын адсорбциялап, сүзінді мөлдір түсті болып шығады.

Жабдықтар мен заттар: механиқалық сіңіруді анықтаудағыдай және метилен көгінің ерітіндісі немесе күлгін сия.

Тапсырманы орындау

1) өткен тәжірибедегідей 2 воронка дайындау;

2) стакандағы суды метилен көгі немесе күлгін сиямен бояу және топырақтан, құмнан өткізу.

1.11.3 Тапсырма Топырақтың физика-химиялық немесе ауыспалы сіңіру қабілетін анықтау

Жабдықтар мен заттар: қара топырақ немесе жоңышқалық, бақшалық топырақтар үлгілері, воронкалар, дәке, дистилденген су, 5%-тік калий хлориді ерітіндісі, 4%-тік қымыздық қышқылды аммоний (аммоний оксалаты (NH4)2C2O4).

Тапсырманы орындау

1) топырақ түсіп кетпес үшін түбіне дәке салынған топырақпен толтырылған 2 воронка алу;

2) бірінші воронкаға калий хлориді ерітіндісін, екінші воронкаға дистилденген су құю;

3) топырағына калий хлориді құйылған воронканың сүзіндісіне қымыздық қышқылды аммоний қосу.

Мұнда тұнба түссе кальцийдің бар екенін көрсетеді (кальций оксалаты түзіледі.) Дистилденген су құйылған топырақтың сүзіндісі қымыздық қышқылды аммоний қосқанмен ешқандай реакция бермейді. Сонымен, топырақты калий хлориді ерітіндісімен өңдегенде иондардың ауысуы жүріп, сіңіру кешенінде кальций иондарының орнына калий иондары тұрды. Кальций иондары сүзіндіге өтті, топырақты дистилденген сумен өңдегенде кальций ионы алмаспай берік ұсталып тұрды. Оны алмастыру үшін тек қана басқа элементтердің иондары керек болды.

1.11.4 Тапсырма Топырақтың химиялық сіңіру қабілетін анықтау

Жабдықтар мен заттар: 250 мл колба, 5%-тік қышқыл фосфор қышқылды калийдің К2НРО4 немесе натрийдің Na2HPO4 (тиісінше калийдің немесе натрийдің гидрофосфаттары) ерітіндісі, жырту қабатынан (0-30) алынған ауа-құрғақ топырақ үлгілері, воронкалар, сүзгі қағаз, фарфор табақшалар, су моншасы, техниқалық таразы (гирлерімен), эксикатор.

Тапсырманы орындау

1) сыйымдылығы 250 мл қолбаға 100 г жеңілдеу (құмайт) ауа-құрғақ топырақ салып, 5%-тік калий гидрофосфаты немесе натрий гидрофосфаты ерітіндісін құю, 30 мин. шайқау және тұндыру;

2) ерітіндіні мөлдір сүзінді алу үшін ұқыпты сүзү;

3) алдын-ала өлшенген фарфор табақшаға 50мл сүзінді құйып, су моншасында буландыру;

4) табақшадағы барлық су бұланып біткеннен кейін, оны эксикаторға салып, 10-15 мин. суыту;

5) суытып болғаннан кейін, табақшаны өлшеп, ыдыстың массасын алып тастап, минералдық қалдықтың массасын табу.

Әрі қарай есептеуді былай жүргізеді: 5%-тік натрий гидрофосфатынан топырақ ешқандай зат сіңірмесе, онда буландырудан кейін 2,5 г құрғақ зат қалуы керек еді. Бірақ, сүзіндісі бар табақшаның буландыруға дейінгі және буландырудан кейінгі массасының айырмасы 1,75 г құрғақ зат болды, яғни 0,75 г зат топыраққа сіңген екен.

Тиісінше 100 мл ерітіндіден топырақ 105 г құрғақ зат сіңіреді (50мл  2=100мл). 100мл 5%-тік натрий гидрофосфатында 5 г құрғақ зат болатындықтан және оның 1,5 г топыраққа химиялық сіңіргендіктен, топырақтың химиялық сіңіру қабілетінің көрсеткіші (1,5  100/5) 30%-ке тең болады.

Дисперсті ұсақ бөлшектері көп саз, сазды топырақтарда гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтардан гөрі химиялық сіңіру көрсеткіші жоғары болады.

Гранулометриялық құрамы ауыр топырақпен тәжірибе қоюды төмендегіше жүргізу керек.

1) сыйымдылығы 250 мл колбаға 20 г ауа – құрғақ саз, немесе сазды топырақ салу және үстіне 20 мл 5%-тік калий гидрофосфатының, немесе натрий гидрофосфатының ерітіндісін құю;

2) 30 мин. ауық-аңүқ шайқап тұндыру және воронкадағы сүзі қағазға әсіресе алғашқыда ұқыптан құйып, сүзу;

3) массасы өлшенген фарфор табақшаға 10мл мөлдір сүзіндітқұйып, су моншасында әбден құрғату;

4) топырақтың химиялық сіңіру қабілетін төмендегіше есептеу: 20 мл калий гидрофосфатында 10 г тұз болады. Ал, 10 мл сүзіндіде, егер топырақ сіңірмесе, 05 г калий гидрофосфаты болуы керек. Тәжірибе қорытындысында минералдық қалдықтың массасы 0,25 г, яғни 10 г топырақ сіңірген калий гидрофосфатының тұзы 0,25 г болды. Сонда 20 г топырақ 0,5 г тұз сіңіреді, немесе сол ауыр топырақ үлгісінің сіңіру қабілетінің көрсеткіші (0,5 · 100/1) 50% екен.