Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б ЕГІНШІЛІК, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.84 Mб
Скачать

1.1.1 Тапсырма Топырақ кесіндісін сипаттау.

Жалбдықтар мен заттар: компас, күрек, пышақ, метрлік лента, 5-10% НСl, тамшылатқыш, су, дәптер, түрлі түсті қарандаштар.

Топырақты морфологиялық зерттеу үшін барлық кабаттары көрінетіндей етіп аналық (көбінесе құм) қабатқа немесе ыза суға дейін терендігі 150-250 см топырақ кесіндісін қазады.

Тапсырманы орындау

1) зерттелелетін топырақты рельефі, өсімдіктері, топырағы бойынша жан-жақты сипаттайтын жерді анықтау (жолдың бойынан, ауыспалы егістердің және т.б. егістердің шекараларынан алуға болмайды);

2) қазып біткенде шұңқырдың мандай бетіне күн жарығы тікелей түсетіндей етіп, ұзындығы 120-200 см, көлденені 70-80 см орын белгілеу;

3) мандайын және екі жақ қабырғасын тік, ал артқы жағын адам түсетін (отыратын) етіп, 40-50 см сайын баспалдақ жасап, шұңқыр қазу. Шұңқырды көмерде әр қабатты өз орнына салу үшін беткі шірік аралас қабатты бір бөлек, астыңғы шіріксіз қабатты бір бөлек үйеді;

4) кесіндіні сипаттау алдында күнделік дәптерге кесіндінің номерін, орнын, рельефін, өсімдіктер аттарын, жердің типін (егістік, бау, шабындық, тың жер), ыза судың жер бетінен қашықтығын жазады;

5) маңдай қабырғаны қайтадан жұқа аршып, бояуы, тығыздығы, жаңа түзінділері, т.б. белгілері бойынша генетикалық қабаттардың шекараларын қазан пышақпен сызып белгілеу және сантиметрлік лента мен әрбір қабаттардың қалындығын төмендегі тәртіппен жазу керек;

6) қабаттар (А0, А1, А2, В1, В2, және т.б.), олардың орналасу тереңдігі, қалыңдығы (мысалы, А0 – 0-3 см, А1 – 3-18 см және т.б.), бояуы (бір түсті және бірнеше түсті болады);

7) қабаттардың ылғалдылығы егістікте (далалықта) қолмен анықталады: құрғақ топырақтың қолға салқындығы білінбейді, ұгіткенде шаңға айналады, ылғалдау топырақ шанданбайды, үгілмейді, қолға аз салқындық береді, құрғатқанда ағарады, ылғал топырақ қолға қысқанда бірігеді, қолды салқындатады, сүзгі (фильтр) қағазға салып қысқанда қағаз ылғалданады, кепкенде ағарады, өте ылғал топырақты уысқа қысқанда ылғал қолға жұғады, бірақ саусақтар арасынан шықпайды, қысылған формасын сақтайды; сулы топырақ уысқа қысқанда, саусақтар арасынан су шығады.

Егер шұңқырдың тереңдігі ыза суға жетсе , онда оның деңгейін анықтайды. Ол үшін алғашқы суды төгіп тастап, 30 минуттан кейін жиналған судың бетінің (айнасының) жер бетіне дейінгі қашықтығын өлшейді;

8) гранулометриялық құрамы бойынша әрбір қабат (қабатша) құм, құмайт, жеңіл сазды, орташа сазды, ауыр сазды, саз екені жазылады;

9) әрбір қабаттағы топырақ структурасының типі (куб тәрізді тип – ірі кесекті, кесекті, ұсақ кесекті, шаңды, жаңғақша, ірі дәншелі, ұнтақ; призма тәрізді тип-бағаналы, ірі призмалы, призмалы, ұсақ призмалы, жұқа призмалы; тақта тәрізді тип-сланецті табақшалы, жапырақша, қабыршақты, ұсақ қабыршақты) белгіленеді;

10) топырақтың тығыздығы – бос, тығыз, өте тығыз деп жазылады;

11) жаңа түзінділер және қосындылар;

12) HCI-дан қайнауы. Тамшылатқыш арқылы кесекшеге қышқылды тамызып анықтайды. Мұнда қышқыл мен карбонаттардың (CaCO3, MgCO3) әрекеттессуінен көбік түрінде CO2 бөлінеді. Күшті, орташа, әлсіз қайнауына қарай карбонаттардың шамасын болжайды;

13) бір генетикалық қабаттан екінші қабатқа өту шекарасының (тілше, қалташа, толқынша, бір қалыпты немесе күрт ету және т.б.) белгілері жазылады;

14) алынған мәліметтерді дәптерге төмендегі формамен түсіру керек

1.1.1 кесте – Топырақ кесіндісін сипаттау

қабат-тар

қабат-ң (қабатш-ң) қалыңдығы

түсі

ылғал-

дылығы

грану-лом. құрамы

струк-турасы

құры-лымы

қосын-дылар, жаңа түзінділер

қабат. аралық өтпе ерек-ше-рі

HCI-дың қайнауы

15) топырақтың көгістенуін анықтау. Темірдің оксиді болса (бұл батпақтану процесінде жүреді), топырақ кесекшесі қызыл қан тұзының ерітіндісін (темір синеродты калий – K3Fe(CN)6 тамызғанда көгістенеді;

16) қабаттарды сипаттап болғаннан кейін топырақ кесіндісін дәптерге түрлі-түсті қарындаштармен сызып, тамырлардың таралуын, жаңа түзінділердің орналасуын, ыза судың деңгейін және т.б. белгілейді;

17) генетикалық қабаттардың, олардың ерекшеліктерін есептей отырып, топырақ типін, типшесін, түрін, әртүрлілігінін анықтайды және аграномиялық құндылығын, құнарлылығын арттыру шараларын белгілейді, ал үлгі топырақтарды зертханалық талдаудан өткізгеннен кейін нақты қорытынды жасайды.