
- •1 Егіншілік және агрохимия негіздері
- •1.1 Топырақ морфологиясы және оны зерттеу әдістері
- •Көлденеңіңің мөлшері
- •1.1.1 Тапсырма Топырақ кесіндісін сипаттау.
- •1.1.2 Тапсырма Топырақ үлгілерін алу және оларды химиялық талдауға (анализге) дайындау
- •1.1.3 Тапсырма Топырақ монолиттерін алу
- •Монолитті сипаттау
- •Қара топырақтың монолитінің сипаттамасы
- •Қызыл қоңыр топырақтың монолитін сипаттау
- •1.2 Топырақтың гранулометриялық (түйіршік) құрамы және оны зерттеу әдістері
- •1.2.1 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын оның саз бөлшегін сумен шайдыру арқылы анықтау
- •1.2.2 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •1.2.3 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын далалық жағдайда “ылғаудау” арқылы анықтау (н.А.Качинский әдісі)
- •1.2.4 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтау үшін органолептикалық әдісті қолдану
- •1.2.5 Тапсырма Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •1.3 Топырақтың структуралық құрамы және структуралық агрегаттардың беріктігі, оларды анықтау
- •1.3.1 Тапсырма Топырақтың структурасын анықтау
- •1.3.2 Тапсырма Топырақтың структуралық агрегаттарының беріктігін н.И. Саввинов әдісі бойынша анықтау
- •1.3.3 Тапсырма Структуралық агрегаттардың беріктігін н.И.Никольский әдісімен анықтау
- •1.4 Топырақтың физикалық қасиеттері және оларды анықтау
- •1.4.1 Тапсырма Топырақтың қатты фазасының тығыздығын аңықтау
- •1.4.2 Тапсырма Топырақтың құрылым тығыздығын (көлемдік массасын) анықтау
- •1.4.3 Тапсырма Топырақтың куыстылығын анықтау
- •1.5 Топырақтың сулық қасиеттері және оларды анықтау
- •1.5.1 Тапсырма Топырақтың гигроскопиялық ылғалдығын анықтау
- •1.5.2 Тапсырма Максимальды гигроскопиялық ылғалдықты және өсімдіктің солу ылғалдығын анықтау
- •1.5.3 Тапсырма Топырақтың далалық ылғалдылығын анықтау
- •1.5.4 Тапсырма Топырақтың су сыйымдылығын анықтау
- •1.5.5 Тапсырма Топырақ ылғалдылығын және топырақтағы су қорын массалық әдіспен анықтау
- •1.5.6 Тапсырма Топырақтың өнімдік ылғалдық қорын (запасын) анықтау
- •1.5.7 Тапсырма Суару нормасын анықтау
- •1.5.8 Тапсырма Топырақтың су өткізгіштігін анықтау
- •1.5.9 Тапсырма Топырақтың су көтергіштік қабілетін (капиллярлылығын) анықтау
- •1.6 Ауыспалы егістер
- •1.6.1 Тапсырма Негізгі далалық дақылдардың алғы дақылдармен танысу және ауыспалы егістердің схемасын құру
- •1.6.1 Тапсырма
- •1.6.2 Тапсырма
- •1.6.3 Тапсырма
- •1.6.4 Тапсырма
- •1.7 Топырақты өңдеу
- •1.7.1 Тапсырма Топырақ өңдеу тәсілдерімен және топырақ өңдейтін машиналар жүйесімен танысу
- •1.7.2 Тапсырма Топырақ өңдеудің сапасының негізгі көрсеткіштері мен оны бағалаудың тәсілдері
- •1.7.3 Тапсырма Әртүрлі дақылдарды өсіруге жер өңдеу тәсілдерін зерттеу және оны қысқаша негіздеу
- •1.8 Егістіктердің арамшөптермен ластануын есепке алу тәсілдері
- •Сандық тәсілдері
- •Егістікте арамшөп қабаттылығын анықтау өлшемі
- •1.8.1 Тапсырма Егістіктің арамшөптермен ластануын сандық – салмақтық әдіспен анықтау
- •Тапсырманы орындау
- •1.8.2Топырақтың арамшөптердің тұқымымен ластануын есепке алу
- •1.9 Топырақтың органикалық заты
- •1.9.1 Тапсырма Топырақтың органикалық затын күйдыру арқылы анықтау
- •1.9.2 Тапсырма Топырақтағы еритін және ерімейтін органикалық заттардың мөлшерін анықтау
- •1.10 Топырақ гумусы
- •1.10.1 Тапсырма Топырақ гумусының әртүрлі формаларын сапалық анықтау
- •1.10.2 Тапсырма и.В.Тюрин әдісі бойынша топырақ гумусын анықтау
- •1.11 Топырақтың химиялық құрамы, қасиеттері және сіңіру қабілеті
- •1.11.1 Тапсырма Топырақтың механиқалық сіңіру қабилетін анықтау
- •1.11.2 Тапсырма Топырақтың физиқалық сіңіру қабілетін анықтау
- •1.11.3 Тапсырма Топырақтың физика-химиялық немесе ауыспалы сіңіру қабілетін анықтау
- •1.11.4 Тапсырма Топырақтың химиялық сіңіру қабілетін анықтау
- •1.12 Өсімдіктердің топырақтағы қөректік заттары
- •1.12.1 Тапсырма Дисульфофенол қышқылың қолдану арқылы нитраттарды анықтау
- •1.12.2 Тапсырма Жеңіл гидролизденетін азотты и.В. Тюрин және м.М. Кононова бойынша анықтау
- •1.12.3 Тапсырма Жылжымалы фосфорды б.П. Мачигин әдісімен анықтау
- •1.12.4 Тапсырма Карбонатты топырақтардағы жылжымалы калийді п.В.Протасов өдісімен анықтау
- •1.12.5 Тапсырма Калийді және натрийді жалынды фотометрде анықтау
- •1.12.6 Тапсырма Калийдің және натрийдің (кальций мен магнийдің) ауыспалы катиондарын Шолленбергер әдісімен анықтау
- •1.12.7 Тапсырма Кальций және магнийдің ауыспалы катиондарын комплексометриялық әдіспен анықтау
- •1.13 Топырақтың сулық ерітіндісін (сығындысын) талдау
- •1.13.1 Тапсырма Сулық сығындыны дайындау
- •1.13.2 Тапсырма Суда еритін заттардың жалпы жиынтығын анықтау (құрғақ қалдық)
- •1.13.3 Тапсырма Суда еритін минералдық заттардың жалпы жиынтығын анықтау (күйдірілген қалдық)
- •1.13.4 Тапсырма Сулық сығындының сілтілігін анықтау
- •1.13.4 Тапсырма Хлор-ионды анықтау
- •1.13.5 Тапсырма Сульфат-ионды анықтау
- •1.13.6 Тапсырма Калий мен натрий иондарын анықтау
- •1.13.7 Тапсырма Кальцийді және магнийді анықтау
- •1.13.8 Сульфаттарды және кальцийді сапалық анықтау
- •1.14 Топырақтың қышқылдығы (топырақ ерітіндісінің реакциясы)
- •1.14.1 Тапсырма Топырақтың актівті және ауыспалы қышқылдығын анықтау
- •1.14.2 Тапсырма Топырақтың гидролитикалық қышқылдығын Каппен әдісімен анықтау
- •1.15 Топырақ карталары және картограммалар
- •2 Өсімдік шаруашылығы
- •2.1 Тұқымтану негіздері
- •2.1.1 Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі
- •2.1.2 Тұқымның әртүрлі сапалылығы
- •2.1.3 Тұқым тыныштығы мен тіршілікке қабілеттілігі
- •2.1.4 Тұқымның өнуі және егін көгінің пайда болуы
- •2.1.5 Тұқымның далалық өңгіштігі, оның әртүрлі факторлар мен жағдайларға байланыстылығы.
- •2.1.6 Тұқымның жарақаттануы және оны азайтудың шаралары
- •2.2 Тұқымның себу сапасы және оны анықтау
- •2.2.1 Тапсырма Тұқым тазалығын анықтау
- •2.2.2 Тапсырма Тұқымның өну энергиясын және өнгіштігін анықтау тазалығын анықтау
- •2.2.2 Тапсырма Тұқымның ылғалдылығын анықтау
- •2.2.3 Тапсырма 1000 тұқымның массасын анықтау
- •2.2.4 Тапсырма Тұқымның себуге жарамдылығын анықтау
- •2.2.5 Тапсырма Тұқымның себу мөлшерін есептеу
- •2.2.6 Тапсырма
- •2.3 Өсімдік өнімдерін бағдарлау
- •2.3.1 Өнім бағдарлаудың негіздері
- •2.3.2 Өнім мөлшерін фар кірісімен анықтау
- •2.3.3 Өсімдіктердің өнімділігін ылғал мөлшерімен анықтау
- •2.3.4 Өнімді егістің жапырақ бетінің ауданымен болжау
- •2.3.5 Фотосинтездің таза өнімділігін (фтө) анықтау
- •2.3.7 Ең қолайлы сабақ жиілігін бағдарлау
- •2.4 Өсімдіктау негіздері
- •2.4.1 Тапсырма Астық тұқымдастарды дәні бойынша анықтау (дәннің ерекше сипатты белгілерімен танысу).
- •2.4.3 Тапсырма Астық тұқымдастарды өскініне қарап анықтау
- •2.4.4 Тапсырма Астық тұқымдастарды өсімдік мүшелеріне қарап анықтау (құлақшасы мен тілшігіне қарап)
- •2.4.5 Тапсырма Астық тұқымдастарды гүл шоғырына қарап анықтау
- •2.4.6 Тапсырма Бидай түрлерін анықтау және сипаттау
- •2.4.7 Тапсырма Жұмсақ және қатты бидайдың түрлерін анықтау
- •2.4.8 Тапсырма Арпаның маңызды түрлері мен түр тармақтарын анықтау
- •2.4.9 Тапсырма Сұлының маңызды түрлерін анықтау
- •2) Келесі форманы пайдалана отырып сұлы түрлерін сипаттау
- •2.4.10 Тапсырма Жүгерінің түрлері мен түр тармақтарын анықтау
- •2.4.11 Тапсырма Тарының түрі мен түр тармақтарын анықтау және сипаттау
- •2.4.12 Тапсырма Құмайдың түр тармақтары мен топтарын анықтау және сипаттау
- •2.4.13 Тапсырма Күріштің топтарын сипаттау Oryza sativa l.
- •2.4.14 Тапсырма Қарақұмықтың түр тармақтары мен әртүрлерін анықтау және сипаттау
- •Түр тармақтарының ерекшеліктері
- •2.4.15 Тапсырма Бұршақ тұқымдас дақылдарды дәнібойынша анықтау
- •Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымына қарап анықтау кілті
- •2.4.16 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын өскіні бойынша анықтау
- •2.4.17 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жапырақтары бойынша анықтау
- •2.4.18 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарын жемісіне (бұршағына) қарап анықтау
- •2.4.19 Тапсырма Дәнді бұршақ дақылдарының негізгі түрлерін анықтау
Кіріспе
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы ғалымдарымен Қазақстан Республикасының негізгі табиғи-экономикалық аймақтарында егіншілік жүйесі зерттеліп, өңдіріске ғылыми негізделген ауыспалы егістер, топырақ өңдеудің тиімді әдістері, үнемді тыңайтқыш қолдану, суару, топырақ эрозиясымен күрес, ауылшаруашылық дақылдарын арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан қорғайтын заттарды кешенді қолдану шаралары, шаруашылықта пайдалануға дәнді және басқа дақылдардың сорттары мен гибридтері, олардың тұқым шаруашылығы ұсынылған.
Оның бәрі, ұсыныстамаларды игергенде, жыл сайын азықтық, техникалық және мал азықтық дақылдардың жеткілікті жоғары және тұрақты өнімдерін алуды қамтамасыз етеді. Жуықтағы жылдары және болашақта Қазақстанның ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру коллективті және фермерлік шаруашылықтардың ғылыми – техникалық жетістіктерді тәжірибеде іске асыруларымен анықталып, ғылымның үзіліссіз дамуымен байланысты.
Агрономия түсініктеме ғылымнан компьютерлік техника пайдаланатын дәлме-дәл есепті, модельді және нормативті ғылымға айналуда (И.С. Шатилов, 2002). Осыған, байланысты студенттерді қазіргі кезде ғылыми ұсыныстамалардың тиімділігін анықтайтан негізгі агрономиялық параметрлерді тәжірибелік іске асыруын профессиональды бейімдеудің формасы мен әдістерін жетілдірудің маңызы өте зор.
Фермерлік және зоотехникалық факультеттердегі “Егіншілік негіздері мен өсімдік өнімдерінің өңдірісінің технологиясы” курсы болашақ мамандарды ауыл шаруашылығы білімдерімен қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы өндірісінің өрлеуін іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми – практикалық шеберлік пен дағды қалыптастырады.
Егіншілік, агрохимия және өсімдік шаруашылығы практикумы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес құрастырылған. Ол С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің фермерлік, зоотехникалық және орман шаруашылығы факультеттерінің студенттеріне арналған. Бұл оқу құралын педагогикалық институттың биология, химия-биология, география-биология факультетінің студенттері де пайдалана алады.
Оқу құралы лабораториялық – практикалық сабақтардың негізгі түрлері мен егістік оқу практикасын камтиды. Ол екі бөлімнен тұрады. Бірінші “Егіншілік негіздері мен агрохимия” бөлімінде топырақтың маңызды қасиеттерін зерттеудің зертханалық және егістік әдістері, олардың физика-химиялық анализдері баяндалған. Әдістердің көп түрінен ең қарапайымы таңдалып алынған. Осы бөлімге тыңайтқыш түрлерін және олардың енгізу мөлшерін анықтау, жер өңдеудің негізгі тәсілдері туралы тапсырмалар берілген, жаздық практиканы өткізуге арналған материал еңгізілген. Екінші “Өсімдік негіздері” бөліміне өте маңызды далалық және көкөністік дақылдардың сапалық бағасын анықтайтын материалдар берілген. Бұл бөлімде өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ауыл шаруашылық дақылдарының тектік, түрлік айырмашылықтарын анықтайтын толық кестелік материал берілген. Осында тұқымның егістік сапасы да келтірілген.
1 Егіншілік және агрохимия негіздері
1.1 Топырақ морфологиясы және оны зерттеу әдістері
Топырақтың морфологиясы деп оның сыртқы белгілерінің жиынтығын атайды.
Табиғи жағдайларға байланысты топырақ жаратылу процестері әртүрлі жылдамдықпен жүреді де, оның сыртқы белгілерінің жетілуі де әртүрлі болады.
Топырақтың сыртқы белгілерін зерттеу далалық және зертханалық әдістермен жүргізіледі. Топырақтың органо-минералдық құрамы оның сыртқы белгілерін құрайды. Мысалы, топырақ гумусының (қарашірігінің) мөлшеріне және құрамына қарай топырақ түсі мойыл қара түстен (егер гумус 6%-тен асса және гумин қышқылымен гумин көп болса) ақшыл сұр түске дейін (гумус 1,5-2 % және фульвоқышқылдар көп болса) өзгереді. Сол сияқты топырақтың гранулометриялық құрамы, сіңген катиондардың ара қатынасы, әртүрлі химиялық қосындылардың болуы топырақ морфологиясын жасайды. Топырақтың құрамы, осыған орай оның физикалық, химиялық ерекшеліктері топырақ түзуші (аналық) жыныстың минералдық құрамына және топырақ түзілу процесінде жасалған қасиеттеріне байланысты болады. Сонымен, топырақ морфологиясы оның түзілу процесі және агрономиялық құндылығы жөнінде ұғым бере алады.
Далалық әдісте топырақ кесіндісін (көлденең қимасын) шұңқыр (разрез) қазу арқылы жасайды. Топырақтың морфологиясын білу үшін оның қүрылысын (қабатын және олардың қалыңдығын), бояуын (түсін), структурасын, құрылымын (сложение), әртүрлі қосындыларды, жаңа түзінділерді анықтайды. Сондай-ақ топырақтың грануметриялық құрамын, топырақ түзуші жыныстың сипатын, ылғалдылығын, індердің орналасу, органикалық заттың және өсімдіктер тамырларының таралу, тұз қышқылынан (HCl) қайнау тереңдіктерін, ыза су айнасының жер бетінен қашықтығын, судың дәмін (тұщы, кермек, ащы, т.б.) белгілейді.
Зертханалық әдісте бұл анықтаулар топырақ құрылысын бұзбай жәшікпен алынған үлгілерде, монолиттерде жүргізіледі.
Топырақтың құрылысы деп топырақ кесіндісін құрайтын генетикалық (шығу тегі бойынша бір-біріне байланысты) қабаттардың жиынтығын атайды. Әрбір топырақ типтерінің құрылыстары, қабаттардың кезектесуі бір-бірінен өзгеше болады. Дегенмен, В.В.Докучаев негізгі үш генетикалық қабаттарды белгіледі: А – қарашірікті-аккумлятивтік, В – аралық (иллювиалдық), С – топырақ түзуші немесе аналық жыныс қабаттары.
Топырақтың бояуы оның негізгі айқын белгілерінің бірі болып саналады. А.Н.Сабаниннің айтуынша, топырақта ашық жасыл мен көк түстен басқа қарадан аққа дейінгі түстердің бәрін кездестіруге болады. Ал батпақты топырақта жаңа жасалған топырақ кесіндісінен ашық жасыл және көк түстерді де көруге болады. Топырақтың көптеген типтері өз түстерімен аталады: күлгін топырақтар, қара топырақтар, қызыл қоныр топырақтар, қоныр топырақтар, сұр топырақтар, қызыл топырақтар, сары топырақтар және т.б.
Топырақтың беткі қабатының түсі ондағы гумустық заттардың шамасына байланысты жасалған. Топырақтың қызыл және тат түсі жеке минералдардың (гематит, лимонит), түсіне немесе ұсақ дисперсті саз минералдардың (каолиниттің, монтмориллониттің, т.б.) бетінде хемосіңірілген темір тотықтарына, лас көк түсі темірдің оксиді, қызыл қоңыр фонда қара дақтың және қара жолақтың болуы марганецтің гидроксидтеріне, ақшыл түсі саз қабығынан тазарған кварцтың ұсақ дәншелерінің түсіне, ақ түс карбонаттардың, сульфаттардың жиналуына байланысты болады. Топырақ кесіндісінің төменгі қабатының түсі негізінен топырақ түзуші (аналық) жыныстың бояуына, оның құрамы мен үгілу дәрежесіне сәйкес келеді. Солтүстік жарты шардың тропиктен тысқары аймағында топырақтың қызғылт қоңыр түсті бояуы мұнда көп тараған кайнезой эрасының төрттік кезеңінең топырақ түзіші жыныстарына байланысты.
Топырақ қабаттарының түсі ылғалдылығына, жарықтың түсуіне, структуралық жағдайына байланысты да өзгереді. Мысалы, бір топырақтың өзі құрғақ күйінде сұр, ылғал күйінде қара сұр түсті, структурасыз (ұсақ, ұнтақ) топырақ ұсақ кесекшелі және дәншелі күйіндегіден гөрі ақшыл түсті, күндізгіден гөрі кешкісін қара қоңырлау түсті болады. Сондықтан топырақ түсі ауа-құрғақ үлгісінде және күндізгі шашыраңқы жарықта анықталады.
Дегенмен, топырақ түсін визуалдық анықтау қателіктерге соқтыруы мүмкін. Сондықтан ФМ типті фотометрді де қолдану керек.
Топырақ структурасы да маңызды морфологиялық белгі болып есептеледі. Топырақтың қарапайым бөлшектері (гранулометриялық элементтері) бір-бірімен жабысып, қарашіріктіқ және минералдық заттармен желімделіп әртүрлі мөлшерде жәнем формада кесекшелер (агрегаттар, структуралар) түзеді. Проф. С.А.Захаров топырақ структурасын негізінен үш типке бөледі: куб тәріззді топырақтың структуралық бөліктері өзара перпендикуляр үш осьпен бірқалыпты жетілген; призма тәрізді структуралық бөліктер негізінен тік (биіктік) осьпен жетілген; тақта тәрізді структуралық бөліктер екі көлбеу осьпен жетілген және тік бағытта қысқараған. Аталған типтердің бәрі де мөлшеріне, қабырғалары мен қырларының сипатына қарай кіші бөліктерге бөлінеді. Оны С.А.Захаров, С.А.Монин былайша бөліп көрсетеді:
1) Куб тәрізді структура типі
Бөліктер Бөліктердің мөлшері
1.1 тоң, кесекті қырлары, қабырғалары 5 см-ден артық
1.2 кесек-шелі нашар көрінеді 0,05 см – 5 см
1
.3
жаңғақша қырлары, қабырғалары
0,7 – 2 см
1.4 дәншелі жақсы көрінеді 0,05 – 0,7 см
1.5 шанды 0,05 мм – ұсақ
2) Призма тәрізді структура типі