Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық е.doc
Скачиваний:
245
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.87 Mб
Скачать

2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар

Қазiргi түркi тiлдерi моносиллабтар жүйесiнде саны жағынан басым СVС моделi көне түркi жазба ескерткiштерi тiлiнде де ең көп қолданылатын дербес лексемалар қатарына жатады, ендi бiр тобын туынды сөздер құрамынан кездестiремiз.

baj «богатый» Е. 39; КТк. 10; КТү. 16, 29: čïγanïγ baj qïltï «жарлыны бай қылды» КТү. 16 (Айд. II, 174) ~ қаз., қырғ, ноғ., ққалп., құм., қар., тат., башқ. baj: А.М.Щербак baj лексемасының археформасын pāj түрiнде көрсетедi [161,195]. Қазiргi түркi тiлдерiнде сын есiм мәнiмен қатар «бай (адам)», «күйеу», «байлық», «баю» ұғымдарын бередi (ЭСТЯ II, 28, 29). Е.Қажыбек жалпы түркiлiк baj/paj/päj лексемасын синкретизмдер қатарына жатқызады [146,134]. А.Самойлович baj лексемасын bar «наличие» сөзiмен байланыстырады [50,291-297].

bar «наличие, есть, имеется» КЧ. I, 9; КТк. 9; Тон. 14; Он. II, 2; Е. 20, 28: Tört oγlum bar üčün ... «Так как у меня было четыре сына...» Е. 20 (Аманж. II, 124) ~ қаз., ққалп., башқ., тат., қырғ., құм., қар. bar. Ескерткiштер тiлiнде bar сөзi «байлық, мүлiк» мәнiнде де жұмсалады: Ebin barïmïn qalïsïz qop kelürti «үйiн-мүлкiн қалдырмай, көп әкелдi». КТү. 41 (Айд. I, 181). baj ~ bar сөздерiнiң мазмұнына ортақ «молшылық», «баршылық», «байлық» семасы оларды жасырын синкретизмдер қатарында қарастыруға негiз болады. Ортақ мазмұн *ba тұлғасында сақталған.

baγ «родовое подразделение» (ДТД, 33) Е. 39. А.Аманжолов Енисей жазбаларындағы Altï baγ buduņ ... тiркесiн «Алты баулы халқым...» (Аманж. I, 48) деп аударады. ban «повязывать» Е. 3 (Аманж. I, 49). baγ, ban сөздерi ba «привязывать» моносиллабының аясына кiредi.

*bal→balïq «город» (ДТД, 33) МЧ. III, 34; БҚ. 28; КЧ. 11; Тон. 18; КТү. 44: Cantuņ balïqqa taluj ügüzke tegürtim «Шантуң қаласына, Теңiз өзенiне жеткiздiм» Тон. 19 (Айд. II, 107). С.Е.Малов *balïq лексемасының *bal «глина» моносиллабы арқылы жасалғанын көрсетедi [162,368]. *bal тұлғасы қазiргi қыпшақ тобындағы тiлдерде balšïq «грязь, глина» сөзiнiң құрамында сақталған: қаз., ноғ., ққалп. balšïq; тат., құм. balčïq; қырғ. balčïk; қар. balčïx; башқ. balsïq. Түркi тiлдерiнiң этимологиялық сөздiгiнде balïq лексемасының «қабырға (шикi кiрпiштен соғылған)», «қамал, бекiнiс», «қала маңайы» мағыналары тiркелген (ЭСТЯ II, 59). Ә.Қайдар *bal моносиллабы арқылы жасалған сөздерге балқаш, балжыр лексемаларын қосады [145,191]. Салыстырыңыз: balš-balš (балшылдау).

*bal→balbal «ритуальный камень» (ДТС, 80) Е. 32; КТү. 16: Bašlaju qïrq az qaγanïγ balbal tiktim «Қырқ аз қағанынан бастатып балбал қойдым» КТү. 25 (Айд. I, 176) ~ қаз., ққалп., қырғ. balbal. Монғол тiлiнде bal balbalax тiркесiнiң «қаз тұру», «қаз-қаз басу» мағыналары тiркелген (МҚС, 63). Түркiлер дәстүрiндегi балбал тасты тiгiнен тұрғызып қою balbal сөзiнiң семантикалық уәжiне негiз болуы мүмкiн. Салыстырыңыз bala «бала».

bas «давить, побеждать» (ДТД, 33) БҚ. 27, 32; Тон. 27; КТү. 22; Qïrq azïγ uqa basdïmïz «Қырық азды ұйқыда бастық» Тон. 27 (Айд. II, 109) ~ қаз., ққалп., қырғ., тат., қар., башқ., ноғ., құм. bas.

bas/baš «голова, начальник» (ДТД, 34) Тон. 31; КТү. 41: Anta jerüki suq baslïγ... «Сонда Суқ бастаған...» Тон. 46 (Айд. II, 112) ~ қаз., ққалп., қырғ. bas; тат., башқ. baš. bas/baš моносиллабын Э.В.Севортян bāš түрiнде (ЭСТЯ II, 87), А.М.Щербак *paš түрiнде [158,195] реконструкциялайды (АЭ, 139).

bat «погружаться, заходить (о солнце)» (ДТД, 34) КТк. 2; БҚ. 26; МЧ. II, 13: qurïγaru kün batsïqïņa «кейiн күн батыста...» КТк. 2 (Айд. I, 168) ~ қаз., қырғ., ноғ., құм., ққалп., башқ., тат. bat. Bat моносиллабы түркi тiлдерiндегi batpaq, batqaq, bataq, batmaq, putxax «болота, топь» сөздерiнiң жасалуына да негiз болғанын ескерткiштер тiлiндегi batïm «терең, тереңдiк» лексемасының қолданысы арқылы түсiндiруге болады. Bat моносиллабы таза түркiлiк лексема, тунгус-маньчжур, монғол тiлдерiндегi bat «вмещаться» сөзiн зерттеушiлер якут тiлi арқылы енген түркi элементi ретiнде қарастырады [163,137].

boγ→boγuz→boγuzlantï «душить», «горло», «убивать» (ДТД, 34) Тон. 8, 26: jirči jir jaņïlïp boγuzlantï «Жершiл ер жаңылып, бауыздалды» (Айд. II, 109) ~ қаз. buw, mоjïn, bawïzda, baj → bajla, baw, boq → boqša т.б.; ққалп. buυ, mojïn, bajïzla; ноғ. buυ, mojïn; тат. buw/buυ, muwer, buγazla; башқ. buυ/buw, muwïn, boγazla; құм. buυ, bojun. boγ моносиллабы ba «связывать» тұлғасымен байланысты қарастырылады. ba, boγ тұлғаларының генетикалық жақындығы, семантикалық деривациясы мен тұлғалық ерекшелiктерi жан-жақты талданған (ЭСТЯ II, 164-167. ҚТҚЭС, 57).

bod «тело, существо, самостоятельный» (ДТД, 34) Тон. 9: Türk esir budun jerinte bod qalmatï «Түркi есiр халқы жерiнде ешкiм қалмады» (Айд. II, 104) ~ қаз., құм., қырғ., ноғ. boj; башқ., тат. buj. Ескерткiштер тiлiндегi bod моносиллабы негiзiнде жасалған budun «халық, тайпа» сөзiнiң қазiргi қазақ тiлiндегi нұсқасы bodan «тәуелдi халық».

boz «серый» (ДТД, 35) КЧ. 4; КТү. 33: Ekinti ïšbara jamtar boz atïγ binip tegdi «Екiншi (рет) Ышбара қолбасының боз атын мiнiп тидi» КТү. 32 (Айд. I, 178) ~ қаз., ққалп., ноғ. boz; тат., башқ. buz. Boz лексемасын bor «бор» сөзiмен байланыстырушы пiкiрлердiң бар екенi белгiлi. Жалпы алтай тiлдерiнде ротацизм заңдылығы кеңiнен тараған құбылыстар қатарына жатады. Э.Севортян түркi тiлдерiндегi bor «сұр, боз» сөздерiнiң парсы тiлiндегi buz «бурый» сөзiмен қатысын анықтап алмай түркiлiк boz, bor сөздерiнiң туыстығын анықтау қиын мәселе екенiн көрсетедi (ЭСТЯ II, 172). Алтай тiлдер семьясына кiретiн монғол, тұңғыс-маньчжур тiлдерiнде де bor сөзiнiң «боз, сұр» мағыналарында қолданылуы bor лексемасын кiрме элемент ретiнде қарастыруға кепiлдiк бере алмайды, мысалы: монғ. bor «боз, сұр»; bört «бөрте (бөрте лақ)» (МҚС, 82, 88); тұңғ.-м. boro «серый», «годовалый теленок» (АЭ. 197). Қазақ тiлiнде де borlat «ақ түстi мата», böri «қасқыр», börte «жылқының сұрғылт түсi» сөздерi қолданыста.

buz «разрушать, портить, побеждать» (ДТД, 35) БҚ. 24; Он. II, 1; КТү. 31: Altï čub soγdaq tapa süledimiz, buzdïmïz «Алты баулы Соғдаққа қарсы соғыстық, талқандадық» (Айд. I, 178) ~ қаз., ққалп. buz; башқ. boz; ноғ., құм., тат. buwz.

ben «я» (ДТД, 37) Е. 1; КЧ. 27; МЧ. II, 16, Тон. 59: Ben joq ertis erser «Мен де болмас едiм» (Айд. II, 114) ~ қаз., ноғ., ққалп., қар. men; тат., башқ. mijn. Күлтегiн жазбасында men түрiнде тұлғаланады: Мen beņgü taš toquttim «Мен мәңгi тас орнаттым» КТк. 11 (Айд. I, 170). Ескерткiштер тiлiнде ben ≈ men тұлғаларының қатар қолданылуы көне түркiлер тiлi қыпшақтық белгiлердi де, оғыздық белгiлердi де сақтауына байланысты қалыптасқан құбылыс.

beg «начальник» КТү. 34 (ДТД, 33): toquz oγuz begleri, budunï «Тоғыз оғыз бектерi, халқы ...» (Айд. I, 168) ~ қаз., ноғ., құм., ққалп. bek. Қазiргi түркi тiлдерiнде beg сөзiнiң bej/bij тұлғалары да қолданыста: ~ қаз., ноғ., қар., тат., ққалп. bij; башқ. bej. Ескерткiштер тiлiнде кездесетiн bojla/bujla «судья» (ДТД, 35) сөзi құрамындағы *boj/buj моносиллабы да beg/bej/bij тұлғаларымен түбiрлес болуы мүмкiн.

bir «один» (ДТД, 37): МЧ. IҮ, 42; КТк. 6: Вir otuz jašïņa Čača seņünke süņüsdimiz «Жиырма бiр жасында Чача Сеңүнмен соғыстық» КТү. 32 (Айд. I, 178) ~ қаз., ноғ., құм., ққалп. bir; тат., башқ. ber.

bir/ber «давать» (ДТД, 37) КТү., 14; МЧ. IҮ, 44. Он. II, 2; Тон. 2; Е. 28: elig jïl isig-küčig birmis «Елу жыл күш-жiгерiн жұмсады» КТү. 8 (Айд. I, 172) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар., қырғ. ber; башқ., тат. bijr. А.М.Щербак жалпы түркiлiк тiлдерiндегi ber ≈ bir ≈ bijr ≈ bär ≈ υer ≈ υar ≈ par ≈ pär ≈ per моносиллабтарының архетұлғасы ретiнде созылыңқы айтылатын pär тұлғасы таныса [158,195], Э.В.Севортян якут тiлiне тән bēr моделiн көне тұлға деп санайды (ЭСТЯ II, 115). Ескерткiштер тiлiнде де, қазiргi қыпшақ тiлдерiнде де ber етiстiгiнiң жартылай созылыңқы сипаты сақталған.

biz «мы» (ДТД, 38) Тон. 8; КТү. 19; БҚ. 32; Е. 28: Qaγan at bunta biz birtimiz «Қаған атын мұнда бiз бердiк» КТү. 20 (Айд. I, 175) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм. biz; тат., қырғ. bijz; башқ. bez (ЭСТЯ II, 130).

bil «знать» (ДТД, 36) Тон. 7; КЧ. 7; Е. 25: Aņar körü biliņ «Бұған қарап бiлiң» КТк. 11 (Айд. II, 170) ~ қаз., ққалп., құм., ноғ. bil; тат. bijl; башқ. bel;

bel «поясница» (ДТД,3 9) Эл. III, Е. 3: Altun kešig belimte bantïm «Алтын кемерiмдi белiме байландым» (Аманж. I, 49) ~ қаз., қырғ., ноғ., ққалп. bel; тат., башқ. bijl;

bič→bičük «потомство» (ДТД, 39) КТү. 6: bir kisi jaņïlsar oγušï bodunï besükiņe tegi qïdmis ermis «Бiр кiсi жаңылса, иелiгiндегi халқы, бесiгiне дейiн зардап шегедi» (Сартқ. II, 170, 178) ~ қаз. besik; тат., башқ. bijšek; ноғ., ққалп. besijk; қырғ. bešijk «колыбель» (ЭСТЯ II, 122).

bis/bes/beš «пять» (ДТД, 37) Тон. 49; БҚ. 25; КЧ. 14: Tabγač Oņ tutuq bes tümen sü Kelti «Табғаш Оң тұтұқ бес түмен қолмен келдi» (Сартқ. II, 195, 203) ~ қаз., ққал., ноғ. bes; қырғ., құм. beš; тат., башқ. bijš.

biņ/bïņ «тысяча» (ДТД, 38) МЧ. IҮ, 42; Е. 3; Тон. 144: Altï biņ juntïm «алты мың жылқым» (Аманж. I, 49) ~ қаз., ққалп., ноғ. mïņ; тат., башқ. meņ; қар. miņ.

bin «садиться верхом» (ДТД, 38) КЧ. 15, 19; КТү. 36: Üčünč jegin Silig begiņ kedimlig torïγ at binip tegdi «Үшiншi Иегiн Сiлiкбектiң ерттеулi торы атын мiнiп тидi» КТү. 34 (Айд. I, 178) ~ қаз., қар. min; ноғ., ққалп. mijn; тат., башқ. men.

*bed→bediz «резьба, орнамент, украшение» (ДТД, 36) КТк. 11; КЧ. 24; Е. 32: Tabγač qaγanta bedizči kelürtim, bediztim «Табғаш қағаннан шебер келтiрдiм, өрнектеттiм» (Айд. I, 170) ~ қаз. beder, bezek; тат., башқ. bijzäk, bijzew.

*bit→biti «писать» →bitig «надпись» (ДТД, 37) МЧ. II, 20; БҚ. 1; КТү. 53; Е. 37: ... bengü tas toqïtdim, bitidim «... мәңгi тас тоқыттым, жаздым» КТк. 13 (Айд. I, 171) ~ ескi қып. т. bitik; тат. betek (Құрыш. 97); қаз. bitik tas. Жалпы алтай тiлдерi бойынша bitig лексемасының «жазу», «хат», «құжат», «жазба», «кiтап», «әрiп», «шығарма», «сауаттылық» мағыналары белгiлi (ЭСТЯ II, 156-158). Көне түркi жазбаларындағы *bed, *bit моносиллабтарының мазмұнында «ойып, кертiп таңба, өрнек салу» семасы ортақ.

bök «насладиться» (ДТД, 36) Е. 3, 7, 8, 11: Teņri elimke bökmedim «Бөгiп тойынбадым» (Аманж. I, 49) ~ қаз. bök «iсiну, көбею»; bökpe «күрiштен, тарыдан жасалған ботқа» [145,196].

bol «быть» (ДТД, 35) МЧ. I, 10; КТү. I; Е. 29; КЧ. 2; КТү. 11: Тürk budun joq bolmazun tijin «Түрiк халқы жоқ болмасын дейiн» (Айд. I, 173) ~ қаз., ноғ., құм., қырғ. bol; тат., башқ. bul. Қыпшақ және оғыз тiлдерiндегi bol/ol етiстiгiнiң қай тұлғасының бастапқы екенi әлi басы ашылмаған мәселе. (ЭСТЯ II, 188), А.М.Щербак bol етiстiгiн pōl түрiнде реконструкциялайды [158,196].

bos/boš «быть свободным» КТк. 7; МЧ. II, 19 (ДТД. 35) ~ қаз., ққалп., ноғ. bos; қар., қырғ. boš; тат., башқ. buš. boš/bos/buš сөздерiнiң архетұлғасын Э.Севортян boš түрiнде (ЭСТЯ. II, 204), А.Щербак poš түрiнде көрсетедi [158,196].

*buj→bujur «приказывать» → bujruk «должность» (ДТД, 35) КТк. 1; Е. 47: Bujruqï jeme bilge ermis «Бұйрықтары да бiлгiр едi» (Айд. I, 171) ~ қаз. bujïr, bujrïq; ққал. bujur, bujrïk; қар. bujrur, bujrux; ноғ. bujïr, bujrïk; башқ. bojor, bojorok; тат. boer, boerïk. Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде «бұйрық берушi» мәнiндегi есiм сөз тiркелмеген.

bor «ветер» (ДТД, 35): Türgis qaγan süsi otča, borča kelti «Түргеш қаған әскерi отша, боранша келдi» КТү. 31 (Айд. I, 179) ~ қаз., ққалп., ноғ. boran; башқ., тат. buwran; қырғ. boron. Ескерткiштер мәтiнiнде тұлғаланған сөздiң оқылуы жайлы даулы мәселелер бар. А.М.Щербак bor/bur түрiнде оқып «боран, бұрқасын» мәнiнде аударса, И.А.Батманов bor түрiнде оқып «шарап (вино)» мағынасын көрсетедi (ДТД, 35). А.Аманжолов oburča «обыр» деп оқылуы тиiс екенiн айта отырып, жоғарыдағы сөйлемдi «Түргеш қағанның қолы отша-обырша келдi» деп аударады [164,307]. Жалпы «бұрқасын» мәнi де, «обыр» мән де сөйлем мазмұнына, түркiлiк дүниетаным бойынша логикалық қисынға қайшы келмейдi. Түркi руникасында таңбаланбаған анлаут дауыстылардың оқылу-оқылмау принципi толық анықталмағандықтан сөздiң дәл мағынасын айқындау болашақ зерттеушiлердiң үлесiнде қалып отыр.

jaγ «враг» (ДТД, 42) Тон. 8; КТү. 30; МЧ. II, 18; Е. 25: jaγïmïz tegire učuq teg erti «Жауымыз айнала жыртқыш құстай едi» (Айд. II, 105) ~ қаз., ққалп. žaw; ноғ. joυ; қырғ. žoo; тат. jaw. Жалпы түркiлiк jaγ ≈ jāγ ≈ jā ≈ jaυ ≈ žaγ ≈ žaq ≈ žaγ ≈ žaw ≈ čā ≈ šā т.б. гомогендi моносиллабтар кешенiнiң тарихи даму жолы, тұлғалық өзгерiстерi мен мағыналық таралымы кеңiнен талданған мәселелердiң бiрi болғанымен шығу тегi әлi де беймәлiм. Енисей ескерткiшi тiлiнде jaγ моносиллабы арқылы жасалған jaγïl «соғысу» Е. 2 (ДТД, 42) сөзi де қолданылады. Алтай тiлдерi бойынша jaγ лексемасының және оның тұлғалық варианттарының «соғыс», «жау» мағыналарынан басқа да «жат, жат жерлiк», «қарсылас», «жабайы», «халифатқа кiрмейтiн мұсылмандар», «басқа рудың (тайпаның) адамы», «құда жұрт (келiн шыққан ру)», «жартылай христиан, жартылай ислам дәнiн ұстаушы чуваштар» мәндерi тiркелген (ЭСТЯ I, 56). Аталған моносиллабтар кешенiнен «қарсылас, қас, бөтен, жақын емес» идеясын сақтаған *ja/ža түбiрiн ажыратуға болады.

*jab→jabuz – jablaq «дурной, плохой» (ДТД, 42), БҚ. 32; Он. I, 7, КТү. 26: Ičire ašcïz, tašra tonsïz, jabïz, jablaq budunta üze olurtim «Iшi ассыз, сырты тонсыз, әлсiз, нашар халыққа отырдым» (Айд. I, 176) ~ қаз., ққалп. žawïz; қар. juυuz; тат. jaυïz; башқ. jawïz. Ескерткiштер тiлiнде қос сөз түрiнде де, жеке-дара да қолданылған jabuz, jablaq тұлғаларының түбiрлес екенiн байқауға болады. Көне түркi тiлi сөздiгiнде jaυuz сөзiнiң «жаман, әлсiз, бейшара», jaυlaq сөзiнiң «жаман, нашар, қаскөй» мағыналары көрсетiледi (ДТС, 222). Бiлгеқаған жазбасында jabïr «әлсiрету, талқандау» (Сартқ. II, 196). Ортақ негiзi – *jab моносиллабы. Зерттеушiлер jaυuz, jablaq лексемаларын жалпы түркiлiк žaman/jaman сөзiмен байланыстырады (ЭСТЯ IҮ, 48). Қаз., ққалп. žaman; қар., қтат., құм., ноғ., тат., башқ. jaman. *jab≈jam моносиллабтарын генетикалық байланыста қарастыруға фонологиялық заңдылықтар да, семантикалық заңдылықтар да қайшы келмейдi. Қазақ тiлiндегi жабы «Қазақ жылқысының қарабайыр тұқымы»: Жалы бар деп, жабыдан айғыр салма (мақал); Жабы болды «жүнi жығылды, жүнжiп кеттi» (ҚТТС III, 482) сөзiнiң мазмұнынан да *jab моносиллабының семалық белгiлерi байқалады. *jab, jam моносиллабтарының жалпы мазмұны jaγ «жау» моносиллабының мазмұнына сәйкес келедi. Сондықтан jab/jaυ, jam моносиллабтарын да *ja тұлғасынан таратуға негiз бар.

*jaj→jajmis «победил» Он. I, 1 (ДТД, 42). Көне түркiлiк jajmïs лексемасымен қазақ тiлiндегi жайрату ← жайра, жайрағыр «қарғ. жер жастанғыр, мүрдем кеткiр» (ҚТТС III, 536) сөзiнiң семантикалық байланысы байқалады. jaj/žaj моносиллабтарының ортақ негiзi ja/ža «садақ, садақтың оғы» тұлғасы болуы мүмкiн. Қаз. žaj/žaq; ққал. žaj; құм. žaja; ноғ. jaj; тат. žäjä; башқ. jäjä; қар. jajluk. Ескерткiштер тiлiнде «жеңу» мәнiн беретiн jan сөзi де қолданылады: Anï janïp, Türgi jarγun költe buzdïmiz «Оны жеңiп, Түргi Иарғын көлiнде талқандадық» КТү. 34 (Айд. I, 178): қаз., қырғ., ққалп. žeņ; башқ. jiņ; құм., ноғ. jeņ; тат. žijņ. Түркi тiлдерiнде «садақ» мағынасын беретiн jan моносиллабы да белгiлi (ЭСТЯ IҮ, 111).

jaγ→jaγït «приближаться» (ДТД, 42) КТү. 7; Тон. 5: ïraq budunïγ anča jaγïtur ermis «Алыс халықты өзiне жақындатқан едi» (Айд. I, 169) ~ қаз., ққалп. žaqïn; ноғ., башқ. jakïn. jaγ моносиллабы jan «жан (жанында, қасында)» тұлғасымен синкретизмдер қатарын құрайды. Э.Севортян jaq моносиллабының *ja және –q аффиксi арқылы жасалғанын көрсетедi [165,382-383].

jaņ→jaņus «единственный» (ДТД, 42) Е. 16 ~ қаз., ққалп. žalγïz/žaņγïz; құм. janγïz; қар., тат., ноғ. jalgïz; башқ. jaņγïz. Қазақ тiлiнде «жалғыз, дара» мәнiн беретiн žalqï сөзi де қолданыста. Аталған сөздердiң негiзi jaņ ≈ jal ≈ žaņ ≈ žal моносиллабтары болса, бастапқы түбiрi *ja/ža «жалғыз, дара» тұлғасы.

jaš «возраст» (ДТД, 42) Е. 45; КТү. 31: On jašta ... inim Kültegin er at boltï «Он жаста ... iнiм Күлтегiн ер атанды» (Айд. I, 177) ~ қаз., қалп. žas; ноғ. jas; қырғ. žаš; башқ. jäs; тат. jäš; қар. jaš. Э.Севортян түркi тiлдерiндегi «жас», «жас мөлшерi», «көк (пiспеген)», «шикi», «көз жасы» мағыналарын беретiн jaš ≈ jas ≈ žas ≈ žаš гомогендi моносиллабтар тiзбегiнiң семантикалық деривациясы ерте кезден басталғанын көрсетедi (ЭСТЯ IҮ, 163). ҮII-ҮIII ғасыр ескерткiштерi тiлiнде jaš сөзiнiң «жас», «жас мөлшерi», «өмiр сүру, белгiлi бiр жасқа келу», «көз жасы» мағыналарының қолданылуы (ДТД, 117) ғалым пiкiрiн нақтылай түседi.

jan «возвращаться» (ДТД, 43) МЧ. I, 7; КТү. 10; КЧ. 19; Тон. 45: Anta janturdïmïz «Сонда қайтардық» (Айд. I, 112); jan→janut «ответ, ответное действие» (ДТС, 233). Ескерткiштер тiлiнде кеңiнен қолданылған jan моносиллабының қазiргi түркi тiлдерiне көне түркiлiк мағынасын сақтай отырып таралу деңгейi төмен. С.Е.Малов сары ұйғыр тiлi деректерi бойынша jan моносиллабының «қайту», «жауап беру», «қарсыласу» мағыналарын көрсетсе [162,36], Н.А.Баскаков ноғай тiлiндегi en тұлғасының «келу», «қайту» мағыналарын [166,242], Э.Р.Тенишев салар тiлi бойынша jan – тұлғасының «қайту» мәнiн көрсетедi [167,36]. Этимологиялық сөздiкте jan моносиллабын «қасы, маңайы, жаны» мағынасын беретiн jan моносиллабымен, осы негiз арқылы туындаған «жақындау, тию» мәнiндегi jana, janas етiстiктерiмен бiрлiкте қарастырушы бiрнеше ғалымдардың пiкiрi келтiрiледi (ЭСТЯ IҮ, 111-112). Қаз., қалп. žan; қар., тат., ноғ., құм. jan. Е.Қажыбек jan «қайту», jan «қасы, маңы» лексемаларын синкретизмдер қатарында қарастыра отырып, кезiнде Э.В.Севортян ұсынған қазiргi түркi тiлдерiндегi jan/jaγ/jaq/juw тұлғаларының праформасы *jaņ болуы мүмкiн деген [165,446] болжамның негiздiлiгiн қолдайды [146,53]. Осы пiкiр негiзiнде қазақ тiлiндегi *žа/*žu → žaq ≈ žan ≈ žuwi → žaqïn / žaqsï → žana → žuwïq т.б. сөздерiнiң генетикалық негiзi бiр екенiне көз жеткiзуге болады. Көне түркi тiлiндегi jan «қайт, қайтару» түбiр-негiзiнiң қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi көрiнiсiн қаз., ққалп. žawap; қырғ. žoop; башқ., тат. jawap (сұраққа жауап беру) сөзiнiң мазмұнынан аңғаруға болады. Қазақ тiлiндегi žanï «қайра» етiстiгiнiң мазмұнында да «қайтару» (пышақтың, т.б. құралдардың жүзiн қайраққа қарсы қою) семасының iзi байқалады.

*jal→jalaņ «голый, босой» (ДТД, 43) КТү. 28: jir saju barmïš budun ölü jitü, jadaγïn jalaņïn jana kelti «Жер-жерге тараған халық өлiп-жiтiп, жаяу-жалаңаш қайта келдi» (Айд. I, 177) ~ қаз., ққалп. žalaņ; тат., башқ., ноғ., құм. jalan. Э.В.Севортян мен А.С.Левитская jalaņ лексемасын jalņïz «жалғыз» сөзiмен бiрлiкте қарастырады (ЭСТЯ IҮ, 198).

jaņ→jaņluq «ошибка», jaņïl «ошибаться» (ДТД, 43) МЧ. 44; Он. II, 3; КТк. 10; Тон. 26: jirči ir jaņïlïp «Жершiл ер жаңылып» (Айд. II, 109) ~ қаз., ққалп. žaņïl; қар., тат. janïl; құм., башқ. jaņïl. jaņ/žаņ моносиллабының кезiнде дербес мәндi лексема болғанына қазақ тiлiндегi жаңсақ «жаңылыс, терiс, қате» (ҚТТС III, 654) сөзi айғақтай алады, -saq аффиксi есiм сөздерге жалғанатын өнiмсiз жұрнақ екенi белгiлi: малсақ, қайынсақ т.б.

*jar→jarat «создать, творить» (ДТД, 44) МЧ. II, 20; КЧ. II, 13; КТү. 20: qïrqaz budunïγ jaratïp keltimiz «қырық az халықтарын құрап келдiк» (Айд. I, 175) ~ қаз., ққалп. žarat; тат., құм., ноғ., башқ. jarat. *žar/*jar моносиллабы жалпы түркi тiлдерiне ортақ *jas → jasa ≈ *žas → žasa «жасау, iстеу» моносиллабымен түбiрлес, ортақ негiзi *ja/*ža тұлғасы.

jat «лежать» (ДТД, 44) КТү. 24; Тон. 24: Anïn barmis aņar jatïр... «Анымен барасыңдар, оған түнеп (жатып)...» (Айд. II, 108) ~ қаз., ққалп. žat; тат., башқ., ноғ., құм. jat.

jat «враг» Е. 41; «чужбина» Е. 11; «чужой» (ДТС, 247): jatda tüņürima adïrïldïm «Я растался на чужбине со своими родственниками» (Аманж. II, 121) ~ қаз., ққалп. žat; ноғ., башқ., тат. jat. jat/žat түбiр-негiзiн jaγ «жау» моносиллабымен төркiндес болуы мүмкiн. *ja тұлғасының «бөтен», «жауласушы» мәндерiн белгiлi (ЭСТЯ IҮ, 56).

jit «исчезать, теряться» (ДТС, 263). «погибать» (ДТД, 47) МЧ. II, 17; КТү. 27: inim Kultegin birle, eki šad birle ölüjitü qazγantïm «iнiм Күлтегiнмен, екi уәзiрмен өлiп-жiтiп құрадым» (Айд. I, 177) ~ қаз. žit→ölim-žitim.

jut «падеж скота, бескормица» (ДТД, 45) БҚ. 31; Maγï qarγan qïšladuqda jut boldu «Мағы қорған қыстаған кезде жұт болды» (Сартқ. II, 204, 196) ~ қаз., ққалп., ноғ. žut; башқ., тат. jot; ноғ., құм. jut. jit, jut моносиллабтарының жалпы тұрпатындағы ұқсастық пен жалпы мазмұнындағы идеяның ортақтығы олардың төркiндес сөздер екенiн бiлдiредi. Салыстырыңыз: *žüd → žüde.

jaz «весна» (ДТД, 43) БҚ. 31; КТү. 48: Maγï qorγan qïšlap jazïņa oγuzγaru sü tašïqdïmïz «Мағы қорған қыстап, жазына оғызға әскер шығардық» (Айд. II, 181) ~ қаз., ққалп. žaz; құм., қар., ноғ., тат. jaz.

jaj «лето» (ДТД, 43) МЧ. II, 20; БҚ. 33: jalabašï edgü ötügi kelmez tijin jajïn süledim «Не елшiсi, не жақсы сөзiн бiлдiрмедi, одан соң мен жазында оларға қарсы аттандым» (Сартқ. II, 197, 205) ~ қаз., ққалп. žaj → žajlaw; башқ. zäj; құм., ноғ. jaj. Түркi тiлдерiндегi «жаз», «көктем», «жыл мерзiмiнiң жылы кезеңi» мәндерiнде қолданылған jaj/jaz ≈ žaj/jаž т.б. моносиллабтары «жылы», «жарық» т.б. мағыналарында қолданылатын *ja ≈ ža ≈ da ≈ ča т.б. гомогендi моносиллабтар кешенiне кiредi.

*jaz→jazï «долина» Тал. 7; «равнина, степь» КТк. 3: ilgerü Šantuņ jazïqa tegi süledim «Iлгерi Шантуң жазығына дейiн соғыстым» (Айд. I, 168) ~ қаз., ққалп. žazïq, тат. jassï; башқ. jasï. Қыпшақ жазба ескерткiштерiнде де jasï «кең, ауқымды» мағынасы сақталған (Құрыш. I, 125). Түркiстан қаласының бұрынғы атауы Йассы топонимiнiң негiзi де jas/jaz моносиллабы. Тарихи түбiрi jaj/žaj етiстiктерiнiң құрамындағы *ja/*ža тұлғасы: дастарханды жай, оралған кiлемдi жаз. Л.В.Дмитриева jazï лексемасы етiстiкке қимыл есiмiн тудыратын қосымшасы жалғану арқылы жасалғанын көрсете отырып, қазақ тiлiндегi žazïq, көне түркi тiлiндегi jažï, jažaq сөздерiнiң байланысын «Семантический связью для jazï, jazaq, žazïq является: «то, что распростирается (вокруг ~ в поле зрения)» = «равнина», «степь», «пастбище» деген ойлары арқылы бiлдiредi [163,141-142].

jig/jeg «добро» → jeged «улучшаться» (ДТД, 46) БҚ. 36; Е. 24; КТү. 29: ïγur eligde jig qïltïm «ығыр болған қағандықты игi еттiм» (Сартқ. II, 167, 175) ~ қаз., ноғ. ijgi; тат., башқ. ijge. Ортақ негiзi еd≈ez≈ej≈id≈iz≈ij моносиллабтары.

jir/jer «земля» (ДТД, 47) Тон. 17; КТк. 8; БҚ. 29; МЧ. II, 19; Он. II, 4; Е. 7, 11: järimä jïta subïma adïrïldïm «Я расстался с моей землей...» (Аманж. II, 121) ~ қаз., ққалп. žer; тат. žijr; құм., башқ., ноғ. er; қар. jer.

jïg/jïγ «валить, собирать» (ДТД, 46) Он. I, 1; Тон. 43: keligme beglerin budunin itin jïγïp «Келген бектерiн, халқын жиып жатқанда» (Айд. II, 112) ~ қаз., ққалп. žïj; башқ., ноғ., құм. jij. Қазiргi түркi тiлдерiнде jïγ/jïq моносиллабы антонимдiк сипатта «бұзу, құлату» мағынасында да қолданылады: қаз., ққалп. žïq; ноғ., құм. jïq; қар., башқ. jïγ. Ә.Құрышжанов қыпшақ элементтерiн сақтаған жазба ескерткiштер тiлi бойынша jïq→jïqqïl сөзiнiң «разрушать», «разваливать», «обрушивать», «опустошать», «ломать», «сносить» мағыналарын көрсетедi (Құрыш. 130). Бұл jïγ/jïj ≈ žïγ/žïj моносиллабтарының құрамындағы *jï/*žï тұлғаларының мазмұндық аясына байланысты.

jol «дорога» (ДТД, 45) КТү. 49; Е. 44; МЧ. II, 35; Тон. 16: jolta jeme ölti küp «жолда тағы да көп өлдi» (Айд. II, 107) ~ қаз., ққалп. žol; башқ., тат. jul; ноғ., құм., қар. jol. Қозғалыс әрекетiнiң негiзгiсi жүрiстiң нәтижесiнде пайда болатын объектi атауы žol лексемасы жалпы қозғалысты бiлдiретiн *žü → žür, *žo → žopt, žorïq, *žï → žïlžï моносиллабтарымен түбiрлес болуы мүмкiн. Зерттеушiлер jol, žol, jal моносиллабтарын түркi-монғол және фин-угор тiлдерiне ортақ тұлға ретiнде қарастырады: фин тiлiнде jalka «нога, пешком» (АЭ, 143).

juγ «плач» (ДТД, 45) КТү. 4, 51: juγčï-sïγïtčï eņre kün toγssïqda Bökli čöligil «Жылап-сықтаған: әуелi күн шығыстан Бөклi шөлiнiң елi...» (Айд. I, 172) ~ қаз., ққалп. žïla; қырғ., ноғ., құм. jïla; башқ. ijla; тат. ela. Ескерткiштер тiлiнде juγ моносиллабының jïγ/ïγ тұлғалары да қолданылады.

qaz/kaz «копать» (СДЕ, 223) → kazgan «приобретать» (ДТД, 50) Он. II, 4; КЧ. 16; БҚ. 36: törüg jigdi qazγandïm «төрiн игi етiп, иелiгiнде ұстадым» (Сартқ. II, 197) ~ қаз., ққалп., ноғ. qaz; тат., башқ. qaz/kaz. qaz моносиллабының ауыс мағынасы «иелiк ету», «дүние, байлық (бiреудiң иелiгiнде)» қазiргi қазақ тiлiндегi қазына (қазынаның мүлкi) сөзiнде сақталған (АЭ, 87).

qab/kab «принять, согласиться» (СДЕ, 223) «хватать» (ДТС, 440). МЧ. II, 23; Тон. 12, 20: Altun jïs üze qabïsalïm timis «Алтын қойнауында бiрiгейiк дедi» (Айд. II, 107) ~ қаз., ққалп., тат. qap. Көне түркiлiк qap «ұстау, тiстеу, бiрiгу» сөзiнiң мағыналары қазақ тiлiндегi қабысу, қауышу, қапсырма т.б. сөздерде, ал ауыс мағынасы «келiсу» қабылда етiстiгi арқылы берiледi. М.Қашқари тiлiнде қолданылған qa (МҚ III, 211, 249) «сосуд, посуда», «складывать, класть» (ДТС, 399) моносиллабы арқылы туындаған qap, qaqpaq, qapïγ, qapsïr т.б. лексемалардың жалпы мазмұны мен qab «ұстау» сөзiнiң семантикасы арасындағы сабақтастық негiзiнде qab моносиллабының да туынды сөз екенi анықталады (АЭ, 87).

*qad/kad → qadïn/kadïn «тесть, родственник по мужу или жене» (СДЕ, 223) ~ ескi қып. qajïn (Құрыш. 155); қаз., ққалп. qajïn; тат. kajen; башқ. qäjin. Жалпы алтай тiлдерiне ортақ *qad моносиллабының тарихи түбiрi *qa «родственники» (ДТС, 399). *qa моносиллабы qarïn сөзiнiң құрамында сақталуы да мүмкiн. Негiзiнен қандық туыстықты бiлдiретiн *qa тұлғасының некелiк қатынастағы туыстықты бiлдiретiн атауларға да арқау болуы семантикалық даму заңдылығына қайшы келмейдi, түркi тiлдерiнде қандық туыстыққа қатысы жоқ «жора-жолдас» мәнiн беретiн qadaš сөзi де қолданыста.

*qaj/kaj → qaja/kaja «скала» (СДЕ, 223) ~ қаз., ққалп., тат. qïja; башқ., ноғ., қар. qaja.

quz «скала, утес» КТк. 6; Тон. 7: Čuγaj quzïn Qara qumïγ olurur ertimiz «Тұғай құзып, қарақұмды мекендеушi едiк» (Айд. II, 105) ~ қаз., ққалп., ноғ. quz. Жалпы түркiлiк quz/qaja/qïja сөздерiнiң мазмұны мен тұрпаты ортақ негiздеп өрбiген туынды түбiр екенiн аңғартады, iлкi түбiрi *qu≈qï≈qa тұлғаларындағы ортақ сема «биiк, жартасты тау».

qan «кровь» (ДТД, 50) КТү. 24: Qanïņ subča jügürti, süņükiņ taγča jatdï «Қаның судай ақты, сүйегiң таудай болып жатты» (Айд. I, 176) ~ қаз., ққалп., ноғ., тат., башқ., қар., қырғ. qan.

qan «хан, правитель» (ДТД, 50) МЧ. I, 7; Он. II, 4; КТү. 9; Тон. 2: Qanïn qodïp «қанын қойып» (Айд. II, 105) ~ қаз., ққалп., қырғ., құм., қар., тат., башқ. xan. Ескерткiштер тiлiнде негiзiнен xan лексемасының толық нұсқасы qaγan сөзi қолданылады.

qan/qaņ «отец» (ДТД, 50) Он. I, 5; МЧ. I, 5; КТү. 5; Е. 6: Künitirig üč jašïmta qаņsïz boldïm, «Я, Кюни Тириг, в мои три года окозался без отца» (Аманж. II, 116). Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде qan/qaņ лексемаларының «әке» мәнiнде жұмсалуы тiркелмеген. Ескерткiштер тiлiндегi qan «әке» сөзi ауыс мағынада қолданылған болу керек, мазмұны «қаны бiр, қанынан жаралған».

qal «остоваться» (ДТД, 50) МЧ. I, 1; Е. 45; Тал. IҮ; Тон. 4; КТк. 9: Anta qalmisï jir saju qop turu «Онда қалғандар жер-жерге қаңғып...» (Айд. I, 170) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., башқ., тат. qal.

qod «класть, оставлять» (ДТД, 53) МЧ. II, 14; Тон. 2: Qanïn qodïp «ханын қойып» (Айд. II, 104) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. qoj; тат. kuj.

qar «снег» (ДТД, 51) БҚ. 27; Тон. 25; Тал. II, 4; КТү. 35: Süņüg batïmï qarïγ sökipen «Сүңгi батымы қарды аршып» (Айд. I, 178) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., қар., тат., башқ. qar. Түрiк тiлiнде «жаңбыр аралас қар» мағынасын беретiн qaj лексемасы тiркелген [146,163]. Ортақ мағынасына қарағанда qar, qaj моносиллабтары тектес тәрiздi, гипотезалық iлкi түбiрi qat «твердеть» (ДТС, 432), «густеть (о жидкости)», «замерзать» (Буд. II, 5), qattï, qatuw, qaw, qaq тб. лексемалары құрамындағы *qa тұлғасы болуы да мүмкiн.

qaš «бровь» (СДЕ, 225) Е. 26; КТү. 51: budunïm közi, qašï jablaq boltačï tip saqïntim «Халқымның көзi, қасы жаман болар деп қайғырдым» (Айд. I, 182) ~ қаз., қалп., ноғ. qas; тат., башқ., қар. qaš.

qač «убегать» (СДЕ, 225) Он.I, 1; МЧ. II, 13; Е. 16: қаз., құм., қалп., ноғ. qaš; қар., тат. kač. Қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi qaš моносиллабы арқылы жасалған туынды сөздер негiзiнде qaš тұлғасының «алыс, жырақ», «алыстау», ұғымдарының мазмұнын да бiлдiретiнiн аңғаруға болады, мысалы: qašïq.

qul «раб» (ДТД, 52) МЧ. II, 13; Е. 32; КТү. 7: Tabγač budunqa beglik urï oγlïņ qul boltï «табғаш халқына бек ұлдарың құл болды» (Айд. I, 172) ~ қаз. qul; ққалп., ноғ., қар. quwl; башқ., тат. qol. qul моносиллабы «дене мұшесi» мәнiн беретiн qol сөзiмен түбiрлес болуы мүмкiн, салыстырыңыз: қол бала, қол «әскер». Салыстырыңыз: qïl «делать» (ДТД, 50).

*qob→qobrat «собирать» МЧ. I, 5; КТк. 10: qaγan olurïp, joq,, čuγaj budunïγ qop qobratdïm «Қаған болып, жоқ, жарлы халықты көп көтердiм (жинадым)» (Айд. I, 170). Қазiргi қыпшақ тiлдерi сөздiктерiнде qob моносиллабының «жинау» мәнi тiркелмеген. Салыстырыңыз: qora, qotan «мал түнейтiн орын»; qobïra «шашылу», qobïraγan «көп, қаптаған (адам)». *qo тұлғасының мазмұнынды оппозициялық қатынастағы «жинау» ↔ «шашу» мәндерi де де сақталған тәрiздi.

qon «остановиться на ночлег», «обитать» (ДТД, 53) БҚ. 40; КТк. 5: jaγru qonduqta kisre arïγ bilig anta öjür ermis «Жақын қонған соң олардан жаман қылықты ендi үйренген едiк» (Айд. I, 169) ~ қаз., ққалп., ноғ. qon; тат., башқ. qun. Моносиллаб мазмұны qoj, qal етiстiктерiмен тектес екенiн аңғартады, ортақ түбiр «белгiлi бiр қозғалысты, қимылды тоқтату» мәнiн беретiн *qo/*qa тұлғасы болуы мүмкiн.

*qal→qalïņ «толстый», «много» (ДТД, 50) Е. 28; Тон. 13: jujqa qalïn bolsar toplaγulïγ alp ermis «Жұқа қалыңдаса таптайтын алып болар» (Айд. II, 106) ~ қаз., ққалп. qalïņ; қар., тат., ноғ., башқ. qalïn.

qat «присоединять» (ДТД, 51) МЧ. I, 7; КТү. 51; Тон. 35: Tün qatdïmïz Bolčuqa taņ üntürü tegdimiz «Түн қаттық, Болшыға таң ата жеттiк» (Айд. II, 111) ~ қаз., башқ., ққалп., тат. qat. Қазақ тiлiнде qat моносиллабы дербес лексема түрiнде де (шайға сүт қат) түн қату, үн қату, тiл қату т.б. тұрақты тiркестер қатарында да қолданылады. Ескi қыпшақ ескерткiштерi тiлiнде де qat лексемасының «араластыру», «қосу» мағыналары қолданылған (Құрыш. 159). qat моносиллабы мен qalïņ сөзiнiң құрамындағы *qal моносиллабы түбiрлес, ортақ түбiр *qa.

*qat→qatun «госпожа, жена» (ДТД, 51) КТү. 25; МЧ. I, 10; Е. 12; Тал. 5; Тон. 31: qatun joq bolmïs erti «қатын өлген едi» (Айд. II, 110) ~ қаз., ққалп., башқ., қар. qatïn; ноғ., тат. xatïn. Ескерткiштер тiлiнде qat «қайын ата» (ДТД, 51) сөзi де тiркелген түркi тiлдерiндегi «әйел, ханша» мәнiндегi qatïn ≈ qadïn ≈ gadïn ≈ gatïn т.б. сөзi мен «қайын жұрт» мәндерiн беретiн qadïn ≈ qazïn ≈ qajïn т.б. «құда жұрт» мәнiндегi quda ≈ qoda ≈ koda т.б. сөздерiнiң бiр негiздеп өрбiген гомгендi лексемалар екенiн аңғаруға болады. Ортақ негiзi qot≈qat≈qod≈qud≈qut≈qos≈qoš т.б. моносиллабтарының түпкi мазмұны «қосу, араласу» (АЭ, 93). Қазақ тiлiндегi qosaq «жұбай» (құдай қосқан қосағы) сөзi көне түркiлiк qatïn лексемасының баламасы ретiнде қолданылуы да аталған сөздердiң төркiндестiгiн меңзейдi. Ескерткiштер тiлiнде «әйел» мағынасын беретiн qudaz МЧ. II, 15 (ДТД, 52) сөзi де қолданылады. Салыстырыңыз: qudaša, qudaγïj. Е.Қажыбек qat моносиллабын «қатар», «қабат», «қатарлап, қабаттап қою» мәнiн беретiн qat синкретизмiмен бiрлiкте қарастырады [146,62] А.М.Щербак аталған моносиллабтарды жеке-жеке түбiр ретiнде тiркей отырып, «қатарлап жинау», «қабаттау» т.б. мәнiндегi qat тұлғасын түрiнде реконструкцияласа, «араластыру», «қосу» мәнiндегi qat тұлғасын сол күйiнде архетүбiр ретiнде таниды [161,194]. Бiздiң ойымызша, екi тұлға түбiрлес, ортақ түбiр *qa, *qo, *qu тұлғалары.

qïz «дочь» (ДТД, 50) Е. 22; МЧ. II, 15; Тон. 48; КТү. 7: silik qïz oγlïņ küņ boltï «сұлу қыздарың күң болды» (Айд. I, 172) ~ қаз., қалп., ноғ., башқ., тат., қырғ. qïz.

qïl «делать» (ДТД, 50) Он. II, 2; Тал. I; КТү. 1: ekin ara kisi qïlïnmïs «екеуiнiң арасында дам баласы жаралған» (Айд. I, 171) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., тат., башқ., қырғ. qïl. qïl етiстiгiн «дене мүшесi» qol лесемасымен байланыстырушы пiкiрлер белгiлi (ҚТЭС, 130) [146,168]. Танымдық тұрғыдан алғанда iс-әрекет атауы мен iс-әрекеттiң нәтижесiнiң атауы, iс-әрекеттi жүзеге асырушы (құрал, кәсiп иесi т.б.) атауының арасындағы байланыс сақталатыны тiлдiк тәжiрибеден белгiлi: егеу ≈ егеу, көш ≈ көш т.б., ï ≈ о сәйкестiгi тiлдер арасында да, бiр тiл iшiнде де ұшыраса беретiн құбылыс.

qum «песок» (ДТД, 52) МЧ. I, 8; Тон. 7: Čuγaj quzïn Qara qumïγ olurur ertimiz «Чұғай құзын, Қарақұмды мекендеушi едiк» (Айд. II, 105) ~ қаз., ққалп., ноғ. qum; тат., башқ. qom. Түркi тiлдерi бойынша «толқын, толқу» мәнiн беретiн qum моносиллабы да тiркелген: «волна, прибой на море» (Буд. II, 92), «волноваться (о воде)» (ДТС, 465). Қозғалыста болатын құмның көшпелi табиғаты моносиллабтың аталымдық уәжiне негiз болған тәрiздi.

qïr «степь» (ДТД, 53) ~ қаз., ққалп., ноғ. qïr; тат. kïr. Түркi тiлдерi бойынша qïr моносиллабының бiрнеше мағыналары тiркелген: «возвышенность», «плоскогорье», «край», «равнина», «поле», «нива», «соседний, близкий», «высокая степь», «высокий берег», «гребень горы» (АЭ, 145-146).

qïš «зима» (ДТД, 54) БҚ. 31; КТү. 48: Maγï qorγan qïšlap... «Мағы қорған қыстап...» (Айд. I, 181) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм. qïs; тат., башқ. qïš.

qïs «давить» (ДТД, 53) БҚ, 37; Тон. 6: Qaγan mu qïsajïn tidim «Қағанды ма қысайын дедiм» (Айд. II, 104) ~ қаз., ққалп., ноғ. qïs; тат., башқ. qïs/kïs. Түркi тiлдерiнде qïs ≈ qïš ≈ kïs ≈ kïš ≈ gïs ≈ gïš т.б. тұлғаларында қолданылатын моносиллабтардың бастапқы тұлғасы ретiнде qïs «сжимать» варианты аталады [161,194]. Қазақ тiлiндегi қиын-қыстау қос сөзi құрамындағы қыстау лексемасының этимологиясы да qïs моносиллабы арқылы түсiндiрiледi (ҚТҚЭС, 137).

*qïs→qïsga «короткий» КЧ. 23 (ДТД, 54) ~ қаз., ққалп., тат., башқ., ноғ. qïsqa; қар. qïsxa. qïs моносиллабы «қысу» мәнiн беретiн qïs тұлғасымен бiрлiкте, бiр сөздiң дериваттары ретiнде қарастырылады [165,336. 146,175]. Салыстырыңыз: qïj≈ qïr(q) ≈ kes.

qïz «пламенеть, краснеть» (ДТД, 54) Тон. 40: Örtče qïzïp kelti «Өртше қызып келдi» (Айд. II, 111) ~ қаз., ққалп., башқ., тат., қырғ., ноғ. qïz [146,173. 168,192-193].

quš «птица» Е. 48 (ДТД, 53) ~ қаз., ққалп., ноғ. qus; тат., башқ. qoš.

qut «счастье» (ДТД, 53) КТү. 29: Anta kisre teņri jarïlqazu qutïm bar üčün «Содан кейiн тәңiрi жарылқаған бағым бар үшiн» (Айд. I, 177) ~ қаз., ққалп., ноғ. qut. Түркi халықтарының мифологиялық танымында құт ұшу қабiлетiне ие рух ретiнде танылатындықтан qut, quš/qus лексемаларының уәждiк негiзiнде ортақтықтың болуы мүмкiн.

qun «плата за кровь, брать добычу» (ДТД, 53) ~ қаз., ққалп. qun.

kel «приходить» (ДТД, 55) Тон. 15: Ingek kölükin Toγlada oγuz kelti «Сиыр көлiгiмен Тоғлада оғыз келдi» (Айд. II, 107) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. kel; башқ., тат. kijl.

ket «уходить» Е, 15 (ДТД, 58) ~ қаз., ққалп., қырғ., ноғ. ket; башқ., тат. kijt ≈ kel. Ортақ түбiрi *ke. kel ≈ ket етiстiктерiнiң ортақ мазмұнға негiзделген түбiрлес сөздер екенi түбiртануда көптен беру айтылып жүрген мәселе.

kör «видеть» (ДТД, 58) Тон. 7: Bilig esi čab esi ben körtim «Бiлiк иесi, сөз иесi (деп) менi көрдi» (Айд. II, 105) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. kör; тат., башқ. kür ≈köz. Ұйғыр тiлi диалектiлерiнде kör моносиллабының kö, köj тұлғалары да тiркелген (ЭСТЯ III, 78). Сондықтан kör, köz моносиллабтарының * тұлғасы арқылы жасалған туынды лексемалар екенi жайлы гипотезалық болжамдарды тiл дамуындағы ақиқат заңдылық ретiнде қабылдау жөн сияқты.

köz «глаза» (ДТД, 55) БҚ. 2; КТү. 50: Körur közim körmesteg... «Көрер көзiм көрместей» (Айд. I, 182) ~ қаз., қар., ноғ., ққалп. köz ≈ kör; тат., башқ. küz ≈ kör.

keč «переходить (через рек)» (ДТД, 55) КТк. 37: Ertis ügüzig keče jorïdïmïz «Ертiс өзенiн кешiп өттiк те ...» (Айд. I, 179) ~ қаз., ққалп., ноғ. keš; тат. kijč; башқ. kijs. Салыстырыңыз: kel, ket, kez.

kök «голубой, небо» (ДТД, 55) Е. 50; Э. II; КТү. 1: Üze kök tenri... «Жоғарыда көк тәңiрi...» (Айд. I, 171) ~ қаз., ноғ., ққалп. kök; тат., башқ. kük (ЭСТЯ III, 66-67).

köl «озеро» (ДТД, 55) КТү. 34: Türgi jarγun költe buzdïmïz «Түргi Йарғун көлiнде талқандадық» (Айд. I, 179) ~ қаз., ноғ., қар., ққалп. köl; тат., башқ. kül.

köl→kölük «вьючное животное» (ДТД, 15) Тон. 15: Ingek kölükün toγlada oγuz kelti «Сиыр көлiгiмен Тоғлада оғыз келдi» (Айд. II, 107) ~ қаз. kölik; ққалп., ноғ. kölijk. Kölük сөзiнiң моносиллабтық деңгейде қолданылуы тува тiлiнде сақталған xöl «упряжное (ездовое) животное» (ТувРС, 469). Қазiргi түркi тiлдерi бойынша kölük лексемасының «арба, шанаға жегiлетiн мал», «жылқы», «жылқы үйiрi», «мүйiздi iрi қара», «аласа тұқымды бұқа», «тоқал ешкi (мүйiзсiз теке)», «тасымал құралы (арба, шана, қайық)», «жалпы транспорт» мағыналары (ЭСТЯ III, 70) белгiлi.

keš «пояс» (ДТД, 58) Е. 3, 25: Altïnluγ kešig belimte bantim «Алтын кемерiмдi белiме байладым» (Аманж. I, 49) ~ қаз. kise (кiсе белбеу). кiсен. Ескерткiш мәтiнi негiзiнде және қазiргi қазақ тiлiндегi шынжыр темiрден жасалатын құрал атауы kisen сөзiнiң мағынасы арқылы keš ≈ kis моносиллабтары жалпы металдан жасалатын белбеу немесе тұтқынның қол-аяғына, малдың аяғына салынатын құрал атауын бiлдiргенiн байқауға болады.

küņ «наложница» (ДТД, 56) Е. 42; КТү. 7: Silik qïz oγlïņ küņ bolti «Сұлу қыздарың күң болды» (Айд. I, 172) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. küņ.

kün «день, солнце» (ДТД, 56) БҚ. 30; МЧ. II, 13; Тон. 12; Е. 7; Он. I, 2; КТк. 2: Ilgerü kün toγsïqqa... «iлгерi күн шығыста» (Айд. I, 168) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. kün; тат., башқ. kön.

kün «зависть, ревность» (ДТД, 56) ~ қаз. kün→kündew; ққалп., ноғ. künle; тат., башқ. könläw. Қазақ тiлiндегi kündes «бiр адамның әйелдерi» сөзi де kün моносиллабынан жасалғаны белгiлi: Күндестiң күлi де күндес (мақал).

küm «слух» Е., 47 (ДТД, 56): қаз. küm→kümbir, iлкi түбiрi «молва, слух» (ДТД, 55): kü → kübir, küņkil. Ескерткiштер тiлiнде «хабар, дыбыс, сыбыс» мәндерiн беретiн тұлғасы да сақталғаны белгiлi. Қазақ тiлiндегi kümbir (добыраның т.б. күмбiрi), kübir сөздерiнiң табиғаты арқылы көне түркiлiк *kü→küm моносиллабтарының имитативтiк негiзiн аңғаруға болады.

*kül→külüg «знаменитый» (ДТД, 56) Е. 3; КТү. 4: baj apa saņun oγul külüg čur «Сын военачальника Бай апа – Кюлюг Чур» (Аманж. II, 118). Kül моносиллабы ескерткiштер тiлiнде антропонимдер құрамында ғана кездеседi: Kultegin, Kuljirkin, Külügtuγan, Kulugjijge, Külügčügsi т.б.

küč «сила» (ДТД, 57) КТү. 8; Тон. 20; Е. 4; Он. II, 2; БҚ. 32: Teņri küč bertik üčün anda šanšdïm «Тәңiрi күш-қуат бергендiктен онда шаныштық» (Сартқ. II, 196, 204) ~ қаз., ноғ., ққалп. küš; башқ. kös; тат. köč. küš моносиллабы мен «атақты, мықты» мәнiн беретiн *kül моносиллабының мазмұнында ортақ идеяның iздерi бар. Гипотезалық iлкi түбiрi *kü тұлғасы болуы да мүмкiн.

sab «слово, речь» (ДТД, 65) Тон. 12; КТк. 5: sučig sabïn, jumčaq aγïn erür «сөзi тәттi, қазынасы асыл едi» (Айд. I, 169) ~ қаз. sap (сөз саптау) ≈ söz ≈ soj (сөйле) ≈ sök (сөгiс) [169,97].

söz «слово» КТү. 26: inim Kultegin birle sözlešdimiz «Iнiм күлтегiнмен сөйлестiк» (Айд. I, 176) ~ қаз., ққалп., ноғ. söz; башқ. hüz; тат. süz; қырғ. sööz. Әзiрбайжан тiлiнде söj «ругать» (АРС, 317), тува тiлiнде sögle «говорить, ругать» (ТувРС, 369) сөздерiнiң қолданылуы söz ≈ sög ≈ söj моносиллабтарының төркiндестiгiнiң айқын дәлелi. Аталған тұлғалардың қыпшақ тiлдерiнде мағыналық жағынан дифференциациялануы iлкi түбiр ретiнде *sö тұлғасын ажыратуға негiз болады: söz «белгiлi бiр мағынасы бар заттар мен құбылыстардың атауын бiлдiретiн тiлдiң негiзгi единицасы» (ҚТТС, ҮIII, 359), söj → söjle «Ойды ауызша түрде баяндау» sök «кiнәлап ұрсу, жер-жебiрiне жету, балағаттау» (ҚТТС ҮIII, 362 364.

sök «прокладывать дорогу через снег» (ДТД, 66) Б. 27; КТү. 35: Sünük batïmï qarïγ sökipen «Сүңгi батымы қарды аршып (сөгiп)» (Айд. I, 178) ~ қаз., ққалп., ноғ. sök; тат. süg; башқ. hug.

sen «ты» (ДТД, 65) МЧ. II, 17; КТк. 8: beņgü il tuta olurtačï sen «мәңгi ел ұстап отырасың сен» (Айд. I, 169) ~ қаз., ққалп., ноғ. sen; башқ. hijn; тат. sijn ≈ siz.

siz «вы» (ДТД, 65) МЧ. III, 26; КТк. 11: Bödke körügme begler gü jaņïltačï siz «Таққа құмар бектер, сiздер жаңыласыздар ғой» (Айд. II, 170) ~ қаз., ноғ., ққалп. siz; башқ. hez; тат. sez. sen, siz жiктеу есiмдiктерiнiң ортақ түбiрi *se/*si тұлғалары.

sür «гнать» (ДТД, 66) МЧ. III, 26; КЧ. 20; КТү. 23: Süņüglig qantan kelipen sure öltdi «Сүңгiлi қайдан келiп түре қуды» (Айд. I, 176) ~ қаз. sur (қуғын-сүргiн); тат. sör; башқ. hör.

sïγ/sïg «плакать» (ДТД, 66) КТү. 4: juγčï-sïγïtčï ... «жылап-сықтаған» (Айд. I, 172) ~ қаз. sïq (жылап-сықтау).

sub «вода» (ДТД, 65) БҚ. 35; Тон. 27; Он. II, 4; КТү. 19: Ečümiz-apamïz tutmïs jer-suυ idisiz bolmasun ... «Ата-бабамыз ұстаған жер-су иесiз болмасын» (Айд. I, 175) ~ қаз., тат., ққалп. suw; ноғ., қар. suυ. Түркi тiлдерiнде suγ ≈ sub ≈ suυ ≈ hïw ≈ suw ≈ šïυ ≈ sïj ≈ suj т.б. тұлғаларында қолданылатын көне түркiлiк sub моносиллабы šïq «суық түнде шөп басында тұрып қалатын тамшы су» (ҚТТС Х, 329), šijki «қайнап пiспеген, жеуге әлi болмайтын» (ҚТТС Х, 220), «пiспеген жемiс-жидек, бақша өнiмдерi» сөздерi құрамындағы či «сырой, роса» (ДТС, 145) моносиллабымен төркiндестiгi байқалады. Осы топқа «өсiмдiкте болатын шырын» (ҚТТС ҮIII, 364) мәнiн беретiн šöl, «адамның немесе айуанның ауыз қуысынан рефлекс жолымен бөлiнiп шығатын созылмалы сұйықтық» (ҚТТС ҮIII, 508, 509), silekej, silemej лексемаларына негiз болған *sö/*si тұлғаларын қосуға болады. Ортақ мазмұн «су, сұйық, ылғал» идеясына негiзделген.

taγ «гора» (ДТД, 67) МЧ. II, 8; КТү. 12: balïqdaqï taγmïs, taγdaqï inmis «қаладағылар таудай болды, таудағылар төмендедi» (Айд. I, 173) ~ қаз., ққалп., ноғ., башқ., тат. taw; ноғ., қар. taυ; қырғ. too. Б.М.Юнусалиев taγ моносиллабының жалпы алтай тiлдерiндегi тұлғалық варианттары мен мағыналық дериваттарын негiзге ала отырып, *ta тұлғасын архетип ретiнде қарастырады [136,50. 173,89].

taš «камень» (ДТД, 71) Е. 34; Он. III, 1; КТк. 11; Тон. 4: Ïda tašta qalmïsï «Орман тау (арасында) қалғаны» (Айд. II, 104) ~ қаз., ққалп., ноғ. tas; башқ., тат. taš;

*taš→tašra «внешность, наружу» (ДТД, 67, 71) МЧ. III, 28; КТк. 12: ičin-tašïn aldïnčïγ bediz urturdïm «Iшi-сыртын ерекше өрнектеттiм» (Айд. I, 170) ~ қаз., ққалп., ноғ. tïs; тат., башқ. tïš.

tas→tasïq/tašiq «распространяться, выйти» (ДТД, 69) МЧ. II, 17; Он. I, 8; КТү. 48; Тон. 33; Ғ.Айдаров бұл сөздi «жинау, тасу» деп аударады: On oq süsi qalïsïz tasïqdï tip «Он оқ әскерi қалмай жиналды дедi» (Айд. II, 110) ~ қаз., ққалп., ноғ. tasï; башқ., тат. tašï.

tab→tabar «имущество, добыча» МЧ. III, 29 (ДТД, 67) (ДТС, 335) ← tab/tap «найти» (СДЕ, 234) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. tap; тат., башқ. taυ. Зерттеушiлердiң пiкiрiнше түркi тiлдерiндегi tabar ≈ taυar ≈ tuar «мал-мүлiк» лексемасы «туу» мағынасын беретiн tab ≈ tap етiстiгiнен туындаған: бала тап, ұл тап, қыз тап т.б. Батыс қыпшақ тiлдерiнде «мал» мәнiндегi tuar тұлғасының [171,67. 110,133] сақталуы tap моносиллабының toγ ≈ toγ ≈ tuw ≈ tuυ моносиллабтарымен генетикалық жақындығын көрсетуi де мүмкiн. Р.Сыздық Қ.Жалаиридiң «Жылнамалар жинағында» қолданылған tuarqara «жылқы» лексемасы құрамындағы tuar компонентiн монғол тiлiндегi tuuυar «үйiр, табын» сөзiмен байланыстырады [172,73].

tod «насыщаться, быть сытым» (ДТД, 68) КТк. 8: bir todsad ačsïq emezsen «бiр тойсаң, аштықты ойламайсың сен» (Айд. I, 169) ~ қаз., ққалп., ноғ. toj; тат., башқ. tuj. Э.В.Севортян doj≈toj≈tod≈tot моносиллабтарын -(а)j-~-(а)q- ~ -(а)t- қосымшалары арқылы жасалған туынды етiстiк ретiнде қарастырады [165,278-282].

toq/tok «сытый» (ДТД, 67) КТк. 8; Тон. 8: Budun boγzï toq erti «Халық тамағы тоқ едi» (Айд. II, 105) ~ қаз., ққалп., ноғ. toq; башқ., тат. tuq ≈ toj ≈ tod ≈ tol [146,74. 169,93]. Ғылыми еңбектерде жиi сөз болатын toj ≈ toq гомогендi параллелдерiнiң ортақ түбiрi *to тұлғасы. Аталған моносиллабтардың тектестiгiн қазақ тiлiндегi көңiлi тоймау (көз тойса да, көңiл тоймайды), «қанағатсыздық», көңiлi толды «ұнату, көңiлден шығу», көңiлi тоқ «уайым-қайғысы жоқ, мақсаты орындалу» тiркестерiндегi қолданысынан да аңғарамыз.

toq/tok→toqï «наподать, поражать» (ДТД, 67) Ғ.Айдаров Күлтегiн ескерткiшiнде қолданылатын toqï сөзiнiң мәнiн «ұр, ұру» деп көрсетедi (Айд. I, 220) де, контексте «тоқы» түрiнде аударады: Beņgü taš toqïtdïm «Мәңгi тас тоқыттым (қаладым)» (Айд. I, 171). toq моносиллабының негiзгi мазмұнын қазақ тiлiндегi елiктеуiш түбiрден тараған toq-toq, toqpaq, toqïlda лексемалары бередi.

taņ «заря» (ДТД, 67) Тон. 35: Bolčuqa taņ üntürü tegdimiz «Болшыға таң ата жеттiк» (Айд. II, 111) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. taņ; тат., башқ. tan. Түркi тiлдерiнде taņ ≈ tan ≈ tïņ ≈ čaņ ≈ daņ ≈ dāņ ≈ dān түрiнде тұлғалатын түбiрлес моносиллабтардың архетипi ретiнде taņ [161,197] тұлғасы аталады. Түркi түбiрлерiнiң табиғатын түбiрлес моносиллабтарды бiр тұлғада ғана реконструкциялаудың тиiмсiздiгiн көрсетедi.

tap→taplа «служить, почтить» (ДТД, 67) БҚ., 35: Üze teņri ïduq jer sub ečim qaγan quutï taplamadï erinč «Жоғарыда тәңiрi, киелi жер-су ағам қаған құтын қолданады» (Сартқ. II, 197, 204) ~ қаз., ққалп., ноғ., башқ. tabïn, täw (тәу ету).

tur «стоять, жить, находиться» (ДТД, 67) КЧ. 21; МЧ. III, 30; КТк. 9; Тон. 24: Bir turuqï ermis «Бiр аялдама (тұратын) жер» (Айд. II, 108) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. tur; тат., башқ. tor. Түркi тiлдерi етiстiктер жүйесiнде tur лексемасы грамматикалық қолданысының әр алуандығымен, семантикалық мазмұнының универсалдығымен ерекшеленедi (ЭСТЯ III, 299).

tug/tuγ «знамя» МЧ. I, 8 (ДТД, 68) ~ қаз., ққалп. tuw. Tug лексемасы монғол тiлiнде «жалау, байрақ» мәнiмен қатар «өсиет, қағида», «будақ, буда, түйдек, шоқ», туг үс «түйдек шаш»; туг өвс «түйдек құйрық (жылқының)» мағыналарын да беруi (МҚС, 475) түркi тiлдерiндегi tug/tuγ сөзiнiң этимологиясын анықтауға жол ашады. Түркiлер тарихында жылқының құйрық-жалынан байрақ жасау дәстүрi болғаны белгiлi. Қазақтардың салтында да қаралы үйге қыл құйрықтан ту байлау жоралғысы мұндаға дейiн сақталған.

tog/toγ «восходить» (ДТД, 68) БҚ. 27; Он. I, 2; КТү. 8: Ilgerü kün toγsïqda ... «Iлгерi күн шығыста...» (Айд. I, 172) ~ қаз., ққалп., тат. tuw; ноғ., құм. tuυ; башқ. tïw. toγ моносиллабының қазiргi қыпшақ тiлдерiне тән у(uw) дыбысы арқылы қолданылуы көне ұйғыр жазбаларында, Кодекс Куманикустың немiсше бөлiмiнде тiркелген (ЭСТЯ III, 245). Жалпы түркi тiлдерi бойынша toγ/doγ ≈ tuγ/duγ ≈ tog/dog ≈ tug/dug ≈ tuw/duw ≈ tuυ/duυ т.б. түрiнде тұлғаланып, «дүниеге келу (туу)», «шығу (күн шығу, ай туу т.б.)» т.б. мағыналарын беретiн көне түркiлiк toγ сөзi архетип ретiнде танылады [158,197]. Қыпшақ тiлдерiндегi «бiрiншi туылған бала» мәнiндегi қаз. tuņγïš; ққалп. tuwnγuš; қар. tuņγuč сөздерi құрамындағы tuņ/tun моносиллабы да toγ/tuγ тұлғаларымен төркiндестiгiн байқауға болады. Э.В.Севортян алтай, қарағас тiлдерiнде tuņγma «iнi, сiңлi» және қыпшақ тiлдерiндегi tuņγuš сөздерiн мысалға келтiре отырып, «так как в этих основах едва ли могло произойти из или , остается допустить, что ... формы ғ и қ восходят к , откуда закономерно должны были развиться и -қ» (ЭСТЯ III, 246) деген пiкiр айтады. Монғол тiлiндегi töröx «туу», töröl «туыс, ағайын» (МҚС, 474), қырғыз тiлiндегi törö «туу» (КРС. II, 261) сөздерiнiң жалпы түркiлiк toņ/tuņ ≈ toγ/tuγ ≈ tuw/tuυ т.б. моносиллабтары мен жалпы тұрпаты жағынан да мазмұны жағынан да сәйкес келуi, ескерткiштер тiлiнде де tor/tur сөздерiнiң «туу» мағынасында жұмсалуы (ДТД, 73) аталған тұлғалардың жалпы алтай тiлдерiне ортақ *to/*tu «пайда болу, дүниеге келу, өмiр сүру, жасау» архемоделi арқылы қалыптасқан деп тануға негiз бар. Салыстырыңыз: tiri, tirlik.

tuj «понимать, позревать» (ДТД, 68) МЧ. 10; Тон. 38: Kelmisi alp tidi tujmadï «Келгенi батыр дедiм түсiнбедi» (Айд. III, 111) ~ қаз., ққалп., ноғ. tüj→tüjsik; башқ., тат. töj ≈ *tüs → tüsin. Ортақ түбiрi *.

*tok/toq→tokta «остановиться» (ДТД, 68) ~ қаз., ққалп. toqta; башқ., ноғ. tuqta; тат. tukta. *toq моносиллабы tos тұлғасымен түбiрлес: tospa, tosqawïl т.б. Ортақ түбiрi *to.

*tol→tolgat «заставить мучиться» (ДТД, 68) ~ қаз. tolγaq «Босанар алдында iштiң қатты бүрiп ауруы» (ҚТТС IХ, 182); қыр. tolgok. Қазақ тiлiндегi tolγaq сөзiмен түбiрлес tolγaw лексемасы жайлы Қ.Жұбанов «Толғау сөзiнiң түбiрi толға. Мұндағы -ға жұрнақ, таза түбiрi тол, осы түбiрден барып толқын сөзi жасалған» деген пiкiр айтады [170,317].

ton «одежда» (ДТД, 68) КТү. 26: Ičire ašsïz tašra tonsïz «iшi ассыз, сырты тонсыз» (Айд. I, 176). Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде ton сөзiнiң мағынасы нақтыланып «сырт киiм, iшiк» мәнiнде қолданылатыны белгiлi: қаз., ққалп., ноғ. ton; тат., башқ. tun. Ескi қыпшақ жазба ескерткiштерiнде «көйлек» мағынасы тiркелген (Құрыш. 204). Жалпы түркi тiлдерi бойынша ton лексемасының жалпы киiмге қатысты «халат», «кафтан», «шамандар киетiн арнайы киiм», «пальто», «шинель», «қой терiсiнен жасалған iшiк», «плащ», «тұлып», «аяқ киiм», «етiк», «шалбар», «iш киiм» мағыналары белгiлi (ЭСТЯ III, 263). Монғол тiлiнде tonog «жабдық, сайман, бұйым, керек-жарақ» (МҚС, 465) сөзi қолданыста. Ә.Құрышжанов қазақ тiлiндегi ton сөзi арқылы жасалған tona етiстiгiнiң «киiндiру», «шешiндiру» мағыналары да бар екенiн, соңғы мағынасының негiзiнде «ұрлау», «сыпырып алып кету» мәнiн беретiн tona лексемасы қалыптасқанын көрсетсе [173], Е.Қажыбек ton моносиллабын синкретизмдер қатарында қарастырады [146,194].

top «складывать (слоями)» (ДТД, 69) Тон. 13: Jujqa eriklig tonlaγalï učuz ermis «Жұқаны жинау оңай» (Айд. II, 106): қаз., ққалп., қырғ. top «группа»; тат., башқ. tupla «жинау, бiрiктiру» (БРРБУС, 68). Қазақ тiлiндегi tobïr «көпшiлiк, қара халық» сөзi құрамынан да top моносиллабын ажыратуға болады.

til/tïl «язык, лазутчик» (ДТД, 69) МЧ. II, 24; Тон. 36: tïliγ kelürti sabï antaγ «Тiлдiнi келтiрдi. Сөзi мынадай» (Айд. II, 111). Көне түркiлер тiлiнде негiзiнен «хабар (тiл) әкелетiн барлаушы, тыңшы» мағынасында қолданылған til/tïl моносиллабының тұлғасы да, мазмұны да қазiргi қыпшақ тiлдерiнде сақталған: қаз., ққалп., қырғ. til; тат., башқ. tel; қар., құм. tijl. til лексемасының құрамынан ti «де, дедi» етiстiгiн ажыратып, туынды зат есiм ретiнде қарастырушы пiкiрлердiң (ЭСТЯ III, 229) негiздiлiгiн қазақ тiлiндегi til лексемасы арқылы жасалған тұрақты тiркестер мен туынды сөздердiң семантикалық аясы нақтылай түседi, мысалы: Til žoq, til qatpaw «үндемеу, сөйлемеу»; tildesiw «сөйлесу», tildew «ұрсу»; tilši «корреспондент».

tul «кукла, изображение умершего мужа» (ДТД, 70); «вдова» (ДТС, 585); «сирота» [158,198], Тал. 18: Kičig kišim tul qaldï, torsïq oγlïm «Кiшкентай кiсiм (әйелiм) жесiр қалды, торсықтай ұлым (қалды)» (Аманж. I, 47) ~ қаз. tul; ққалп., ноғ., қар. tuwl; тат., башқ. tol. Монғол тiлiнде tulxij «әлсiз, дәрменсiз» (МҚС, 478) сөзiнiң қолданыста болуы түркi тiлдерiнде дербес лексема түрiнде қолданылатын tul моносиллабының семантикалық уәжiн нақтылай түседi. Татар тiлi диалектiлерiнде де «жетiм», «жалғызiлiктi» мағынасын беретiн tulas (ЭСТЯ III, 292) сөзi кездеседi. Қазақ тiлiндегi tul äjel «жесiр», tul žetim, tuldïr žetim «ата-анасынан бiрдей айрылған», tul at «иесi қайтыс болған ат», tuldïr kedej «ешқандай мал-мүлкi, дүниесi жоқ» тiркестерiнiң семантикасы арқылы да tul моносиллабының мазмұнындағы «жалғыздық», «дәрменсiздiк» семалары айқын көрiнедi.

tut «держать» (ДТС, 591) КТү. 3; Anï üčün ilig anča tutmïs erinč «Сол үшiн елiп сонша билеген екен» (Айд. I, 171) ~ қаз. tut; ноғ., башқ. tot; қар., ққалп. tuwt. Енисей ескерткiштерi тiлiнде tut моносиллабы арқылы жасалған «кепiл» мағынасын беретiн tutug Е. 44 (ДТД, 70) сөзi де кездеседi. Көне түркiлiк tutug лексемасының қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi баламасы тұтқын сөзi: қаз. tutqïn; тат., башқ. totqïn; ққалп. tuwtqïn. Қыпшақ ескерткiштерi тiлiнде «тұтқын, ерiксiз» мәнiндегi tutsaq сөзi де қолданылған (Құрыш. 206). А.М.Щербак көне түркiлiк tut моносиллабын архетип ретiнде таниды [158,198]. tut тұлғасы қазақ тiлiндегi tutqïš «ыстық қазанның құлағын ұстауға арналып киiзден, терiден, матадан арасына жүн, мақта салып жасалған тұрмыстық бұйым», tutqa, tutunuw «пайдалану, қолдану», tutïqpa «тiлдегi кемiстiк», tutam «ұзындық өлшемi» т.б. сөздерде сақталған. Тiлдiк деректер tut етiстiгi өте ерте кездерде қолданылған СVС модельдi лексемаларға жататынын көрсетедi.

ton/toņ «лагерь, вал, застава» Е. 41 (ДТД, 70). Қазiргi қыпшақ тiлдерi сөздiгiнде көне түркiлiк toņ лексемасы тiркелмеген. Түркi тiлдерiнiң топожүйесiндегi, антропонимдер жүйесiндегi атаулар құрамынан кездесiп қалуы мүмкiн.

tök «проливать» (ДТД, 72), «лить» [161,197], Тон. 52: qïzïl qanïm tökti «қызыл қанымда төктiм» (Айд. II, 113) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. tök; тат., башқ. tük. Қазiргi түркi тiлдерiнде tök лексемасы тек сұйық заттарға қатысты iс-әрекеттi ғана бiлдiрмейдi, құрғақ, қатты заттарға қатысты «шашу», «түсiру» мәндерiнде де қолданылады: құмды төктi, ақшаны төктi.

teņ «мера, количество, равенство» Е. 26 (ДТД, 72) ~ қаз., қырғ., құм. teņ; тат., башқ. tijņ. Жалпы алтай тiлдерiне ортақ teņ моносиллабының қазiргi түркi тiлдерi бойынша бiрнеше мағынасы тiркелген: «салмағы, көлемi бiрдей», «құрдас (жасы бiрдей)», «тектес (негiзi бiр)», «жұп», «келiн», «ұқсас», «салыстыру», «салмақ, көлем», «жас», «ыңғайлы уақыт», «тәртiп», «реттiлiк», «жүктiң жартысы» т.б. (ЭСТЯ III, 192-193). teņ лексемасының көрсетiлген мағыналарының бәрiне ортақ мазмұн «көлемi, салмағы, жасы, тегi т.б. қасиеттерi бiрдей». Қазақ тiлiндегi teņ «түйеге арту үшiн салмағын, көлемiн бiрдей етiп орап, байлаған жүк» зат есiмi көшпелi өмiр салтына байланысты өте ерте кезеңде қалыптасқан көне сөз: Тең теңiмен, тезек қабымен (мәтел). Сондықтан teņ сөзiнiң зат есiм мәнiнде жұмсалуын семантикалық субстантивтену құбылысы ретiнде қарастыруға келмейдi. Жалпы түркiлiк моносиллабтарға тән полисемантикалық қабiлеттi teņ лексемасының табиғатынан да байқауға болады. teņ моносиллабының түпкi мазмұнында заттық, сындық, iс-әрекеттiк семалардың бәрi болуы мүмкiн. Хакас тiлiнде töj тұлғасының қолданылуы «байлау» мағынасын беретiн tüj, taņ (жараны таңу) моносиллабтарымен қатысын тереңiрек қарастыруды қажет етедi: tujdej qurdas.

ter «пот» (ДТД, 72) Тон. 52: qara terim jügürti «Қара терiмдi ағыздым» (Айд. II, 113) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. ter; тат., башқ. tijr. А.М.Щербак tër моносиллабын архетұлға ретiнде қарастырса [158,197], Э.В.Севортян аталған тұлғаның зат есiмдiк мәнi алғашқы екенiн көрсетедi (ЭСТЯ III, 203). Қазақ тiлiнде ter тұлғасы арқылы жасалған terle, terši етiстiктерi terlik «ер-тұрман жабдығы» зат есiмi қолданылады.

tir/ter «собирать» (ДТД, 72) Тон. 36: jarïs jazïda on tumen eü tirilti tir «Йарыс жазығында он мың әскер жиылды дедi» (Айд. II, 111) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. ter; тат., башқ. tijr. А.М.Щербак ter моносиллабының архетұлғасын созылыңқы дауысты дыбыс арқылы tär түрiнде бередi [161,197]. С.Е.Малов tir/ter моносиллабы Синьцзян ұйғырларының тiлiнде täj, tä «собирать» түрiнде де тұлғаланатынын көрсетедi [174,157]. Мұндай мысалдар ter лексемасының туынды сөз болу мүмкiндiгiн негiздей түседi. ter лексемасының мағыналық қолданыстары «бiр-бiрлеп жинау (дәндi, моншақты, т.б.)», «үзу (гүлдi, алманы, т.б.)», «жұлу (арам шөптi т.б.)» тәрiздi ұғымдардан тұратын қыпшақ тiлдерiнiң бәрiне ортақ мазмұннан тарайды.

tik «ставить» Е. 48; Эл. III (ДТД, 72) ~ қаз., ққалп. tik; ноғ., құм., тат. tijk; башқ. tek. М.Қашқари сөздiгiне және түрiк тiлiнiң жазба ескерткiштерi мен диалектiлерiнiң деректерiне сүйене отырып, Э.Севортян tik етiстiгiнiң көне тұлғасы тиң (tijņ) «прямой» (ЭСТЯ III, 225) болуы мүмкiн деген пiкiр айтады. Енисей ескерткiштерi М.Қашқари дәуiрiнен бұрын қолданыста болуы, бұл пiкiрдi негiздей алмайды.

tüz «прямой» (ДТД, 72) КТү. 3: Begleri jeme budunï jeme tüz ermis «Бектерi және халқы түзу едi» (Айд. I, 171) ~ қаз., ққалп., қар. tüzüw; тат., башқ. tözaw/tüzäj. Көне түркiлiк tüz моносиллабы дербес лексема түрiнде қазақ тiлiндегi сауып сиырға қатысты айтылатын «түз тұр!» тiркесiнде сақталған. Жалпы түркi тiлдерiндегi tüz ≈ düz моносиллабының «тәртiпке (ретке келтiру, дұрыстау» мазмұнынан тараған, «тегiс (түзу)», «тура», «тiк», «жалпақ (тегiс)», «тәртiптi (әдептi, жақсы)», «мерген», «құру (жасау, құрау)», «тiркеу» т.б. (ЭСТЯ III, 309-313) мағыналарының қолданыста болуы tüz/düz тұлғаларының *tuγ/*toγ→toγrul/tuγra ≈ duγ→duγra «тура, түзу», tuz «жасау, құрастыру» (ДТС, 57), tiz/diz «қатарлап қою» (ЭСТЯ III, 311). tez «түзету (тезге салу)», tik «орнату» «вертикаль» моносиллабтарымен төркiндес, көпмағыналы туынды тұлға екенiн аңғартады, ортақ түбiрi *tu/*tü/*te/*ti болуы мүмкiн.

tiz «колено» (ДТС, 564) КТү. 15: jaγïγ baz qïlmïs, tizligig sökürmis, bašlïγïγ jükünturmis «жауын бейбiт еттi, тiзелiнi бүктiрдi, бастыны жүгiндiрдi» (Айд. I, 174) ~ қаз., тат. tize; қар. tiz; ноғ. tijz. Түркi тiлдерiнде аяққа қатысты қолданылатын tirsek сөзiнiң кездесуi tiz/*tir моносиллабтарының бiр негiзден өрбiгенiн көрсетедi. Ортақ түбiрi *ti. Салыстырыңыз: tur, tik (tikе) т.б.

*tir→tirkiš «караван» (ДТД, 74) КТк. 8: Ötüken jir olurup arqïš tirkiš ïsar «Өтүкен жерiнде отырып, керуен жiберсең» (Айд. I, 169). Көне түркiлiк tirkiš лексемасының мәнi қазақ тiлiндегi tirke, tirkes, tirkeme сөздерiнде сақталған. tir моносиллабы tiz (моншақты тiзу) етiстiгiмен тектес, түбiрi *ti.

tir «проживать, жить», «вполне живой» (ДТС, 564); tir→tirig КТү. 29: ölteči budunuγ tirigrü irtim «өлмешi халықты тiрiлте көтердiм» (Айд. I, 177) ~ қаз., қар., қырғ. tiri; ноғ., ққалп. tijri; тат., башқ. tere. Tir моносиллабы қазақ тiлiндегi tiršilik, tirlik лексемалары құрамында сақталған. Салыстырыңыз: жалпы алтайлық tör «туу, дүниеге келу».

tüņ→tüņür «бубен (шамана)» Е. 11 (ДТД, 73); *döņ/*töņ ≈ *töυ «окруженность, окрестность» (ЭСТЯ III, 281). А.Аманжолов Енисей ескерткiштерiнiң Бегре жазбасында қолданылған tuņre лексемасын «туған-туысқан» деп аударады: jatda tüņürimä adïrïldim «Я расстался на чужбине со своими родственниками (т.е. умер)» (Аманж. II, 121). Ғалым töņirek сөзiнiң қолданыс аясында кездесетiн töņiregim, töņiregimdegiler лексемаларының «айналам, жанымдағылар», «жақындарым» мәнiндегi ауыс мағынасына сүйенген болса керек. Шындығында да «Жат жерде сылдырмағымнан айрылдым» деген сөйлемге қарағанда «жат жерде төңiрегiмдегiлерден (жақындарымнан, туыстарымнан айрылдым)» деген сөйлемнiң логикалық қисындылығы мәтiн мазмұнына сәйкес келедi. Қаз, ққалп., ноғ. töņirek. Көне түркiлiк *töņ/*tüņ моносиллабы жалпы алтайлық «дöңгелек», «дөңгелек пiшiндi жота, қыр (дөң), «айнала қоршау» мағыналарын беретiн toņ/töņ/tüņ≈doņ/döņ/düņ тұлғаларымен генетикалық сабақтастықта, ортақ мазмұнға негiзделе отырып дамыған.

tög→tögün «узел» (ДТД, 72); tüg «завязывать» ДТС, 595, Тон. 54: tögunlig atiγ jügürtmedim «Қаптаған (жұмылған жұдырықтай) (түйiлген Е.М.) аттыларды қаптатпадым (келтiрмедiм)» Сартқ. II, 220, ~ қаз., құм., ққалп., ноғ., қырғ. tüj; тат., башқ. töj. Чуваш тiлiнде tög/tüg≈tüj/töj тұлғаларының tü→tüle «завязывать узлом/узель» (ЭСТЯ III, 307) түрiнде қолданылуы аталған гомогендi моносиллабтар кешенiн туынды тұлғалар ретiнде тануға мүмкiндiк бередi.

tüs «броситься, падать, останавливаться» (ДТД, 73) МЧ. II, 19; Тон. 27; КТү. 44: Ol at anta tüsdi «ол ат сонда құлады» (Айд. I, 180) ~ қаз., ққалп., ноғ. tüs; тат., башқ. töš. А.М.Щербак tüs етiстiгiн tüš түрiнде реконструкциялайды [158,198].

tür «законы», tör→töru «властвовать» (ДТД, 73) БҚ. 2; КТү. 16: Ol törude üze ečum qaγan olurtï «ол билiк (өкiмет) басында ағам қаған отырды». Көне түркiлiк tür/tör лексемасы қазақ тiлiндегi tör «есiкке қарама-қарсы жақтағы сыйлы қонақ отыратын құрметтi орын», tör→töre «этн. төретұқым (хан тұқымы, сыйлы, құрметтi адам, билiк басындағылар)» сөздерiмен төркiндес жалпы алтайлық тiлдiк модель. Монғол тiлiнде tör «үкiмет, мемлекет», «заң, ереже, тәртiп» (МҚС, 473); бурят тiлiнде «алдыңғы қатарлы, құрметтi» (БМРС, 458). Tör сөзiнiң «ту, дүниеге келу» мағыналарын беретiн жалпы алтайлық tör лексемасына (қаз. törkin «әйел адамның туған үйi, туған-туысқандары, туған жерi», қырғ. törö «туу» (КРС, 260); монғ. töröx «туу», törölx «тума, туған» (МҚС, 474)) қатыс-дәрежесiн әлi де анықтай түсу керек.

čab Енисей ескерткiштерiнде қолданылған čab сөзiн И.А.Батманов «знаменитый, пользующий славой» Е. 30 (ДТД, 80) деп аударады. Қазiргi қыпшақ тiлi сөздiктерiнде «атақты, даңқты» мәнiн беретiн čab лексемасы тiркелмеген. Тоникуқ ескерткiшiнде қолданылған čab сөзiн З.Ақылбекова «слава, молва, репутация» (ДТД, 80) деп аударса, Ғ.Айдаров sab «сөз» лексемасының фонетикалық варианты ретiнде қарастырады: Bilig esi čab esi «Бiлiк иесi, сөз иесi» (Айд. II, 105). čab «атақты», čab «сөз» моносиллабтарының байланысы әлi де зерттей түсудi қажет ететiн мәселе.

čet «край, граница» Е. 34 (ДТД, 81) ~ қаз., ққалп., ноғ. šet; тат., башқ. čet. čet/šet лексемасы мен ček/šet «край, окраина» [145,302] сөзiнiң генетикалық байланысы айқын аңғарылады. Аталған моносиллабтар *če/še түбiрiнен дамыған туынды сөз болуы мүмкiн.

čok «кисть» (ДТД, 81); čoγ→čoγla «свертывать» (ДТС, 152); Тува өңiрiнен табылған түркi ескерткiштерi тiлi бойынша тiркелген čok лексемасы қазақ тiлiнде šoq түрiнде қолданылады: бiр шоқ гүл; шоқша сақал т.б. šoq моносиллабының мазмұнын šoγïr, šoγïrlanuw сөздерiнен де айқын аңғаруға болады.

čöl «степь» (ДТД, 81) КТү. 41, Тон. 23: Čölgi az eri boltïm «Шөлдi аз ерi болдым» (Айд. II, 108) ~ қаз., ққалп., ноғ. šöl; қырғ. čöl; башқ. süloγ; қаз., қырғ., ққалп., ноғ. тiлдерiнде šöl моносиллабы «сусау (су, сусын iшкiсi келу)» мағынасындағы söldew сөзiнде, sölin qandïruw тiркесiнде қолданылатыны белгiлi. Салыстырыңыз: söl «өсiмдiкте болатын шырын», шық «шөп басына тұрып қалатын тамшы су» (ҚТТС ҮIII, 364, 374).

čïg/čïγ «выходить» (ДТД, 81) ~ қаз., ққалп., ноғ. šïq; қар. čïq; қырғ. čik; башқ. sïγ/sïq А.М.Щербак čiγ моносиллабын čïq түрiнде реконструкциялайды [158,198].

*čïg/čïγ→čïgaņ/čïγan «бедный» (ДТД, 81). Күлтегiн ескерткiшiнде čuγaj түрiнде қолданылған: Čuγaj budunïγ baj qïltïm «Жарлы халықты бай қылдым» (Айд. I, 170). Қыпшақ тiлi элементтерiн сақтаған орта ғасыр ескерткiштерi тiлiнде čïγan/čïγaj тұлғалары қатар қолданылады (Құрыш. I, 219). Қазақ тiлiнде фольклорлық персонаж Šïγajbaj (Шық бермес Шығайбай) антропонимi құрамында, шығаннан шыққан кедей оралымында сақталған [145,307].

А.Н.Самойлович М.Қашқари өз шығармасында joq-čïγaj қосарлы лексемасын араб тiлiне бiр сөзбен «бедный» (bakir) түрiнде аударғанын, жалпы түркiлiк čïγan сөзi чуваш тiлiнде šoxan, šuxan «бедный, бедность» тұлғасында қолданылатынын негiзге ала отырып, čïγaj/čïγan лексемасын joq сөзiмен байланыстырады. Түркi тiлдерiнде joq ≈ jōq ≈ juq ≈ žoq ≈ čoq ≈ suoq ≈ šoq тұлғалы моносиллабтар «отсутствие, несуществование», «смерть», «несчастье, недостаток, бедность» мағыналарын көрсеткен ғалым, өзбек, қазан татарлары, башқұрт, қазақ, қырым татарлары, әзiрбайжан тiлдерiндегi joq сөзiнiң «кедей, кедейлiк» мәнiн фолкьлор тiлiне тән архаизм ретiнде қарастырады [50,294-295]. Қазақ тiлiндегi žoq-žitik, ölïm-žitim қос сөздерiнiң, žut, žutaw, žutan, žüdew лексемаларының мазмұны да joq моносиллабының мазмұнына сәйкес келетiнiн аңғарамыз. Демек čïγ ≈ šïγ ≈ šox ≈ šux ≈ joq ≈ žoq т.б. моносиллабтар кешенi jut ≈ žut ≈ džut ≈ jit ≈ žit ≈ džit т.б. моносиллабтар кешенiмен түбiрлес болуы да мүмкiн, ортақ негiзi «жоғалу, жоқ болу» идеясын сақтаған *jo ≈ ju ≈ jü ≈ jï ≈ ji ≈ žo ≈ žu ≈ žü ≈ žï ≈ ži ≈ šo ≈ šu ≈ šü ≈ šï ≈ ši ≈ čo ≈ ču ≈ čü ≈ čï ≈ či т.б. полиформалы, полисемантикалы моносиллаб.

čït «обелиск, крепостные стены» (ДТД, 81) МЧ. II, 20. Қазiргi қыпшақ тiлi сөздiктерiнде көне түркiлiк čït сөзi тiркелмеген. Қ.Сартқожаұлы čït/sït моносиллабын «iргетас (насыпь, фундамент)» деп аударады: čït anta toqutdïm «Я воздвиг там чыт (насыпь)» (Сартқ. I, 81).

*čer→čerig «войско» (ДТД, 81) КЧ. 9; МЧ. II, 15, 16: Süņüs bolsar čerig iter erti «Соғыс болса шерiк (әскер) белсенiп шығар едi» (Сартқ. II, 232, 234) ~ қаз. šeruw/šerik; қар. čeriυ. Ескi қыпшақ тiлiнiң мұрасы «Түрiк-араб сөздiгiнде» šeri «войско» тұлғасында қолданылады (Құрыш. 223). Алтай тiлдерiне ортақ *čer/*šer/*цer моносиллабы қазiргi түркi, монғол тiлдерiнде де дербес лексема түрiнде қолданылуы тiркелмеген. Морфемдiк, компоненттiк талдаулар негiзiнде өлi түбiрдi болжауға болады. Ә.Қайдар *šer моносиллабының мағынасын «мужественный, сильный, смелый (словно лев)» деп көрсетуiне [145,302] қарағанда šerig/šeruw сөздерiнiң парсылық тегi жайлы мәселенiң басын ашып алу қажет сияқты.

*šak/*saq→šakïn/saqïn «думать, печалиться» (ДТД, 82) МЧ. I, 11; КТү. 10: Bunča isig küčig birtükerü saqïnmatï «Сонша күш-қуатын сарп еткенiн ойланады» (Айд. I, 173) ~ қаз., ққалп., ноғ. saγïn; башқ. haγïn; тат. saγïš. Қыпшақ ескерткiштерiнде saγïšla «думать, размышлять» (Құрыш. 182) сөзi кездеседi Ескерткiштер тiлiнде қолданылатын *sïq→sïqta «қатты жылау» етiстiгi де saq моносиллабымен байланысты болуы мүмкiн. Салыстырыңыз: sana «ақыл-ой, ес».

šaš «испугаться» (ДТД, 82); šaš «растеряться» [161,198]; *šоš «испугаться от чего-л. страшного» [145,304] ~ қаз., ққалп., ноғ. šоšuw; қырғ. čоčuu.

šïk/sïk «теснить» (ДТД, 82) МЧ. II, 16 ~ қаз., ққалп., ноғ. sïq; қырғ., тат. cïk. Қазақ тiлiнде sïγïmdaw, sïγïndï сөздерiнiң құрамында да қолданылатын sïq етiстiгiнiң sïj «белгiлi бiр жерге жайғасу, орналасу, ену, сiңу» (ҚТТС ҮIII, 455) етiстiгiмен сабақтастығы аңғарылады: башқ. hïj; ққалп., тат. sïj «вмешаться». Салыстырыңыз: *siņ → siņiw.

šeg «падаль» (ДТД, 82), Тон. 8: Biz šeg ertimiz «Бiз өлiмшi едiк» (Айд. II, 105). «Өлексе, өлiмтiк» мәнiн беретiн көне түркiлiк šeg моносиллабының сұлбасы қазақ тiлiндегi жас нәрестелерге, өте кәрi адамдарға қатысты қолданылатын šetinew «қайтыс болу» етiстiгiнен байқалады. šeg≈*šet(ine) моносиллабтарының мазмұндық сәйкестiктерi арқылы ортақ негiзi *še тұлғасы екенiн аңғарамыз. Салыстырыңыз: set →setine.

Түркi тiлдерi түбiр сөздер жүйесiндегi СVС тұлғасының сандық көрсеткiшiнiң басқа модельдерге қараған жоғары екенi көптеген зерттеулерден белгiлi, оған көне түркi жазба ескерткiштерi тiлiндегi СVС құрылымды түбiрлер мен түбiр-негiздердiң қолданыс деңгейi де дәлел бола алады. ҮII-IХ ғасыр түркiлерi тiлiнде дербес лексемалық сападағы немесе дисиллабтар мен полисиллабтар құрамынан айқын ажыратылатын СVС тұлғалы моносиллабтар-дың ауқымдылығы жалпы түркiлiк моносиллабтар жүйесiндегi архемодельдi анықтаудың критериi бола алмайды. Өз дәуiрiнде бейнелi де көркем тiл болған көне түркiлер тiлiнiң базистiк лексикасы қазiргi тiлдердегi бiр буынды түбiрлер мен түбiр-негiздерден айрықша ерекшеленбейдi. Көк түркiлер дәуiрiне дейiн де бiрнеше тарихи кезеңдердi басынан өткiзген жалпы түркiлiк лингво-эволюция барысында моносиллабтар жүйесi де кезең-кезеңiмен даму жолынан өткенi белгiлi. Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi СVС құрамды моносиллабтарды морфемдiк-компоненттiк және танымдық-логикалық-семантикалық талдау барысында Орхон, Енисей және Талас ескерткiштерi тiлiндегi СVС тұлғалы модельдердiң бәрi бiрдей архетұлға бола алмайтыны, олардың тең жартысы тiлдiң тарихи дамуына байланысты СV моделi негiзiнде дамып-жетiлгенiне көз жеткiзу қиын емес.

Бұл жөнiнде А.М.Щербак «Следует также обратить внимание на то обстоятельство, что, подобно слогам других структурных типов, слоги типа С+Г+С не всегда являются первичными, ср. азерб. cïn – «<*cï-+н: узб. бoγ «вязанка» (<*nā-+γ); кирг. сун «протягивать» (<*сy-+н-)» дей отырып, чуваш, әзiрбайжан, түркiмен, өзбек, ұйғыр, гагауз тiлдерiнде сөз басындағы дауыстылардың j, b, h дыбыстарын қабылдау мүмкiндiгi жоғары екенiн көрсетедi [158,109]. Ғалымның пiкiрi j, b, h дыбыстарының протезалық табиғатына байланысты СVС модельдерi модельдерiнен де туындауы ықтимал дегенге саяды: Аталған дыбыстардың протезалық қабiлетi қыпшақ тiлдерiнде солғын, көне түркi тiлi мен қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтар құрамындағы анлаут j, b дыбыстарының протезалық сапада қолданылуы өте сирек, ал сирек кездесетiн анлаут h (башқұрт тiлiнен басқа) қыпшақ тiлдерi дамуындағы кейiнгi құбылыс екенi белгiлi, оның өзi бiршама ұяң x дыбысына ауысып қолданылады. Башқұрт тiлiндегi анлаут, инлаут h дыбысының табиғаты мүлдем басқа, этно-лингвогенездiк құбылыс. Қазiргi түркi тiлдерiнiң кейбiрiнде анлаут b, j дыбыстарының түсiп қалуына байланысты көнетүркiлiк анлаут b, j дауыссыздарын әрдайым протезалық сапада қарастыру толық негiзделмеген мәселе.

Жасырын синкретизм құбылысын көрсететiн гомогендi корреляттардың басым бөлiгiнiң СVС модельдi тұлғалар болып келуi де кездейсоқ құбылыс емес. CVC модельдi гомогендi параллельдердiң ауслаут корреляттар арқылы семантикалық жiктелiске ұшырауы моносиллаб құрамындағы CV компонентiнiң интеграциялаушы мазмұнды, ал соңғы консонант дифференциациялаушы мазмұнды иеленуiне байланысты қалыптасуы мүмкiн.