Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық е.doc
Скачиваний:
245
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.87 Mб
Скачать

2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар

Жалпы түркi тiлдерi бойынша СVСС тұлғалы моносиллабтар да бiршама аз кездесетiн тiлдiк модельдер қатарына жатады. Түркi тiлдерiне ортақ көне тұлғалар қатарында 11 СVСС модельдi моносиллаб тiркелсе [158,193-198], қазақ тiлi бойынша, кiрме сөздердi қоса есептегенде, 190-195 сөзден аспайды, олардың басым бөлiгi елiктеуiш негiздер [145,64]. Елiктеуiш сөздердiң структуралық жүйесiнде СVСС модельдi сөздердiң молдығын К.Мусаев [129,84-105], А.Шайхулов [154,60] тәрiздi белгiлi ғалымдар да көрсетедi. К.Хусайынов СVСС тұлғалы елiктеуiштердi тарихи негiздер қатарында қарастырады [176,75].

Ә.Қайдар СVСС тұлғалы етiстiктер мен кейбiр есiм сөздер елiктеуiш негiздер соңында тұрақты түрде қайталанып отыратын дауыссыздардың грамматикалық көрсеткiш болуы мүмкiн екенiн және барлық жағдайда СVСС моделi СVС қалыптаса бермейтiнiн, көптеген шағын құрамды тұлғалар СVСС моделiнiң ықшамдалуы негiзiнде қалыптасатынын айтады [145,66]. Бiрақ бұл пiкiр СVСС типтi моносиллабтарды архетүбiр ретiнде тануды меңземейдi. Өздерi де бiрнеше даму сатысынан өткен төрт құрамнан тұратын бiр буынды негiздер екiншi, үшiншi дәрежелi екi және үш құрамды жаңа моносиллабтардың архетұлғасы бола алатынын көрсетедi. Ескерткiштер тiлiнде де СVСС модельдi моносиллабтар 7-8 сөзден ғана тұрады.

barq «здание, дом, сооружение» (ДТД, 33) БҚ. 34, 37; МЧ. II, 24; КТк. 12: Aņar adïnčïγ barq jaraturtïm «Оларға ерекше жай салдырдым» (Айд. I, 170). Қазiргi қыпшақ тiлдерi сөздiгiнде barq лексемасы тiркелмеген. Қ.Сартқожаұлы barq лексемасының ұғымын С.Г.Кляшторныйдың аудармасы бойынша «храм» ретiнде қабылдайды. Зерттеушi археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесiн пайдалана отырып, Тоникуқ ескерткiшi тұрған жердегi «барқтың қабырғасы өртелген көк кiрпiштен қаланған; ... еденiне де көп кiрпiш төселген; ...төбесi өртелген көксұр түстi жарты цилиндр жапқышпен жабылған; ... төбе дөдегесi арнайы ою-өрнек салған жабынқышпен әшекейленген; барықтың сырты қара, қызыл, ақсары, күлгiн қызыл түстi ашық өңдi бояулармен боялған; құрылыстың сылағына керегекөз тартылып, ашық бояулармен боялған» [8,214] деп сипаттама беруiне қарағанда көне түркiлер салған барқ қазiргi қазақтар танымындағы күмбез ұғымына сәйкес келедi.

bars «барс» (ДТД, 34) Е. 11: jäti böri ölürdim barsïγ kökmäkid ölürmädim «Я убил семь волков. Я не убивал барсов ланей» (Аманж. II, 121) ~ қаз., ққалп. barïs; қар., құм., қырғ., тат. bars. Жалпы түркiлiк bars сөзiн кiрме элемент ретiнде қарастырушы пiкiрлер де бар. Э.В.Севортян bars сөзiн түркi тiлдерiнiң ең көне лексикалық қабатына жатқызады (ЭСТЯ II, 69). Түркi тiлдерiнде зоонимдер мен орнитонимдердiң бiраз бөлiгi елiктеуiштерден жасалғаны белгiлi: arïstan, qabïlan, kökek, tïrna, qarγa т.б. Қатты дыбысқа байланысты қолданылатын bars (барс-барс) елiктеуiшi мен barïs зоонимiнiң мазмұнындағы сәйкестiк те кездейсоқ құбылыс болмауы мүмкiн. Елiктеуiштер мен бейнелеуiштер арқылы жасалып, атау сөздерге айналған лексемалардың мазмұны таңбаланушы денотаттың сыртқы белгiлерi мен қасиеттерiн бiршама айқын сақтауы олардың сыртқы құрылыммен тiкелей байланысына негiзделедi. Тұлға мен мазмұнның таңбаланушының арасындағы табиғи байланыс уақыт өте күңгiрттенгенiмен, белгiлi бiр дәрежеде iзiн сақтайды. Лингвистикалық даму барысында елiктеуiш негiздi атауларға тән тұлға мен мазмұн сәйкестiгiнiң шарттылық сипат алуын белгiлi ғалым К.Ш.Хұсайынов «Название, имеющее звукосимволическое или звукоподражательное происхождение, со временем теряет свою природную связь и приобретает конвенциональности, знаковости» [176,166] деген ойлары арқылы сөз дамуындағы тұлға мен мазмұнның табиғи байланысының iздерi сақталатынын көрсетедi. Қазақ тiлiндегi bars-bars «қатты сытырға, соққыға елiктеу» қос сөзi құрамынан *s модификаторын ажыратуға болады [177,55]. СVС тұлғалы елiктеуiштерге дауыссыз дыбыстардан тұратын грамматикалық индикаторлардың немесе модификаторлардың жалғануы сөз мағынасын нақтылай түсетiндiктен [145,175] қатты шыққан дыбыстың жалпылама мазмұнының бiлдiретiн bar (бар-бар, негiзiнен адам дауысына қатысты) елiктеуiшiне -*s модификаторы жалғануы арқылы кенеттен шыққан қатты дыбысты (негiзiнен иттiң, жыртқыш аңдардың дауысына қатысты) бiлдiретiн сөзге айналғанын аңғаруға болады. Қазiргi түркi тiлдерiнiң антропонимдер жүйесi тәрiздi (Барысбек, Бейбарыс, Барысхан т.б.) ескерткiштер тiлiнде де bars сөзi негiзiнде жасалған антропонимдер қолданылады: iniläri Qara bars(a) Oγul bars «Его младшие братья Кара Барс и Огул Барс» Тал. I (Аманж. II, 87).

junt «лошадь» (Лев., 170) МЧ 48; Е. 45: bïņ budraq junt äsizmä «с ... тысячами привольно пасущихся лошадей, увы (я расстался)» (Аманж. II, 128) ~ қаз. žunt (жұнттай). Якут тiлiнде «жаңадан үйретiлген жас жылқы» мәнiн беретiн sonoγos (Лев. 89) сөзiнiң қолданылуына қарағанда jont моносиллабының бастапқы тұлғасы СVС модельдi *jon болуы да мүмкiн. «Китав әл-идрак әл-лисан әл-атрак» шығармасында junad «жылқы» тұлғасы кездесуiне байланысты көне түркiлiк junt лексемасы екi дербес лексеманың кiрiгуi арқылы жасалған деген тұжырым ғылымда белгiлi: jun+ad(at). Э.В.Севортян junt сөзiнiң негiзгi мағынасы «үйретiлмеген жабайы (асау) жылқы» деп көрсетедi (ЭСТЯ IҮ, 254). Қазақ тiлiндегi семiз, түгi жылтыраған жас жылқыға, толық, ширақ, әдемi жас адамдарға қатысты қолданылатын žunttaj сөзiнiң де мазмұны көрсетiлген мағынаға сәйкес келедi.

jurt «земля, страна, родина» (ДТД, 45) КТү. 49; Тон. 19: Usun bunta atlï jurtda üguzke qalur erti «Үйсiн мұнда атты жұртта жатып қалып едi» (Айд. II, 107) ~ қаз. žurt; қырғ., ққалп. žuwrt; ноғ. jurt; башқ. jort; тат. jort/jïrt. Түркi тiлдерi бойынша jurt лексемасының «Отан, туған жер», «елдi мекен», «халық», «мал жаятын орын», «киiз үй», «көшкен ауылдың, үйдiң орны» мағыналары белгiлi. Э.В.Севортян jurt сөзiн jur «жүру» және етiстiктен есiм сөз тудыратын -t аффиксi арқылы жасалуы мүмкiн (ЭСТЯ IҮ, 255). Ескерткiштер тiлiнде jorï «идти, ходить, передигаться» етiстiгi де қолданылады: КТк. 4: Bunča jirke jorïtdïm «Сонша жерге жүргiздiм» (Айд. I, 169) ~ қаз., ққалп. žort; тат., башқ. jurt; ноғ. jort. Қыпшақ тiлдерiндегi тарихи негiз jurt/žurt моносиллабының мағынасын «көшпелi халық», «көшпелi халықтың мекенi (ауылы)» ұғымдары арқылы анықтауға болады. žorγa, žortuwïl, žorγala сөздерiнiң құрамынан да *zor моделi ажыратылады. Jurt лексемасы тұлғалық жағынан да, мазмұндық жағынан да бiрнеше даму сатысынан өткен алтай тiлдер тобына ортақ көне лексема: салыстырыңыз: žür, žügir, žüjrik, žïlžï, žïldam, т.б.

qïrq «сорок» (ДТД, 54) БҚ. 31; Е. 16; КТү. 14: qïrq az, qurïqan, otuz tatar... qop jaγï ermis «Қырық аз, құруқан, отыз татар ... бәрi жау едi» (Айд. I, 174) ~ қаз., ққалп. qïrïq; тат., башқ., ноғ. qïrq. Орта ғасыр ескерткiштерi тiлiнде де qïrq тұлғасында қолданылады. qïrq сан есiмi түркi тiлдерiндегi этимологиясы беймәлiм, табиғаты күрделi сөздерге жатады.

tört «четыре» (ДТД, 73) Е. 28; КЧ. 11; МЧ. II, 15; Он. I, 1; КТү. 2: tört buluņ qop jaγï ermis «Төрт бұрыштың бәрi жау едi» (Айд. I, 171) ~ қаз., ққалп., қырғ. tört; қар., құм., ноғ. dört, тат., башқ. dürt. А.М.Щербак tört лексемасының архетұлғасын созылыңқы дауысты арқылы бередi. tōrt [158,197]. Ұйғыр тiлi диалектiлерiнде tört сан есiмiнiң құрамындағы r, t дыбыстарының элизиясы да кездеседi: töt, tö «четыре» [174,161].

qork/qorq «бояться» (ДТД, 52) Он. I, 7; Тон. 41: qorïqmadïmïz süņüsdimiz «қорықпадық, соғыстық» (Айд. II, 112) ~ қаз., ққалп., ноғ. qorq; тат., башқ. kurk; қар. qorx. А.М.Щербак qorq лексемасын архетип ретiнде қарастырса [158,194], Ә.Қайдар *qor «чувство страха» тұлғасын ажыратады [145,247]. Салыстырыңыз: ürk → ürkek, әзiрб. hürkmäk «пугаться», hürkäk «пугливый, боязливый» (АРС, 387).

kört→kortle «красивый» Эл. I; Kortle «имя человека» Эл. III (ДТД, 56) ~ қаз. kör(i)k; башқ. kürk; қырғ. körük; қар., құм. körk; тат. kürik. Қазiргi түркi тiлдерiндегi körg/körüg ≈ körk/körig сөздерiнiң түбiрiн kör «көру» етiстiгiнен таратқан Э.В.Севортян соңғы дауыссыз -g дыбысын морфологиялық белгi ретiнде танып, толық формасы -üg екенiн көрсетедi (ЭСТЯ III, 81). Kör моносиллабын körnekti, körkem лексемалары құрамынан да ажыратуға болады.

Көне түркi тiлiндегi СVССмодельдi моносиллабтардың құрылымдық, мазмұндық табиғаты олардың тарихи негiздерден тұратынын жоққа шығармайды. Жалпы агглютинативтi түркi тiлдерi ғана емес барлық адамзат тiлiнiң қалыптасу, даму эволюциясы өте қарапайым (шағын) тұлғалар мен полисемантикалық жалпылама мазмұнға негiзделетiндiгi жайлы гипотезалық тұжырымдар мен пiкiрлер көптен берi айтылып жүрген мәселе. Тiлдiк деректер арқылы негiзделген, ғылыми-теориялық тұжырымдар да жеткiлiктi. Осы тұрғыдан алғандаСVССмоделiн кейiнгi құбылыс ретiнде қарастыруға мүмкiндiк бар.

Мыңдаған жылдарды қамтитын түркi тiлдерi дамуындағы көне түркiлiк кезеңнiң сипатын көрсететiн ҮII-IХ ғғ. ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi түбiрлес моносиллабтардың тұлғалық парадигмасы мен семантикалық деривациясы негiзiнде бiр буынды түбiрлер мен түбiр-негiздердiң даму бағытын дербес фонемалардың сұлбасы анықталғаннан кейiнгi кезеңдерден бастап былай шамалауға болады:

СVСVС

VVС СVСVС СVСС

VСС СV

Бұл жерде есте ұстайтын мәселе, бiрiншiден, белгiлi бiр сөзжасамдық қабiлетi бар фоно-модификаторларды жетiлген агглютинативтiк кезеңдегi түбiрлерден айқын ажыратылатын сөзжасамдық аффикстермен бiрдей деңгейде қойып, қызметi айқын грамматикалық көрсеткiш ретiнде қарастыруға келмейдi, екiншiден лингвоэволюцияның iшкi заңдылықтары мен сыртқы ықпалдарға орай керi процестердiң орын алуы СVС, СVСС, VССмодельдi құрылымдардың қайтадан ықшамдалуына алып келедi. Түркi түбiрлерiнiңV, VС, СV, СVС, VСС, СVССмодельдерi түркiлiк тектiл (протоязык) дәуiрiнде-ақ қолданыста болған құбылыстар. Тектiлдiк дәуiрге дейiн де тiлдiң өмiр сүргенiн, бiзге белгiлi тiлдiк құрылымның флективтi, полисинтетикалық, агглютинативтi кезеңдерiне дейiн де белгiлi бiр идея-мазмұн жүктеген тiлдiк бiрлiктердiң тұлғалық қалыптасуыдыбыс дыбыс тiркесi дыбыс тiркестерi дыбыс тiркесi дыбыспроцесiнен өткенiн жоққа шығаруға болмайды.