- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
Жарты ғасырдан аса тарихы бар [279,16], қазақ ономастикасы жан-жақты зерттелген сала қатарына жатады. Қазақ ономастикасы бойынша Т.Жанұзақов, Қ.Қоңқашбаев, А.Абдрахманов, Е.А.Керімбаев, Б.К.Қалиев, О.Сұлтаняев, Г.Б.Мадиева, Б.М.Тілеубердиев, Қ.Рысберген, Г.Сағидолда т.б. зертеушілердің еңбектерінде жалқы есiмдер әр қырынан талдауға түсті. Адамзат тiлiнiң идеялық қырына ерекше мән берiлiп отырған ХХI ғасыр тiл бiлiмiнде адам факторы, туа бiткен адами қасиеттер (ақыл-ой, сана-сезiм, таным-түйсiк т.б.), қоғамға, табиғи ортаға қатысты туындаған қасиеттер (салт-дәстүр, дiни сенiм, мифологиялық наным, кәсiби ерекшелiк, қоғамдық құрылымға негiзделген ұлттық-идеялогиялық ұстаным т.б.) негiзге алынуда.
Қазiргi түркi тiлдерiнде қалыптасқан ономастикалық жүйенiң тарихи даму жолын анықтауда, олардың тек сыртқы құрылымын ғана емес, iшкi мазмұнын, астарындағы ақпараттық негiзiн саралауда да бағыт-бағдар беретiн ең көне жазба дерек көзi Орхон-Енисей, Талас ескерткiштерiнiң тiлi екенi белгiлi. Қазақ тiлi тарихи ономастикасының терең зерттеудi қажет ететiн өзектi мәселелерiнiң бiрi де – көне түркiлiк қабаттың қазiргi қазақ атаулар жүйесiне қатыс-дәрежесiн, iшкi-сыртқы құрылымдық модельдерiндегi ортақтықтар мен ерекшелiктер деңгейiн, ономастикондар құрамындағы түбiр сөз дамуын айқындап алу. Осы орайда В.Махпировтың түркi жазба мұраларындағы ономастикалық атаулардың құрылымдық типтерi мен мағыналық модельдерiн, қолданылу, қалыптасу ерекшелiктерiн жалпы түркiлiк континуумда қарастырған еңбегiнiң [81] маңыздылығын атап өткен орынды.
Аталым уәжiнде мәдени-этнографиялық, тарихи-этнологиялық, географиялық-атмосфералық-климаттық, флора-фауналық факторларды молынан қамтыған ақпарат көзi – жалқы есiмдердiң моносиллабтық негiзi онимдiк мазмұнның өзегi болып табылатындықтан ҮII-IХ ғасыр түркiлерi мен қазiргi қазақтардың ономастикалық кеңiстiктерiн моносиллабтық деңгейде салыстыра қарастыру лингвистикалық сабақтастықты ғана көрсетiп қоймайды, ұрпақ жалғастығындағы онтологиялық, семиотикалық маркерлердiң сақталу дәрежесiн айқындауға да жол ашады. Көне түркiлiк ономастикондардың көпшiлiгi ұзақ даму жолынан өтiп, морфологиялық құрылымы тұтасып кеткен субстраттар болғандықтан олардың бәрiнен моносиллабтарды ажырату мүмкiн еместiгi де белгiлi. Сондай-ақ ескерткiштер тiлi ономастикалық жүйесiнде көне субстраттармен қатар дербес лексемалық деңгейдегi моносиллабтар немесе мағынасы күңгiрт тартса да дербес тұлғасын сақтаған бiр буынды түбiр-негiздер, дисиллабтар мен полисиллабтар құрамынан, күрделi сөздер құрамынан ажыратуға болатын жiгi айқын моносиллабтар да молынан сақталған. Осындай моносиллабтар негiзiнде жалпы түркiлiк ономастикалық жүйенiң археидеясы мен архетұлғасының вариантталу жолын, таңбалық сипатындағы негiзгi дефинициялық белгiлердiң таралу межесiн шамалауға болады. Көне түркi тiлiндегi моносиллабтардың фоно-морфо-семантикалық табиғатын, көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығын көрсетуде ескерткiштер тiлi ономастикалық жүйесiндегi моносиллабтардың тұлғалық, мазмұндық ерекшелiктерiне, символдық-таңбалық қырларына сүйену маңызды.
ҮII-IХ ғасыр аясында өмiр сүрiп, өзiндiк дара мәдениетiн қалыптастырған көне түркiлердiң бар болмысын, дүниетанымдық ерекшелiктерiн көрсететiн онимдiк бiрлiктер көне түркi жазба мұраларында молынан сақталған. Олардың негiзгi бөлiгiн топонимдер, антропонимдер, этнонимдер құрайды, Aj, kün, Ülker тәрiздi космонимдер, Täņri теонимi, Umaj, qut, ïduq jer-sub мифонимдерi, тұлпарларды атауға арналған зоонимдер қолданылады.
