Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық е.doc
Скачиваний:
245
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.87 Mб
Скачать

4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi

Р(п)фонемасы. Түркi тiлдерi консонантизмдер жүйесi дамуындағы ең көне фонемалар қатарында аталатын қатаңрдыбысы Орхон-Енисей, Талас ескерткіштерінде негізінен моносиллабтар соңында ғана кездеседі. Сөз басында қолданылуы өте сирек, екi-үш сөздi ғана қамтиды. Анлаутр тек түркi тiлдерiнде ғана емес, монғол тiлдерiнде де сирек дыбыстар қатарына жатады. Қазiргi монғол тiлдерiндер дауыссызының сөз басында қолданылуы негiзiнен елiктеуiш, бейнелеуiш мәндi сөздердi қамтиды: бур.рal – pal«булькать», х.-монғ.palzijυ«бултыхнулься»,pur – pur xijx«бурлить», калм.рard«звукоподражание треску»,padrx«пылать»,pijgx«шипеть» (Расс., 70). Имитатив мәндi сөздердiңр дыбысынан басталуы қыпшақ тiлдерiнде де кездесетiнi белгiлi, мысалы, қазақ тiлiнде:рïs → pïsqïr, pïš → pïšïlda, pïr → pïrïldaqт.б.Бұл қатаңp фонемасының жалпы алтайлық ең көне дауыссыздар қатарына жататынын көрсетедi. Шұғыл қатаң фонемардыбысының қазiргi түркi тiлдерiнде де анлаут позицияда бiршама сирек қолданылуын зерттеушiлер көне белгiнiң жойыла бастауымен, оның ұяңдану процесi өте интенсивтi түрде жүргенiмен түсiндiредi [192,179]. Түркi тiлдерiндегip, bкоррелятивтерiнiң қатаң нұсқасын чуваш тiлi бiршама сақтаған:pat«тонуть»,pos/рus«ступать»,por/pur«есть, имеется»,paυ«душить» т.б. (ВИ, 5-6). Қазақ тiлiнде де сөз басындардыбысынан гөрi оның ұяң сыңары жиi қолданылады. Қыпшақ тiлдерi арасында қатаңр-ны сөзбасында бiршама жиi пайдаланатын қарақалпақ тiлi болғанымен (рorsïq«борсық»,porsï«борсы»,pükke«бүге»,pöstek«бөстек» т.б.), бұл тiлде де ұяңbдыбысының қолданысы басым [207, 124]. Қазақ тiлiнде елiктеуiш мәндiртұлғалы сөздердiңbтұлғалы ұяң варианттарының қатар қолданылуы да аталған дыбыстардың түркi тiлi дауыссыздар жүйесiнiң алғашқы кезеңдерiнде-ақ қолданыста болғанын айғақтай түседi.

Анлаут жағдайда: pišin «обезъяна» Тал. ІІ, 1 (Аманж. І, 44): Otuz oγlan saγdïčlarï pičin elte, jegirmi «Отыз ұланның адал достары! Мешiн жылы, елде жиырмада (едi)» ~ қаз. mešin; Орх. purum «Рим» (ДТД, 62): Bökli čöllig il tabγač, tünüt, apar рurum, qïrïqaz ... bunča budun kelipen «Бөклi шөлiнiң елi, табғаш, тибет, авар, үрiм, қырық аз ... сонша халық келiп» КТү. 4 (Айд. I, 172) ~ қаз. ürim/urïm: Ұлын ұрымға, қызын қырымға жiберу; Орх. Pülijņe «антр. имя» (ДТД, 62). Зерттеушiлердiң көне түркi жазбаларында қатаң р дыбысы сөз басында мүлдем қолданылмайды деп көрсетуi [65, 81. 62, 31], ескерткiштер тiлiндегi анлаут позициядағы р дыбысын көрсететiн үш сөздiң екеуi шетелдiк ономастикон, ал рičin «мешiн» сөзiнiң таза түркiлiк табиғаты айқындалмағанына байланысты болса керек.

Ауслаут жағдайда: Орх., Е. ap(a) «отец, покровитель» Е. 18, 20, 39 (ДТД, 62) ~ ққалп., тат. башқ., ноғ., құм., қаз. ap(a) «мать, старшая сестра»; Орх. alp «крупный, богатырь» КТк. 6; КТү. 3, 40 (Айд. І, 206) ~ ноғ., ққалп., құм. alp, қаз. alïp: Алпамыс, алпамсадай. Алып анадан туады (мақал): Орх. ap(ar) «авары» КТү. 4 (Айд. І, 206) ~ қаз., ққалп., ноғ, тат., башқ. aυar; Орх. op(la) «атаковать» КТү. 32, 36, 42 (Айд. І, 216) ~ қаз. (op)rajtuw , op(ïruw); Орх. qop «много»: Аnča ičreki budun qop maņa körur «соның iшiндегi халықтың көбi маған бағынды» КТк. 2 (Айд. I, 168) ~ қаз., ққалп., ноғ. köp, тат., башқ. küp.

Ескерткiштер тiлiндегi анлаут р-ның өзгерiстерi өзiнiң қолданыс аясына сай бiр ғана сәйкестiктен көрiнедi. р ≈ m сәйкестiгi: pišin ≈ mešin, purum сөзiнiң қолданысынан анлаут р-ның протезалық сапасы аңғарылады, р ≈ ø: purum ~ urïm/ürim. С.Аманжолов қазақ тiлiнiң оңтүстiк говорларында p ≈ m, m ≈ p сәйкестiктерi iшiнара кездесiп қалатынын көрсетiп, бiрнеше мысалдар тiркейдi: пеш ≈ меш, қып(шабел) ≈ қым(шабел), маң(ай) ≈ паң(ай) т.б. (ВД, 318).

Көне түркiлiк ауслаут р қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi дербес моносиллабтар құрамында толық сақталған, морфема жiгiнде ұяңдануы байқалады.

p ≈ υ сәйкестiгi: ap(ar) этнонимi қазiргi қыпшақ тiлдерiнде υ тұлғасымен қалыптасқан: tüpüt, apar, nurum ... bunča budun kelipen «... авар, үрiм сонша халық келiп» КТү. 4 (Айд. I, 172) ~ қаз., ққалп., ноғ., тат. т.б. aυar. Авар этносының түркiлiк тегi жайлы пiкiрлер айтылып жүргендiктен авар этнонимiнiң де түркi лексикасына қатысы болуы мүмкiн.

р ≈ b сәйкестiгi: tüpüt онимiнен де көрiнедi: қаз, ққалп., ноғ., тат., т.б. tijbet. Кiрме сөздер құрамындағы р b, р υ сәйкестiктерi жалпытүркiлiк сөйлеу дәстүрiне байланысты қалыптасқан ерекшелiктер.

Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiндегi таза түркiлiк моносиллаб құрамындағы ауслаут р қазiргi қыпшақ тiлдерiнде қатаңдық сапасын толық сақтағанмен ескерткiштер тiлiнiң өз iшiнде ауслаут р, b тұлғалы түбiрлес моносиллабтар қатар қолданылады: qab «хватать», qab «мешок», qab(ïs) «присоединять», qab(ïs) «воевать» (ДТД, 49, 120) ~ qap(ïγ)/qap(ïγ) «ворота», qap(ar) «ворота» (ДТД, 50, 51). Бұл құбылыс қазiргi түркi тiлдерiнде морфема жiгiндегi қатаң р дыбысының өзгерiстерiнен кеңiнен орын алған.

b(б) фонемасы. Көне түркі тiлiнде анлаут b дыбысы жиі қолданылатын фонемалар қатарына жатады. Фонологиялық зерттеулерде b дауыссызы қатаң р фонемасының ұяңдануы нәтижесiнде баба түркi тiлi дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде қалыптасқан, кейiнгi құбылыс ретiнде қарастырылады [192, 182]. b ~ b/υ ~ w ~ m ерiндiк дауыссыздары аллофондар ретiнде қатаң р архетипiнен таратылады. Қазiргi түркi тiлдерiндегi анлаут р ~ b ~ m дыбыстарының фонологиялық мән жүктемей қолданылуы да түркi тiлдерi дамуының ең ежелгi кезеңiндегi бiр ғана ерiндiк қатаң фонемадан тұрған дауыссыздар жүйесiндегi аллофондардың фонематикалық тұрғыдан жiктелмеген кезеңiнiң iздерi ретiнде түсiндiрiледi [159,98]. Монғол тiлдерiнде де ерiндiк р ~ b ~ m коррелятивтерiнiң архетұлғасы ретiнде қатаң р аталады [224,70]. Сары ұйғыр тiлiнде қатаң анлаут р дыбысы (pisirten «от нас», pularte «у них») көне белгiлерге жатқызылады [225,205].

Жалпы түркi тiлдерiндегi p, b дыбыстарының тектес фонемалар екенi көптеген зерттеулер арқылы дәлелденген мәселе. Қазақ тiлiнiң өз iшiнде де анлаут p, b, m дыбыстарының фонологиялық мән арқаламай алмасуы жиi кездеседi: бiтiру ≈ пiтiру, байқау ≈ пайқау, болат ≈ полат, бұтақ ≈ пұтақ, марқас ≈ барқас, мекем ≈ бекем, мұрша, мұрсат ≈ бұршат, мәпелеу ≈ бәпелеу, пеш ≈ меш, маңай ≈ паңай т.б. (ВД, 318). Бұл жөнiнде С.Омарбеков «п, б дауыссыздарының түркi тiлдерiнiң дыбыстық жүйесiндегi фонологиялық қызметiнiң соншалық елеулi еместiгi, әрi олардың сөздiң барлық позициясында бiрiн-бiрi оңай алмастыруы сияқты белгiлерi – сөз жоқ, бұл дыбыстардың әуелде бiр фонемадан өрбiгендiгiнiң нышаны» [207,131] деп пайымдай отырып, аталған мәселедегi пiкiрталастың өзегi болып отырған «қай дыбыс түркi тiлдерi дыбыс жүйесiндегi алғашқы құбылыс» деген сұрақ төңiрегiнде ой өрбiтедi. Ғалымның көзқарасы бойынша «сөз басының қатаңдығы секiлдi сөз басы ұяңдығының да тамыры тым тереңде жатқандығы даусыз» [207,133] құбылыс. Түркi тiлдерi дауыссыздар жүйесiндегi анлаут дауыссыздардың бiрыңғай қатаңдығы жөнiндегi теория көпшiлiк ғалымдар тарапынан қолдау тапқанымен (А.М.Щербак, Н.З.Гаджиева, Ф.А.Абдуллаев т.б.), түркi тiлдерi дамуының алғашқы кезеңiнде-ақ қатаң, ұяңдар анлаут жағдайда қатар қолданылыста болғанын көрсететiн пiкiрлердiң де болғаны белгiлi (Х.Педерсен, В.М.Иллич-Свитич, О.Прицак, В.Томсен, В.В.Радлов т.б.). Соңғы бағыттың негiздiлiгiн қолдайтын зерттеушiлердiң бiрi Н.К.Дмитриев көне ұйғыр әлiпбиi негiзiнде қалыптасқан ескi монғол жазуында қатаң, ұяң дауыссыздар бiр ғана таңбамен белгiленгенiн, бұл дәстүр ортағасыр түрiк жазбаларында да жалғасқанын көрсетедi [226, 271].

Дыбыстық тiлдiң генезисi тұрғысынан, алғашқы түркiлердiң акустикалық-артикуляциялық мүмкiндiгi аясында қарастырғанда қатаң дауыссыздардың алғашқылығы жайлы гипотезалардың негiздi болуы да мүмкiн. Ал түркiлiк баба тiлмен (пратюркский) тiкелей хронологиялық жалғастықта қалыптасқан көне түркi тiлiнде анлаут b-ның айқын сақталуы (бұл жөнiнде ешқандай пiкiр қайшылығы жоқ) түркiлiк баба тiл дәуiрiнде-ақ анлаут b-ның белгiлерi болғанын аңғартады. Себебi өзара жалғасып жатқан хронологиялық кезеңдердi қамтитын бiр тiлдiң даму үрдiсiнде сабақтастықтың сақталмауы мүмкiн емес. Орта ғасыр түркi ескерткiштерi тiлiнде де анлаут b-ның қолданылғанын тiлдiк деректер толық қуаттайды. Сондықтан теориялық тұрғыдан билабиаль b дыбысының қатаң p фонемасынан қалыптасу мүмкiндiгiн қолдай отырып, анлаут b-ның түркi тiлдерi дамуының ерте кездерiнде p дыбысымен қатар қолданыста болғаны жайлы көзқарастардың негiздiлiгiн көрсеткiмiз келедi.

Анлаут жағдайда. Ескерткіштер тілінде ba «привязывать» Тон. 41 bag «родовое подразделение» Е. І, 27, 42, 49 (ДТД., 32) ~ қаз., ққалп. baw, baj(la), büw, ноғ., құм., қар. baυ, baj(laυ), buυ, тат., башқ. buw, baw, bäj(lä); Орх., Е. baj «богатый», Е. 39; КТк. 10, КТү. 16, 29 (Айд. І, 207) ~ ноғ., ққалп., башқ., құм., қаз. baj; Е. baq(ur)//bag(ïr) «медь, деньги» Е. 42, 49 (ДТД, 33) құм. baγïr, қаз., ққалп., ноғ. башқ., тат. baq(ïr);Орх. beg «бек» КТк. 1, 2, 10; КТү. 3, 19, 22, 48 (Айд. І, 208) ~ тат., ноғ., башқ., құм., қаз., қалп. бек; Орх. bu(qa) «бык» Тон., 6 (Айд. ІІ, 101) ~ тат., башқ. bu(qa), құм., қар. bu(ka); қаз., ққалп., ноғ. bu(qa); Орх. bol «быть» Тон. 31 (ДТД, 33); КТү. 11 (Айд. І, 209) ~ тат., башқ. bul; құм., ққалп., ноғ., қаз. bol; Орх., Е., Тал. ben «я» МЧ. ІҮ, 49 (ДТД, 33); Тон. 7 (Айд., II, 101) ~ ноғ., ққалп., қаз. men; тат., башқ. mijn; Е., Орх. ber «давать» Тон., 2 (Айд. ІІ, 101) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., қар., қыр. ber, тат., башқ. bijr; Орх., Е., Тал. bil «знать» КТү. 19, 21, 24 (Айд. ІІ, 203); Тон., 7 (Айд. ІІ, 105); bul(ga) «поднимать» МЧ ІІІ, 28 ~ тат., башқ. – bel; ноғ., құм., қалп., қаз. – bil; Е. bel «поясница» (Аманж. I, 49) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. bel, тат., башқ. bijl; Орх., Е bul(gak) «смятение, мятеж» КТк. 44 (ДТД, 35) ~ қаз. bïl(amïq) «жидкий суп из муки», bulγama «каша из толокна», bïlγa/bulγa «смешивать» (Құрыш., 102); Орх., Е., Тал. bun(ta) «здесь» КТК. 10, КТү. 20 (Айд. І, 210) ~ қаз. munda/mïnda, қар. muna, тат. monda, ққалп. mïnda, ноғ. munda; Орх., Е., Тал. buņ «печаль» Тон. 26, 48, 57; КЧ. 29, КТү. 3, 5, 8, Е. 6, 7 (ДТД, 35) ~ қаз., ққар., ноғ. muņ, тат., башқ. moņ; Орх. bïņ «тысяча» Тон. 16, 18; МЧ. І, 6; ІІ, 21, 23; ІІІ, 26; Е. 45 (ДТД, 36) ~ ноғ., қаз., ққалп. mïņ; тат., башқ. meņ; қар. miņ; Орх., Е. bin «седлать, садиться верхом» Тон. 25; Е. 41 (ДТД, 37) ~ қар., қаз. min; ноғ., ққалп. mijn; тат., башқ. men; Орх., Е., Тал. beš «пять» Е., 11; Ел. ІІ. қар., құм. beš; тат., башқ. bijš, ноғ., қаз., қалп. bes; Орх., Е., Тал. bir «один» КТү. 1, 6, 8; Тон. 4, 23, 24; МЧ. ІІ, 13, 17; Е. 15, 32 (ДТД, 39) ~ ноғ., құм., ққалп., қаз. bir; тат., башқ. ber.

Ауслаут жағдайда. Ескерткіштер тілінде ab «охота» КЧ. 9; Е. 41 (ДТД, 32) ~ құм., қар., ноғ. ; башқ., ққалп., қаз. aw; Орх., Е., Тал. eb «дом» Тон. 30; КТк. 41 (Айд. І, 210), КЧ. 20; МЧ. ІІ, 14, 24; Он. ІІ, 2, Т., ІІІ; Е, 2 (ДТД, 36) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ., қбалқ. üj, тат., башқ. uj; Орх. jab(uz) «дурной, плохой» КТү. 24, 26 (Айд. І, 211); МЧ. І, 11 (ДТД, 42) ~ тат. jaυ(ïz), қар. juυ(uz), башқ. jaw(ïz), ққалп., қаз. žaw(ïz); Орх. job(al) «испытывать, мучения» Тон. 26 (Айд. ІІ, 101) ~ тат. uυ(al); башқ. ub(al), қаз., ққалп. ob(al); Орх., Е. qab «хватать» МЧ. ІІ, 23 (ДТД, 49); Тон. 12, 20 qab(ïs) «қабыс, қабысу» (Айд. ІІ, 102) ~ тат. kap, қаз., ққалп., башқ. qap; Орх., Е., Тал. sub «вода» КТү. 10, 13 (Айд. І, 217) ~ қар., ноғ.suυ, ққалп. suu; тат., қаз. suw. Орх. sab/čab «слово, речь» Тон. 12 (Айд. ІІ, 102) ~ қаз. sap(taw); Орх. tab(ar) «имущество, добыча» МЧ. ІІІ, 29 (ДТД, 67) ~ қаз., ққалп. taw(ar), тат., ноғ., башқ., құм., қар. taυ(ar); Орх. ob(ut) «стыд» Тон. 37 (Айд. ІІ, 102) ~ қаз. uj(at), тат., башқ. oj(at).

b ≈ m сәйкестiгi. Көне түркi тiлiндегi анлаут b дыбысының қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiсi b ≈ m сәйкестiктiгi негiзiнде үш-төрт сөздi ғана қамтиды, басқа сөздердегi ұяң b өз сапасын сақтаған. ben ≈ men «я» (ДТД, 33): Bilig esi čab esi ben körtim «Бiлiк иесi, сөз иесi (деп )менi көрдi» Тон. 7 (Айд. II, 105) ~ қаз., ққалп., қар, құм., қбал., ноғ. men, тат., башқ. mijn; bïņ ≈ miņ «тысяча» (ДТД, 36): Cüsi üč bïņ ermis «Әскерi үш мың екен» Тон. 16 (Айд. II, 107) ~ қаз., ққалп., ноғ. mïņ, қар. miņ, тат., башқ. meņ; bin ≈ min «садиться верхом» «ДТД, 36»: Atüze bintüre qarïγ sökdim «Атқа қайта мiнiп қарды аршыдым» Тон. 25 (Айд. II, 109) ~ қаз., қырғ. min, ққалп., ноғ. mijn, башқ., тат. men; buņ ≈ muņ «печаль» (ДТД, 35): Buņadup qaγan jelü körtimis «Мұңайып қаған желе көр! - дедi» Тон. 26 (Айд. II, 109) ~ қаз., ққалп., ноғ. muņ, тат., башқ. moņ; beņ(gü) ≈ mäņ(gi) «вечно» (ДТД, 37): beņgü taš toqïtdïm «мәңгi тас тоқыттым (қалаттым)» КТк. 12 (Айд. I, 170) ~ қаз. mäņgi, ққалп. mäņ(gij), башқ. mäņ(ge). Ескерткiштер тiлiнде анлаут b ≈ m сәйкестiгiнiң қолданылуы аталған сәйкестiктi көне түркi және қыпшақ тiлдерiндегi ерекше дифференциал белгi ретiнде қарастыруға келмейдi, мысалы Орхон, Енисей ескерткiштерiнде кеңiнен қолданылған beņgü/beņkü «мәңгi» сөзiнiң meņkü Е. 39 (ДТД, 60) тұлғасы тiркелсе, Тониқук ескерткiшiндегi ben «мен» сөзi Бiлгеқаған, Мойун Чур, Күлтегiн және Енисей ескерткiштерiнiң кейбiрiнде men (ДТД, 60) түрiнде тұлғаланған. Бiр өңiрде орналасқан ескерткiштер тiлiнде анлаут m, b дыбыстарының фонологиялық мән жүктемей араласа қолданылуы, көне түркiлердiң сөйлеу тiлiнде де m-мен сөйлеу дәстүрi де b-мен сөйлеу дәстүрi де болғанын көрсетедi. Көне түркi әлiпбиiндегi b дыбысының тiгiнен орналасқан таңбасы m дыбысын белгiлейтiн көлденеңiнен орналасқан таңбаларына сәйкес келуi көк түркiлер тiлiндегi осы ерекшелiктi меңзеуi де мүмкiн.

Көне түркiлiк ауслаут b қазiргi қыпшақ тiлдерiнде бiршама өзгерiстерге түседi. b ≈ w сәйкестiгi. aw «охота» (ДТД, 32): Ab ablasar erim eli tegirti «Аң ауласа ерлердiң елi белсенiп шығар едi» КЧ. 9 (Сартқ. II, 232, 234) ~ қаз., башқ., тат., ққалп. aw. Бұл құбылыс қыпшақ тiлдерiн толық қамтымаған, мәселен, қыпшақ-ноғай топшасындағы ноғ. тiлiнде υ тұлғасымен сақталған. aυ(laυ) «ловля», aυ(as) «охота» (РНС, 287, 403). Қыпшақ-половец топшасында да осы тұлға қолданылады: қар. ; құм. аυ(ču) «охотник» (РКумС, 382). b ≈ υ сәйкестiгi қазiргi түркi тiлдерiнде комбинаторлық өзгерiстерге жататын әдеттегi құбылыс болғанымен «түркi тiлдерi дамуындағы w ≈ p ≈ b ≈ υ сәйкестiгiнiң белгiсi болуы мүмкiн» [227,11], Э.В.Севортян ab/aυ/aw моносиллабының «ау (аң, құс аулау)», «жабайы құс», «қуу», «қоршау», «қаумалау» т.б. мағыналарын көрсете отырып, aγïl «загон для скота» (ДТС, 18) ≈ awïl ≈ аυïl ≈ ajïl т.б. «ауыл» сөздерiнiң негiзi моносиллабымен бiрлiкте қарайды (ЭСТЯ. I, 64, 65, 83). Б.Сағындықұлы түркi тiлдерi дамуындағы у фонемасының төрт түрлi аллофондарын: таза у, дифтонг – ұу, үу, сонор у, ортағасырлық у (w) ажыратып, у ≈ у(тау) ≈ у(w) ≈ п ≈ б ≈ в сәйкестiктерiнiң архефонемасы ретiнде у дыбысын көрсетедi [151,37-38]. Көне түркi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтар құрамындағы ауслаут w, p, b, υ коррелятивтерiнiң w тұлғасы негiзiнен қыпшақ-ноғай топшасындағы тiлдерге тән.

b ≈ j сәйкестiгi: ob(ut) ≈ uj(at) «стыд»: Arïj obutï jig tidi «Таза ұят игi дедi» Тон. 37 (Айд. II, 111) ~ қаз., ққалп., ноғ. uj(at), тат., башқ. oj(at). Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi b ≈ j сәйкестiгi eb ≈ üj «үй» лексемасынан да көрiнiс бередi. Ауслаут b ≈ j сәйкестiгi түркi тiлдерi фонологиялық жүйесiндегi шешiмi табылмаған күрделi құбылыстар қатарына жатады [195,184].

m(м) фонемасы. Ерiннiң бiр-бiрiмен жабысуынан жасалатын имплозивтi мұрын жолды сонор не сонант фонема m [204,46] ескерткiштер тiлiндегi моносиллабтар құрамында анлаут жағдайда да, ауслаут позицияда да қолданыла бередi. Фонологиялық еңбектерде m дыбысын p/b дыбыстарымен сабақтастыра қарастыратыны белгiлi [159,98]. Б.Сағындықұлы m дыбысы тiкелей b, p дыбыстарынан емес, аралық n дыбысы арқылы қалыптасқанын көрсетедi. Яғни «б, п фонемаларының н дыбысымен комбинаторлық, позициялық тығыз байланыста болғандығынан м аллофоны тiлдiк өмiрге келген» [151,50]. Ғалым пiкiрi моносиллабтар соңындағы немесе морфема жiгiндегi құбылыстарға негiзделген, мысалы: сен+бе → сембе. Ал анлаут жағдайдағы b ≈ m сәйкестiгiнде жанама ықпал байқалмайды. Моносиллабтық деңгейдегi анлаут m дыбысының қалыптасуы мен ауслаут m фонемасының қалыптасуында өзiндiк тарихи ерекшелiктерi бар екенi аңғарылады. Ескерткіштер тіліндегі моносиллабтар құрамында анлаут m сирек кездессе, ауслаут m дыбысы бiршама жиi қолданылады.

Анлаут жағдайда. Орх., Е. men «я» КТк. 11; КТү. 9 (Айд. І, 216); men(iņ) «мой, моя» КТк. 11; maņa «мне» КТк. 11 (Айд. І, 216); қаз., қар., ноғ., ққалп. men; тат., башқ. mijn.

Ауслаут жағдайда. Орх., Е. qum «песок» МЧ. І, 8; Тон. 7 (ДТД, 52) ~ ноғ., ққалп., қар., қаз. qum; Орх. tem(ir) «железо» ~ КТк. 4; КТү. 2, 17, 39 (Айд. І., 219) ~ тат., башқ. tijmer; ноғ., ққалп. temijr; қаз., қар. temir; Орх. tum(us) «закрыть» Тон. 23 (Айд. ІІ, 102) ~ қаз. tum(šalaw) «закрыть»; Орх., Е. Ұm(aj) «Умай» КТү. 31 (Айд. І, 221); Е., 28 (ДТД, 76) ~ Ұмай/Май; Орх., Е. em(ti)/аm(tï) «теперь» КТк. 3, 11, 13; КТү. 9 (Айд. І., 206); Е. 47; БҚ. І; em Тал. ҮІІІ (ДТД, 60) ~ қаз. endi; Орх. em(gek) «мучение, трудность» КТү. 19 (Айд. І, 210) ~ қаз. eņ(bek); Орх., Е., Тал. qam(a) «окружить» КТк. 43 (Айд. І, 213) ~ қаз. qama; Орх., Е. kim «кто?» КТү. 9, 22 (ДТД, 55) ~ тат., башқ. kem; қар., қаз. kim; ноғ., ққалп. kijm; Орх., Е. tam(γa) «тамга, клеймо» КТү. 53; Е., 51 (ДТД, 70) ~ қаз. taņ(ba); ққалп., ноғ. tam(γa). Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiндегi m дыбысы қазiргi қыпшақ тiлдерiмен бiр ғана сәйкестiк түзедi.

m ≈ ņ сәйкестiгi. Дауыссыз m дыбысының ņ фонемасына өзгеруi моносиллаб соңында бiр сөзде ғана кездеседi, басқа сөздерде m сақталған. tam(γa) ≈ taņ(ba) «тамга, клеймо» (ДТД, 70): türgis qaγanta Maqrač tamγačï, Oγuz Bilge tamγačï kelti «Түргеш қағаннан Мақраш таңбашы, оғыз Бiлге таңбашы келдi» КТү., 53 (Айд. I, 182) ~ қаз. taņ(ba). Ауслаут позициядағы m ≈ ņ сәйкестiгi қыпшақ тiлдерiн толық қамтыған құбылыс емес, ноғ., ққалп. tam(γa).

N(н), ņ(ң) фонемалары. Тiл алды n сонанты жалпы түркi тiлдерi бойынша сөз басында сирек қолданылатын фонема. Ескерткiштер тiлiндегi n дыбысының қатты айтылатын (ne «не?», neke? «не үшiн») және жұмсақ айтылатын (qanï «қайда», jana «және», altun «алтын») түрлерi ажыратылады [192,322-21]. Дауыссыздардың ауслаут жағдайда екпiндi, екпiнсiз айтылуы экспрессивтiк реңкке байланысты өзгере беретiнi барлық тiлдерге тән құбылыс болғандықтан бiр фонеманы екiге жiктеудiң ретi жоқ сияқты. С.Е.Малов ауслаут n-дi кейiнгi құбылыс ретiнде қарастырса [9,52], А.М.Щербак түкiлiк тектiлде n дыбысы сөз ортасында және сөз соңында ғана қолданылғанын көрсетедi, ғалымның пiкiрiнше ņ дыбысы n дыбысынан дамыған кейiнгi құбылыс [161,77,78]. Н.А.Баскаков n фонемасының қалыптасуы түркi тiлдерi консонатизмдер жүйесi дамуының екiншi кезеңiне сәйкес келетiнiн, аталған кезең сонор n дыбысы мен спирант с дыбыстарының қалыптасуымен ерекшеленетiнiн айтады [162,101-102]. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiнде анлаут n(н) сирек кездеседi.

Анлаут жағдайда. Орх., Е., Тал. ne «что?» КТү. 9; Тон. 14 (Айд. І, 216); (Айд. ІІ, 102); ~ ноғ., қар., қарқ., қаз. ne; тат., башқ. nij; neke «почему, для чего?» Тон. 30, 38, 39 (Айд. ІІ, 102) ~ қаз., ққалп., ноғ. nege; башқ. nijņa; Ауслаут жағдайда. Орх., Е. an(ï) «это» Е. 25 ~ қаз., ноғ., ққалп. оnï; an(ta) «там, тогда, затем» Он. І; МЧ. І, 2, 3, 4; Тон. 6, 12, 16, 21; БҚ. 24, 25, 26 (ДТД, 61), an(da) «тогда, затем» КЧ. 19 (ДТД, 61) ~ қаз., ққалп. on(da)/an(da); қар. an(da); an(tag) «такой» Тон. 9, 29, аn(čïp) «так» Тал. ҮІІ, 2 (ДТД, 61) ~ қаз., ққалп. on(daj), an(daj) – mundaj; Орх. an(čula) «присваивать звание» МЧ. ІІІ, 26; КТү. 32, 34, 35 (Айд. І, 206) ~ қаз. en(šile), Орх. in «спускаться вниз» КТү. 12 (Айд. І, 222) ~ қар., қаз. en; тат. ijn/ijņ; құм. эn; Орх. bin «садиться верхом» Тон. 25; КТү. 32, 34, 43 (Айд. І, 208) Е. 41; bïn КЧ. 15 ~ қаз., қар. min, ноғ., ққалп. mijn; тат., башқ. men; Орх. bun(ča) «столько» КТк. 4; КТү. 4, 10, 14 (Айд. І, 209) ~ МЧ. ІІІ, 39, БҚ. 2; КЧ. 12, 27 (ДТД, 35) ~ қаз., ққалп. mun(ša), ауызекі bun(ša); bun(ta) «здесь» КТк. 10; КТү. 20 (Айд. І, 210) ~ қаз. mun(da), ауызекі bun(da); Орх. jan «возврашаться» КТү. 21, 27, 38 (Айд. І, 211), МЧ. І, 7, ІІ, 17, 19, Тон. 2, 28, КЧ. 19, 20 (ДТД, 43); Орх. jan «побеждать» КТү. 34 (Айд. І, 211) Он. І, 1 (ДТД, 42) ~ қаз., ққалп. žeņ; тат. jeņ; башқ. ; Орх., Е. jan(a) «и, еще» КТү. 10, 20, 23, 28 (Айд. І, 211) ~ қар. jan(a); тат. jan(ä); башқ. jän(ä); ноғ. – jan(a); қаз., ққалп. žän(e); Орх., Е., Тал. qan «кровь» Тон. 52 (Айд. ІІ, 113) ~ қаз., ноғ., қар., ққалп., башқ., тат. qan; Орх., Е. qon «жить, обитать, ночевать» КТк. 5, 6; КТү. 2 (Айд. І, 214) ~ тат., ноғ., қаз. qon; башқ. qun; Орх., Е., Тал. on «десять» КТү. 19, 47 (Айд. І, 216) ~ қаз., ққалп., ноғ. on, башқ., тат. un; Орх., Е., Тал. sen «ты» КТү. 8; МЧ. ІІ, 17 (ДТД, 65) ~ тат. sijn; башқ. hijn; қар., ноғ., ққалп., қаз. sen; Орх., Е., Тал. ton «одежда, шуба» КТү. 26, 29 (Айд. І, 219) ~ қаз., ноғ., ққалп. ton; башқ. tun; Орх., Е. tün «ночь» КТк. 2, 6; КТү. 26 (Айд. І, 220) ~ тат., башқ. tön; қаз., ноғ., ққалп. tün; Орх., Е., Тал. in(i) «младший брат» КТк. 1; КТү. 3, 4, 5, 6 (Айд. І, 222) ~ қаз., тат.,башқ. in(i), құм., ққалп. ijn(i). Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi анлаут n қазiргi қыпшақ тiлдерiнде өзгерiссiз сақталған. Ауслаут жағдайда ņ дыбысына ауысуы байқалады.

n ≈ ņ сәйкестiгi: jan ≈ jeņ/žеņ «побеждать» (ДТД, 42): Anï janïp, Türgi jarγun költe buzdimïz «Оны жеңiп, Түргi Иарғын көлiнде талқандадық» КТү. 34 (Айд. I, 178) ~ қаз., ққалп. žеņ, тат. jeņ, башқ. еņ. Имплозивтiк мұрын жолды сонор фонемалар n, ņ [204,41,61] дыбыстарының жасалу жолдары өте ұқсас [208,70] болғандықтан ауслаут жағдайда өзара ауысуы табиғи заңдылық. Қазақ тiлi диалектiлерiнде де сөз соңындағы ņ ≈ n сәйкестiгi кездеседi: өлең ≈ өлен, көбең ≈ көбен, қалың ≈ қалын, ертең ≈ ертен (ВД, 318). Тарихи сөзжасам жүйесiнде n ≈ ņ сәйкестiгi фонетикалық сөзжасам қалыбы ретiнде қарастырылады [156,160]. Жалпы түркi тiлдерi бойынша ņ дыбысының басты ерекшелiгi тек сөз ортасында және сөз соңында дауыстыдан кейiн ғана қолданылуымен сипатталады [192,338]. Ескерткiштер тiлiнде де ņ дыбысы осы қасиетiн сақтаған.

Ауслаут жағдайда. Орх., Е. «ум» Тон. 34 (ДТД, 62); aņ(la) Е, 38, aņ(aj) «сознание»; aņ(jïγ) «дурной» (ДТД, 62) ~ тат., қар. aņ(la); ноғ., ққалп. aņ(la); башқ. aņ(na); қаз. aņ(γar); Орх., Е. «самый» КТү. 32, 44 (Айд. І, 210) ~ қаз. ; Орх., Е. «добыча» Чар., 2 (ДТД, 62) ~ қаз., ққалп. «зверь»; Е. aņ(ïz) «поле» Е. 48 (ДТД, 62) ~ қаз. aņïz; Орх. küņ «рабыня» КТү. 7, 13, 20 (Айд. І, 216), МЧ. ІІ, 13; ІІІ, 33 (ДТД., 56) ~ қаз. küņ; Орх. sin(li) «сестра» КТү. 20 (Айд. І., 217) ~ башқ. heņ(li); қаз., ққалп. siņ(li), ноғ. seņ(li); Орх., Е. seņ(ük) «кость» КТү. 24 (Айд. І, 217) ~ башқ. höj(äk), ноғ. suυ(ek), ққалп., қаз. süj(ek), тат. söj(äk), қар. suυ(aq); Орх., Е. tïņ(la) «слушать» КТк. 2 (Айд. І, 221) ~ қаз. tïņ(da)/tïņ(la); ққалп., ноғ. tïņ(la). Ескерткiштер тiлiндегi моносиллабтар соңындағы ņ дыбысының қыпшақ тiлдерiнде өзгеруi бiр сөздiң құрамында ғана кездеседi, басқа сөздерде толық сақталған.

ņ ≈ j ≈ υ сәйкестiгi. *süņ/*seņ ≈ *süj ≈ suυ → süņ(uk)/seņ(ük) ≈ süj(ek) ≈ suυ(aq) «кость» (ДТД, 66): qanïņ subča jügürti, süņüküņ taγča jatdï «Қаның судай ақты, сүйегiң таудай болып жатты» КТү. 24 (Айд. I, 176) ~ қаз., ққалп. süj(ek), тат. söj(äk) (ТРС, 502), ноғ. süυ(ek) (РНС, 268), құм. sijuek (РКС, 355). ņ ≈ j сәйкестiгiн түзетiн түбiрлес сөздерден мағыналық дербестiктi де аңғаруға болады. Орхон ескерткiштерi тiлiндегi süņ(ug) «копье» (ДТД, 66): Süņüglig qantan kelipen süre eltdi «Сүңгiлi қайдан келiп түре қуды» КТү. 23 (Айд. I, 176) сөзi қазақ тiлiнде süņ(gi) түрiнде моносиллабтық негiздi сақтай отырып қолданылады. Осы сөзбен түбiрлес süj(men) лексемасы бар: сүймен «қатқан жердi, мұзды оятын ауыр және ұшты сом темiр, лом», «балық аулауда қолданатын темiр үштi таяқ» (ҚТТС ҮIII, 410); татар тiлiнде söjmän «вид лома» (ТРС, 500). Қазақ тiлiнде сүңгi сөзiнiң де ортақ мазмұнға негiзделген бiрнеше мағынасы белгiлi: «бiрнеше қырлы, ұшы үшкiр, темiрден, болаттан жасалған ағаш сапты қару», «бiр нәрседен (шатырдан, қораның төбесiнен т.б.) сүйiрленiп мұз болып қатқан тамшы», «тереңге бойлап, су iшiнде көрiнбей жүзу» (ҚТТС ҮIII, 423). Ә.Қайдар *сүй моносиллабының «нечто пробивающее, колющее, продолговатое с острым концом» мағыналарын, *сүң моносиллабының «нечто проникающее, пробивающее что-л.» мағыналарын көрсете отырып, сүймен, сүйрiк, сүйiр сөздерiн *сүй тұлғасынан, сүңгi сөзiн жоғарыда көрсетiлген үш мағынасымен бiрге *сүң моносиллабынан таратады [145,276]. *сүй-*сүң моносиллабтарында сақталған ортақ мазмұн олардың гомогендi негiздер екенiн анық аңғартады, iлкi түбiрi *sü, моносиллаб соңындағы j және ņ дыбыстарынан сөз мағынасын даралап, нақтылай түсетiн идеялық реңк байқалады.