- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
l(л) фонемасы. Тiл алды альвеолға бiр тегiс тиюден жасалатын ауыз жолды, латераль сонор фонема l [204,49] түркiлiк төл сөздердiң басында өте сирек қолданылады, бiршама жиi қолданысы елiктеуiштер мен бейнелеуiш сөздер құрамын қамтиды. Н.А.Баскаковтың пiкiрiнше ауслаут l дыбысы алғашқы құбылыс, ғалым сөз соңындағы l-дiң қалыптасуы алтайлыққа дейiнгi кезеңге сәйкес келетiнiн айтады [159,78]. Имитативтер жүйесiнен орын алуы анлаут l-дiң адамзаттық тiлдiк қарым-қатынастың алғашқы кезеңдерiнен белгi беретiн күрделi табиғатын танытады. Анлаут l дыбысының қыпшақ тобындағы тiлдерге тән басты ерекшелiгi протезалық дауыстылармен айтылуы [192,347].
Анлаут жағдайда. Ескерткiштер тiлiнде сөз басы l фонемасы үш сөзде ғана кездеседi, оның екеуi қытай антропонимдерi lüsün taj seņün «имя» (ДТД, 60); likeņ «кiсi аты» (Айд. I, 216): tabγač qaγanta isiji likeņ kelti «Табғаш қағанынан iсйi Лiкең келдi» КТү. 52; Онгин жазбаларында lüj «дракон» (ДТД, 60) лексемасы қолданылған: üze teņri qan lüj jïlqa jetinč aj küčlüg alp qaγanïmda adïrlu bardïņïz «Мәртебелi Тәңiр хан ұлу жылдың жетiншi айында құдiреттi алып қағанымыздан айырылып кете бердiңiз» Он. II, 4 (Сартқ. II, 143, 145) ~ қаз. uluw, қар., ққалп. uluυ. uluw лексемасын қытай, тибет тiлдерiнен енген кiрме элемент ретiнде қарастырушы пiкiрлер бар [162,129]. Э.В.Севортян түркi тiлдерiндегi uluυ/uluw тұлғасы тибет тiлiндегi klu сөзiнен гөрi lu лексемасына жақын екенiн көрсетедi. (ЭСТЯ I, 591). Синхронды тұрғыдан қарағанда көне түркiлiк lüj сөзiнiң қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi қолданысынан да анлаут l-дiң протезалық дыбысты қабылдау мүмкiндiгi аңғарылатын сияқты. Диахронды негiзде алсақ, lüj *ul моносиллабынан туындаған, u протезалық дыбыс емес, жалпы түркiлiк *ul ≈ *ül → ulï/ulïγ/ulγaj/ulas ≈ ülken моносиллабының негiзгi құрамындағы редукцияға ұшыраған дыбыс.
Ауслаут жағдайда: Орх. al «брать» КТк. 7, 9; КТү. 3, 6, 8; ~ тат., ноғ., құм., башқ., қаз. al; Орх., Е. al(tun) «золото» КТк. 5; КТү. 52 ~ қар., башқ., ноғ., тат., құм., қаз. al(tïn): Орх., Е., Тал. al(tï) «шесть» КТү. 31, 34, 45 ~ қаз., ққалп., тат., құм., қар., ноғ., башқ. al(tï); Орх., Е. bal(ïq) «город» КТү. 12, 44, 48 (Айд. І, 207) ~ құм., тат. bal(čïq); қар. bal(čïx); башқ. bal(sïq); ноғ., ққалп., қаз. bal(šïq) «грязь, глина»; Орх., Е., Тал. bil «знать» КТк. 7, 11, 12; КТү. 19, 21, 24 (Айд. І, 208) ~ құм., ноғ., қаз., ққалп. bil; тат., башқ. bel; Орх., Е., Тал. bol «быть» КТү. 4, 5, 9, 12 (Айд. І, 209) ~ тат., башқ. bul; ноғ., қаз., ққалп., құм. bol; Орх., Е. bul(uņ) «сторона мира» КТү. 2, 29; Е. 31 (ДТД, 35) ~ қаз. bur(ïš); Е., Орх. bul(γaq) «смятение, мятеж» КТү. 44; БҚ. 29 (ДТД, 35) ~ қаз. bul(γaq); Орх., Е. bul(t) «облако, туча» КТү. 53 (Айд. І, 209) ~ башқ. bol(ot); ноғ., ққалп. bul(ït); қаз. bult; тат. bol(ït); Тал., Орх., Е. el/il «народ, страна» МЧ. І, 2, ІІІ, 34, ОН. І, 1, КЧ. 3, Е. 2, 3, 26 (ДТД, 60); КТү. 3, 13, 23 (Айд. І, 210) ~ қаз., құм., қар., ққалп. el, тат., башқ. ijl, қырғ. эl; Орх., Е., Тал. el(ig) «рука» КТү. 32 (Айд. І, 210) ~ қаз. el(i): бір елі, екі елі, үш елі, т.б. Орх. el(t) «вести, водить» КТү. 23; ~ қар. el(t); құм. эl(t); тат. ijl(tü); башқ. ijl(tew), қаз. el(t): күнелт «Күн өткізу» (Құр., 11); Орх., Е., Тал. jïl «год» КТү. 7, 8, 44 (Айд. І, 213); БҚ. 27, 30; Он. ІІ, 4 (ДТД, 48) ~ қаз., ққалп. žïl; башқ., ноғ., қар., құм. – jïl; Орх., Е., Тал. qal «оставаться» КТк. 9; КТү. 20, 49; Тон. 13 (ДТД, 50) ~ ноғ., ққалп., қаз., башқ., тат., құм. qal; Орх., Е. qul «раб» КТү. 7, 13, 21 (Айд. І, 214); МЧ. ІІ, 13; Е. 32, 44 (ДТД, 52) ~ қар., ноғ., ққалп., қаз., құм. qul, башқ., тат. qol; Орх., Е. qïl «делать» КТк. 10, КТү. 1, 16, 27, Тал. І, Он. ІІ, 2 (ДТД, 50) ~ қаз., қар., ққалп., құм. qïl; Е., Орх., Тал. kel «приходить, прийти» КТк. 11, Тон. 15 (ДТД, 55) ~ тат., башқ. kijl; ноғ., қаз., ққалп. kel; құм. gel; Орх., Е. köl «озеро» КТү. 34, 42 (Айд. І, 215) ~ құм. kijöl, қар., қаз., ноғ., ққалп. köl; тат., башқ. kül; Орх., Е., Тал. ol(ur)/ol(tur) «сидеть» КТк. 14, 8; КТү. 1, 3, 5 (Айд. І, 216) ~ қар. ol(tur); ноғ. ol(tïr); башқ. ul(tïr); тат. u(tïr); ққалп., қаз. o(tïr); Орх., Е., Тал. öl «умереть» КТк. 6, 7, 8, КТү. 10, 19, 20 (Айд. І, 217) ~ қар., ноғ., ққалп., қаз. öl; тат., башқ. ül; Орх., Е. sil(ik) «красивый, чистый» КТү. 7, 24, 33 (Айд. І, 217) ~ қаз. sul(uw); ноғ. sïl(uw); башқ. hïl(ïw); Орх. tal(uj) «море» КТү. 3 (Айд. І, 218) ~ қаз. tel(egej): телегей теңіз; Орх., Е., Тал. ul(uγ) «большой, великий» КТү. 34; ~ башқ. оl(o): оло(тай) «дедушка» (БРРБУС, 50), тат. olï/olu; ққалп. ul(lï); қаз. ulï/ulïγ; Орх., Е. ul(γaj) «увеличивать, умножить»; ul(a) «продолжать дело, связывать, соединить» КТк. 1, КТү. 51 (Айд. І, 221) ~ қаз. ul(as); тат. ol(γaš); ққалп. ul(as); Орх. ul(us) «страна, область» КТү. 52 (Айд. І, 221) ~ қаз. ul(ïs); Орх. ül(esik)//ul(ug) «доля» КТк. 2; КТү. 29 (Айд. І, 221). Тон. 4 (ДТД, 78) ~ ққалп., қаз. ül(es); тат. öl(äš); башқ. öl(öš); ноғ. öl(es); Орх., Е. il(gerü) «вперед на восток» КТк. 2, 3, КТү. 2, 8, 12 (Айд. І, 222), МЧ. ІІ, 20 (ДТД, 83) ~ қаз. il(geri); Орх., Е. il(ki) «первый» КТү. 32, 44 (Айд. І, 222), БҚ. 32 (ДТД, 83) ~ қаз. il(ki); Орх., Е. čol «пустыня» КТк. 4 (Айд. І, 223); Тон. 23 (ДТД, 81) ~ қаз., ққалп., ноғ. söl.
Қыпшақ тiлдерiнде моносиллабтар соңындағы көне түркiлiк l дыбысы екi сөзде ғана өзгерiске түскен, басқа сөздерде толық сақталған.
l ≈ t сәйкестiгi. ол(ur) ≈ ot(ur) «сидеть» (ДТД, 126). Түркi тiлдерiнде otïr/odir/olur/oltur т.б. түрiнде қолданыла беретiн «отыр» мәнiн беретiн етiстiк ескерткiштер тiлiнде olur тұлғасымен сақталған: neņ jïlsïγ budunqa olurmadïm «Ең болмаса, бай халыққа отырмадым» КТү. 26 (Айд. I, 179) ~ қаз., ққал. otïr, тат. ūtïr, башқ. utïr/ultïr, қар., қырғ. otur, құм. oltur, ноғ. oltïr. Қыпшақ тiлдерiнде көнетүркiлiк l тұлғасы мен t тұлғасы қатар қолданылады. Э.В.Севортян «Глагол otur восходит к более старой форме oltur через ottur и далее к ol» (ЭСТЯ I, 491) деген пiкiрi арқылы етiстiктiң археформасы ol моносиллабы екенiн көрсетедi. Демек қыпшақ тiлдерiндегi otur/otïr лексемаларының бастапқы тұлғасы ottïr/ottur, екiншi буын басындағы t дыбысы элизияға ұшыраған. *ol, *ot моносиллабтары l ≈ t сәйкестiгiн түзiп тұр. Түркi тiлдерiндегi orun «место, трон, престол» (ДТС, 372): қаз., ноғ., ққалп., қар. orïn, құм., қбалқ., қырғ. orun, тат., башқ. urïn лексемасы құрамындағы *or/*ur моносиллабының мәнi арқылы *ol, *ot, *or моносиллабтарының әрi етiстiк, әрi есiм мәндi ортақ мазмұнға негiзделген гомогендi синкретизмдер екенiне толық көз жеткiзуге болады. Түркi тiлдерiнде t ≈ l сәйкестiгiнiң семантикалық қасиетi көптеген еңбектерден белгiлi [2,77. 137,176. 228,82. 146,100. 156,157].
l ≈ r сәйкестiгi. bul(uņ) ~ bur(ïš): tört bulundagï budïnïγ qop baz qïltim «Төрт бұрыштағы халықты көп бейбiт еттiм» КТү. 30 (Айд. I, 177) ~ қаз. burïš: дүниенiң төртбұрышы. *bul ≈ *bur моносиллабтарының ортақ негiзi *bu тұлғасы. Түркi тiлдерiндегi l ≈ r сәйкестiгi түбiрлес сөздерде фонологиялық мән жүктемей де, семантикалық реңк арқалап та қолданылуы сирек те болса кездеседi: ül(ker) ≈ ür(ker) «плеяды» (ДТС, 625), қаз., ққалп. ül(ker), башқ. ül(kär), қырғ. ür(kör). ül(ker), ür(ker) лексемаларының түбiрi *ül/*ür моносиллабтары (ЭСТЯ I, 630, 634).
el(t) ≈ er(t) «ерту, iлестiру, жеткiзу». Ескерткiштер тiлiндегi elt «вести, уводить» (ДТД, 60) қазiргi қыпшақ тiлдерiнде ert/ijrt тұлғаларымен қатар eltuw/ijltuw, elijun, ijligü «елiгу, елiктiру» сөздерi қолданыста, түрiкмен тiлi диалектiлерiнде elt, ert «доставлять» [192,349] тұлғаларының екеуi қатар кездесуi, аталған тұлғалардың түбiрлестiгiн көрсетедi; ar(mut)/ar(murt) ≈ al(murt) «алмұрт», armut «груша» (ДТС, 53); Аталған сәйкестiк жеке бiр тiл iшiнде де ұшырасады, қазақ тiлiнде: *бұл ≈ *бұр: бұлқан-талқан ≈ бұрқан-талқан, *бол ≈ *бор: болпылдау ≈ борпылдау, *жал ≈ *жар: жалын ≈ жарық; қол ≈ қар: қолым талды ≈ қарым талды; сыл ≈ сыр: сылып алып тастау ≈ сырып алып тастау т.б. Сонант l дыбысының ауызекi тiлде элизияға ұшырауы кездеседi, бұл құбылыс моносиллаб етiстiктерге грамматикалық форманттар жалғану нәтижесiнде iске асады. О.Нақысбеков оңтүстiк қазақтары тiлiнде шартты рай, бұйрық райдың үшiншi жағы, көсемше, болымсыз етiстiк қосымшалары жалғанған кезде ауслаут l-дiң түсiп қалуын көрсетедi [229,58].
Зерттеушiлер морфема жiгiндегi l ≈ r сәйкестiгiн бiрiншi морфема соңындағы l-ға екiншi морфема басындағы r-дiң әсерi арқылы түсiндiредi: qolromal ≈ qoromal «носовой платок» [192,349]. Мұндай тұжырым дербес лексема деңгейiндегi моносиллабтар соңындағы өзгерiстi түсiндiре алмайды.
l ≈ r сәйкестiгiнiң залал ≈ зарар «зиян» жұбы тәрiздi кiрме элементтердi де қамтуы аталған құбылыстың түркi тiлдерi қалыптасуымен бiте қайнасқан төл ерекшелiк екенiн бiлдiредi.
r(р) фонемасы. Артикуляциялық ерекшелiктерi бойынша күрделi дыбысқа жататын r фонемасының ауслаут жағдайда қолданылуы алтай дәуiрiне дейiнгi кезеңде-ақ қалыптасқан құбылысқа жатады [159,78]. Түркi тiлдерi бойынша бiрде ұяң [210,183], бiрде үндi [204,50] дыбыстар қатарына жатқызылып жүрген r фонемасы ескерткiштер тiлiндегi қолданысына қарай екпiндi (қатты), екпiнсiз (жұмсақ) болып екi типке бөлiнедi [192,361]. Көне түркiлiк r дыбысын жiктеуде оның тiл арты дауыстыларынан кейiн және (bar «бар») тiл алды дауыстыларынан кейiн (bir «бiр») келуi негiзге алынады. Көне түркi жазба ескерткiштерiнде анлаут r қолданылмайды. Кули Чор жазбасында r-мен басталып таңбаланған сөздiң оқылуы мен аударылуы әлi де даулы мәселе. С.Е.Малов осы сөз кездесетiн сөйлемдi ab ablasar r2m2lä teg erti КЧ. 9 түрiнде транскрипциялап, «он охотился на дикое животное?» деп аударады [38,102], автор сұрақ белгiсiн қою арқылы өзi де күмәндi екенiн бiлдiрген. Қ.Сартқожаұлы осы сөйлемдi Ab ablasar erim eli tegirti түрiнде транскрипциялайды, аудармасын «Аң ауласа сарбаздардың елi белсенiп шығар едi» түрiнде бередi [8,232-234]. К.М.Мұсаев С.Е.Маловтың транскрипциясы бойынша r2m2lä сөзi Византия (Рим) болып аударылуы қажеттiгiн көрсете отырып «... можно интерпретировать как: «он охотился до Византии», подчеркивая этим обширность принадлежащей Кули Чуру территории» деген ой айтады [196,361]. Сөйлемде қолданылған r2m2lä сөзiнен басқа лексемалардың бәрiнiң мағынасы айқындалған сөздер: Ab «охота» (ДТС, 2) «охота (на зверей, дичь)» (ЭСТЯ I, 62); teg «до» (ДТС, 546), «доходить, касаться» (ДТД, 71), erti «едi» (Айд. II, 100). Бiздiң ойымызша ғалымның пiкiрi негiздi, сөйлемнiң тұлғасы да контекстегi мазмұны да «Аң ауласа Үрiм (Рим) елiне дейiн жетер едi» сөйлемiне сәйкес келедi. Түркi халықтары Византия елiмен де қарым-қатынас орнатқаны жайлы дерек Күлтегiн ескерткiшiнде де сақталған КТү. 4. Қазақ тiлiнде Ұлын ұрымға, қызын Қырымға оралымының сақталуы да осы қарым-қатынастың дәлелi. Дауыссыз r дыбысының анлаут позицияда қолданылуы жалпы алтай тiлдерiнде сирек, негiзгi қолданыс аясы бiрiншi буынның инлаут, ауслаут позициялары немесе екiншi, үшiншi буынның барлық шенiн қамтиды. Сонант r фонемасының басты қасиетi ретiнде аталатын протезалық, эпентезалық дыбыс қабылдау сапасы кiрме элементтерден айқын аңғарылады. Монғол тiлдерiндегi r дыбысы қабылдайтын протезалар қысаң i, u дауыстылары болса, эпентезалар қатарында е, о дыбыстары аталады [224,96]. Түркi тiлдерiнде де r тұлғалы сөздердiң протезалық дыбыстармен айтылуы басқа тiлден енген сөздерден анық ажыратылғанымен, түркiлiк төл сөздердегi анлаут ерiндiктер u, ü, қысаң i, ï, e дыбыстарын протеза ретiнде қабылдауға болмайды. Мысалы, ор, өр, ұр, iр(i), ер т.б. сөздердегi анлаут дауыстылар моносиллабтардың негiзгi сұлбасын құрайды.
Көне түркi әлiпбиiнде r, l, n үндiлерiнiң t, č қатаң дауыссыздарымен тiркесiнiң арнайы таңбалармен кескiнделуi де түркi тiлiндегi r, l, n дыбыстарының анлаут позицияда қолданылмауына байланысты болуы да ықтимал.
Инлаут жағдайда: Орх. ürk «пугаться» (ДТД, 79) ~ қаз., ққалп. ürk, башқ., тат. örk; Орх. ört «пожар» (ДТД, 79) ~ қаз., ққалп., ноғ. ört, тат., башқ. ürt.
Ауслаут жағдайда: Орх., Е. bar «есть, имеется» (ДТД, 33) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., тат., башқ. bar; Орх. bur/bor «вино» (ДТД, 35) ~ е. қып. bor «вино», bor buza «напиток» (Құрыш., 100) ~ қаз. boza; Орх., Е. bir «один» (ДТД, 37) ~ қаз., ноғ., құм., ққалп. bir, тат., башқ. ber; Орх., Е. ber «давать» (ДТД, 37) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., қар. ber, тат., башқ. bijr; Е. kör(k) «красота», kör(tle) «красивый» (ДТД, 56) ~ қаз. kör(ik), kör(ikti); Орх., Е. kör «видеть, смотреть» (ДТД, 58) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. kör, тат., башқ. kür; Орх., Е. ar(a) «промежуток, между» (ДТД, 62) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., башқ., тат. ar(a); Орх. ar(ï) «ослаблеть», arï(k) «худой», arï «быть чистым» (ДТД, 63) ~ қаз., құм., тат., ноғ., ққалп. ar(ï) «ослаблять, худеть»; Е. ar(ït) «разыскивать» (ДТД, 63), қыпшақ тiлдерiнде тiркелмеген, ar(ï) сөзiмен түбiрлес болуы мүмкiн: арып – ашып iздеу, ат арылту; Орх. ar(t) «увеличивать», ar(tïk) «излишек» (ДТД, 63) ~ қаз., ққалп., құм., ноғ. ar(tïq), тат., башқ. ar(tïk), қар. ar(tïx); Орх., Е., Тал. er «мужчина, герой» (ДТД, 63) ~ қаз., қар., ққалп. er, ноғ., құм. эr, тат., башқ. ijr; Орх., Е., Тал. er «быть» (ДТД, 63) ~ қаз., ққалп., ноғ. ed → edim, ediņ, edi; Орх. tir/tijr «собирать» (ДТД, 72) ~ қаз., ққалп., ноғ. ter; Орх. ter «пот» (ДТД, 72) ~ қаз., ққалп., ноғ. ter, башқ., тат. tijr; Орх., Е. tur/tör(ü) «закорны, властвовать, родиться» (ДТД, 73) ~ қырғ. töröö «родить», қаз., ққалп. tör, törkin, Орх., Е. tir(ig) «живой» ~ tir(i), ққалп., ноғ. tijr(i), башқ., тат. ter(e); Орх., Е. ur(ï)/urug «потомство» (ДТД, 77) ~ ққалп., қар. ur(uw), ноғ. ïr(uυ), тат. ïr(u), қаз. (u)r(uw), ur(ïq), ur(pаq); Орх. or(tu) «середина» (ДТД, 71) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. or(ta), башқ., тат. ur(ta); Орх., Е. er(ik) «свобода», er(kijn) «свободный» (ДТД, 63) ~ қаз. er(kin), ққалп. er(kijn), тат., башқ. ijr(ken), құм. эr(kijn); Орх. er(t) «проходить, приходить» (ДТД, 64) ~ қаз., ққалп. er, тат. jär, ноғ. jer «идти за кем-либо»; Орх. sür «гнать, увлекать» (ДТД, 66) ~ қаз. sür (қуғын-сүргiн), тат. sör, башқ. hör; Орх. tar(kanč) «рассение» (ДТД, 68) ~ ққалп., ноғ., құм., тат., башқ. tar(a), қаз. tar(a), tar(qa); Орх. tur «стоять, жить» (ДТД, 69) ~ қаз., ққалп., ноғ. tur, тат., башқ. tor; Орх. tur(uk) «тощий» (ДТД, 69) ~ қаз. tur(ïq) → арық-тұрық; Е. tar(lag) «поле (засеянное)» (ДТД, 70) ~ қаз., ққалп., ноғ., башқ., тат. tar(ï) «просо»; Орх., Тал. qar/qar(ag) «рука, локоть» (ДТД, 51) ~ қаз., ққалп., ноғ. qar(ï); Орх. qar(agu) «караул, пикет» (ДТД, 51) ~ қаз., ққалп., ноғ., башқ., тат. qar(a) «смотреть»; Орх. kar(ï) «стареть» (ДТД, 51) ~ ққал., ноғ., құм. qar(ï), қаз. kär(i), qart, башқ., тат. qart; Орх. kur «достоинство» (ДТД, 52) ~ қазiргi тiлдерде тiркелмеген, салыстырыңыз: құр ат «суытылған, жаратылған ат»; Орх. kor(k) «бояться» (ДТД, 52) ~ қаз., ноғ., ққалп. qor(q), тат., башқ. kur(k), қар. qor(x); Орх. kur(ïqaru)/kur(ïja) «назад, на запад» (ДТД, 53), қыпшақ тiлдерiнде тiркелмеген; Орх., Е. kir «входить» (ДТД, 55) ~ қаз., ққалп. kir, тат. kijr; Орх. ker(gek) «надо, нужен» (ДТД, 55) ~ қаз., ққалп., ноғ. ker(ek), башқ. käräk, тат. kijr(ek); Орх. jar «создавать, устраивать», jar(a) «быть годным» (ДТД, 44) ~ қаз., ққалп. žar(ao), қар., тат., башқ., құм., ноғ. jar(a); Орх. *jar(ak) «вооружение» (ДТД, 44) ~ қаз., ққалп. žar(aq), ноғ., тат., башқ. jar(ak); Орх. jar(uk) «свет» (ДТД, 44) ~ қаз., ққалп. žar(ïq), құм. jar(ïq), тат., башқ. jar(ïk); Орх. *jar(ïš) «равнина» (ДТД, 44) ~ қаз., ққалп. žaz(ïq), ноғ. jaz(ïk), тат., башқ. jaz(ïq), қар. jaz(ux); Е., Орх. jor(ï) «прживать, ходить, двигаться» (ДТД, 44) ~ қаз., ққалп. žor(t), тат., башқ. jür(t), ноғ. jor(t), құм. jör(t); Орх., Е., Тал. jur(t) «земля, страна, родина» (ДТД, 41) ~ қаз., ққалп. zür(t), ноғ. jur(t), тат., башқ. jort; Е., Орх., Тал. jer «земля» (ДТД, 47) ~ қаз., ққалп. žer, тат. zijr, башқ., құм., ноғ. er; Е., Орх. jur «ходить» (ДТД, 47) ~ қаз., ққалп. žür, ноғ., құм. jor, башқ., тат. jor; Орх. jïr(aja) «налево (на север)» (ДТД, 48), қазiргi тiлдерде тiркелмеген; Тал., Орх., Е. qar «снег» (ДТД, 51) ~ қаз., қар., тат., башқ., ноғ., ққалп., құм. qar; Тал., Орх., Е. qar(a) «черный» (ДТД, 51) ~ қаз., ққалп., құм., ноғ., башқ., тат. qar(a); Орх. ör(gij) «строить», ör(gijn) «ставка, дворец» (ДТД, 79) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ., қар. ör, тат., башқ. ür «плести»; Орх. čer(ig) «войско» (ДТД, 81) ~ қаз. šer(iw)/šer(ik), қар. čer(iυ); Е. ijr(ig) «гной» (ДТД, 84) ~ қаз., ққалп., қаз. ir(i), тат., башқ. er(ij) «гнить». Ескерткiштер тiлiндегi моносиллабтардың соңында қолданылған р фонемасы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде толық сақталған, тек бiр-екi сөзде ғана өзгерiс байқалады.
r ≈ z сәйкестiгi. Мойун-Чур ескерткiшi тiлiнде қолданылған jar(ïš) «равнина» (ДТД, 44) сөзi түркi тiлдерiндегi jaj «развертывать» (ЭСТЯ I, 76), jaz «распускаться» (ДТС, 250) сөздерiмен төркiндес болуы мүмкiн, қаз. žaz → žazïq, žaj → zajdaq (жайдақ жер), ққалп. žaz/zaj, ноғ. jaz/jaj, тат., башқ. jäj. Е.Қажыбек jaj, jaz моносиллабтарын синкретизмдер қатарына жатқызады [149,249]. Орхон ескерткiштерi тiлiнен bor «вино» (ДТД, 35) сөзi тiркелген. қаз. boz(a), қырғ. boz(oo), мажар тiлiнде büza «пшеница» (РВУС, 25).
Жалпы алтай тiлдерi бойынша кеңiнен танымал ротацизм құбылысының сөз мағынасына әсерi жасырын синкретизм құбылысының аясында қарастырылып жүргенi белгiлi. r, z дыбыстарының күрделi табиғатын, тiл дамуындағы маңызын көрсететiн ar ≈ az, kör ≈ köz, tiz ≈ tir ≈ ter тәрiздi түбiрлес жұптар ескерткiштер тiлiнде де жиi қолданылады.
Түркi тiлдерi дыбыс жүйесiнде r дыбысының бiршама тұрақсыздық сипаты ұйғыр тiлi диалектiлерiнен айқын байқалады, r ≈ j сәйкестiгi: jara ≈ jaja «рана», qarmaq ≈ qajmaq «удочка», tört ≈ döjt «четыре», jaruq ≈ jajuq «свет», bir ≈ bij «один», r ≈ l сәйкестiгi: qara ≈ qala «смотреть», artqï ≈ alqï (sïda) «сзади, позади»; r ≈ ž сәйкестiгi: qïrïm ≈ qižïm «Крым», kir ≈ kiž (dim) «зашел, вышел», bir ≈ biž «один» [230,175-176].
