- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
Ескерткiштер тiлiнде дауыссыз, дауысты дыбыстардан тұратын түбiрлердiң дербес лексема деңгейiнде қолданылуы өте сирек кездесетiнi белгiлi [158,193. 2,76. 159,31. 145,146-147].
Сандық көрсеткiшi аз болғанымен түркi тiлдерiндегi СV тұлғалы моносиллабтардың бәрi дерлiк синкретизмдер қатарынан табылуы аталған құрылымның етiстiк, есiм сөз таптары қалыптасуының тарихи кезеңдерiнен мағлұмат беретiн көне белгiлер қатарына жататынын көрсетедi. Ескерткiштер тiлiндегi дербес қолданылатын СV тұлғалары негiзiнен етiстiк мәнiн сақтаған, жалпы түркiлiк континуумда олардың есiм мәнiн ажырату қиындық тудырмайды. Түркiлiк түбiртану тарихында синкретизмдердiң грамматикалық немесе лексикалық факторлары көрсетiлiп жүргенiмен, моносиллабтар конверсиясының грамматикалық себептерi толық дәйектелген жоқ, соңғы жиырма жыл көлемiндегi зерттеулерде синкретизм құбылысы тарихи лексика-семантикалық үрдiс ретiнде қарастырылуда. Бұл жөнiнде Ә.Қайдар «Следовательно, категориальная принадлежность и синкретичность самых элементарных, первичных корней в тюркских языках, на наш взгляд, относятся к числу их наиболее древних свойств, и искать в историческом процессе причины, определяющие первичность/вторичность имен или глаголов, а также грамматическую конверсию нет смысла» дей отырып, егер түркi тiлдерi даму тарихында, шын мәнiнде, агглютинативтiлiкке дейiнгi кезең орын алған болса, синкретизм құбылысы сол кезеңге тән заңдылық болуы ықтимал екенiн көрсетедi [145,146-147]. Б.Сағындықұлы белгiлi түрколог, алтаист ғалымдардың пiкiрлерi мен түркi тiлдерi лексикасының этимологиялық табиғаты негiзiнде, түркi тiлдерi агглютинативтi құрылым дәуiрiне дейiн флексиялық, полисинтетикалық кезеңдердi басынан өткiзгенiн ақиқат ретiнде қабылдауды ұсынады. Зерттеушiнiң тұжырымынша флексиялық кезеңнiң алғашқы дәуiрiнде буынның құрылымы V, VС, СV болған. Флексия дәуiрiнiң орнына келген полисинтетика дәуiрiнiң басты ерекшелiгi – силлабофонеманың морфема болып тұрақтануы; морфемалық сипат алған силлабофонеманың өзара тiркесуi әр түрлi тiлдiк құбылыстарды туғызып, көп жағдайда екi силлабофонема бiр-бiрiне сiңiсiп кетедi; бұл қазiр мүлде жойылып бара жатқан сөз соңындағы қос дауыссыздарды өмiрге әкеледi; агглютинативтi құрылым дәуiрi сөз басындағы сөз аяғындағы қос дауыссыздарды жойды [151,159-160]. Сондықтан көне түркi жазбаларында сақталған аз ғана СV тұлғалы моносиллабтарды түркi тiлдерi дамуының ежелгi кезеңдерiндегi түбiр сөз табиғатын танытатын көне белгi ретiнде қарастырамыз.
ba «привязывать» (ДТС, 76): Atïγ ïqa bajur ertimiz «Атты бұтаға байладық» Тон. 27 (Айд. II, 109). Енисей ескерткiштерiнде етiстiк мәндi ban, есiм мәндi baγ тұлғалары да қолданылады: Altunlïγ kešig belimte bantïm «Алтын кемерiмдi белiме байландым» Е. 3, Altï og baγ bodunqa beg ertim «Алты баулы халыққа бек едiм» Е. 1 (Аманж. I, 48, 49) ~ қаз., ноғ., ққалп., құм. bajla; тат., башқ. bäjlä. Түркi тiлдерiнде baγ, baw, boγ, boq, buw, buj, bïa, buυ, bub тұлғалары қолданылады (ЭСТЯ II, 165-167; ҚТҚЭС, 58-60, 61-62). А.М.Щербак ba моносиллабын pā формасында реконструкциялайды [158,195]. Түркi тiлдерi бойынша ba моносиллабының СVС тұлғалы құрылымының соңғы дауыссыз дыбысының түрлiше қолданылуы ba лексемасын көне форма ретiнде тануға мүмкiндiк бередi. Тек қазақ тiлiнiң өзiнде ba моносиллабының бiрнеше тұлғалық, лексика-семантикалық варианттарының болуы: baw, baj(la), buj(da), bij(da), boq(ša) т.б. әрi олардың есiм, етiстiк мәндерiнде араласа қолданылуы түркi түбiрлерiнiң өзгермелi табиғатын нақтылай түседi.
je/ji «есть, кушать»: Kejük jijü tabïsγan jijü olurur ertimiz «Киiк жеп, қоян жеп отыратын едiк». Тон. 7 (Айд. II, 105) ~ қаз., ққалп. že, тат. žij; башқ., құм., ноғ. ē. že моносиллабы žem, žemis, žemtik лексемаларының туындауына негiз болғаны белгiлi.
kü «молва, слух» КТү. 12, 25, 26; БҚ. 36; Тон. 32 (ДТД, 55): Tašra jorïjur tijin kü esidep ... «Шетте жүр деген хабар есiтiп ...» КТү. 12 (Айд. I, 173). ku моносиллабы М.Қашқари шығармасында да кездеседi (МҚ. III, 212). Көне түркi тiлi сөздiгiнде kü «оберегать, охранять» мағынасы тiркелген (ДТС, 322). Көне түркiлiк kü «хабар, дыбыс» лексемасы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде дербес мағыналы сөз ретiнде кездеспейдi. Қазақ тiлiндегi kübir, küņkil сөздерiнiң мазмұны көне түркiлiк kü моносиллабының мазмұнына сәйкес келуiне қарағанда ортақ түбiр елiктеуiштен жасалуы мүмкiн.
ne «что?» КТү. 9, 26; Тон. 14, 32 (ДТД, 61): Ekä-üč bïņ sumis keltečimiz bar mu ne? «Екi-үш мың қолмен келе аламыз ба?» Тон. 106 (Айд. II, 106) ~ қаз., ноғ., ққалп., қар. ne; тат., башқ. nij/ne; қырғ. ne/emne.
mu «ли?» (вопрос частица) Тон. 5, 14 (ДТД, 60): Bilge tonijkuq qaγan mu qïsajïn tidim «Бiлге Тоникуқ қағанды ма қысайын дедiм» (Айд. II, 104) ~ қаз., қалп., ноғ. ma/me; тат., башқ. me/mij; құт. mu.
sa «считать» (ДТС, 478) КТк. 9; Тон. 42, 27 (ДТД, 67). Орхон ескерткiштерiнде san моносиллабы да қолданыста: Sanaγalï tüsürtimiz «Санағалы тоқтадық» Тон. 21 (Айд. II, 109) ~ қаз., ққалп., қар., қырғ., тат., ноғ. sana; башқ. hana. ХI ғасыр түркiлерi тiлiнде san лексемасының шағын формасы sa қолданылғанын М.Қашқари шығармасының тiлiнен байқаймыз (МҚ. III, 247).
sü «войско» КТү. 12, 28, 32; МЧ. I, 6; КЧ. 10, 20; БҚ. 25, 26 (ДТД, 66): Birgerü tabγač tapa uluγ su eki jegirmi süņüšdim «Бергерi Табғашқа қарсы үлкен әскермен он екi (рет) соғыстым. КТү. 28 (Айд. I, 177). Орхон жазбаларында sü моносиллабы арқылы жасалған süle «соғысу, шайқасу», süņüš «соғыс» сөздерi де кездеседi. Ғ.Айдаров süņüš лексемасын қазақ тiлiндегi cüņgi сөзiмен байланыстыра отырып «сүңгiлес» деп аударады (Айд. I, 218).
sï «разрушать, ломать» КТк. 11; КТү. 36 (ДТД, 66): Ol tegdükte Bajurqunïņ aq adγïrïγ udlïqïn sïju urtï «Ол айқаста өкшелей қуғанында Байырғуның ақ айғыры мертiктi» КТү. 36 (Айд. I, 179) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар., тат. sïn; башқ. hïn.
ti/te «говорить, сказать» МЧ. III, 28; БҚ. 25, 29; ОН. I, 3, 6 (ДТД, 71); КТк. 7, 6; КТү. 9, 12 (ДТС, 545): ïraq erser, jablaq aγï birur, jaγuq erser, edgu aγï birür tip «Жырақ болса жаман сыйлық берер, жақын болса игi сыйлық берер деп» КТк. 7 (Айд. I, 169) ~ қаз., құм., ноғ., ққалп. de; тат. dij; башқ. tij.
te→tegi «союз, до» (ДТС, 547): Temir qapïγqa tegi süledimiz «Темiр қақпаға дейiн соғыстым» КТк. 4 (Айд. I, 168) ~ қаз., ққалп., қар. dejin; башқ. tejeü.
Түркi тiлдерiндегi СV модельдi моносиллабтарды туынды құрылым ретiнде қарастырушы пiкiрлердiң жаңсақтығы жайлы А.Н.Кононов «... наличие первородного типа С+V подтверждается многочисленными примерами основ типа С+V+С, в которых конечным согласным выступает формант, выполнявший в свое время определенную грамматическую функцию, но позднее ее утративший и в силу этого вошедший в состав нового корня – основы» дей отырып, jan ~ jaq ~ jal ~ jar → *ja; kel ~ ket ~ kez ~ keč ~ qaš → kir → *ke ~ *ki, *qa т.б. тұлғаларды мысалға келтiредi [2, 77]. Зерттеушi көрсеткендей соңғы компоненттiң грамматикалық сапасы айқын аңғарылмағанымен ескерткiштер тiлiндегi СVС тұлғалы моносиллабтардың бәрiн СV моделiнен тарату түркi түбiрiнiң даму табиғатына қайшы келмейдi. Жалпы түркi тiлдерiндегi өзара семантикалық байланысы анық байқалатын СVС тұлғалы моносиллабтардың алғашқы екi компонентi тұрпаттас-тұлғалас болып келуi барлық жағдайда кездейсоқ сәйкестiк бола бермейдi. Мұндай құбылыстарды ҮI-IХ ғасыр жазба ескерткiштерi тiлiндегi СVС тұлғалы моносиллабтардан да аңғаруға болады. Түркi тiлдерiндегi СV тұлғалы моносиллабтар құрамынан о бастан-ақ дауыссыз + дауысты дыбыстардың тiркесiнен тұратын тарихи түбiрлердi де СVС моделiнiң соңғы дауыссызының ықшамдалуы негiзiнде жасалған түбiр-негiздердi де кездестiремiз. Сондықтан СV моделi кейде үшiншi дәрежелi процесс болуы да мүмкiн: СV → СVС → СV.
Тiл де адами құндылықтардың бiрi болғандықтан тiлдiк жүйедегi құбылыстар арасындағы қарама-қайшылықтың болуы табиғи заңдылық. Синхронды тұрғыдан алғанда жалпы тiлдiк жүйеге жүйелiлiк тән болғанымен, оның құрамы үнемi қозғалыста, бұл процесс прогрессивтi де регрессивтi де болуы ықтимал.
