Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық е.doc
Скачиваний:
245
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.87 Mб
Скачать

3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері

Ескерткіштер тіліндегi бір буынды сөздердің барлық шенінде қолданылатын а фонемасы қазіргі қыпшақ тілдерінде негізінен өзгеріссіз сақталған. Артикуляциялық сапасының аздаған өзгерiсi башқұрт, татар тiлдерiнен байқалады, аталған тiлдерде ашық, езулiк а фонемасы сөздiң бiрiншi буынында, ерiндiк дауыстыларға жақын дыбысталады [158,66].

Анлаут жағдайда: Орх. жазбаларында az ~ қаз, ққалп., құм., тат., ноғ., құм., қ.-б., қырғ. тілдерінде az/až «мало, немного»; Орх., Е., Тал., жазбаларында aj ~ қаз., ққалп., тат., ноғ., башқ., құм., қ.балқ., қырғ. тілдерінде ajt «сказать, говорить», aj «обращение», ajt «наускивание (собаки)» [145,186]; Орх., Е., Тал. aq ~ қаз., ққалп., тат., ноғ., башқ., құм., қ.балқ. aq; қырғ. ak «белый»; Орх., Е., Тал. al ~ қаз., ққалп., ноғ., башқ., құм., қ.балқ., құм., қырғ. al «брать, взять, получить»; Орх., Е. *al(tïn) ~ қаз., ққалп., тат., башқ., құм., қ.-б., қырғ. al(tïn) «золото», al «алый, розовый, бледно-розовый, светло-красный» [145,186]; Орх., Е., Тал. ar(a) ~ қаз., ққалп., тат., ноғ., башқ., құм., қ.балқ., қырғ. ar(a) «меж, между»; Орх., Е. art(tïq) «переполный, лишний», art(ur) «увеличиваться, умножаться» ~ қаз., ққалп., құм., ноғ., тат., қ.балқ., қырғ. art(ïq), art(tïr); Орх., Е. ar(ïr) «ослабеть, худой» ~ қаз., тат., ноғ., құм., қ.балқ., қырғ. ar(ïq), ar(ïk); Орх., Е. as(ra) «низ, вниз» ~ қаз., ққалп., тат., ноғ., қ.балқ., құм., қырғ. as(tï); Орх., Е., Тал. at ~ қаз., ққалп., тат., башқ., ноғ., құм., қ.балқ., қырғ. at «имя, название», «конь, лошадь»; Орх. at(ï) «родственник» ~ қаз., ққалп., ноғ., башқ., қырғ. at(a), тат. ätij «отец, дедушка, предки», Орх., Е., Тал. as/aš/ač ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., тат., қ.балқ. as, қырғ. «пройти, проехать»; Орх. as/aš/ač «еда, пища, голодный» ~ қаз., ноғ., ққалп. as, , башқ., тат. äs, , қырғ. , .

Инлаут жағдайда: Орх., Е. baj ~ қаз., ноғ., ққалп., тат., құм., қ.балқ., қырғ. baj «богатый, богач»; Орх., Е., Тал. bar ~ қаз., ққалп., құм., ноғ., тат., қ.балқ., қырғ. bar «имеется, есть», «идти, ходить»; Орх., Е., Тал. bas «топтать, давить, прижимать» ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., қ.балқ. bas, тат., башқ., қырғ. baš; Орх., Е. bat(sïq) «заход (солнца)» ~ қаз., ққалп., ноғ. bat(ïs), тат., башқ., қырғ. bat(ïš) «запад», bat «уходить за горизонт (о солнце)» [145,192]; Орх., Е., Тал. baš ~ қаз., ноғ., ққалп. bas, құм., тат., башқ., қырғ. baš «голова»; Орх., Е., Тал. jaγï ~ қаз., ққалп., ноғ. žaw, құм., башқ., тат. jaw «враг»; Орх. jaγ(ru), jaγ(uq) ~ қаз., žaq(ïn), тат., башқ., ққалп. jaq(ïn), қырғ. žak(ïn) «близко, близкий»; Орх. *jaņjaņ(ïl) ~ қаз., ққалп., қырғ. žaņ(ïl), ққалп., құм. jaņ(il); башқ., тат. jaņ(ïl) «заблуждаться, ошибаться»; Орх., Е., Тал. jaš ~ қаз., ққалп., қырғ. žas, тат., башқ. jäš, құм. jaš «возрасть, молодой»; Орх., Е. jat ~ қаз., ққалп. žat, құм., қар., ноғ., тат., башқ. jat «ложиться»; Орх., Е. jaž ~ қаз., ққалп., қырғ. žaz, құм., қар., ноғ., тат. jaž «лето, весна»; Орх. qal ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., башқ., тат. qal; қырғ. kal «оставаться»; Орх., Е. qan ~ қаз., ққалп., ноғ., тат., башқ. qan, қырғ. kan «кровь»; Орх. qas ~ қаз., ққалп., ноғ., құм. qas, тать., башқ. qaš; қырғ. kas «бровь»; Орх. qaz ~ қаз., ққалп., құм., ноғ., тат., башқ. qaz, қырғ. kaz «копать, рыть»; Орх., Е. taγ ~ қаз., ққалп., башқ., құм., қар. taw; тат. taυ «гора»; Орх., Е. taš ~ қаз., ққалп., ноғ. tas, башқ., тат., құм., қырғ. taš «камень».

Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ba (ДТС, 76) ~ қаз., ноғ., құм., ққалп. *ba → baj(la); тат., башқ. *bä → bäj(lä) «привязывать». Жалпы түркi тiлдерiнде ba тұлғасы арқылы жасалған СVС модельдi түбiрлес моносиллабтар кешенi q≈γ≈k≈g≈w≈υ≈b≈oo≈j≈n сәйкестiктерi тiзбегiн құрайтыны ғылымда кеңiнен танылған (ЭСТЯ II, 165; ҚТҚЭС, 58-60 т.б.).Орх., Е. sa (ДТС, 478) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар., тат., қырғ. san(a); башқ. han(a) «считать». Ескерткiштер тiлiнде де, қазiргi тiлдерде де есiмдiк мәндi san «число, цифр, количество» сөзi қолданыста екенi белгiлi. Көне түркi тiлiнде sa, ba түбiрлерiнiң дербес лексема деңгейiнде қолданылуы СVС модельдi моносиллабтардың бiразының тарихи негiзi СV модельдi бiр буындылар екендiгi жайлы пiкiрлердi толық қуаттайды.

Ескерткіштер тіліндегі а дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерістері төрт түрлі сәйкестік ауқымында ғана көрінеді және өте сирек кездеседі. Бұл түркi тiлдерi вокализмдерi жүйесiндегi а фонемасының тұрақтылық сипатынын айғағы.

1. а ≈ ä сәйкестiгi. at(ï) ≈ at(a) ≈ ät(ij), ескерткіштер тілінде: at(ï) «немере, туыс» (Айд., І, 171) Bu bitig bitigme atïsï jollïγtegin «Бұл жазуды жаздырған туысы Иоллығ Тегін» КТк. 13 ~ тат. тілінде ät(ij), басқа қыпшақ тілдерінің көпшілігінде (қаз., ққалп., қырғ., ноғ., құм.) at(a) түрінде тұлғаланып «әке, баба» мағынасында және жалпы егде жастағы ер адамдарға қатысты қолданылады (ЭСТЯ I, 200); jan(a) ≈ žän(e), Орхон ескерткіштерінде jan(a) «және» (Айд. І, 211; Айд. ІІ, 101). jaγï bolïp, itinü jaratunu umaduq, janï ičikmis «Жау болып қолдарынан түк келмей және бағынды» КТү. 10.

Жалпы адамзат тіліне тән тіл арты, ашық, жуан дауысты а фонемасының [203,90. 204,30] түркі тілдеріндегі ең көне дауыстылар қатарына жататыны, оның таза түркілік табиғаты зерттеушілер тарапынан ешқандай пікір қайшылығын туындатпағанмен оның жіңішке варианты – тіл алды, ашық, жіңішке ä [204,32] дауыстысының түркі тілдеріндегі сыр-сипаты жайлы көзқарастар бірізді емес. Зерттеушілердің басым тобы түркі тілдеріндегі ä дауыстысы4,34], енді бір топ мамандар қазіргі түркі тілдерінің кейбiрiнде бiршама кеңiрек таралғанына және орта ғасыр түркілері тілінде кеңінен қолданылғанына сүйене отырып, таза түркілік фонема ретінде қарастырады [205,31]. ä дыбысының тарихилығын қолдайтын зерттеушiлер е фонемасын ä дауыстысының варианты ретiнде таниды [191,21]. А.М.Щербак ä, е дыбыстарының табиғаты, олардың өзара жақындығы жайлы айтылған пiкiрлер негiзiнде ұйғыр тiлiнде ä, э дауыстыларының қолданылуы буын құрылымына қатысты (ашық буында – э, тұйық буында – ä) болғанымен, кейбiр басқа тiлдерде э дыбысының эпизодтық қолданылуы көршi j дыбысының немесе келесi буындағы қысаң дауыстылардың ассимлятивтi ықпалы болуы мүмкiн екенiн көрсете отырып, ä, э дыбыстарының өзара жiктеу себебi жөнiнде» «Все же структурные и комбинаторные моменты не являются основной причиной разграничения ä и э. Анализ соответствующих материалов побуждает отнестись с особым вниманием к выводам тех тюркологов, которые связывает проблему закрытого э с существованием так называемых первичных долгих гласных» [158,30] деген ой айтады. Ғалым тұжырымы ä, е дыбыстарын түркi тiлдерiндегi тарихи созылыңқыларға қатысы бар фонемалар қатарында қарастыруды қолдайтынын меңзейдi. І.Кеңесбаев байырғы а дауыссызының қазіргі түркі тілдеріндегі жіңішкеруі негізінен š, ž дауыссыздары мен j дыбысының аралығында жүретiнiн көрсетедi [206,28]. Бұл құбылыс көне түркiлiк а-ның қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi жiңiшкеруiнен де аңғарылады. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі бір буынды түбірлер мен түбір-негіздер құрамындағы а фонемасының ä фонемасына ауысуы қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерден гөрі қыпшақ-бұлғар тобындағы тілдерде жиі кездесетінін байқауға болады: башқ. bäj(läm) «вязание», bäj läneš «связь», jäj «лето», jäš «молодой», jäš(en) «молния, гроза», säs «волос», т.б. (БРРБУС, 19, 30, 31) ~ қаз., ққалп., ноғ. baj(lam), baj(lanïs), žaz, žaj, šaš.

Қазақ говорларында «езу дауыстылары а, ä дыбыстарының бірінің орнына бірінің қолданылуы тамырын кең жайған құбылыс» [207,32]. Қазақ әдеби тілінде де а, ä дыбыстарының қатар қолданылуы кездеседі (қар(т), қар(ия) ≈ кәр(і); ар(ы) ≈ әр(і); бар(ы), бар(лығы) ≈ бәр(і) т.б.), бірақ негізгі құбылыс диалектілер арасында фонологиялық мән жүктемей (жана ≈ және, жаң(ағы) ≈ жәң(егі), ащ(ы) ≈ әщ(і), ажал ≈ әжел, шарт ≈ шәрт, шам ≈ шәм, қат(ты) ≈ кәт(ті) [207,33] іске асады. Қазақ тіліндегі ä фонемасының негізгі таралу аймағы Оңтүстік Қазақстан өңірі аталғанымен, солтүстік, батыс (Маңғыстау, Қостанай, Көкшетау) аймақтарда а ≈ ä сәйкестігі жиі ұшырасады. Кейде дауысты а дыбыстарының аралығындағы ғ, һ дыбыстары түсiрiлiп айтылғанда, қатар келген қос дауысты а жiңiшке ä дыбысына айналады: бағасы ≈ бәсi, сағат ≈ сәт, тағат ≈ дәт, қаһар ≈ кәр, заһар ≈ зәр, мағына ≈ мән т.б. [190,43]. Бұл тәрiздi араб-парсы элементтерi арқылы қалыптасқан ä дауыстысы жалпы түркiлiк ä дауыстысының қосымша арналарының бiрi. Қазіргі қыпшақ тобындағы тілдердегі ä фонемасымен қолданылатын моносиллабтардың ескерткіштер тілінде а фонемасымен берілуі ä дыбысының кейінгі құбылыс ретінде қарастыруға толық негіз бола алмайды.

2. а ≈ е сәйкестiгi. *an ≈ *en, an(čula) ≈ en(šile) «еншілеу, атау» Айд. І, 206. jaraq lïγdï qaγanqa ančuladï «Жарақтыларды қағанға еншіледі» КТү. 32 қаз. enšile, en: ен – таңба, малға ен салу. jan ~ žeņ «жеңу» Айд. І, 211. Anï janïp, turgi jarγun költe buzdïmïz «Оны жеңіп, Түргі Иарғын көлінде талқандадық» КТү. 34, қаз., ққалп., қырғ., қ.балқ. žeņ, башқ. еņ, тат. žijņ.

Түркі тілдеріндегі ашық а дыбысы мен қысаң е дыбысы да комбинаторлық, позициялық өзгерістерден тыс, бір-бірімен еркін алмасады. Қазіргі қыпшақ тобындағы моносиллабтар құрамындағы е дыбысының жуан а дыбысымен қолданылуы негізінен чуваш тіліне тән: чув. al(ak) «ворота» [158,87] – қаз., ққалп., құм., ноғ. es(ik) «дверь»; чув. sa(mar) «жирный», sag(ar) «восемь», par «дай» [158,163] ~ қаз., ққалп., ноғ. sem(iž), seg(iž), ber, тат., башқ., қ.балқ. sem(ijž), seg(ijs), ber/bïr.

Қыпшақ тобындағы тілдер арасында қарақалпақ тілі а, ä дауыстыларының орнына е дауыстысын қолдануға бейім тіл. Зерттеушілер оның себебін өзбек тілімен байланыстырады, қарақалпақ тілін өзбек тілінің элементін бойына едәуір сіңірген тілдердің бірі ретінде қарайды [207,44].

Бір буынды сөздердегі а ≈ е сәйкестігі қыпшақ тобындағы тілдер арасында әдеби тіл мен диалектілерді тұтастықта қарағанда жиі кездесетін құбылыс және әрбір тілге тән жүйелі заңдылық та байқала бермейді. Қазақ тілінде жіңішке айтылатын моносиллабтар кейде қырғыз, қарақалпақ тілдерінде жуан айтылса, қазақ тілінде а фонемасымен қолданылатын сөздер башқұрт, татар, ноғай тілдерінде жіңiшке е фонемасымен қолданылуы да кездеседi.

Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі а, ä, е дыбыстарының алмасып қолданылуы аталған дыбыстардың түп-төркіні бір екеніне дәлел бола алады. Ал архетипiн анықтау әлi де тереңiрек зерттей түсудi қажет етедi, төркiндес дауысты дыбыстардың бiр тұлғада ғана реконструкциялау глоттогенез табиғатын түсiндiре алмауы да мүмкiн. Қыпшақ тілдерінің ішінде ескерткіштер тіліндегі жуан а дауыстысын толық сақтап қалған тілдердiң бiрi – қазақ тілі. Қазақ тілінің өз ішінде де түбірлес моносиллабтар құрамында а ≈ ä ≈ е сәйкестігі диалектілік ерекшеліктерде біршама жиі ұшырасқанымен (жана ≈ және, айал ≈ әйел, ажа әже, жаудыра жәудiре, шартық шәртiк, қауза кеузе т.б.), әдеби тілде аздау кездеседі: қақ/қау ≈ кеп/кеу, кеб(у), қаудыра ≈ кеудіре кәудiре, дам(ыл) ≈ дем(іл), қар(т)/қар/ия ≈ кәр(i), ант(ала) ент(еле), ал(аңда) ел(еңде), шат(ына) ≈ шет(іне) ≈ сет(іне) [207,40-42] т.б. Қазақ тiлiндегi а≈е≈ä сәйкестiгiнiң әдеби тiлде және диалектiлерде қолданылуының басты ерекшелiгi – диалектiлерде фонемалық мән жүктемей бiр сөздiң варианттары ретiнде жұмсалса, әдеби тiлде негiзiнен семантикасы немесе семантикалық реңктерi әртүрлi сингармониялық параллельдер түрiнде қолданылады: ана ≈ ене, ағ(ыл) ≈ ег(iл). Бұл жағдайда туынды сөздер құрамындағы моносиллабтардың ортақ мазмұны сақталады.

3. а ≈ ï сәйкестiгi. taš(ï) ~ tïs «сырты» (Айд. І, 218) Tašra jorïjur tijin kü esidep «Шетте жүр деген хабар есітіп» КТү. 12 ~ қаз тілінде tïs, tïs(ta), tïs(qary); ққалп., ноғ., қырғ. tïs; тат., башқ. tïš.

Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі а ≈ ï сәйкестігі екі-үш сөз құрамында ғана кездескенімен қазіргі қыпшақ тілдерінің өз ішінде біршама жиі кездеседі. Мысалы, қазақ тілінде: шат(ына) ≈ шыт(ына), дақ ≈ дық (көңілінде дық қалды), қақ ≈ қық/қый, қал(жың) ≈ қыл(жың), саңқ ≈ сыңқ, шарт ≈ шырт, жалт ≈ жылт т.б. Жергілікті ерекшелікке байланысты а ≈ ï сәйкестігінің аясы кеңейе түседі: дар(дай) дыр(дай), даб(ыл) ≈ дыб(ыл) [219,80-90], арс(и) ырс(и), қал(жыңбас) ≈ қыл(жыңбас), тыр(мыс) ≈ тар(мыс), сал(қал) ≈ сыл(қыл), тан(ым) ≈ тын(ым), сал(быр) ≈ сыл(быр), мар(дымсыз) ≈ мыр(дымсыз) [207,39]. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде жалпытүркілiк а дыбысымен қалыптасқан моносиллабтардың қысаң ï дыбысымен қолданылуы негізінен чуваш, якут, тува тілдеріне тән: чув. pïl «мед», ïltan «золото», pïr «идти» ~ қаз., ққалп., тат., башқ., құм., қар., қ.балқ. bal, altïn, bar/υär; тув. tïrt «тянуть», čïp «покрывать», xïrïn «живот», sïp «рукоятка», sïr(ïn) «1. струя воздуха, 2. заунывная песня» (ТРС, 381, 383, 414, 557) ~ қаз., ққалп., ноғ. tart, žap, qarïn, sap, sarïn; як. ïj «луна», ïl «брать», kïnat «крыло» (РЯС, 45, 249, 263) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм тілдерінде aj, al, qanat. а ≈ ï сәйкестігі түркі тілдері фонетикалық жүйесінің дамуына байланысты қалыптасқан көне тарихи құбылыстардың бірі. М.Рясянен а ≈ ï сәйкестігін орал – алтай тіл бірлестігі аясында қарастырады [210,55].

4. а ≈ о сәйкестiгi. an(ï) ~ on(ï) «оны» (Айд. І, 206): Anï körip, anča biliņi «Оны көріп, солай білің» КТк.13 ~ қаз., ққалп., ноғ. onï. Тат., башқ. тiлдерiнде көне түркiлiк ол жiктеу есiмдiгiнiң табыс септiк формасы anï а u сәйкестiгiн түзiп қолданылады: unï. Қыпшақ тобындағы тiлдерде anï жiктеу есiмдiгi тұлғалық өзгерiске ұшырағанымен осы сөзбен түбiрлес сiлтеу есiмдiгi кеңiнен қолданылады: ана (ана адам), анау.

Қазақ тiлiнiң өз iшiнде де а ≈ ï сәйкестiктерiнiң кездесуiне байланысты зерттеушiлер а, ï фонемаларын тектес дыбыстар қатарында қарастырады. А.Салқынбай жар салу, жария тұлғаларының негiзi жар, жырла, жырға лексемалары құрамындағы жыр моносиллабтарын «белгiлi хабардың таралуы, жайылуы» ортақ семасына негiзделген, төркiндес сөздер ретiнде; қара етiстiгi мен қырағы сын есiмiн «белгiлi объектiнi көру, қарау» ортақ семасына негiзделген параллельдер қатарында таниды [156,175]. Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi а ≈ ï сәйкестiгiн түзетiн ït at «жiбер, лақтыр, ыт» (Айд. II, 102) сөздерiнiң табиғаты, елiктеуiш мәндi сөздердегi а, ï дыбыстарының идеяфондық қырлары (жалтыра жылтыра, сатырла сытырла т.б.) а ï сәйкестiгiнiң көне құбылыстар қатарына жататынын дәлелдейдi. Түркі тілдеріндегі а фонемасы басқа дауыстыларға қарағанда өзінің артикуляциялық-акустикалық тұрақтылығымен ерекшелетіндіктен [211,29] өзгеріске де аз ұшырайды.

Аталған сәйкестіктер ішінде a ≈ o, а ≈ е сәйкестігі ескерткіштер тілінің өз ішінде де кездеседі. Мысалы: ol ≈ anï «ол, оны», jana ≈ jeme «және» (Айд. І, 211, 212). Süņüsdimiz, täņri jarïlqadï... janduq jolta jämä ölti üküz «Мы сразились. Небо оказало (нам) милость, и мы рассеяли (их): они упали в реку» Тон. 16. Oza jana käligmä süsin aγыt(t)ïm «Войско (врага), которое начало нас обходить и побеждать, я прогнал» БҚ. 31 (Мал. 99, 103). Сондықтан ескерткіштер тіліндегі а фонемасының қазіргі қыпшақ тілдерінде о, е тұлғасына ауысуы ерекше белгі ретінде қарауға келмейді, бұл сәйкестiктер қолданыс аясы тым шағын болғанымен Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлдерiнiң арасында да, бiр тiл iшiнде де қолданылатын құбылыс.