- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
Түркiлердiң мың жарым жыл бұрынғы табиғи болмысы мен этностық дүниетанымын, мемлекеттiк құрылымын, әскери, саяси-әлеуметтiк жүйесiн, басқа да аксиологиялық негiздерiн айшықтауда Талас, Енисей, Орхон ескерткiштерiнiң маңызы ерекше. Ә.Т.Қайдар тiл байлығын этно-лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде «Табиғат», «Адам», «Қоғам» макрожүйелерiн негiзге алудың тиiмдiлiгiн көрсетiп бергенi белгiлi [278,71]. Көлденең жазықтық бойынша қарастырғанда түркiлер дүниетанымындағы ғаламның тiлдiк бейнесi де аталған макроконцептiлердiң тiлдiк модельдерi арқылы сомдалады. Жазба ескерткiштер тiлiнде бейнеленген көне түркiлер санасындағы ақиқат дүниенiң идеялық құндылықтарын таңбалайтын концептiлерге сараптама жасап, олардың тiлдiк модельдерiнiң архемазмұны мен архетұлғасын анықтау жалпытүркiлiк концептуалды жүйенiң эволюциялық даму бағытын, концептiлердiң тоғысу нүктелерi мен оппозициялық шегiн, концептiлер ядросындағы актуалды мазмұн мен қосымша дефинициялардың объективтену ауқымын, олардың сыртқы құрылымы мен iшкi құрылымының үйлесiмдiлiгiн саралауға жол ашады.
Ежелгi түркiлер мен қазiргi түркi халықтары арасындағы дәстүрлi үрпақ жалғастығын тек лингвистикалық негiзде ғана емес, когнитологиялық, концептологиялық, семиотикалық, аксиологиялық тұрғыдан да айғақтайтын ақпарат көздерiнiң бiрi – жалпы адамзаттық «Қоғам» макроконцептiсi аясындағы тiлдiк модельдер. Мемлекеттiк деңгейдегi ежелгi түркi қағанаттарының мемлекеттiк тұтастығын сақтауды ұлттық идеяға, саяси-әскери жүйесiндегi iшкi тәртiпке, дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға бағытталған сыртқы саясатқа, халық арасындағы әлеуметтiк қатынастарды ретке келтiретiн салт-дәстүр, наным-сенiмге т.б. қатысты қолданылатын мұндай тiлдiк модельдер el«ел, мемлекет»,tör«өкiмет»,қағанлық«қағандық, қағанат, мемлекет»,bud(un)«хлық»,jer-sub«ата-мекен, мемлекеттiк территория, туған жер» т.б. сынды саяси лексемалардан,qa(γan)«хан»,qa(tun)«ханша»,tut(ïq)«әскери шен»,buj(ruq)«әмiр»,beg«бек» т.б. тәрiздi титуларлық атаулардан;sü«әскер»,süņüs«ұрыс, шайқас, соғыс» т.б. сияқты әскери лексемалардан;qul«құл»,küņ«күң» сынды әлеуметтiк мәндi сөздерден;turk, qïrqaz, oγ(uz), qïb(šag), tur(ges), tatаrт.б. этнонимдерден тұрады. Аталған сөздер iшiнде көне түркiлер үшiн де қазiргi қазақтар үшiн де ерекше мәнi барel, bud(un), jer-subұғымдары түркi дүниесiне тән дербес микроконцептiлер жүйесiн құрайды.
Орхон ескерткiштерiнде el/ilлексемасы моносиллабтық негiзде де, туынды сөздер құрамында да жиi қолданылады:Turk qaγan Ötüken jïš olursa, ilte bun, joq«Түркi қағаны Өтүкен қойнауында отырса, елде мұң жоқ» КТк. 3 (Айд. I, 168);Körgüŋin üčün igidmis bilge qaγanyŋa ermis, barmïs edlgu iliŋe kentü jaŋïltïγ, jablaq kigirtig«Бағынғаның үшiн /сенi/ асқақтатқан бiлгiш қағаныңа ерген, iлескен жақсы елiңнiң алдында өзiң жаңылдың, жамандық әкелдiң» КТү. 23 (Айд. I, 176);Il jeme il boltï «Ел қайта ел болды» Тон. 56 (Айд. II, 113);Qamuγï biš otuz süledimiz, üč jegirmi süŋüšdimiz, illigli ilsiretdimiz, qaγanlïγ qaγansïratdïmïz, tïzligig sökürtimiz, bašlïγ jüküntürtimiz«Бәрi жиырма бес /рет/ соғысып, он үшiн рет шайқастық, елiн елдiктен айырдық, қағандығын қағансыз еттiк, тiзелiнi бүктiрдiк, бастыны жүгiнттiк» КТү. 18 (Айд. I, 175). Бұл мысалдар арқылы көне түркiлер ұғымындаеlсөзi «халық» мағынасын берумен қатар «мемлекеттiк құрылым» мәнiнде де жұмсалғанын анық байқаймыз. Көне түркi сөздiгiнде дееlсөзiнiң «народ», «племенной союз, племенная организация», «государство, административная единица» (ДТС, 169) мағыналары берiледi. Авторлар көрсеткентайпалық одақ, тайпалық қауымдастық, тайпалық ұйым ұғымдары мемлекеттiк құрылымның алғашқы сатылары екенi белгiлi. Қазiргi қазақ тiлiндееlлексемасының семантикалық аясы кеңейе түскен, таратып айтсақ: 1.халық, адамдар, кiсiлер, көпшiлiк, жұрт, жұртшылық, қауым, жамағат; 2.мемлекет; 3.отан, туған жер, туған ауыл, атақоныс, атажұрт, атамекен; 4.ру, сүйек, ата, жүз, тектәрiздi тiлдiк модельдерЕлконцептiсiнiң өзегiндегi мағыналық дефиницияларды құрайды. Орхон ескерткiштерiнiң тiлдiк деректерi көне түркi тiлiндегiЕlмикроконцептiсiнiң ядролық өзегiнде «туған жер, атамекен, ата қоныс» мәнiн беретiнjer-subмоделiнiң танылмағанын, концептiнiң негiзгi мағыналық дефинициясыbudun, qaγаnlïγ, oγur, oγuš(ру, тайпа) ұғымдары арқылы ғана сипатталатынын көрсетiп отыр. Демек қазақ тiлiндегi «Ел»концептiсiнiң тiлдiк модельдерiнiң бiрiтуған жер(отан, ата қоныс, атамекен, ата жұрт т.б.)елұғымының логикалық мазмұнына сәйкес ауыс мағынада қолданылуынан туындаған. Бұл тiлдегi концептуальды жүйенiң эволюциялық дамуын көрсетедi. Ескерткiштер тiлiндеbudunсөзi «ел құрамындағы қарапайым халық» мағынасын бередi:toquz oγuz begleri, budunï bu sabïmïn edgüti esid, qatïγdï tïŋda «Тоғыз оғыз бектерi, халқы бұл сөздiмдi жақсы есiт, қатты тыңда!» КТк. 2 (Айд. I, 168). Орта ғасыр түркiлерi мен қазiргi түркi тiлдерi деректерiн қамти отырып, жалпытүркiлiк континуумда қарастырсақ, сөз құрамындағыbod/budмоносиллабының семантикалық өрiсi кеңiгенiн байқауға болады: «халық», «ел», «адамдар», «тайпа», «ру», «тобыр», «бағынышты ел», «бiреудiң немесе басқа елдiң ықпалында болу», «құн төлеу», «бой», «беку», «байлау», «бiрiгу» [85,91]. Көрсетiлген мағыналар негiзiнде көне түркi тiлiндегi«Budun»микроконцептiсiнiң ядросындағы актуальды мағына «адамның денесi, тұла бойы» және «бiрiгу, беку, жабысу, байланыс» ұғымдары арқылы қалыптасқанын болжауға болады. Басты идея «адамдар тобы, адамдардың бiрiгуi». Көне түркi тiлiндегi «Budun» микроконцептiсiнiң қазақ тiлiндегi баламасы «Халық» микроконцептiсiнiң тiлдiк модельдерiкөпшiлiк, адамдар, адамзат, ел, жамағат, қауым, жұрт, жұртшылық, әлеумет, адамзаттар(белгiлi бiр мемлекеттiң),тұрғындар(белгiлi бiр мекеннiң) т.б. лексемалары арқылы сомдалып, «Еl» микроконцептiсiмен бiрге белгiлi бiр дәрежеде ортақ модельдер кешенiн құрайды.
Қазақ тiлiнде туған жер, жұрт, атажұрт, атақоныс, туған топырақ, туған ел, т.б. модельдерi арқылы берiлетiн ұлттық микроконцепт«Атамекен (Отан)» көне түркiлер тiлiндегi«Jer-sub»концептiсiнiң баламасы. Көне түркi тiлiндегi«Еl/il», «Budun», «Jer/jir-sub», қазiргi қазақ тiлiндегi«Ел (мемлекет)», «Халық», «Атамекен (туған жер)»микроконцептiлерiнiң бiр-бiрiне тiлдiк модель ретiнде қатысуы концептуалды жүйе дамуындағы концептiлер тоғысуын бейнелейдi. Тоғысу нүктесi аталған концептiлер ядросындағы «адамдар қауымы» (топтасып өмiр сүретiн), «белгiлi бiр қауымның белгiлi бiр мекенi» тәрiздi археұғымдардың архемазмұнымен сипатталады. Қазақ тiлiндегiqolсөзiнiң «дене мүшесi», «әскер, жауынгерлер тобы» мағыналарына сүйене отырып, көне түркi тiлiндегiel/ilлексикасының этимологиялық негiзiндеelig«қол» сөзiнiң идеясы мен тұлғасы жатуы мүмкiн екенiн болжауға болады.Қоладамзат iс-әрекетiн қамтамасыз етушi он екi мүшенiң ең белсендiсi болғандықтан (адам бойындағы күш-қуатты, шеберлiктi қажет ететiн iс-әрекеттер де негiзiненқолқимылы арқылы жүзеге асады) әрi бойында көптiк мәнiн сақтайтындықтанqol «әскер» сөзiнiң семантикалық уәжiн бейнелейдi. Түркi тiлдерiнiң этимологиялық сөздiгiндеel/ilмоносиллабының «қол», «бiлек», «саусақ», «алақанның енi», «тұтқа», «күш-қуат», «билiк» деген тура мағыналары мен «кепiлдiк», «қатысу» (участие), «кезектi жүрiс» (карта ойынына байланысты), «белгiлi қашықтыққа лақтырудан жарыс өткiзуде пайдаланатын темiр» т.б. ауыспалы мағыналарын көрсете отырып, Э.В.Севортян «Основным семантическом составеелможно считать «рука» и ее соответствия для мира четвероногих. Значение «рука» является вместе с тем центральным и общетюркским» деген ойлары арқылыелсөзiнiң бастапқы мағынасын айқындап бередi (ЭСТЯ I, 261).El(ig)«қол» моносиллабынalетiстiгiмен байланыстырушы пiкiрлер де бар. Көне түркi және қазiргi түркi тiлдерiндегi «Ел» микроконцептiсiнiң қосымша белгiлерi жинақталған iшкi формасындағы жасырын дефиниция «күш-қуат» идеясы басымдыққа ие. Жалпы адамзатқа тән индивидке қарағанда социумның артықшылығының ақиқаттығын мойындау түркiлiк дүниетанымға да жат емес екенi белгiлi:Жалғыздың үнi шықпас, жаяудың шаңы шықпас; Көп қорқытады, терең батырады; Көп түкiрсе көл; Жалғыз жүрiп адасқанша, көппен бiрге адас; Көппен көрген ұлы тойт.б.
El, budunархеұғымдарының антиномиясы, оппозициялық шегi жеке адам, яғни «Қоғам» концептiсiнiң бастауы «Адам» концептiсi. Адамзаттың қоғамды тануы алдымен өзiн-өзi танудан, өз бойынан танылған бiлiмдi қоғамды тануға пайдалануынан басталады. Ежелгi философтар iлiмiнен бастау алатын антропоцентристiк бағыттың негiзгi қағидасы да өзiн-өзi пайымдау актiсiндегiМен Менпринципi. ХҮII-ХIХ ғасырдағы немiс философиясы өкiлдерiнiң пайымдауынша «өзiн-өзi пайымдау өзiн өзге нәрсеге сәйкестендiру жолымен мүмкiн болады» [238,59].
Адам проблемасына ерекше маңыз берген ХХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы буржуазиялық философияның антропологиялық бағыттағы феноменология, перонализм, экзистенциялизм, философиялық антропология ағымдарының ықпалымен тiл бiлiмi философиясы аясында қалыптасқан антропологиялық лингвистика iлiмi де болмыстың мәнiн анықтаудың, ақиқат дүние бейнесiнiң тiл арқылы сомдалуының негiзi өзiндiк танымнан бастау алатынына сүйенедi [242,163-163].
«Еl», «Budun»микроконцептiлерiнiң«Jer-sub»микроконцептiсiмен тоғысуыжер(«адамзаттың мекенi»),су(«адамзаттың өсiп-өнуiне жағдай жасайтын тiршiлiк нәрi») модельдерiнiң функционалдық сапасына байланысты. Түркiлердiң мифологиялық санасы бойынша да адам жаныТәңiрден, тән топырақтан жаралғандықтан, жанынКөк Тәңiрiқайтарып алған адамның денесi де Жер-анаға қайтарылуы тиiс.
Түркi тiлдерiнде jer ≈ jir ≈ jэr ≈ žer ≈ džer ≈ zer ≈ čir ≈ ser ≈ sijr ≈ serтұлғаларында қолданылатынjir/jerлексемасының «жер», «ел», «аймақ», «орын», «топырақ», «жер телiмi», «алқап», т.б. мағыналары белгiлi (ЭСТЯ IҮ, 192-193) болғанымен, бастапқы мәнi ретiнде «жер» ұғымы танылады. Түркiлiк дүниетаным бойынша қасиеттiжермен бiрлiкте қаралатынsubқазiргi түркi тiлдерiндеsuγ ≈ sub ≈ suυ ≈ suw ≈ suj ≈ sïï ≈ šïb ≈ čïυ ≈ čïr ≈ čï ≈ čïïт.б. тұлғалары арқылы берiледi. Көне түркiлiк танымда адамзаттың өмiр сүруiне, өсiп-өркендеуiне жағдай жасаушы маңызды нысан ретiнде таңбаланған ақпаратjir – subқосарлы лексемасының түпкi мазмұндық құрылымында сақталғандықтан ол «Табиғат» – «Адам» – «Қоғам» триадасын бiр-бiрiмен жалғастырушы дәнекер қызметiн де атқарады. Себебiжер, су«Табиғат» концептiсiнiң негiзгi тiлдiк моделi бола отырып, мифологиялық сана бойынша адам тәнiн жаратушы «аналық негiз», ақиқат сана бойынша «адам мекенi» ретiнде«Адам/кiсi»концептiсiнiң, «белгiлi мемлекеттiң территориясы» ұғымы арқылы«Қоғам»концептiсiнiң тiлдiк модельдерiн құрайды. Аталған макроконцептiлер арасындағы тығыз байланыс көне түркiлердiң табиғи болмыс-бiтiмiнде қалыптасқан даралық қасиеттерiн: жаратылыспен бiте қайнасқан табиғатпен үндестiгiн; туған жер – ата мекендi пiр тұтатын жершiлдiгiн; халқын, жұртын сүйетiн елдiк позициясының берiктiгiн; азаттық пен тәуелсiздi бәрiнен жоғары қоятын асқақ рухын сипаттайды.
