Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық е.doc
Скачиваний:
245
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.87 Mб
Скачать

4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi

ҮII-IХ ғасыр түркiлерi жазба мұралары тiлiнде тiл алды шұғыл ұяң фонема d дыбысы да, фрикатив ұяң фонема z дыбысы [204,51-53] да сөз басында қолданылмайды. Ескерткiштер тiлiнде d фонемасының қолданылмауы түркi тiлдерi консонанттар жүйесiндегi анлаут d-ны көне түркi дәуiрiнен кейiнгi құбылыс ретiнде қарастыруға негiз болмау керек. Қазiргi оғыз тобындағы тiлдердiң анлаут d дыбысын кеңiнен қолдануы осыған дәлел бола алады. ХI ғасырда оғыздардың ата-бабалары анлаут d-ны қолданғаны М.Қашқари еңбегiнен белгiлi. Түркi жазбалары дүниеге келген ҮII-IХ ғасырлар мен М.Қашқари заманы арасындағы 100-150 жыл iшiнде бiр дыбыстың ұяңдану процесi толық аяқталып бiтуi мүмкiн емес. Бұл Орхон ескерткiштерiн қалдырған батыс түрiк қағанатында батыс оғыз тiлiнде сөйлейтiн түркiлердiң ата-бабалары билеушi топ құрамына ықпалы аз болғанын көрсетедi. Күлтегiн ескерткiшi мәтiнiндегi Budïnïγ igidejin tijin jïrγaru oγuz budun tapa, ilgerü qïtan, tatabï budun tapa, birgerü tabγač tapa uluγ sü eki jegirmi ... süņüšdim «Халықты көтерейiн деп, терiстiкте оғыз халқына қарсы, iлгерiде қытан, татабы халықтарына қарсы, бергерi табғачқа қарсы үлкен әскермен он екi (рет) соғыстым» КТү. 28 (Айд. I, 177); ... jazïņa oγuzγaru sü tašïqdïmïz Oγuz jaγï orduγ «... жазына оғызға әскер шығардық, ... оғыз жауы орданы басты» КТү. 48 (Айд. I, 181) деген сөйлемдер де ескерткiштер иесi оғыздар емес екенiн көрсетуi мүмкiн.

Н.А.Баскаков d, z дыбыстарының анлаут позицияда да, ауслаут позицияда да қолданылуы түркi тiлдерi дамуының хун дәуiрiне сәйкес келетiнiн айтады [159,91]. Елiктеуiштер мен бейнелеуiштер құрамында анлаут d фонемасының кеңiнен таралуы бұл көзқарасқа қайшы келедi. d ≈ z ≈ ž ≈ j сәйкестiктерi аясындағы d коррелятивi тек оғыз тайпалары тiлдерiнде ғана емес, қыпшақ тайпалары тiлдерiнде де қолданылған. ХIХ ғасыр қазақтары тiлiнде африкатының орнына d-ның қолданылғаны жайлы дерек сақталған [233,15-16]. Татар, башқұрт диалектiлерi iшiнде d, z дыбыстарының өзара алмасып қолданылуы көне бұлғар тiлiне тән белгi ретiнде қарастырылады [234,99].

Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ad(gïr) «жеребец» КТү. 36 (Айд. І, 206) ~ құм., ноғ., башқ., тат., ққалп., қаз. ajγyr; Орх., Е., Тал. ad(aγ) «нога» КТү. 47 (Айд. І, 206); Е. 11, 42; Эл. ІІІ (ДТД, 41) ~ башқ., тат., құм., ноғ., ққалп., қаз. aj(aq); Е. ad(akï) «батюшка, отец» Е. 41 (ДТД, 41) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм. at(a), тат. at(ij), башқ. at(aj); Орх., Е. ad(ïnčïq) «другой, иной, особенный» КТк. 12 (Айд. І, 206) ~ қаз., ққалп. aj(rïqša) «ерекше», тат. al(rïluw), башқ. aj(ïrïlïw), ноғ. aj(ïrïl); ққалп., қаз. aj(rïl) «отделяться»; Орх., Е., Тал. ad(ïr) «лишиться» Е. 32; ad(ïrïl) «отделиться, умереть» Е. 3, 6, 7, 11 (Аманж. ІІ, 114, 116, 118, 121), Тал. ІІ, ІҮ; Эл. ІІ; Он. ІІ, 3 (ДТД, 41) ~ қаз., ққалп. aj(rïl), башқ. aj(ïrïluw), ноғ. aj(ïrïl); Е. ad(as) «товарищ» Е. 26 (ДТД, 41); ad(aš) «друг» Е. 11 (Аманж., 121) ~ тат., башқ. ij(ptäš); Орх., Е., Тал. ed(gü) «благо, добро, хороший» Он. ІІ, 6; Е. 13, 15 (ДТД); КТк. 6, 7; КТү. 23, 24 (Айд. І, 210) ~ қаз. iz(gi), ij(gi), ноғ. ij(gij), тат., башқ. ij(gelek); Тал. idiš «сосуд» Тал. 7 (ДТД, 41) ~ қаз., ққалп., ноғ. ïd(ïs); Орх., Е., Тал. bud(un) «народ» КТк., 1, 2, 3, 4 (Айд. І, 209) ~ қаз., ққалп. bod(an); Е. qad(ïn) «тесть» Е. 17 (ДТД, 43) ~ ноғ., ққалп., қаз. qaj(ïn), тат. kae(n), башқ. qäj(ne); Е. qad(ïr) «суровый, жестокий» Е., 19; Е. 27 (ДТД, 49) ~ тат., башқ., ноғ., қар. qatï, қаз. qattï, qatuw; Е. qad(aš) «сподвижник» Е. 3, 11, 13 (ДТД, 49) ~ тат., диал. qadaš «друг»; qud(az) «женщина»: qïz qudaz МЧ. ІІ, 15 (ДТД, 52) ~ қаз. qud(aša); Орх., Е. qod «оставлять» МЧ. ІІ, 14 (ДТД, 52); Тон., 3 (Айд. ІІ, 104) ~ ноғ., ққалп., қар., қаз. qoj, тат., башқ. quj; Орх., Е. qïd «резать, укоратить» КТк. 6; КТү. 48 (Айд. І, 214) ~ қаз., ққалп. qïj, тат., башқ., ноғ., ққалп., қаз. qïs(qa), қар. qïs(xa), құм. qïs(γa); Орх., Е. tod «насыщаться, быть сытым» КТк. 8 (ДТД, 68) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм. toq, toj, тат., башқ. tuq, tuj; Орх. öd «желчь» БҚ. 29 (ДТД, 78) ~ құм., қар., ноғ., ққалп., қаз. öt, тат., башқ. üt; Орх. öd «время» КТү., 40, 50 (Айд. І, 217) ~ қаз. öt: уақыттың өтінде, желдің өтінде; Орх. ïd «посылать, бросать» Он. І, 2; МЧ. ІІ, 22; Тон. 4; КТү. 6; КЧ. 19; БҚ. 25 (ДТД, 83) ~ қаз. ït: ытқыту, ыту; Орх. ïd(uq) «священный» КТү. 23 (Айд. І, 222) ~ қаз. uj: ұйық → жер ұйық; Орх., Е. id(i) «хозяин» КТк. 4; КТү. 3, 19 (Айд. І, 222) ~ қаз., ққалп., ноғ. ij(e), құм. e(s), башқ. эj(ä), тат. ij(ä).

Ескерткiштер тiлiнде моносиллабтар соңында келетiн d дыбысы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде өзгерiске түскен.

d ≈ j сәйкестiгi: qod ≈ qoj: Орх., Е. qod «оставлять» (ДТД, 52) ≈ қаз., ққалп., тат. т.б. qoj; Орх., Е. qïd ≈ qïj: qid «резать» (ДТД, 52) ≈ қаз., ққалп. qïj. Қазiргi тiл деректерi бойынша qïd ≈ qïj моносиллабтарының *qï моделiнен жасалған туынды тұлға екенiн аңғаруға болады: қыр(ық), қыс(қарт); Орх., Е. tod ≈ toj: tod «насщыться» (ДТД, 68) ≈ қаз., ққалп., ноғ., құм. toj/tuj, iлкi түбiрi *to/*tu. Түркi тiлдерiндегi d ≈ j сәйкестiгiнiң даму жолы кеңiнен талданған мәселе [192,278,279.158,161.159,103]. Көне түркi және қыпшақ тiлдерiндегi d ≈ j сәйкестiгi көптеген сөздердi қамтығанмен кей жағдайда d тұлғасының сақталуы да кездеседi. Мысалы, қазақ тiлiнде айақ сөзiмен қатар ада болу «аяқталу, таусылу» лексемасы, көне түркiлiк bediz «орнамент» (ДТД, 36) сөзiмен төркiндес бедер лексемасы қолданылса, Талас ескерткiштерiнде кездесетiн idiš «сосуд» (ДТД, 290) сөзi қаз., ққалп., ноғ. тiлдерiнде ыдыс түрiнде сақталған.

d ≈ t сәйкестiгi. öd ≈ öt: od «жельч» (ДТД, 78) ≈ құм., ноғ., қаз. öt/ тат., башқ. üt; ïd ≈ ït: ïd «посылать, бросать» (ДТД, 83) ≈ қаз. ït (ытқыту, ытыру), қаз., ққал., ноғ., тат. т.б. at (тас ату). Тектес дыбыстар қатарына жататын d ≈ t сәйкестiгi түркi тiлдерiне кеңiнен таралған құбылыс j ≈ d ≈ t ≈ z сәйкестiктер тiзбегiне кiредi.

Z фонемасы. Көне түркi жазба ескерткiштерi тiлiндегi ауслаут z қазiргi қыпшақ тiлдерiнде толық сақталған.

Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. аz «мало» КТк. 10, КТү. 16 (Айд. І, 206) ~ башқ., қар., башқ., ноғ., құм., ққалп., қаз. az; Орх., Е. az(man) «жеребец» КТү. 46 (Айд. І, 206) ~ қаз. az(ban); Орх., Е., Тал. az(uq) «пища» КТү. 39 (Айд. І, 206) ~ құм., қаз., ққалп., ноғ., башқ. az(ïq); Орх. baz «мир, мирный» КТү. 2, 15, 18 (Айд. І, 208) ~ қаз. baz; Орх., Е., Тал. juz «сто» Е., 49 (Аманж. І, 51) ~ башқ., тат. jöz, қар. jüz, құм., ноғ. jwz, ққалп., қаз. žüž; Орх., Е. juz «лицо» Е. 26 (ДТД., 48) ~ қар. jüz, башқ., тат. jöz, ноғ., құм. juwz, ққалп., қаз. žüz; Е. üz «сам» Т. 8 (Аманж. І, 45) ~ тат., башқ. üz, ққалп., қар., ноғ., қаз. öz; Орх., Е., Тал. biz «мы» КТү. 20, 39, 40 (Айд. І, 208) ~ ноғ., қар., құм., ққалп., қаз. biz, тат., башқ. bez; Орх., Е., Тал. boz «светло серый» КТү. 32, 33 (Айд. І, 209) ~ башқ., тат. buwz, қаз., ққалп., ноғ. boz; Орх., Е. buz «портить, побеждать» ХТ ІІІ (ДТД, 33) ~ құм., қар., ноғ. buwz, башқ., тат. boz, ққалп., қаз. buz; Орх., Е. jaz «весна» КТү. 48, БҚ. 31 (ДТД, 42) ~ қаз., ққалп. zaz, құм. jaj, башқ. jäj «лето»; Орх., Е. jaz «ошибаться, повиноваться» МЧ. ІҮ, 44 (ДТД, 43) ~ қар. jaz(ux), башқ., тат. jaz(ïq), ноғ. jaz(ïk), қаз., ққалп. žaz(ïq) «грех, вина»; Орх. jaz(ïq) «равнина, степь» КТк. 3, 7; КТү. 17, 36 (Айд. І, 216) ~ қаз., ққалп. žaz(ïq); Тал., Орх., Е. qïz «дочь» Е. 22; КТү. 7 (Айд. І, 214) ~ тат., башқ., қар., ноғ., ққалп., қаз. qïz; Орх., Е. qaz(γan) «1. приобретить, добывать; 2. ревновать» КТү. 9, 16, 22; БҚ. 33, Тон. 54, 55; Е. 11, 26, 27 (ДТД, 50) ~ башқ., ноғ., ққалп., қаз. qaz «копать, рыть», башқ., тат. qaz(anïš) «зарабатывать, добывать», қаз., ққалп. qaz(ïna) «богатства»; Орх., Е. quz «скала, утес»: ойконим čuγaj quz Тон. 7 ~ қаз., ққалп., ноғ. quz; Орх., Е., Тал. qïz «пламенать, краснеть» Тон. 40 (ДТД, 54), qïz(ïl) «красный» Тон. 52 (Айд. ІІ, 113) ~ тат., башқ., ноғ., құм., ққалп., қаз. qïz(ïl) «красный»; Орх., Е., Тал. köz «глаза» КТү. 50, 51 (Айд. І, 215) ~ ноғ., қар., ққалп., қаз. köz, башқ., тат. küz; Орх., Е. küz «осень» МЧ. ІІ, 20; КХ. 3 (ДТД, 55) ~ қаз., ққалп., ноғ. küz; тат., башқ. köz, құм. güjz; Орх., Е., Тал. siz «вы» МЧ. ІІІ, 26 (ДТД, 65) ~ ққалп., қаз., ноғ. siz, тат. sez, башқ. hez; Орх., Е., Тал. tuz «прямой»; tuz(el) «улаживат, устраивать» КТү. 3, 6; КТк. 5 (ДТД, 72) ~ қаз., ққалп., қар. tüz(et), тат., башқ. töz(et) «приводить в порядок»; Орх. oz «опережать, обходить, побеждать» КТү. 47 ~ тат., башқ. uz, ноғ., қаз., ққалп. oz; Орх., Е. uz(a) «продолжать, наследовать» Тал. 8 (ДТД, 75); uz(un) «длинный» Тон. 52 (Айд. ІІ, 103) ~ башқ. oz(on), тат. oz(ïn), ноғ., ққалп. uwz(ïn), қаз. uz(ïn) «длинный»; Орх., Е., Тал. öz «сам» ХТ. ІІІ, 7; БҚ. 34 (ДТД, 77) ~ ноғ., ққалп., қаз. öz, тат., башқ. üz; Орх., Е. üz «рвать, прерывать» Тон. 13, 14: üz(gülük) «рвение, прерывание» Тон. 14 (ДТД, 78) ~ құм., ноғ., ққалп., қар., қаз. üz, башқ., тат. öz; Орх., Е. üz(e) «наверх, вверху» КТү. 1, 10, 16; Тон. 9, 20, 25; Он. І, 3; Е. 32 (ДТД, 78) ~ тат. üz(ra) (Құрыш., 212); қаз., ққалп. üs(ti), башқ. ös(tö).

Ескерткiштер тiлiндегi z тұлғалы моносиллабтардың қыпшақ тiлдерiнде өзгерiске түсуi бiр лексемадан ғана көрiнiс бередi.

z ≈ s сәйкестiгi. *üz ≈ *üs → üze ≈ üsti: üze «наверх, вверху» (ДТД, 78) ≈ қаз., ққалп. üsti / башқ. ös(tö). Тат. тiлiнде көне форма сақталған üz(rä) «вверху» (Құрыш. 212). Қазақ тiлiнде моносиллабтар құрамындағы z ≈ s сәйкестiгi өте сирек, бiрен-саран елiктеуiш мәндi сөздерден байқалады: ыз(ылда) ≈ ыс(ылда), зыр(қыра) ≈ сыр(қыра) т.б. Қазiргi тiлдерде z ≈ s сәйкестiгi кең тарамағанмен аталған дыбыстардың сәйкестiк түзуге теориялық мүмкiндiгi бар. Б.Сағындықұлы s, z фонемаларын тс(ц) аффрикатынан таратады, ғалымның пiкiрiнше s тс тiркесiнен тiкелей дамыса, z тс-ның ұяңданған варианты дз аффрикатынан өрбидi [151,27-28]. Жалпы түркi тiлдерi iшiнде ауслаут z-ның қатаңдануы чуваш тiлi деректерiнен байқалады: qaz ≈ xus «копать», xusak «лопата» (ВИ, 26).