Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық е.doc
Скачиваний:
245
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.87 Mб
Скачать

3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi

Ерін дауыстыларының жуан, жіңішке болып жіктелуі Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілінде айқын көрініс тапқан: qoj «қой», qon «қон», ol «ол», toq «тоқ», köz «көз», kün «күн», öl «өл», söz «сөз», sub «су», sür «сүр», tün «түн», töp(e) «төбе», tuj «түй, түсін» т.б. КТү. 12, 50, 46, 2, 16, 10, 26, 11, 23; КТк. 8, 2; КТү. 11, 2. Ескерткiш тiлiнде жуан u, о дыбыстарының бiрдей таңбалармен, жiңiшке ö, ü дыбыстарының бiрдей таңбалармен белгiленуi де көне түркi тiлiндегi лабиаль дауыстылардың жуан-жiңiшке варианттарының айқын ажыратылғандығын бiлдiредi. Дауыстылардың морфофонемалық сипат алуы агглютинативтi құрылымға дейiн-ақ байқалып, агглютинативтi тiлдiк құрылым кезiнде дербес фонемалық белгiлерi ажырай бастаған [159,72-78]. ҮII-IХ ғасыр түркiлерi тiлi моносиллабтар құрамындағы ерiндiк дауыстылардың табиғаты да олардың сөз мағынасын ажыратуға қабiлеттi дербес фонемалар деңгейiнде қолданылғанын көрсетедi.

Дауысты о дыбысымен бiрге >, таңбалары арқылы белгіленетін дыбысты зерттеушілер латын тіліндегі и әрпімен транскрипциялап, кириллица бойынша у әрпімен таңбалайды және тіл арты қысаң дауыстыларға жатқызады [5,49]. Көне түркі тіліндегі қолданыс ыңғайына әрі артикуляциялық сипаттамасына қарағанда қазіргі қыпшақ тілдеріндегі u(ұ) дыбысының табиғатына жақын.

А.М.Щербак дауыстылардың құрамындағы жуан-жіңішке болып саралану жүйесі жалпы түркілік тектілде де қолданылуы мүмкін екенін, бірақ көне түркі тілінде де, тектілде де дауыстылардың жуан-жіңішке болып жіктелуі тұтас воколизмдерде бірдей, тұрақты құбылыс болмағанын айта отырып, о/ö, u/ü, а/ä оппозициясының ï/i оппозициясына қарағанда фонологиялық жігі айқындығын көрсетеді [158,35]. Ғалым бұл пікірін екінші, үшінші буындағы аффикстер құрамындағы, әсіресе тәуелдік жалғауының 3 жағы мен ілік септігінің тәуелді формасындағы дауыстыларға қатысты айтады. Моносиллабтар құрамындағы дыбыстардың фонемалық тұрақтылығы екiншi, үшiншi буындағы дыбыстардың фонемалық сапасына қарағанда айқын екенi белгiлi, себебi «сөздiң қалған буындарындағы дауыстыларда дәл бiрiнше буындағыдай дербестiк болмайды» [207,53].

u дыбысының төрт түрлі аллафоны – таза у, дифтонг ұу, үу, сонор у, орта ғасырларда қолданылған у (w) дыбыстары белгiлi [152,37]. Көне түркі әліпбиінде таңбаланған u дауысты дыбыс екені айқын болғанымен, таза, жалаң дауысты ма әлде дифтонг немесе қазіргі түркі тілдеріндегі u дыбысы ма деген сұрақтарға дәл жауап беру қиын мәселе екенi де белгiлi.

Анлаут жағдайда: Орх. ud «спать» (ДТД, 75) ~ қаз., ноғ., ққал. uj(qï), башқ. jo(qo), тат. jo(ko), қ.тат. ju(qu). Ескерткiштер тiлiнде V модельдi u «сон» (ДТД, 74) лексемасы да тiркелген; Орх. ur «бить» (ДТД, 77) ~ «белгiлi бiр iс-әрекеттi iстей бiлу» (Айд. II, 170) ~ қаз., ққал., ноғ. ur, тат., башқ. or «бить». Ескерткiштер тiлiнде u «мочь» (ДТД, 74) дербес лексемасы да қолданылған. Орх. ud «жүру» (Айд. І, 221), Тониқұқ ескерткішінде – ud(ïz) «асып бар, жүргіз», uduγ «еру» (Айд. ІІ, 103). Қазіргі қыпшақ тілдерінде ud – ut тұлғасының «жүру» мағынасында жұмсалуы кездеспейді. Башқұрт тіліндегі uz(ïrγa) «проходить; проехать, проезжать» (БРРБУС, 71) сөзі ud/ut түбірімен төркіндес болуы мүмкін. Тониқуқ ескерткішінде uz (un) «ұзын» (Айд. ІІ, 103); қаз. тілінде uz(ïn); башқ. т. uz(un), тат., ққалп., құм., қырғ. тілдерінде uz(un). Көне түркі тіліндегі ud (udïz, uduγ) лексемалары қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi*uz (ұзын, ұзат, ұзарт), oz (озат, озық, т.б.) лексемаларымен түбірлес. Орх., Е. ur «сын, потомство», ur(uγ) қаз., ққалп. «потомство», ur(ï) «племя, потомок» (ДТД, 77) ~ қаз., ққалп. ur(uw), қырғ. ur(uu), башқ. ïru, ноғ. ïr(ïυ); Орх. «летать» (ДТД, 77) ~ қаз. , ноғ., ққалп., қырғ. wuš, тат. , башқ. os; Е. ug «мять» (ДТД, 74) ~ қаз. üg(it), ққалп., ноғ. üg(ut) «размельчать»; Орх. ug/og «сын» (ДТД, 74), ugul/ogul (ДТД, 7), oγul (Айд. II, 216) ~ қаз. ul, қырғ., башқ. uwl, ноғ. uυïl/uwl; Е. uz «мастер, умелец, художник» (ДТД, 75) ~ қаз., ққал. us(ta), башқ. os(ta) «мастер»; Е. ut «приобретать», ud(ïš) «побеждать» (ДТД, 75, 77) ~ қаз. ut, ноғ., ққалп. uwt, башқ., тат. ot «выиграть»; Орх. uk/uq «слушать» (ДТД, 75) ~ қаз., ққалп. uq, тат., қырғ. uwq; Орх. ul(a) «продолжать дело, наследовать» (ДТД, 76) ~ қаз., қырғ., ққал. ul(as); тат. ol(γaš), башқ. ol(as); Орх. ul(uγ) «большой, старший»; Е. ul(ga) «расти» (ДТД, 76) ~ қаз. ul(ï); ққалп. ul(li), тат. ol(ï)/ol(u), башқ. ol(o) «великий, большой».

Инлаут жағдайда. Орх. *buj(ruk) «приказ, должность» (ДТД, 35) ~ қаз. buj(rïq), ққалп. buj(rïk), қар. buj(rux), ноғ. buj(rïk), башқ. boj(orok), тат. bo(erïk); Орх. jut «падеж скота» (ДТД, 45) ~ қаз., ққалп., ноғ. žut, тат., башқ. jot, ноғ., құм. jut; Орх. juγ «плач» (ДТД, 45) ~ қаз., ққалп. žï(la); қырғ., ноғ., құм. *jï(la), башқ. *ij(la), тат. e(la); Орх., Е. qul «раб» (ДТД, 52) ~ қаз. qul, ноғ., ққалп., қар. quwl, тат., башқ. qol; Орх. qum «песок» (Айд. II, 105) ~ қаз., ноғ., ққалп. qum, башқ., тат. qom; Орх. tuγ «знамя» (ДТД, 68) ~ қаз., ққалп. tuw; Орх., Тал., Е. tul «вдова» (ДТС, 585) ~ қаз. tul; ққалп., ноғ., қар. tuwl, тат., башқ. tol; Орх. tut «держать» (ДТС, 591) ~ қаз. tut, ноғ., башқ. tot, қар., ққалп. tuwt.

Ауслаут жағдайда көне түркiлiк и фонемасы дербес лексема құрамында кездеспейдi, екiншi, үшiншi дәрежелi СVС модельдi моносиллабтар құрамында сақталу мүмкiндiгi өте жоғары.

u ≈ о сәйкестiгi. ur ≈ or, Орх. ur «белгiлi бiр iс-әрекеттi iстей бiлу» (Айд. I, 170): turk budunïγ il tutsïqïnïn bunta urtum «Түркi халқын жинап, ел еткенiңдi мұнда айттым» КТк. 10 ~ тат., башқ. or. Б.Сағындықов қазіргі қазақ тіліндегі -ыр/-ір (топыр, тапсыр, шыжғыр, мыңғыр, қақыр, сыңғыр, даңғыр, азғыр, жазғыр т.б.) жұрнағын -*ур/-*үр тұлғасында реконструкциялайды және қазіргі тіліміздегі белгі ұрды «белгі берді», бас ұрды «жүгінді», аһ ұрды «қайғырды», қ.балқ. тіліндегі terur «терлеу», ijis ur «иістену»; ққал. тіліндегі žar ur «жар салу», qadэmur «қадам басу» т.б. тіркестерінде сақталған ur компоненттінің мағыналық саралануын «бірыңғай лексикалық-семантикалық дауыстың нәтижесі емес, *ур етістігінің сонау ертедегі әртарапты (универсал) қызметін көрсететін қалдық (реликт)» [151,109-112] деп көрсетеді.

uz ≈ os, Е. uz «мастер, умелец» (ДТД, 75) ~ башқ. os(ta) «мастер»; ut ≈ ot, Е. ut «приобретать» (ДТД, 77) ~ башқ., тат. ot; ul ≈ ol, Орх. ul(a) «жалғасу, соңынан еру» (Айд. I, 221): ulaju ini jigünim «соңымнан ерген iнi-жиенiм» КТк. 1 ~ тат. ol(γas), башқ. ol(as); buj ≈ boj, Орх. *buj(ruq) «әмiр» (Айд. I, 209): Bujr ruqï begler jeme ölti «әмiршi бектерi және өлдi» КТү. 19 ~ башқ. *boj(orok), тат. *bo(erïk) «приказ»; jut ≈ jot, Орх. jut «падеж скота» (ДТД, 45) ~ тат., башқ. jot; qul ≈ qol, Орх. qul «құл» (Айд. I, 214): Ol ödke qul qulïlïγ bolmïs ermis «ол кезде құл құлды болған едi» КТү. 21 ~ тат., башқ. qol; tul ≈ tol, Орх., Е., Тал. tul «вдова, сирота» (ДТС, 585) ~ тат., башқ. tol; tut ≈ tot, Орх. tut «тұт» (Айд. I, 220): il tutsïq γir Ötüken jïš ermis «Елдi ұстайтын жер Өтүкен қойнауы едi» КТк. 4 ~ тат., башқ. tot; uč ≈ oč, Орх. «ұшу, қайтыс болу» (Айд. II, 105): uča barmïs «ұша барды» КТү. 16 ~ тат. , башқ. os. Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi арасындағы u ≈ о сәйкестiгi негiзiнен қыпшақ-бұлғар топшасындағы тiлдерге тән. Қыпшақ-ноғай топшасында көне түркiлiк и дыбысы о фонемасына ауысуы өте сирек. Қазақ тiлiндегi bod(an) «тәуелдi халық» сөзiнiң көне тұлғасы bud(un) «жалпы халық, қарапайым халық», екi тұлғаның де ортақ негiзi ескерткiштер тiлiнде қолданылатын bod «бой, дене» лексемасы. Көне түркiлiк *bud/bod моносиллабтары құрамынан и ≈ о сәйкестiгi орын алған. Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi u ≈ о сәйкестiгiнiң бiр сөздiң тұлғалық варианттарында қолданылуы әрбiр тiлдiң тарихи қалыптасу кезеңiндегi өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты болса, дербес мағыналы түбiрлес сөздер құрамындағы кездесуi аталған дыбыс өзгерiсiнiң фоно-морфо-семантикалық қабiлетiне байланысты. Мәселен, түркi тiл бiлiмi этимологиясында кеңiнен танымал көне түркiлiк ö «думать, знать» (ДТС, 375) түбiрiнен тарайтын «Ой → ойлау» гомогендi моносиллабтар кешенiне кiретiн лексемалар қазақ тiлiнiң өз iшiнде оннан асады [163,79], олардың қатарында u ≈ о сәйкестiгiн түзетiн тұлғалар да бар: ой → ойла ≈ *оқ → оқы ≈ ұқ → ұғым т.б. ноғ. oj «дума», uq «понять» (РНС, 169-310); башқ. uj «мысль», uqï «читать» (БРРБУС, 72, 126); тат. uj «мысль», uk «размышлять» (ТРС, 584).

Қазақ тiлiнде u, о дыбыстары сәйкестiгiнiң сөз мағынасына ықпалын көрсететiн бiрнеше түбiрлес жұптарды атауға болады: *шоқ(ы) (құстың шоқуы) шұқ(ы) (саусақпен шұқу); *бұр(қырау)/*бұр(қасын) ≈ * боран;

ҮI-ҮII ғасыр көне түркi жазба ескерткiштерiнде кеңiнен қолданылған дауыстылардың бiрi ерiндiк ü. Түркiлiк вокализмдердiң қалыптасу тарихы туралы зерттеулер ü:, ü дауыстысының баба түркi тiлiнде қолданыста болғанын көрсетедi [158,198. 159,73. 192,103].

Қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi ü дауыстысының әр тiлге тән етпеген акустикалық-артикуляциялық ерекшелiктерi бар. Қыпшақ-бұлғар тобындағы татар, башқұрт тiлдерiнде жартылай қысаң ü фонемасы ö дыбысына жақын айтылса, қыпшақ-ноғай топшасындағы қарақалпақ тiлiнде баяу және созылыңқы, қазақ тiлiнде батыл айтылады [204, 34-36].

Анлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ül(е) «делить», ül(ülüg) «доля» (Айд. I, 221) ~ ноғ. öles, қаз., ққалп. ül(es), тат. öl(äš), башқ. öl(öš); Орх., Е. üž(e) «вверх, наверху» (Айд. І, 221) ~ тат. ös/öc(t)/üzre, башқ. öste/ös(tö); құм. üs(tüw); ноғ., қаз., ққалп. üs(ti); Орх. üz «рвать, прерывать» (ДТД, 78) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар., құм. üz, башқ., тат. öz; Орх. üg(uz)/ög(uz) «река» (ДТД, 77) ~ қаз., қар., ноғ. ö(zen), тат., башқ. ü(zän); Орх., Е. ün «голос» (ДТД, 79) ~ башқ., тат. ön, ноғ., ққалп., қар., қаз. ün, құм. ijn; Орх., Е., Тал. ürk «пугаться» (ДТД, 79) ~ башқ. örk(öü), тат. örk(etü), қаз., ққалп., ноғ. ürk(iw); Орх., Е., Тал. üč «три» (Айд. І, 221), (ДТД, 79) ~ тат. öč, башқ. ös, ноғ., ққалп., қаз. üš, құм. üč; Орх., Е., Тал. üč(un) «для, ради» (Айд. І, 221), МЧ. ІІ, 17 (ДТД, 80) ~ тат. öč(en), башқ. ös(en), ноғ., ққалп. üš(ijn), қаз. üš(in), құм. üč(in); Е. ük «богатеть» (ДТД, 78); Орх. ük(ül) «увеличиваться» Тон. 32; Орх., Е. ük(üš) «много, множество» (ДТД, 78) ~ қаз., ққалп. ül(ken), тат., башқ. ül(kän), ноғ. üj(ken), қырғ. ül(kön).

Инлаут жағдайда: jüz «сто» (Айд. І, 213) ~ құм., ноғ. jüwz, қар. jüz, тат., башқ. jöz, қаз., ққалп. žüz; Орх., Е. jüz «лицо» (ДТД, 48) ~ тат., башқ. jöz, құм., ноғ. jüwz, ққалп., қаз. žüz, қар. jüz; Орх. juz «плавать» (ДТД, 48) ~ башқ., тат. jöz, ноғ., құм. juz, қаз., ққалп. žuz; Орх., Е., Тал. jüg(ur) «бежать» (Айд. І, 213); ноғ. υ(ïr), башқ. jüg(er), тат. jög(er), қаз., ққалп. žüg(ir); Орх. jük(un) «кланяться» (Айд. I, 213) ~ қаз., ққалп., ноғ. žug(in), құм. juk(in); Орх., Е. küm(uš) «серебро» (Айд. I, 215) ~ тат., башқ. köm(eš), ноғ. küm(ijs), қаз., ққалп. küm(is), құм. güj(mjus); Орх., Тал., Е. kün «день, солнце» (Айд. I, 216) ~ тат., башқ. kön, қар., ноғ., ққалп., қаз. kün, құм. güjn; Орх., Е., Тал. küņ «наложница» (Айд. І, 216) ~ ққалп., ноғ., қаз. küņ; Орх. jür(ek) «сердце» (ДТД, 48) ~ қаз., ққалп. žur(ek), тат., башқ. jör(ek), құм. jur(ek); Орх., Е. küč «сила» (СДЕ, 228); Е. küd(egü) «зять» (СДЕ, 227) ~ қаз., ққалп. küj(ew), тат. kij(äu), башқ. kej(äü), ноғ. kij(eυ); Е. küm «слухи» (СДЕ, 227) ~ қаз. kuņ(kil), kü(bir), küm(bir); Орх. süņ(ug) «кость» (Айд. І, 216); қар. suυ(aq), тат. söj(äk), башқ. höj(äk), ноғ. suυ(ek); ққалп., қаз. süj(ek); Орх., Е., Тал. süņ(üs) «сражение», suņ(üš) «бой» (Айд. ІI, 218) ~ тат. söņ(ge), башқ. höņ(gö), ноғ. sün(gij), қар. sün(gü), қаз. suņ(gi) «копье»; Орх., Е., Тал. suč(ig) «сладкий» (Айд. I, 218) ~ е.қып. süč(ik), süč(i)/suč(ü), süč(ü), süč(ük), süz(ü) «сладкий, приятный», «вино из винограда» (Құрыш. 193); Орх., Е. sür «гнать, ссылать» (Айд. І, 218) ~ қаз., ққалп. sür, тат. sör, башқ. hör; Орх., Е., Тал. tum(en) «десят тысяч» КТү., 31, 52 (Айд. І, 220) ~ қаз. tum(en): түмен басы; Орх., Е., Тал. tün «ночь» (Айд. І, 220) ~ башқ., тат. tön, ққалп., ноғ., қаз. tün; Е. tuņ(ur) «родственник» (Аманж. II, 121) ~ қаз. töņ(irek). Ескерткiштер тiлiнде «төңiрегiмдегiлер, айналамдағылар, жақындарым» мәнiнде ауыс мағынада қолданылған. Орх., Е., Тал. tüš/tus «спускаться» (Айд. І, 220) ~ тат., башқ. töš, қар. tüš, қаз., ққалп., ноғ. tüs; Орх., Е. tüž «ровный» (Айд. І, 220) ~ тат., башқ. töz(äw), қар., ққалп., қаз. tüz(üw); Орх. tür/tör «законы, властвовать» (ДТД, 73) ~ қаз. tör «есiкке қарсы, жоғары жақтағы силы қонақ отыратын құрметтi орын», tör(e) «этн. төретұқым (хан тұқымы, билiк басындағылар)».

Ауслаут жағдайда: Орх., Е. «слух, звук» (Айд. І, 215) ~ қаз. kü(bir); kü(m) «слух» (ДТД, 56) ~ қаз. kü(υir); Орх., Е., Тал. «войско», süle «сражаться» (Айд. І, 218) ~ е.қып. , sü bašy «командующий», su(deš) «соратник» (Құрыш., 192); Орх. bü(ke) «герой» (ДТД, 38) ~ қаз. bö(kej): (антр. Бөкей хан); Орх., Е. *ju→ ju(z) «плавать», jü(r) «ходить»; ju(gur) «бежать, бегать»; ju(rek) «сердце» (ДТД, 48) ~ қаз., ққалп. zü(z), zü(r), zü(gir), zü(rek); тат., башқ. jö(z)/jö(r), jö(ger)/jü(ger), jö(räk); ноғ., құм. jü(z), jü(r), jü(gir), jü(rek). Түркi тiлдерiне тән ең көне фонемалардың бiрi ескерткiштер тiлiндегi ү дыбысы қыпшақ тiлдерiмен моносиллабтар құрамында бiр ғана сәйкестiк түзедi.

ü ≈ ö сәйкестiгi. üles ≈ öläč, ölöš, ескерткiштер тiлiнде ül(e) «үлестiру», ül(es) «үлес»: qutïm barürün, ülugim bar üčün ... «бағым бар үшiн, үлесiм бар үшiн...» КТү., 29 ~ ноғ. öl(ejs) (РНС, 161), тат. öl(äš) (ТРС, 738), башқ. öl(öš) (БРРБУС, 111); üz ≈ öz, Орх., Е. üz «үз»: jinčge eriklig üzgeli učuz «жiңiшкенi үзу оңай» (Тон. 14) ~ тат. öz(ü) (РТС, 737), башқ. öž(örgä) (БРРБУС, 155); ün ≈ öņ, Е. ün «үн» (ДТД, 78) ~ тат. ön (ТРС, 739), башқ. ön (БРРБУС, 116); üč ≈ öč, ös «үш»; Орх. üč ~ тат. öč, башқ. ös; juz ≈ joz «жүз», Орх., Е. juz ~ башқ. jöz; kün ~ kön «күн», Орх., Е. kün ~ тат., башқ. kön, т.б.

ü ≈ i сәйкестiгi. *küd ≈ *kij, küd(egü) «зять» (СДЕ, 227): küdegülerim, qïz kelinlerim bökmedim «күйеу балаларым, қыз-келiндерiм, бөгiп тойынбадым» Е. 3 (Аманж. I, 49) ≈ тат. kij(äü), ноғ. kij(eυ).

ü ≈ e сәйкестiгi. *küd ≈ *kej: küd(egü) «зять» (СДЕ, 227) ≈ башқ. kej(äü). ü ≈ i, ü ≈ e сәйкестiктерi де бiрлi жарым сөздi ғана қамтиды, негiзiнен қыпшақ-бұлғар топшасына тән.

Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi арасындағы ü ≈ ö сәйкестiгiнiң ö тұлғасы негiзiнен татар, башқұрт, iшiнара ноғай тiлдерiне тән. Бұл құбылыс қыпшақ бұлғар топшасындағы тiлдердiң негiзiнде жатқан көне бұлғар тiлiнiң белгiсi де болуы мүмкiн. Қыпшақ-ноғай топшасындағы қазақ, қарақалпақ тiлдерiнде көне түркiлiк ü тұлғалы сөздер толық сақталған. Түркi тiлдерiндегi ü, ö дыбыстарының даму жолы тығыз бiрлiкте қарастырылады [192, 155], тектес дыбыстар болғандықтан туыстас тiлдер арасында өзара алмасу мүмкiндiктерi де жоғары. ü ≈ ö сәйкестiктерi ескерткiштер тiлiнiң өз iшiнде де қолданылады, мысалы: ügüz ≈ öguz «өзен» (ДТД, 77), tör ≈ tür «үкiмет (билiк), заң» (ДТД, 73). Қазақ тiлiнде бiрiншi буындағы ü ≈ ö сәйкестiктерi жергiлiктi ерекшелiктерде де әдеби тiлде де өте сирек кездеседi: өкпе ≈ үкпе, бүгелек ≈ бөгелек, үкiм ≈ өкiм т.б. Моносиллабтар құрамындағы ü фонемасының көп өзгерiстерге түспеуi, бiрiншiден, оның бiршама тұрақты дыбыстарға жататынын көрсетсе, екiншiден, қыпшақ тiлдерiнiң ноғай-қыпшақ топшасындағы қазақ, қарақалпақ тiлдерiнiң Орхон, Енисей, Талас мұралары тiлiмен тым жақындығын бiлдiредi.

о дауыстысының анлаут жағдайда қолданылуы: Орх., Е., Тал. ol «он» КТк. 3, 8; КТү. 16, 21, 24 (Айд. І, 216) ~ қаз., ққалп., құм., ноғ. ol; қар., башқ., тат. ul; Орх., Е. oz «спасаться» БҚ. 28, «опережать, побеждать» КТү. 47 (ДТД., 75) ~ тат., башқ. uz, ққалп., құм., ноғ., қаз. oz; Орх., Е., Тал. on «десять» КТү., 19, 47 (Айд. I, 216); КЧ. 3; Тон. 19, 26; Е. 28, 29, 30 (ДТД, 76) ~ тат., башқ., қар. un, қаз., ққалп. on; Орх., Е., Тал. ol(ur) «сесть» КТк. 1, 4, 8; КТү. 5, 16, 27 (Айд. І, 216) ~ құм., ноғ. ol(tïr), тат. u(tïr), башқ. ul(tïr), ққалп., қаз. o(tïr); Орх., Е. op(la) «атаковать» КТү. 32, 36, 42 (Айд. І, 216) ~ қаз. opla «опыру, опырайту»; Орх., Е., Тал. oγ(ul)/oγ(ulan) «дитя, сын» КТү. 22, 28, 53; КТк. 1 (Айд. І, 216); Е. 1, 16, 18; Тал. 2, 4, 8 (ДТД, 75) ~ башқ. uw(lan), тат. o(lan), қаз. u(lan); Орх., Е. or(du) «столица» КТү. 48, 49 (Айд. І, 217) ~ қаз., ққалп. or(da), тат., башқ. ur(da); Орх., Е. or(tu) «среда, всередине» КТк., 2 (Айд. І, 216) ~ қаз., ққалп., ноғ. or(ta), тат., башқ. urta; ot(ačï) «лекарь» (ДТД, 77) ~ қаз. ot(ašï), тат. ut(la) «лечить» (Құрыш., 177); Орх., Е., Тал. ot «огонь» КТү. 27, 37 (Айд. І, 217) ~ башқ., тат. uwt, ноғ., ққалп., қар., құм., қаз. ot; Орх., Е., Тал. «правый» КТү. 31, 32 (ДТД, 76) ~ қаз., ққалп., құм., ноғ. , тат., башқ. uwņ; Орх., Е., Тал. ot(uz) «тридцать» КТү. 4, 14 (Айд. І, 217) ~ тат., башқ. ut(ïz), қар., құм. ot(uz), ққалп., қаз. ot(ïz); Орх., Е. ob(ut) «стыд» Тон. 37 (ДТД, 74) ~ тат., башқ. oj(at), ққалп., қаз. uj(at);

Инлаут жағдайда: jol «дорога» КТү. 49; Тон. 16, 23; Е. 44; МЧ. ІІІ, 35 (ДТД, 45); joluq «встретить» МЧ. ІІІ, 25 ~ тат., башқ. jul, ноғ., қар. jol, құм. ël, қаз., ққалп. zol; Орх. qol «река» МЧ. ІІ, 15 (ДТД, 52) ~ қаз. qol: топ. Байынқол, Нарынқол; Орх. qorq «бояться» Он. І, 7; Тон. 39, 41 (ДТД, 52) ~ ноғ., қаз., ққалп. qorq, тат., башқ. kurk, қар. qorx; Орх. qon «остановиться на ночлег» М. 40 (ДТД, 53); КТк. 56; КТү. 2 (Айд. І, 214) ~ тат., ноғ., қар., қаз., құм. qor, башқ. qun; Орх. goj «овца» КТү. 53 (Айд. І, 214) ~ тат., башқ. kuj, ққалп., ноғ., құм., қар., қаз. goj; Орх. tog/toγ «восходить» БҚ. 27; Он. І, 2; КТк. 2; КТү. 4, 8 (ДТД, 68) ~ қаз., ққалп. tuw, башқ., тат. tïw «родиться»; Орх. bol «быть» Тон., 31 (Айд. ІІ, 101) ~ құм., ққалп., ноғ. bol, башқ., тат. buwl; Орх., Е., Тал. bod «самостоятельный» МЧ. ІІ, 22; ІҮ. 40 (ДТД, 34) ~ қаз., құм., ққалп., ноғ. boj(daq), тат., башқ. buj(daq); Орх., Е., Тал. bod «тело, существо» Тон., 4, 60 (Айд. ІІ, 101) ~ тат., башқ. buj, құм., ноғ., ққалп., қаз. boj «рост, все тело»; Орх., Ен. boz «серый» КТү. 32, 33; КЧ. 4 (ДТД, 35) ~ тат., башқ. buz, қаз., ққалп., ноғ. boz; Орх. boš «свободный» МЧ. ІІ, 19 (ДТД, 35) ~ башқ., тат. buš, қар. boš, ноғ., ққалп., қаз. bos; Орх., Е. jor(ï) «ходить, двигаться» (ДТД, 44); jor(ït) «ходить» КТк. 6 (Айд. І, 212) ~ қаз., ққалп., ноғ. žor(t) «ходить», тат. jwr(γa), ноғ. jor(γa), құм. ër(γa), ққалп., қаз. žor(γa) «иноход»; Орх. jor(ï) «проживать» (ДТД, 44) ~ башқ., тат. jor(t), ноғ. jwr(t), ққалп. žuwr(t), қаз. žur(t).

Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. *bo→bog/boγ «душить» Тон. 8, 26 (Айд. І, 101); *jo→ joq «нет» БҚ. 28; КТү. 10, 11; Он. І, 1, 3; МЧ. ІІ, 14; Эл. ІІІ, Е. 48 (ДТД, 45) ~ тат., башқ. juk, құм. ëq, қаз., ноғ., ққалп. žoq; қаз., ққалп. zoj «уничтожать»; Орх., Е. *to→toq «сытый» Тон. 8, КТк. 8 (Айд. І, 220) ~ ққалп., қаз., ноғ. toq, башқ., тат. tuq; қаз., ққалп., ноғ., құм. toj, тат., башқ. tuj.

о ≈ u сәйкестiгi: oz ≈ uz «озу, жеңу» (Айд. I, 181): Oza kelmis süsin Кültegin aγïtïp... «Оза келген әскердi Күлтегiн қуып» КТү. 47 ~ башқ., тат. uz; on ≈ un «он» (Айд. I, 216), On oq budïnï emgek körti «Он оқ халқы бейнет көрдi» КТү. 19 ~ тат., башқ., қар. un; jol ~ jul «жол» (ДТД, 45), janduq jolta jeme ölti küp «Жолда тағы да көп өлдi» Тон. 16 ~ тат., башқ. jul; bod ≈ buj «бой, дене» (Айд. II, 101) ~ тат., башқ. buj; boš ≈ buš «бос» (ДТД, 35) ~ башқ., тат. buš т.б.

о, и тұлғалы сөздер құрамындағы u(у) варианты татар, башқұрт тiлдерiне тән. Зерттеушiлер o ≈ u корреляциясын түркi тiлдерiнiң тарихи дамуына байланысты қалыптасқан рудиментарлы көне құбылысқа жатқызады [195,156-157]. о ≈ u сәйкестiгi монғол, бурят, қалмақ тiлдерiнде де кеңiнен қолданылуы аталған корреляцияның жалпыалтайлық ерекшелiк екенiн көрсетедi: oto ≈ uta «длинный», todoxo ≈ tudaxa «поподать», ohon ≈ uhan «вода», xoruw ≈ xuruw «иней», togol ≈ tugal «теленок», orgomol ≈ urgamal «растение» (Расс., 10). Көне түркiлiк о фонемасының и дыбысына өзгеруi ескерткiштер тiлiнен де орын алған, мысалы jont ≈ junt «жылқы» (ДТД, 45). Қазақ тiлiне u тұлғасы тән екенi белгiлi: жұнт(тай). Қазақ тiлiнде жұнт лексемасының «суда жүретiн итбалық тәрiздес мақұлық (ұлпаны өте әдемi, жып-жылтыр болса керек)» (ТС, 57) мәнi де белгiлi. Қазақ халқы да жұнттай сөзiн түгi жылтыраған, семiз жылқыға, топ-толық әдемi қыз-келiншектерге қатысты қолданады. «Жылқы» мағынасы мен «итбалықтың баласы» мәндерiнiң қайсысы аналогиялық жолмен қалыптасқан ауыспалы мағына екенiн анықтау қиын. Қазақ халқының ата кәсiбi мал шаруашылығы екенiн, әрi Енисей өңiрiнен табылған жазба ескерткiштерде жұнт сөзiнiң «жылқы» мағынасы тiркелгенiн ескерсек, «жылқы» мәнi бастапқы мағына болуы мүмкiн. Ғалымда junt/jont лексемасын екi дербес лексеманың бiрiгуiнен жасалған туын сөз түрiнде талдаған Э.В.Севортянның этимологиясы белгiлi: jun at → junat «үйретiлмеген, асау (жабайы) жылқы» (ЭСТЯ IҮ, 253-254). Жоғарыда келтiрiлген деректер негiзiнде көне түркiлiк о дыбысының фонологиялық табиғаты қазiргi қыпшақ тобындағы қазақ тiлiнде толық сақталғанын аңғаруға болады.

Ерiн дауыстысы ö фонемасының табиғи рефлексiнде қазақ, қарақалпақ, ноғай және қарашай-балқар тiлдерiнде анлаут жағдайда, құмық тiлiнде барлық позицияда дифтонгтық белгiлер байқалады [158,154]. Ж.Аралбаев қыпшақ тiлдерiнiң iшiнде ö фонемасының дифтонгтық артикуляциясының күштiлiгiн және татар, башқұрт тiлдерiнде у(и) фонемасына таяу айтылатынын көрсетедi [204,35].

ö дауыстысының анлаут жағдайда қолданылуы: Орх., Е., Тал. ög «мысль» Тон. 20; (ДТД, 77); ög(e) «управитель, мудрый» Е. 13, 26 (ДТД, 77) ~ ög(le) «думать» Тон. 20 ~ тат., башқ. uj, ққалп., құм., ноғ., қаз. oj; Орх., Е., Тал. ög «мать» КТү. 11, 25, 31, 49 (Айд. І, 217); Е. 28, 29, 45 (ДТД, 77) ~ üg(äj), құм., қаз., ққалп. ög(ej) «неродной»; Орх., Е., Тал. öz «сам» КТү. 3, 17, 20; КТк. 9 (Айд. І, 217); БҚ. 34 (ДТД, 77) ~ тат., башқ. üz, ноғ., ққалп., құм. öz; Орх., Е. öd «время» КТк. 1; КТү. 21, 40, 50 (Айд. І, 217) ~ қаз. öt (желдің өтінде, уақыттың өтінде); Орх., Е. ör(gij) «строить» МЧ. ІІІ, 34 (ДТД, 79) ~ қаз., ққалп. ör(uw) «заплетать»; Орх., Е. ök(ün) «раскаивать» КТү. 23 (Айд. І, 217); ök(ünč) «печаль» Е., 28 (ДТД, 78) ~ қаз. ök(in), ök(iniš); Орх., Е., Тал. öl «умирать» КТү. 10, 19, 20, КТк. 6, 7, 8 (Айд. І, 217) ~ қаз., ноғ., ққалп., қар. öl, тат., башқ. ül; Орх., Е. öņ «вперед, впереди» КТү. 4 (Айд. І, 217) ~ қаз. öņ; өң(ір), өң(геру), өң(меңдеу).

Инлаут жағдайда: Е., Орх., Тал. köz «глаза» КТү. 50, 51 (ДТД, 55) ~ ноғ., қар., ққалп., қаз. köz, башқ., тат. küz; Е. köb(rug) «мост?» (ДТД, 55) ~ қаз., ққалп. köp(ir), башқ., тат. küp(er), құм. kijop(üjr); Орх., Е., Тал. kök «синий, голубой» КТү. 1, 3; Е., 45, Эл. ІІІ (ДТД, 55) ~ тат., башқ. kük, қаз., ққалп., ноғ. kök; Е. körk «красота» Е. 44 (ДТД, 56) ~ тат. kür(ek), башқ. kür(k), ноғ., ққалп. kör(ijk), қар. kör(k), қаз. kör(ik); Орх., Е. köņ(ul) «настроение» КТк. 12 (Айд. І, 215) ~ ққалп. köņ(ijl), башқ. küņ(el), қар. kö(l)n, қаз. köņ(il), ноғ. köņ(ul); Орх., Е., Тал. kör «смотреть, видеть» КТк. 2, 11; КТү. 19, 30, 38 (Айд. І, 215) ~ тат., башқ. kür, ноғ., қар., ққалп., қаз. kör; Орх., Е. köl «запрягать» Тон. 15; köl(ük) «вьючное животное» Тон. 15 (ДТД, 58) ~ ққалп., ноғ. köl(ijk), қаз. köl(ik); Орх., Е., Тал. köl «озеро» КТү. 34, 42 (Айд. І, 215) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. köl, башқ., тат. kül; құм. kijöl; Орх., Е. sök «прокладывать дорогу через снег» КТү. 35; М. 27 (ДТД, 66) ~ қаз., ққалп. sök, тат. sük, башқ. hük; құм. sëk; Орх., Е. söņ(ük) «кость» КТү. 24 (ДТД, 66) ~ тат. söj(äk), башқ. höj(äk), ноғ. süb(ek), қаз., ққалп. süj(ek); Орх., Е. tök «проливать» Тон. 52 (ДТД, 72) ~ ноғ., ққалп., қар., қаз. tök, тат., башқ. tük; Орх., Е. tög(ün) «узел» Тон. 54 (ДТД, 72) ~ қаз., ққалп., ноғ. tüj(in), тат., башқ. töj(en), құм. tuj(ün).

Ауслаут жағдайда: Орх. kö(tür) «көтеру, жоғарылату» КТү. 25, 11 (Айд. І, 215) ~ ққалп., қаз., ноғ. kö(ter), башқ., тат. kü(tär); Орх., Е. sö(z) «слова» МЧ. ІҮ, 44; КТү. 26 (ДТД, 66); қар., қаз., ққалп., ноғ. sö(z), тат. sü(z), башқ. hö(z); қаз., ққалп., ноғ., құм. sö(jle), башқ. hö(jlä), тат. sö(jlä). Ескерткiштер тiлiндегi ö дыбысының қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi фонологиялық өзгерiстерi негiзiнен бұлғар-қыпшақ топшасындағы тiлдерден орын алған.

ö ≈ ü сәйкестiгi. ög ≈ üg(äj), ескерткiштер тiлiнде ög «шеше» (ДТД, 77): ögim qatunïγ kötürmiš teņri «шешем қатынды көтерген тәңiрi» КТү. 29 ~ башқ. üg(äj) «неродной» (БРРБУС, 75). Көне түркi тiлiнде «жалпы ана», «шеше», «мал төлiнiң енесi» мәнiн берген ög моносиллабы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде -ej/-äj жұрнағын қабылдап, есiм мәнiмен бiрге сын есiмдiк сипатқа ие болған. Iшкi мазмұнында «қандық туыстығы жоқ, тумаған» семасы басымдық алған: өгей ұл, өгей қыз, өгей әке т.б. öz ~ üz, Орх., Е., Тал. öz «өзi» (ДТД, 77): Özinče kergek bolmïs «Өздерi ажалдарынан қайтыс болған» КТү. 3 ~ башқ. üz «свой» (БРРБУС, 74), тат. üz «свой» (ТРС, 745). Э.В.Севортян öz есiмдiгiн «внутренность», «сердцевина, ядро» (ДТС, 377) мазмұнын сақтаған özek сөзiнiң құрамындағы *öz моносиллабымен төркiндестiгiн көрсетедi (ЭСТЯ, I, 506, 508). Öz/iiz моносиллабтарының когнитологиялық негiзде анықталатын ортақ мазмұны ғалым болжамының орындылығын көрсетедi. Ә.Құрышжанов ескi қыпшақ жазбаларында üzjürimek «болеть поносом» сөзi қолданылғанын тiркейдi (Құрыш., 212), М.Қашқари сөздiгiнде öz «живот, желудок, внутренность» (МҚ. I, 110) сөзi берiлген. Öz моносиллабының «iш, қарын, асқазан» мағыналарына сүйене отырып, Ә.Құрышжанов көрсеткен «Түрiк-Араб сөздiгiндегi» üzjürmek сөзi üz «iш» және jur «жүр» сөздерiнiң бiрiгуi арқылы жасалғанын аңғарамыз, iшi жүру (iшi өту) тiркесi қазақ тiлiнде қолданыста екенi де белгiлi. Öz моносиллабы мазмұнының оппозициялық шегiн öz(ge) «бөтен, басқа, жат» (ДТС, 395) сөзi таңбалайды, қар. öz(ge), диалектiлерiнде ez(ge), ež(ge) (ЭСТЯ, I, 508), құм., қ.балқ., ноғ., қырғ., ққалп. öz(ge), тат. üz(gä).

ö ≈ u сәйкестiгi. ö → ög ≈ uj «ой» (ДТД, 77), Орх., Е., Тал. Ol üč qaγan öglesin... «Ол үш қаған кеңесiп...» Тон. 20 (Айд. II, 107) ~ тат. uj «мысль, дума» (ТРС, 584), башқ. uj «мысль, размышление» (БРРБУС, 71).

ö ≈ o сәйкестiгi. ö → ög ≈ oj «ой»: Ačsïq tosïq ömez sen, bir todsar ačsïq ömez sen «Аштық, тоқтық дегендi ойламайсың. Бiр тойсаң ашығам деп ойламайсың» КТк. 8 (Аманж. I, 56-58) ~ қаз., ноғ., құм. oj. Қазақ тiлiнде ö тұлғасы да қолданыста: өк → өкiнiш.

ö ≈ е/э сәйкестiгi. öl ≈ эl «өл» (ДТС, 78). Орх., Е., Тал. öl: Ol sü anta öldi «Ол әскер сонда өлдi» КТү. 48 ~ қарайым тiлi диалектiсiнде эl «умирать» [161,155].

Көне түркi тiлiндегi о, ö, ü дыбыстары қазақ тiлiнде көп өзгерiске түспегенiн байқаймыз. Ескерткiштер тiлiнде варианттас моносиллабтар құрамындағы ü ≈ о, о ≈ ö, u ≈ ü, о ≈ ü, ö ≈ ü корреляттары қазақ тiлiнiң өз iшiнде жергiлiктi ерекшелiктерде де, әдеби тiлде де кездесiп қалатыны байқалады: сұр(а) ≈ сор(а), қош ≈ құш, сұл(ы) ≈ сүл(i), өг(ей) ≈ үг(ей), ұм(а) ≈ өм(е) (ВД, 320, 563, 566), бұй(ымтай) ≈ бүй(iмтай), дұйым ≈ дүйiм, қож(ырай) ≈ күж(iрей), қол(дыра) ≈ күл(дiре), қоң(ырсы) ≈ көң(iрсi), қоп(сы) ≈ көп(сi), мұж(ы) ≈ мүж(i), шоң(қи) ≈ шөң(ки), шұң(ғыл) ≈ шүң(гiл) т.б. Ерiндiк дауыстылардың өзгерiстерi негiзiнен мәндес сөздердi бейнелейдi:

түр ≈ *тұр ≈ сұр ≈ *сүр: түр «бет-әлпет, ажар-көрiк, өң-түс» ~ тұр(пат) «кескiн, келбет, пiшiн» (ҚТТС IХ, 287, 337) ~ сұр «сиық, түр, түс», сүр(екет) «ұсқын, сиық, пiшiн» (ҚТТС ҮIII, 394, 428): *тұқ ≈ *тоқ: тұқ(ыл) «қысқа, мұқыл мүйiз», «бiр нәрсенiң түбiртегi, қалдығы» ~ тоқ(ал) «мүйiзi жоқ, тұқыл» (ҚТТС IХ, 267). Ерiндiк дауыстылардың сөздiң бiрiншi буынында немесе дербес моносиллабтар құрамында өзара сәйкестiк түзуiнен олардың фоно-семантикалық қабiлетi де анық аңғарылады:

бүк ≈ бұқ: бүк «түзу қалпын өзгерту», «асықтың шiгеге қарсы жағы», «бүктеп қайыру», бүк(те) «қабаттап орау» ~ бұқ «жасырыну, бой тасалау, көзге көрiнбеу», бұқ(па) «көзге түспейтiн қалтарысты жер, таса» (ҚТТС II, 501, 504, 561, 562);

бүр ≈ *бұр: бүр «өсiмдiктер мен ағаш бұтақтарының жапырақ жаратын түйiнi», «тiгiлген ыдыс, киiмнiң бiр жерiн жиыңқырап жиыру», бүршiк «өсiмдiк сабақтарының жапырақ салар, өркен алар жерiндегi түйiршiк» ~ бұр(шақ) «кiшкене-кiшкене домалақ мұз күйiнде түсетiн атмосфералық жауын-шашын», «ұрығы қабық iшiнде орналасқан дақылды өсiмдiк және оның дәнi», «көгеннiң қозы-лақ байлайтын түйнектi жiбi», «тiзбектелiп түйiлген түймек» (ҚТТС II, 547, 577). Салыстырыңыз: *бүд → бүдiр, * бұд → бұдыр.

бүк ≈ бұқ, бүр ≈ *бұр корреляттарының семантикасы мен сыртқы тұрпатындағы сәйкестiктер негiзiнде «жинақталу, түйiнделу» идеясын беретiн ортақ мазмұнға негiзделген түбiрлес моносиллабтар екенiн аңғарамыз, жалпы тұрпаттан *бұ ≈ *бү ортақ тұлғасын ажыратуға болады.

*ұң ≈ *үң: ұң(ғы) «кетпен-шоттың, балтаның, күректiң сапқа кигiзiлетiн жерi», «мылтықтың оқ шығатын жерi» ~ үң(гi) «бiр жердi қуыстап қазу», үңгiр «таулы жерде кездесетiн табиғи, я болмаса қолдан қазылған қуыс» (ҚТТС IХ, 554, 483); ой (ой-қыр)/ой (етiстiк), ор (ор қазу), ұра (ұра қазу) моносиллабтарының мазмұны да *ұң ≈ *үң тұлғаларының мазмұнына сәйкес келуi, олардың u ≈ ü ≈ ö сәйкестiгi түзетiн түбiрлестер екенiн көрсетедi.

*тұт ≈ *түт: тұт(а) «От алып жана бастау» ~ түт(е) «түтiннiң бұрқұрып шығуы» (ҚТТС IХ, 295, 352).

Моносиллабтар құрамындағы o, ö, ü, u дыбыстарының гомогендi сөздердiң мәнiн өзгертуге қабiлеттi идео-сегменттiк белгiлерiн ғылыми ортада кеңiнен танымал ö «ойлау», *ur «ұрпақ» т.б. моносиллабтарының тұлғалық парадигмасы мен семантикалық деривациясы нақтылай түседi.

Ескерткiштер тiлiндегi дауысты дыбыстардың қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi сақталу деңгейi негiзiнен ü, i, ö фонемаларының қолданысы арқылы ажыратылады. Қыпшақ-ноғай, қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-половец топшасындағы тiлдерде дауыстылардың сақталу деңгейi әртүрлi, қыпшақ-ноғай топшасындағы қазақ, қарақалпақ, ноғай тiлдерi көне түркiлiк дауыстыларды (ü, i, ö дыбыстары толық сақталған) бiршама толық сақтаса; бұлғар-қыпшақ топшасындағы башқұрт, татар тiлдерiнде бiршама өзгерiстерге түскен (ü ~ ö, ö ~ ü, i ~ ij сәйкестiктерi негiзiнде); ал қыпшақ-половец топшасындағы құмық, қарайым, қарашай-балқар тiлдерiнде ü, i, ö дыбыстарының қолданысында жүйелiлiк жоқ, дыбыстардың сақталуы да, өзгерiске ұшырауы да кездеседi.

Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесiнде дауысты фоно-корреляттардың толық құрамы мынадай сәйкестiктердi қамтиды:

1. a ≈ ä сәйкестiгi: *at ≈ ät → atï ≈ ätij «жасы үлкен туыс», «әке, ата»;

2. a ≈ e сәйкестiгi: *an ≈ en → ančula ≈ enšile «еншiлеу, атауғ иемдену»;

3. a ≈ ï сәйкестiгi: taš ≈ tïs «сырты, тысы»;

4. a ≈ o сәйкестiгi: anï ≈ onï «оны»;

5. a ≈ u сәйкестiгi: anï ≈ unï «оны»;

6. e ≈ i сәйкестiгi: jir ≈ žer «жер»; el ≈ il «ел»;

7. e ≈ э сәйкестiгi: еr ≈ эr «ер адам, ер, батыр»;

8. e ≈ ä сәйкестiгi: *je ≈ *zä → jeme ≈ žäne «және»;

9. ï ≈ a сәйкестiгi:γ ≈ *aγ → ïγač ≈ aγ «ағаш»;

10. ï ≈ u сәйкестiгi: *jïm ≈ *žum → jïmčaq ≈ žumsaq «жұмсақ»;

11. ï ≈ o сәйкестiгi: *jïm ≈ *jom → jïmčaq ≈ jomšaq;

12. ï ≈ i сәйкестiгi: tïl ≈ til «тiл», «хабар»;

13. ï ≈ ij сәйкестiгi: til ≈ tijl «тiл»;

14. ï ≈ e сәйкестiгi: til ≈ tel «тiл»;

15. i ≈ э сәйкестiгi: is ≈ эš «iс», «жұмыс»;

16. i ≈ e сәйкестiгi: it ≈ et «ет, iсте»; ti ≈ te «де, айт»;

17. i ≈ ij сәйкестiгi: *il ≈ *ijl → ilki ≈ ijlki «iлкi, алғашқы»;

18. i ≈ ï сәйкестiгi: *sil ≈ *sïl → silik ≈ sïlïq «ару, пәк»;

19. i ≈ u сәйкестiгi: *sil ≈ *sul → silik ≈ suluw «ару, сұлу»;

20. u ≈ o сәйкестiгi: ur ≈ or «белгiлi бiр iс-әрекеттi iстей бiлу»;

21. ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;

22. ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;

23. ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;

24. ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;

25. o ≈ ö сәйкестiгi: qop ≈ köp «көп».

Аталған сәйкестiктердiң барлығы джерлiк қыпшақ тiлдерi арасында да, бiр тiл iшiнде де қолданылды, кейбiр сәйкестiктер ескерткiштер тiлiнiң өз iшiнде де кездеседi: а ≈ о сәйкестiгi: ol ≈ anï «ол», «оны»; а ≈ е сәйкестiгi: jana ≈ jeme «және»; e ≈ i сәйкестiгi: el ≈ il «ел»; ü ≈ ö сәйкестiгi: ügüz ≈ ögüz «өзен».

Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесiндегi дауысты дыбыстардың фоно-морфо-семантикалық табиғаты түркi түбiрлерiндегi дауыстылардың тұрақтылық сипаты немесе олардың дауыссыздарға тәуелдiлiгi (мағыналық) жайлы тұжырымдардың тым бiржақты екенiн көрсетедi. Дербес мағыналы жаңа сөз тудыруда дауыстылар мен дауыссыздар бiрдей қатысады. Түбiрлес моносиллабтардың мәнi синонимдiк, омонимдiк (полисемиялы), антонимдiк сипатта да бола бередi және денотаттың заттық-құбылыстық, iс-қимылдық сапалары ескерiлмейдi. Түбiрлес моносиллабтарға ортақ мазмұн-идея (дефинициялар жиынтығы) негiзiнен бiрiншi дәрежелi V, СV модельдерiнде сақталып, екiншi дәрежелi VС, VСС, СVС, СVСС модельдерiнiң қалыптасуы негiзiнде мағына нақтылана түседi, одан кейiнгi сөзжасам барысында моносиллаб мағынасы қайта күңгiрттенiп, жаңа тұлғаға сай жаңа мағына қалыптасады.