- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
Көне түркілердің рухани мұрасы – Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тілінде түбір сөздер мен түбір-негіздер құрамында қолданылған дауыссыздар қазіргі түркі тілдерінің өзіндік даму жолына байланысты кей жағдайда сол күйінде жұмсалса, кей жағдайда өзгерістерге ұшырағаны белгілі. Сондай-ақ көне түркілік консанантизмдердің өзгерістері мен сақталу деңгейі барлық түркі тілдерінде де абсолютті емес, яғни көне түркілік интеграциялаушы белгілер де, дифференциациялаушы белгiлер де қазіргі тілдердің бәріне тән. Қыпшақ тобындағы тілдерде де көне түркілік дауыссыздардың түрліше қалыптасуы аталмыш тілдердің дыбыстық ерекшеліктері мен даму жолын ғана көрсетіп қана қоймайды, сол тілдерде сөйлеуші халықтардың ұлт болып ұюына негіз болған этногенездік процестерден де хабар береді.
Жалпы түркi тiлдерiне тән лексикалық тұлғаны барлық түркi тiлдерiнiн бiрдей табу мүмкiн емес екенiне сүйене отырып, зерттеушiлер жалпытүркiлiк лексикалық қабатқа шарттылық сипат бередi [216,110]. Э.Р.Тенишевтiң анықтамасы бойынша жалпытүркiлiк тiлдiк жағдай – «салыстырмалы-тарихи әдiс бойынша қалпына келтiрiлген алғашқы түркiлiк тiлдiк қауымдастық, сол түркi тайпаларының гипотетикалық тiлi. Басқаша айтқанда, түркiлiк тiлдiк қабаттардың қалпына келтiрiлген және шартты түрде ең көне деп табылатын барлық белгiлерiнiң жиынтығы» [217,13]. Түркiтануда жалпытүркiлiк қабат ұғымына түркiлiк негiз тiл, түркiлiк тектiл, түркiлiк баба тiл терминдерiн эквивалент ретiнде қолдану дәстүрi де белгiлi. Ал шын мәнiнде, түркiлiк тектiл, түркiлiк баба тiл ұғымдары жалпытүркiлiк тiлдiк жағдай ұғымына балама бола алмайды, олар жалпытүркiлiк тiлдiк жағдайдың алғашқы хронологиялық кезеңдерiн бейнелейдi: түркiлiк тектiл (прототүркi) – жалғамалылық үрдiсiнiң нышандары бiлiне бастаған агглютинативтiлiкке дейiнгi кезеңдегi тiл; түркiлiк баба тiл (пратүркi) – жалғамалылыққа дейiнгi кезеңнiң кейбiр iздерiн сақтаған агглютинативтi құрылым толық қалыптасқан кезеңдегi тiл; көне түркi тiлi – коммуникациялық қажеттiлiктi толық қамтамасыз ете алатын, қалыпқа түскен әдеби тiл; ескi түркi тiлi – жалпытүркiлiк тiлдiң бiрнеше типтерiнiң тарамдалу кезеңiндегi тiл [218,9]. Шарттылық сипат жалпытүркiлiк фонологиялық қабатқа да тән болғанымен, ескерткiштер тiлi мен қазiргi түркi тiлдерiне ортақ моносиллабтар құрамындағы фонетика-фонологиялық құбылыстардың, дыбыс сәйкестiктерiнiң табиғатын айқындау оның шарттылық сипатын бiршама бәсеңдетiп, нақтылай түседi, бұл жалпытүркiлiк лексикалық қабаттың нақтылана түсуiне де ықпал етедi. Жалпытүркiлiк лексикалық қабаттың негiзiн құрайтын көне түркi тiлiндегi бiр буынды түбiрлер мен түбiр негiздердiң фонологиялық құрылымын анықтауда дауысты дыбыстармен қатар, жартылай консонанттық жазу жүйесiмен жазылған ҮII-IХ ғасыр түркiлерi жазба ескерткiштерi тiлiнде қолданылған консонант дыбыстардың фонологиялық табиғатын айқындаудың маңызы ерекше екенi белгiлi. «Процессы образование новых корней связаны с различными фонетическими закономерностями, касающимися фонетического изменения корневых морфем в процессе их образования. Изменения эти характерны как для согласных, образующих корень, так и инлаутного гласного, находящегося в позиции между согласными» [137,85] деп Н.А.Баскаков көрсеткендей жаңа лексикалық тұлға тудыру моносиллабтар құрамындағы дыбыс сәйкестiктерiнiң архаикалық қызметi болып табылады.
Зерттеушiлер баба түркi тiлдерi дамуының алғашқы кезеңiндегi консонантизмдер жүйесi жайлы негiзгi үш түрлi ғылыми болжамды көрсетедi: 1. Баба түркi тiлiнде қатаң дауыссыздар да, ұяң дауыссыздар да анлаут позицияда қолданылды. Бұл бағытты қолдаушылар қазiргi түркi тiлдерiндегi таза түркiлiк бiр буынды сөздердiң басындағы консонанттардың қатаң-ұяң оппозициясы негiзiнде *k – *g (j, γ, x рефлекстерi бар), d – t фонемаларын ажыратады; 2. Түркiлiк баба тiлде 1) бiр ғана ұяң b дыбысы, 2) b, d, g дыбыстары, 3) g, k, t, b, s дыбыстары қолданыста болған; 3. Түркiлiк баба тiлде бiрде-бiр ұяң дауыссыз қолданылмаған [192, 172].
А.М.Щербак түркiлiк баба тiлде дауыссыз дыбыстардың қатаң/ұяң, күштi/баяу айтылуына байланысты жiктелгенiн қолдай отырып, сөз басындағы қатаң-ұяң дыбыстардың фонологиялық қызмет атқарғанына күмәнмен қарайды [158,95].
Қалыптасқан графикалық жүйе болып табылатын Орхон-Енисей әліпбиінде 31 әріп 16 дауыссыз фонемалар мен фонема варианттарын белгілейді. Олардың ішінде 5 фонема (z, m, ņ, p, č) бірнеше нұсқалары бар дербес таңбаларды иеленсе, 11 фонема (b, γ-g, d, j, q-k, l, n, r, s, t, š) жуан, жіңішкелігіне қарай әрқайсысы полифонды екі вариантты таңбалармен белгіленеді. Бұған қосымша дауыссыз дыбыстардың тіркестерін белгілейтін 4 таңба қолданылады. rt, lt тіркестері монофонды таңбалармен берiлсе, nt, nč тіркестері полифонды таңбалармен белгіленеді. А.С.Аманжолов соңғы көрсетілген фонемалардың таңбалары Орхон, Енисей жазбаларында кей жағдайда жуан, жіңішке фонемаларды талғамай қолданыла беретінін [36,40], ал Талас ескерткіштерінде жуан, жіңішке вариантты фонемалардың таңбаларынан бейтараптану құбылысы тек біршама жiңiшке s дыбысына қатысты ғана байқалатынын, басқаларының дыбыс ажыратқыш сипаты қатаң сақталатынын ескертеді [5,51].
Орхон-Енисей-Талас әліпбиіндегі 11 дауыссыздың жуан-жіңішке айтылуына байланысты екі вариантты таңбалануы «жұп» дауыссыздар ұғымын қалыптастырды. Көне түркі жазбаларында жұп дауыссыздардың ажыратылып көрсетілуі аллофондардың фонемалану процесі ерте кездерден-ақ басталып, ұзақ даму жолынан өткенін білдіреді. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі жұп дауыссыздардың графикалық таңбаларының өзгешелігіне шарттылық сипат ретінде қарайтын көзқарастарға қарсы А.С.Аманжолов «... противопоставление .. парных согласных букв развивалось под влиянием сингармонизма слога и слова и что тюркский рунический алфавит, неоднородный в своих локальных разновидностях, прошел долгий самостоятельный путь развития» деген пiкiр бiлдiредi және дауыссыздардың жуан, жіңішке варианттарының түрліше таңбалануына шарттылық ретінде қарайтын пікірлер Талас ескерткіштері деректерін ескермей айтылғанын көрсетеді [5, 52].
Көне түркі әліпбиіндегі дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуына байланысты графикалық таңбаларының түрліше қолданылуы әрбір дыбысты жеке фонема ретінде қарастыруға мүмкіндік береді және көне түркі тілін қазіргі түркі тілдерімен салыстыра қарастыруда, олардың фонетикалық жүйесіндегі, лексикалық құрамы мен морфологиялық құрылымындағы айырмашылықтарды анықтауда біршама нақтылыққа қол жеткізеді. Қазiргi қыпшақ тобындағы тiлдердiң дауыссыздар жүйесi Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiндегi консонанттарға берiлген артикуляциялық, акустикалық жiктемеден айтарлықтай ажыратылмайды. Қараңыз: 2,3-кесте.
2-кесте
Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай жiктелуi
|
№ |
Тiлдер |
Ерiн |
Тiл алды |
Тiл ортасы |
Тiл арты |
увуляр |
көмей | ||
|
ерiн-ерiн |
ерiн-тiс |
тiс |
таңдай | ||||||
|
1 |
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi |
b, p, m |
|
d, t, s, n, e |
š, č, r |
j |
g, k, γ, q, ņ |
|
|
|
2 |
Ескi қыпшақ ескерткiштерi тiлi |
b, p, w, b, m |
|
d, t, z, s, n, e |
ž, š, č, r |
g, k, j |
q, γ, x, ņ |
|
|
|
3 |
Қазақ тiлi |
b, p, m, w |
υ, b |
d, t, z, s, tc, č, n, l |
ž, š, šš, j, r |
g, k |
q, γ, x, ņ |
|
h |
|
4 |
Қарақалпақ тiлi |
b, p, w, m |
υ, b |
d, t, z, s, ts, n, l |
ž, š, dž, č, r |
j |
q, γ, x, ņ, g, k |
|
x |
|
5 |
Ноғай тiлi |
b, p, w, m |
υ, b |
d, t, z, z, š, s, č, ts, n, l, r |
|
g, k, j |
q, γ, x, ņ |
|
|
|
6 |
Башқұрт тiлi |
b, p, m |
υ, b |
t, z, d, s, š, l, r, č, ž |
|
g, k, j, n |
x, ņ |
q,γ |
h |
|
7 |
Татар тiлi |
b, p, w, m |
υ, b |
d, t, z, ž, s, č, dž, š, tč, tš, ts, n, l, r |
|
j |
g, k |
q, γ, x, ņ |
h |
|
8 |
Құмық тiлi |
b, p, υ, m |
b |
d, t, z, s, dž, č |
ž, š, n, l, r |
g, k, j |
q, γ, x |
|
gь |
|
9 |
Қарайым тiлi |
b, p, υ, m |
υ, b |
s, z, ts, dz, n, l, r |
m, d, š, ž, č, dž |
k, g, j |
q, γ, x, ņ |
|
h |
|
10 |
Қарашай-балқар тiлi |
b, p, w, m |
υ, b |
d, t, z, s, n, l |
ž, š, dž, č, r |
g, k, j |
q, γ, x, ņ |
|
|
|
11 |
Қырым татарлары тiлi |
b, p, m |
d, t, υ, b |
z, ž, s, š, dž, č, n, l, r |
|
j |
g, k, q, γ, x, ņ |
|
|
|
12 |
Қырғыз тiлi |
p, b |
|
t, s, š, č, d, z, ž, n, l, r |
|
k, g, j |
ņ |
q,γ |
|
3-кесте
Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолына қарай жiктелуi
|
№ |
Тiлдер |
Үнсiз (шуыл) |
Сонор | ||||
|
шұғыл |
фрикатив |
аффрикат |
мұрын жолды |
бүйiр |
дiрiл | ||
|
1 |
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi |
b, p, d, t, g, k, γ, q |
z, s, š, j |
č |
m, n, ņ |
l |
r |
|
2 |
Ескi қыпшақ ескерткiштерi тiлi |
b, p, d, t, g, k, q |
w, b, z, s, ž, š, j, γ, x |
č |
m, n, ņ |
l |
r |
|
3 |
Қазақ тiлi |
b, p, d, t, g, k, q |
υ, b, z, s, ž, š, šš, γ, x, h |
ts, č |
m, n, ņ |
w, l, j |
r |
|
4 |
Қарақалпақ тiлi |
b, p, d, t, g, k, q |
w, υ, b, z, s, ž, š, j, γ, x |
ts, dž, č |
m, n, ņ |
l |
r |
|
5 |
Ноғай тiлi |
b, p, d, t, g, k, q |
υ, w, b, ž, z, š, s, j, γ, x |
č, ts |
m, n, ņ |
l |
r |
|
6 |
Башқұрт тiлi |
b, p, t, d, č, g, k, q |
γ, υ, b, š, ž, z, s, x, h, w, j |
|
m, n, ņ |
l |
r |
|
7 |
Татар тiлi |
b, p, d, t, g, k, q |
υ, b, z, ž, s, dž, š, γ, x, h, w, j |
č, šš, ts |
m, n, ņ |
l |
r |
|
8 |
Құмық тiлi |
b, p, d, t, g, k, q |
υ, b, z, s, ž, š, γ, x |
dž, č |
m, n, ņ |
l |
r |
|
9 |
Қарайым тiлi |
p, b, d, t, k, g, q |
υ, b, s, z, š, ž, j, x, γ, h |
ts, dz, č, dž |
m, n, ņ |
l |
r |
|
10 |
Қарашай-балқар тiлi |
b, p, d, t, g, k, q |
w, υ, b, z, s, ž, š, j, γ, x |
dž, č |
m, n, ņ |
l |
r |
|
11 |
Қырым татарлары тiлi |
b, p, d, t, g, k, q |
υ, b, z, ž, s, š, γ, x |
dž, č |
m, n, ņ |
l, j |
r |
|
12 |
Қырғыз тiлi |
p, b, t, d, k, g, q |
s, š, z, γ |
č, ž |
m, n, ņ |
l, j |
r |
[126. 192. 158. 197. 197. 199. 200. 201].
ҮII-IХ ғасыр түркi жазба ескерткiштерi тiлi қолданыста жоқ өлi тiл болғандықтан оның фонологиялық жүйесiнiң акустикалық, артикуляциялық сапасының жалпы сипаты түркi тiлдерiнiң басты ерекшелiгi үндестiк заңы негiзiнде жуан-жiңiшке, қатаң-ұяң оппозициялары бойынша айқын ажыратылғанымен, дыбыстардың айтылу рефлексiндегi ерекшелiктердi тап басып анықтау мүмкiн емес. Тiл дыбыстарының фонемалық сипаты айқын белгiлi болған жағдайда олардың жекелеген туыс тiлдердегi айтылу рефлексiнiң кейбiр ерекшелiктерi сөз мағынасына дефинициялық реңк беру қабiлетiне де ие бола алатыны фонологияда белгiлi құбылыс. Көне түркi жазба ескерткiштерi фонологиялық жүйесiндегi мұндай нәзiк құбылыстар бiзге беймәлiм болғандықтан көне түркiлiк дауыссыздар жүйесi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi дауыссыздардың гомогендi моносиллабтар құрамында айқын көрiнiс берген дауыссыздардың фонетикалық заңдылықтарға тәуелсiз еркiн алмасуының фоно-морфо-семантикалық табиғатына сүйенемiз.
Орхон, Енисей, Талас жазба ескерткіштері тілі мен қыпшақ тілдерінде моносиллабтар құрамында бiрнеше дауыссыз фоно-корреляттар кездеседі.
