Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық е.doc
Скачиваний:
245
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.87 Mб
Скачать

3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi

Вокализмдер жүйесiндегi ï – қысаң, жуан дауыстысы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі V, VС, СV, СVС, СVСС, VСС модельдi моносиллабтар құрамының барлық позициясында қолданылады.

ï дыбысының дербес мағыналы лексема ретінде қолданылуы «Тоникуқ» ескерткішінің тілінде кездесетiнi белгiлi. ï «шөп, бұта» (Айд. ІІ, 102): Atïγ ïqa bajur ertimiz «Атты бұтаға байладық» Т. 27. Ескерткіштер тіліндегі ï дауыстысы қыпшақ тілдерінде негізінен өзгеріссіз сақталған.

Анлаут жағдайда. Орх. ïd/ït «ыт, жібер» Айд. І, 222 ~ қаз., ït(uw), ït(qïtuw); Е. ït «собака» (ДТД, 85) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. ijt; Орх., Е. ïr(aq) «удаляться» (ДТД, 84) ~ қаз. žïr(aq), ққалп. žïraq/ïraq; Орх., Е. *ïd(uq) «священный» (ДТД, 83). Қазiргi қыпшақ тiлдерi сөздiгiнде ïduq сөзi тiркелмеген, ауызекi сөйлеу тiлiнде, говорлар мен диалектiлерде сақталуы да мүмкiн. Ескерткiштер тiлiндегi ïduq сөзiнiң үнемi jer/jïr «жер» немесе jer-sub «жер-су» лексемаларымен тiркесiп «қасиеттi жер», «қасиеттi жер-су» мәнiнде қолданылуы қазақ тiлiндегi этимологиясы күңгiрт *uj(ïq) (жерұйық) сөзiмен қатысы жоқ па деген ойға жетелейдi.

Инлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. jïl ~ қаз., ққалп., башқ. žïl, құм., тат, ноғ. jïl «год» (ЭСТЯ IҮ, 275); Орх., Е., Тал. jïm(čaq) ~ тат., қ.тат. диалектілерінде jïm(šaq), қар. jïm(šax), ққалп. dïm(zaq) «мягкий»; Орх., Е., Тал. jïš ~ ққалп. žïs, тат., башқ. jïs, қырғ. žïš «густой лес, чернь». Қаз. тіліндегі žïnïs «қалың, ну» лексемасының көне түркілік jïš сөзімен төркіндестігі байқалады; Орх., Е., Тал. qïz ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., башқ. qïz «девочка, девушка, дочь»; Орх., Е. qïd «укоратить, сократить» ~ қаз., ққалп., құм., ноғ. qïs(qa) «короткий, краткий»; Орх., Е. qïl ~ қаз., ққалп., ноғ., құм. qïl, қырғ., башқ., тат. kïl «делать»; Орх., Е., Тал. qïrq ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., башқ. qïrïq; тат., қырғ. kïrk «сорок»; Орх., Е., Тал. qïš ~ қаз., ққалп., ноғ., құм. qïs, тат., башқ., қырғ. kïš «зима»; Орх. sïγ(ta) ~ қаз. sïq(ta) «жылап-сықтау»; Орх., Е., Тал. tïņ(la) ~ қаз., ққалп., ноғ., башқ. tïņ(da)/tïņ(la) «слушать».

Ауслаут жағдайда: Ескерткіштер тілінде дербес мағыналы моносиллабтар құрамындағы ï фонемасының ауслаут жағдайда қолданылуы бiр ғана сөзден көрiнедi. Орх. ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., тат., қар. sï(n), башқ. hïņ «сломать».

Көне түркi тiлiне қарағанда қазiргi қыпшақ тобындағы тiлдерде ï дыбысының қолданыс аясы едәуiр кеңiгенiн байқауға болады, әсiресе башқұрт тiлiнде кең тараған: bïw «души», bïl «это», bïr(aw) «сверло», jïw(a) «дикорастущий лук», jïw(an) «толстый», jïw(at) «утешать», qïw «гонять», tïw «рожать» (БРРБУС, 19, 30, 44). Ескерткіштер тіліндегі моносиллабтар құрамындағы ï дыбысы қазіргі қыпшақ тілдерімен бiрнеше сәйкестік түзедi.

1. ï ≈ а сәйкестiгi. Орх. ïγač «дерево». Ïγač tutunu aγturtum «Ағаш ұстап шықтық (көтерілдік)» Тон., 25 ~ қаз., ққалп. aγaš, құм. agač (РКумС, 178), башқ. aγas (БРРБУС, 110), алт. аgaš (Верб., 5), қырғ. žïgač (РКС, 105), ноғ. аgaš (РНС, 150). Тоникуқ жазбасында ï «бұта, шөп» тұлғасының қолданыста болуы аталған лексеманың бастапқы түбірі *а/*ï болуы мүмкіндiгiн көрсетедi. Қазақ тiлiндегi арша, ырғай тәрiздi өсiмдiк атауларының моносиллабтық негiзiнде көне түркiлiк ï лексемасы жатуы мүмкiн. Қысаң ï дыбысының анлаут жағдайда қолданылуы инлаут және ауслаут жағдайдағы қолданыстарынан өзгешелiгi зерттеу нәтижелерiнен белгiлi [192,93-95]. Түркi тiлдерiндегi анлаут ï дыбысының өзгерiстерге көп ұшырауы, кей тiлдерде созылыңқы болып немесе дифтонгтық сипатта айтылуы, протезалық дыбыстарды қабылдауы фонеманың даму эволюциясын анықтауды күрделендiре түседi. А.М.Щербак ï фонемасын түркi вокализмдерi жүйесiндегi ең көне дыбыстар ретiнде қарастырып, қазiргi тiлдерiнiң көпшiлiгiнде i дыбыстарынан басталатын моносиллабтардың архетиптерiн ï тұлғасы арқылы реконструкциялайды [158,194]. Қазақ тiлiнiң жергiлiктi говорларында қысаң ï-ның ашық а-ға ауысуы белгiлi бiр изоглоссалық сипатымен ерекшеленбейдi, мысалы, батыста аңызақ ≈ аңазақ, шығыста сылбыр ≈ салбыр, тырмыс ≈ тармыс, Өзбекстан қазақтарында тырма ≈ тарма жұптарының ï тұлғасы қолданылады [207. 38-39]. Сирек болса да ï ≈ а сәйкестiгiнiң сөз мағынасына әсерi байқалады: *қыл ≈ *қал, қылжақ «сайқымазақ, орынсыз бұрма, тәлкек сөз», қалжың «әзiл» (ҚТТС ҮI, 582). Қалжың, қылжақ лексемалары мәндес болғанымен әрқайсысына тән семантикалық реңк аңғарылады, қылжақ «дөрекi, орынсыз әзiл», қалжың «жеңiл, сыпайы әзiл»; қар ≈ *қыр, қар «қыста жапалақтап жауатын түсi ақ атмосфералық жауын-шашын», қырау «суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бiр нәрсеге қар тәрiздi болып ағарып қонған күйi» (ҚТТС ҮI, 34, 618).

2. ï ≈ u сәйкестiгi. *jïm ≈ *žum, Орх., Е. jïm(čaq) «жұмсақ» (Айд. І, 213), Süčig sabïn, jumčaq aγïn erür, jraq budunïj anča jaγïtur ermis «Тәтті сөзін, жұмсақ қазынасын беріп, алыс халықты өзіне жақындатқан еді» КТк. 5 (Айд. І, 169) ~ қаз. žum(saq), ноғ. jum(sak) (РНС, 313), қырғ. žum(šak) (РКС, 237).

Қысаң ï фонемасының қалыптасу жолдарының бiрi ерiндiк u дыбысының делабиализация құбылысына ұшырауы [192,151] болғандықтан ï ≈ u фоно-корреляттарының кездесуi лингвистикалық заңдылық. Башқұрт тiлiнен басқа қыпшақ тiлдерiнде инлаут жағдайдағы көне түркiлiк ï дыбысы негiзiнен ерiндiк u дыбысына өзгеруi ï фонемасын кейiнгi құбылыс ретiнде тануға толық мүмкiндiк бермейдi.

Қазақ тiлi диалектiлерiнде де ï ≈ u сәйкестiгi кездеседi: был(ай) ≈ бұл(ай), бұл(ау) ≈ был(ау), бық(тыр) ≈ бұқ(тыр) [190,47], тым(ау) ≈ тұм(ау), шыб(ар) ≈ шұб(ар). ï ≈ u корреляттарының семантикалық қабiлетi, тыс ≈ тұс, қысу ≈ құшу жұптарынан көрiнедi [156,178].

3. ï ≈ о сәйкестiгi. Ескерткіштер тіліндегі jïm(čaq) «жұмсақ» сөзі башқұрт тілінде о дауыстысы арқылы қалыптасқан: jom(šaq) (БРРБУС, 126). Ал құмық тілінде көне түркілік тұлғасы сақталған: jïm(ïšaq) (РКумС, 419). ï ≈ о сәйкестiгiнiң қазақ тiлiндегi көрiнiсiн негiзiнен елiктеуiш, бейнелеуiш мәндi сөздерден көремiз: бырт ≈ борт, тоқ ≈ тық, ор(ғы) ≈ ыр(ғы).

4. ï ≈ і сәйкестiгi. tïl ≈ til, Орх. tïl «тіл». Tïlïγ kelurti sabï antaγ «Тілдіні келтірді. Сөзі мынадай» Тон., 36 (Айд. ІІ, 111) ~ қаз., ққалп til. ï ≈ i сәйкестiгi қазақ тiлi говорларында өте жиi кездеседi: сыпыр ≈ сiпiр, ымырт ≈ iмiрт, шылбыр ≈ шiлбiр, шыбыш ≈ шiбiш [210,55] т.б. Сәйкестiктiң семантикалық белгiлерi ыз ≈ iз, тыр(нақ) ≈ тiр(нек) т.б. параллельдерiнен байқалады.

Г.П.Мельников ï, і, u дыбыстарының өзара алмасу мүмкiндiгiн олардың артикулциялық-акустикалық табиғатының жақындығымен, жақтың қысаң ашылып, тiлдiң жоғары көтерiлуi, тiлдiң ауа ағымына ықпалы, ерiннiң бейтарап қалпынан жиырылуы тәрiздi процестер арқылы түсiндiредi [214,63].

5. ï ≈ ij сәйкестiгi. Орх. tïl (Тон., 36) ~ қырғ. tijl «язык» (РКС, 467); құм. tijl (РКумС, 1140). Көне түркiлiк ï дыбысының ij дауыстысына ауысуы татар, башқұрт тiлдерiнде де кездеседi. Аталған тiлдердегi ij фонемасы i дыбысына өте жақын айтылады. Сондықтан ï ≈ ij сәйкестiгiн ï ≈ i фоно-коррелятының аясында қарастырған жөн.

6. ï ≈ е сәйкестiгi. Ескерткіштер тіліндегі tïl «язык» сөзі башқұрт тілінде tel (БРРБУС, 180). Көне түркiлiк ï дыбысының қыпшақ тiлдерiнде е дыбысына ауысуы өте сирек. ï ≈ е сәйкестiгi қазiргi тiлдердiң iшiнде де аз кездеседi, бұл ï дауыстысының е фонемасына тiкелей өзгеру мүмкiндiгiнiң шектеулi екенiн бiлдiредi, қаз. тiлiнде: сықылды ≈ секiлдi.

Ескерткіштер тіліндегі ï дыбысынан басталатын моносиллабтарға ž протезалық дыбысының қосылып айтылуы да кездеседі. Мысалы; Күлтегін жазбасында ïr(aq) «алыс, жарық» КТк. 7, 5 ~ қазақ тілінде žïr(aqta) «алыста»; ït «ыт, жібер» КТк. 12, КТү. 6 ~ қаз. žït(qïtuw) «ытқыту, білдірмей алып қою»; Тоникуқ жазбасында ï(γač) «ағаш» Тон., 25 ~ қырғ. žï(gač) «дерево», жыгач иштетүү өнөр жайы «деревообрабатывающая промышленность» (РКС, 105).

Қыпшақ тiлдерiндегi бір буынды сөздердiң немесе екі, көп буынды сөздердің бірінші буынындағы ï дауыстысы алғашқы дауыстылар қатарына жатады [195,149]. Башқұрт тіліндегі бірінші буындағы ï дыбысы қазақ, құмық тілдеріндегі u дыбысына сәйкес келеді: башқ. bïw «душить», bïl «этот», bïž(aw) «теленок», bïr(aw) «сверло», tïmaw «насморк» (БРРБУС, 157, 179, 169, 69) ~ қаз. buw, bul, buz(aw), bur(aw), tum(aw); құм. buwv(mak), buw, buw(zaυ), buw(raυ), tuw(maυ) (РКумС, 203, 455, 901, 1005, 1138). Қазақ тілінде де ï дауыссызының бірінші буында қолданылуы жиі кездеседі: mï(na), bï(laj), žïr, sïr (сыру), tïr(daj), tïr(naq), šïr «іш май», bïl(γanïš), sïl(qïm), mïl(qaw) т.б.

А.М.Щербак тува, якут тілдеріндегі кейбір сөздердегі ï дыбысының қалыптасуына баба түркілік а дауыстысының ықпалы болғанын (tïp «находить» <*tap, kïlïn «толстый» <*kaлïn, ïл «брать» <*al, tïmïr «корень», «жила» <*tamïr, tïj «жеребенок по второму году» <*taj т.б.) айта отырып, «а дыбысының ï дыбысына ауысуы түсiнiк баба тiл диалектiлерiнiң бiрiне тән ерекшелiк» [158,145] деген қорытындыға келедi.

Көне жазба мұралар тіліндегі бір буынды сөздер құрамындағы і дауыстысы қыпшақ тобындағы тілдерде көп өзгеріске түспеген.

Анлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. il(gerü) ~ қаз. il(geri) (КТк. 2, 3); Орх., Е. (il)ki КТү. 32, 44 ~ қаз. il(ki); Орх. in «төмен түсу» (Айд. І, 222) ~ қаз. in, en «кіру», башқ. ijn(ergä) «входить, заходить» (БРРБУС, 26), құм. ijn «нора» (РКумС, 509), ноғ. ijn (РНС, 358), қырғ. ijin (РКС, 252); Орх., Е., Тал. ini «іні» (Айд. І, 222) ~ қаз., ққалп. ini, құм. ijni (РКумС, 61), қырғ. ijni (РКС, 35); ноғ. ijni (РНС, 56); Орх., Е. is «iс» (Айд. І, 222) ~ қаз., ққалп. is, тат.; Орх., Е., Тал. «iш», ič(re) «ішке» (Айд. І, 223) ~ қаз , құм. ijč «нутро» (РКумС, 513), ноғ. ijš (РНС, 360), қырғ. ijč (РКС, 128).

Инлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. biz КТү. 20, 39 ~ қаз., ққалп. biz, құм. bijz (РКумС, 418), қырғ. bijz (РКС, 236), ноғ. bijz (РНС, 312) «мы»; Орх., Е., Тал. bil «білу» КТк. 7, 12, 13 ~ қаз., ққалп. bil, ноғ. bijl(uυ) (РНС, 216), құм. bijl (РКумС, 282); Орх., Е. bin «мін» КТк. 32 ~ қаз., ққалп. min, қырғ. mijn; Орх., Е. bir/ber КТк. 5, 7, 9 ~ қаз., ққалп. ber(iw), ноғ. ber(uυ) (РНС, 143), құм. ber(mek) (РКумС, 169); Орх., Е., Тал. bir «бір» КТк. 6, 8 ~ қаз., ққалп. bir, ноғ. bijr (РНС, 376), құм. bijr (РКумС, 548); Орх., Е. bis/beš «бес» (КТү., 31, 44) ~ қаз., ққалп., ноғ. bes, қырғ. beš/bes; Орх., Е. jit «өлу, жіту» (Айд. І. 212) ~ қаз. žit; Орх., Е., Тал. ji(ti)/je(ti) «жеті» (Айд. ІІ, 101) ~ қаз. zeti, ноғ. jeti/žeti; Орх., Е., Тал. ~ kim «кім?» КТк. 9, 22 ~ қаз., ққалп. kim, ноғ. kijm (РНС, 274); Орх., Е., Тал. kič(ig) «кіші» КТк. 6, 7 ~ қаз., ққалп. kiši, ноғ. kijš(kej) (РНС, 293), қырғ. kijč(ijne) (РКС, 218); Орх., Е., Тал. siņ(ili) «қарындас» КТү. 333 ~ қаз. sin(ili), башқ. heņ(le) (БРРБУС, 159), қырғ. sijn(dij) (РКС, 386); Орх., Ен., Тал. siz «сіз» ~ қаз. siz, башқ. hijz/hez, ноғ., құм., қырғ. sijz; Орх. tik «тігу» ~ қаз., ққалп. tik, ноғ., қырғ. tijk; Орх., Е., Тал. tir(ig) «тірі» ~ қаз., ққалп. tir(i); Орх., Е. tiz «тізе» КТү. 2 ~ қаз., ққалп. tiz(e)/diz(e).

Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ti «де, айт» (Айд. II, 172) ~ қаз., құм., ноғ., ққалп. de; тат. dij, башқ. tij. Ескерткіштер тіліндегі моносиллабтар құрамындағы і дауыстысы қыпшақ тілдерімен бірнеше сәйкестік түзіп қолданылады.

і ≈ э сәйкестiгi. Орх., Е. is «іс», «іш» (Айд. І, 222, 223): isig küčig bertik ök «ісімді күшімді (күш-қуатымды) бердім» Тон. 52, Öz iči-tašyn tutmïs teg biz «Өз іші-сыртымызды ұстап қана қаламыз» Тон. 13 ~ башқ. эš «дело», эs «живот, нутро» (БРРБУС, 110, 113).

і ≈ е сәйкестiгi. Орх., Е., Тал. it «ет, iсте», ti «айт, де», jir «жер» (Айд. II, 172, 175): Ilgerü Qadïrqan jïšïγ aša budunïγ anča qonturdïmïz, anča itdimiz «Ілгері Қадырқан қойнауынан аса халықты осынша қондырдық, осынша еттік» КТү. 21; Üze türk teņrisi, türk ïdïq jiri – subï anča timis «көкте түркі тәңірісі, түрктің қасиетті жер-суы былай депті» КТү. 10 ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. et(iw), de, žer, тат. ijt, dij, žijr; башқ. ijt, tij, er; Орх., Е. biz «біз», bir «беру» (Айд. ІІ, 101): qaγan at bunta biz birtimiz «қаған атын мұнда бiз бердiк» ~ башқ. bez «мы», ber «давать» (БРРБУС, 15), Орх., Е. bil «біл»: bilig bilmez kisi ol sabïγalur «бiлiк бiлмес кiсi сол сөздi алып ...» КТк. 7 ~ башқ. bel «знать» (БРРБУС, 116); Орх., Е. tir «теру» (Айд. II, 219): tirilip, jetmis er bolmis «жиналып (терiлiп, сұрыпталып) жетпiс ер болды» КТк. 12 ~ қаз. ter. i ≈ e сәйкестiгiнiң қазiргi қыпшақ тiлдерiнiң бәрiнде дерлiк кездесуiн көне түркi жазба ескерткiштерi тiлiндегi i, е дыбыстарының фонемалық мән жүктемей алмасып қолданылуының табиғи жалғасы ретiнде қабылдауға болады. Ескерткiш тiлiнде jir ≈ jer «жер», il ≈ el «ел», ti ≈ te «де, айт», it ≈ et «ет, iсте», id(gü) ≈ ed(gü) «iзгi» тұлғалары бiр сөздiң сингармониялық варианты түрiнде қатар қолданыста болғаны белгiлi. i, е дыбыстарының өзара алмасу мүмкiндiгiнiң артикуляциялық негiздерi кеңiнен талқыланған мәселе (ЭСТЯ I, 757) [192,124-141. 158,153-154]. i, е дауыстыларының фонетикалық өзгерiстерi қазақ тiлiнiң диалектiлерiнде де кездеседi iзгi ≈ езгi, жiбiр ≈ жебiр, дi(йдi) ≈ де(йдi) т.б. Диалектолог мамандардың көрсетуi бойыншаi, е фонемасының изогоссалық шегi мейлiнше бытыраңқы, Маңғыстау өңiрiнен де, Қазақстанның шығыс атырабынан да көрiнiс бередi [207,50].

Қазақ тiлi деректерiнен i ≈ е сәйкестiгiнiң семантикалық дифференцияға әсерi де аңғарылады. Мысалы: *er(üw) (қар ерiдi) ≈ ir(iw) (iшек iрiдi) етiстiктерiнiң құрамындағы i, е дыбыстарының фоно-семантикалық қызметiн аңғаруға болады. Көне түркi тiлiнде *er(i) «таять», *jir(i) «портиться» (ДТС, 177, 263) ~ тат. эre; құм., қар., ноғ., ққалп. ijri «разлагаться» ~ ққалп., қырғ. eri, башқ. iri, тат. erij «таять». Аталған сөздердiң мағынасында ортақ мазмұн сақталған. in ≈ en (ену) тұлғалары да i ≈ е сәйкестiгiн түзедi.

i ≈ ij сәйкестiгi. Орх. il(ki) «первый» (ДТД, 84): Eņ ilki Tadïqan Čorïņ boz atïγ binin tegdi «Ең iлкi Тадықан Чордың боз атын мiнiп тидi» КТү. 32 ~ тат., башқ. ijl(äk), қар. ilk/ijlk. Көне түркiлiк ilki сөзi қазiргi оғыз тiлдерiнде ilk/ijlk тұлғаларында қолданылады. Осы ерекшелiк негiзiнде ilk моносиллабын архетип ретiнде танушы пiкiр қалыптасты. Э.В.Севортян ilk/ijlk тұлғасының түпкi негiзi *ijl моделi деп санайды (ЭСТЯ I, 350). Ескерткiштер тiлiндегi i дыбысының дифтонг ij фонемасына өзгеруi негiзiнен бұлғар, половец топшасындағы тiлдерге тән екенiн аңғаруға болады. Бұлғар тобындағы татар, башқұрт тiлдерiндегi ij дыбысының акустикалық сапасы қазақ тiлiндегi ij/ïj дифтонгiнiң табиғатымен бiрдей емес, татар тiлiндегi ij қазақтың i-сiне жақын естiледi. Бұлғар, половец тiлдерiндегi i, ij дыбыстарының сапалық ерекшелiктерiн қалыптасқан орфографиялық норма тереңдетiп жiберуi де мүмкiн.

і ≈ ï сәйкестiгi. Орх. sil(ik) «сұлу, таза» (Айд. І, 172): silik qïz oγlïņ küņ boltï «сұлу қыздарың күң болды» КТү. 7 ~ қаз. sïl(qïm), қырғ. sïl(ïq). Осы түбірден тараған қазақ тіліндегі suluw лексемасы (Орх. sil(ik) ~ қаз. suluw) і ≈ u сәйкестігін түзеді. Қазақ тiлiнде i ≈ ï сәйкестiгiнiң табиғаты а ≈ ä, а ≈ е алмасуларына жақын құбылыс. Жуанды, жiңiшкелi ï/i қысаңдары қыпшақ-ноғай топшасындағы тiлдердiң моносиллабтық жүйесiнде негiзiнен анлаут, инлаут позицияларда ғана қолданылады. Қыпшақ-бұлғар топшасындағы татар тiлiнде жiңiшке i жиi қолданылса, башқұрт тiлiнде жуан ï кеңiнен тараған.

Қазақ тiлi жергiлiктi говорларында сөздiң мағынасына әсер етпей қолданыла беретiн i, ï дыбыстарының алмасуы жергiлiктi сөйлеу дәстүрiнiң ыңғайында қалыптасқан ерекшелiк ретiнде қарастырылады, мыс: ши/šij ≈ шый, шiб(iш) ≈ шыб(ыш), ми/mij ≈ мый, шiл(бiр) ≈ шыл(быр). Әдеби тiлде дербес лексемалар түрiнде қолданылатын гомогендi моносиллабтар құрамындағы i ≈ ï сәйкестiгi жайлы мұндай тұжырым жасауға болмайтындығы белгiлi. Мәселен, пышақ, пiшен, пiшiм, пiшу сөздерiнiң құрамындағы пыш/пiш моносиллабтары көне түркiлiк bïč «резать, рубить, косить» (ДТС, 104) етiстiгiмен түбiрлес екенi анықталған мәселе. *Пыш/пiш тұлғаларындағы ï, i қысаң дауыстыларының дауыссыздарға тәуелсiз, еркiн ауысуы әрi ортақ мазмұнға негiзделген әртүрлi мағына беретiн дисиллабтар мен полисиллабтардың құрамында қолданылуы аталған дыбыстардың фонологиялық қызметiндегi белгiлi бiр идеялық сегменттердi көрсетедi. Башқ. bïš(qï) «пила», bïs(ïnγa) «пилить» (БРРБУС, 19), тат. pïc(kï) «пила», pečän «сено», pïčak «нож» (ТРС, 426, 442), ноғ. pïč(uυ) «пилить», pïš(kï) (РНС, 422). Қарайым тiлiнде bïč(ak) «нож», bïč(qï) «пила» (КРПС, 146) сөздерiнiң қолданыста болуы, bïč/pïč моносиллабтарының «ара», «аралау» ұғымдарын да беруi бұл ойымызды нақтылай түседi. Э.В.Севортян көне түркiлiк bïč моносиллабын түркi тiлдерiндегi bil(е) «қайрау, жану» етiстiгi құрамындағы *bil тұлғасымен сабақтастырып, архетүбiр ретiнде *bi/bï «пышақ, ұстара» есiм мәндi моносиллабын ажыратады (ЭСТЯ II, 159). Қазақ тiлiнде бiлеу «қайрақ» лексемасы қолданыста екенi белгiлi. Қар. buč(uq) «половина» (КРПС, 143) лексемасының мазмұны да «кесу, шабу, қию, аралау» мәндерiн беретiн pïš/piš тұлғаларының ортақ мазмұнына сәйкес келедi. «Жарты» мәнiндегi buč(uq) моносиллабы жалпы түркiлiк «кесу, кесiп алып тастау» мазмұнын сақтай отырып, «кесiлген, шабылған, жартысы жоқ» семасы бойынша «жарты» ұғымының тiлдiк бiрлiгiне айналған. рïš/bïč моносиллабының бойында сақталған дефиницялық белгi «жарты» адам мұрнына қатысты қолданылатын пұшық сөзiнiң этимологиясын ашуға септiгiн тигiзедi. Ә.Нұрмағамбетов бұл жөнiнде «Табиғатқа тұтастық тән. ... жарым, жарты – сол тұтастық пен бүтiннiң бөлiгi. Бүтiндi жартыға айналдыру – тағы да адам iс-әрекетiнiң немесе табиғаттың дүлей күшiнiң нәтижесi. Жарым не жартыны жасау үшiн бүтiндi кесiп немесе шабу қимылын жүргiзу қажет. Осы себептен де “пұшық” сөзiнiң пайда болуына негiз ... «пыш» етiстiгi болмақ» [215,230] деген ой айтады. *Пұш(пақ) «аңның, малдың сирақ(аяқ) терiсi» ← *пұш «край чего-л., отросток, концы чего-л.» [145,269] жалпы түркiлiк piš/pïš моносиллабының семантикалық деривациясының аясына кiредi. Қазақтың ауызекi тiлiнде пұшти/пышти елiктеуiштерi де қолданыста. Аталған моносиллабтың фоно-морфо-семантикалық өзгерiстерiнен орын алған ï ≈ i ≈ u сәйкестiгi түркiлiк вокализм жүйесiндегi ï, i, u дауыстыларының фонемалық деңгейде қолданылуы түркi тiлдерi дамуының алғашқы кезеңiнен бастау алатынын көрсетедi.

Қазақ тiлiндегi ï ≈ i сәйкестiгiнiң фоно-морфо-семантикалық сипаты айқын көрiнетiн сөздер қатарында пыс(ық) «ширақ» ≈ пiс (пiсiру), ыз(у) «тiгiстiң түрi» (табанның iзi), жыл(жы) ≈ iл(бi) «өте баяу жүру» т.б. атауға болады. Соңғы жұптағы *жыл, *iл моносиллабтарының тұлғалық өзгерiсi анлаут ž-ның протезалық табиғатына байланысты.