Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық е.doc
Скачиваний:
245
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.87 Mб
Скачать

4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi

t(т) фонемасы. Шұғыл қатаң фонема t [204,50] түркi тiлдерi дыбыс жүйесi дамуының ең алғашқы кезеңi – алтайлық дәуiрге дейiнгi уақытта-ақ дербес фонемалық деңгейде қолданылған дыбыстар қатарында қарастырылады [158,197. 159,78].

Ескерткiштер тiлiнде t дыбысы өзiнiң тұрақтылығымен ерекшеленедi, тұрақтылық сапасы қазiргi қыпшақ тiлдерiне де тән. t фонемасының көп ықпалға ұшырай бермейтiн қасиетiн белгiлi ғалым М.Томанов «Қазақ тiлiне тән деп қаралуға тиiс ерекшелiк – т дыбысына аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанса да, т ұяңданбайды, сол сапасын сақтайды» деп көрсетедi [232,73].

Анлаут жағдайда: Орх. taυ(ar) «имущество, добыча» МЧ. ІІІ, 29 ~ қаз. taw(ar); Орх., Е., Тал. taγ «гора» Тон., 44, 47; КТү. 12, 24; МЧ. ІІ, 8 (ДТД, 67) ~ ноғ., қар. taυ, тат., башқ., ққалп., қаз. taw; Орх. *tap(la) «служить, почтить» БҚ. 35 (ДТД, 67) ~ қаз., ққалп., ноғ. tab(ïn). Қаз. тiлiнде täw (тәу ету) моносиллабы сақталған [238,114]; Орх., Е. toq «сытый» Тон. 8; КТк. 8; tod «насышаться» КТк. 8 ~ қаз., ноғ., ққалп. toq, тат., башқ. tuq; Орх., Е. taq(ïγu) «курица» МЧ. І, 10; ІҮ. 43 (ДТД, 67) ~ қаз., ққалп., башқ. taw(ïq), қар. taυ(uq); Орх., Е. toq(uz) «девять» КЧ. 16; МЧ. І, 3; ІІ, 13; Е., 32, 51 ~ ққалп., қаз., ноғ. toγ(ïz), башқ., тат. tuγ(ïz); Орх., Е. taņ «заря» Тон., 35 (Айд. І, 103) ~ қаз., құм., ққалп., башқ. taņ; Орх., Е: tap «найти, находить» МЧ. ІІ, 22; ІІІ. 30 ~ қаз., ққалп., ноғ., башқ., құм. tap; Орх., Е., Тал. tur «стоять, находиться» МЧ. ІІ, 14: tur(uγ) «стоянка» Е. 47 ~ башқ. tor, қаз., ққалп., тат., ноғ. tur, құм. tuwr, қаз., ққалп. tur(aq); Орх., Е. tur(uq) «худой» КТү. 39 (Айд. І, 220) ~ қаз. turïq: арық-тұрық; Орх., Е. tu(mus) «загружать, закрывать» Тон. 23 (Айд. ІІ, 103) ~ қаз. tu(man), қар., ноғ. tu(wman), тат., башқ. ta(man)/to(man) «туман», қаз. tu(mšalaw); Е., Орх. tuγ «знамя» МЧ. І, 8; ІІ, 17 ~ қаз., ққалп., ноғ. tuw; Орх., Е., Тал. tuj «понимать, прозревать» Тон. 38, МЧ. 10 (ДТД, 68); КТү. 2 (Айд. І, 220) ~ қаз. tuj: көңілге түю; Орх., Е. tok(ta) «остановиться, спокойный» Бқ. 2 (ДТД, 68) ~ башқ. tuq(ta), қаз., құм., ққалп. toq(ta), тат. tuk(ta); Орх., Е. toq(ï) «нападать, порожать» БҚ. 31; МЧ. ІІ, 18, 20; КТк. 12, 13 (ДТД, 68) ~ қаз. toq(ïldatu): тоқылдатып ұру; Орх., Е. ton «одежда» КТү. 26, 29 (Айд. І, 219) ~ қаз., ққалп., ноғ. ton; тат., башқ. tun; Орх., Е. top «складывать» Тон., 13 (ДТД, 69) ~ қаз. top: құм. (tab)un «группа» (РКС, 165); Орх. tor(ïγ) «гнедой» (Айд. ІІ, 102) КТү. 33 ~ қаз., ққалп., ноғ. tоr(ï), башқ., тат. tur(ï); Орх., Е. tut «держать, соблюдать» КТк. 10, 47; Тон. 41, 42; КЧ. 6 ~ башқ., тат. tot, қаз., ққалп. tut, ноғ. tuwt; Орх. til «язык, лазутчик» Тон. 36; МЧ. ІІ, 24 (ДТД, 69) ~ қаз. til; ноғ., ққалп., құм. tijl; тат., башқ. tel; Е. tok(a) «пряжка» Е., 48 ~ ноғ. tok(uυ), тат. tuk(u), башқ. tuq(ïw), ққалп. toq(ïw), қаз. toq(uw) «ткать, вязать».

Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. at «лошадь» КТү. 33, 37, 40; Тон. 25, 27, 5; БҚ. 41; Он. ІІ, 3; КЧ. 4; Тал. ІІ; Е. 28, 32 (ДТД, 66) ~ башқ., құм., ноғ., қар., ққалп., қаз. at; Орх., Е., Тал. at «имя» ОН. І, 3, 6; БҚ. 36; МЧ. І, 12; ІІ, 14; КТү. 20, 25; Е. 1, 2, 5 (ДТД, 67) ~ тат., башқ., ққалп., ноғ., қаз. at; қар. ad; Орх. ït «послать» Тон. 33; КТк. 12, КТү. 6 (Айд. І, 222) ~ тат., башқ., ққалп., ноғ. at «бросать, метать»; қаз. at, ït: ытқыту; Е. at(čïl) «стрелок» Е. 32 (ДТД, 71) ~ қаз., ққалп., ноғ. т.б. at; Орх., Е., Тал. at(ï) «отец», «покровитель (мифический)» Тал. ІІ (СДЕ, 210), at(ï) «внук» Е. 47, «родственник» КТк. 13 (ДТД, 111) ~ қаз., ққалп., құм., ноғ. at(a), тат. ät(ij), башқ. at(a)/at(aj). Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде atï лексемасының «немере» мағынасы тiркелмеген. Туыстық қатынасқа байланысты «үлкен», «кiшi» семалары бойынша ata сөзiмен оппозициялық жұп құрайды. Ata лексемасының «әке, ата» мәнiнде қолданылуы ХҮII мұрасы Әбiлғазы ханның «Шежiре-и түркi» шығармасында да кеңiнен қолданылған [236,81]. Тал. at(ïz) «владения, пашня» Тал. І ~ қаз. aņïz, atïz; Орх., Е. tut(ug) «залог» Е. 32 (ДТД, 70) ~ ноғ., ққалп. tuwt(qïn), башқ., тат. tot(qïn), қаз. tut(qïn) «пленный, невольный»; Орх., Е. et/it «делать» Он. І, 4; МЧ. І, 1; КТү. 1, 10, 16 (Айд. І, 223) ~ қар., қаз., ққалп. et, тат., башқ. ijt, құм., ноғ. эt; Орх., Е. ot «огонь» КТү. 27; БҚ. 27 ~ ноғ., қаз., ққалп. ot, тат., башқ. ut; Е. čet «граница, край» Е. 34 ~ қаз., ққалп. šet; Е. ït «собака» (ДТД, 85) ~ қаз., құм. ijt, ноғ., ққалп. jijt, башқ., тат. эt. Ескерткiштер тiлiндегi анлаут t өзгерiске түспейдi, ауслаут жағдайдағы өзгерiсi бiрдi-екiлi сөздi ғана қамтиды.

t ≈ d сәйкестiгi. at ≈ ad: Орх., Е., Тал. at «имя» (ДТД, 67) ≈ қар. ad (КРПС, 44). t ≈ d сәйкестiгi ескерткiштер тiлiнiң iшiнде де сәйкестiк түзе бередi. Бұл жөнiнде А.Н.Кононов «... противопоставление звуков d – t, g – k, q – γ ... не имело фонематического значение» [2,62] дей отырып, аталған жұптарды бiр дыбыстың диалектiлiк варианты ретiнде қолданылғанын айтады. Анлаут t ≈ d сәйкестiгi қазақ әдеби тiлi мен говорларында да бiр сөздiң варианттары ретiнде қолданыла беретiнi белгiлi: тұз ≈ дұз, тәрте ≈ дәрте, тiлмар ≈ дiлмар, тиiрмен ≈ диiрмен, тұзақ ≈ дұзақ, тоғыру ≈ доғыру (ВД, 317). Тiл деректерi t ≈ d сәйкестiгiнiң сөз мағынасын да ықпал ете алатынын көрсетедi: ат(та) ≈ ад(ым), ад(ымда), бұл жерде t-ның ұяңдануын екiншi буындағы дауысты ï-ның ықпалы ретiнде түсiндiруге келмейдi, *аt моносиллабымен тұлғалас аt етiстiгiнен жасалған атым: бiр атым насыбай сөзiнде t-ның сақталуы, олар өзiнен кейiн дауыстының ықпалын қабылдамайтынын көрсетедi. Құд(ық) ≈ құт(ы) сөздерiнiң құрамынан да t ≈ d сәйкестiгiнiң iзi байқалады, елiктеуiштер жүйесiнде t, d дыбыстарының идеофондық табиғаты бiршама айқын көрiнедi.

Č(ч)дыбысы. Түркi тiлдерi фонологиялық жүйесiндегi ең көне дыбыстардың бiрi [151,26] тiл алды қатаң аффрикатč [197,56] ҮII-IХ ғасыр ескерткiштерi тiлiнде жиi қолданылатын фонемалар қатарына жатады. Қыпшақ тiлдерi iшiндеčдыбысын аз қолданатын қыпшақ-ноғай тобындағы тiлдер. Қазақ тiлiндегičдыбысы жайлы С.Омарбеков «... жұмсалу өрiсi өте тар дыбыстардың бiрi,чдыбысын жиi қолдану говорларға тән,чдыбысы қазiр жалпы халықтық тiлде малға айтылатынчу-чу, чәй-чәй, чек-чектәрiздi бiрлi-жарым одағайларда қолданылғаны болмаса, байырғы сөздердiң құрамында ұшырамайды» [207,144] деп көрсетедi. Қыпшақ-половец, қыпшақ-бұлғар тобындағы тiлдерде анлаут позицияда сирек қолданылғанмен, ауслаут позицияда бiршама кеңiрек тараған. Қазақ тiлi диалектiлерiндегi аффрикатč-ның қолданылуын тiлдiң қалыптасу тарихынан тыс қарастыруға болмайды. Тiлдегi кез келген құбылыс белгiлi бiр iшкi, сыртқы факторларға қатысты қалыптасатындықтан дыбыстық өзгерiстердi сөйлеу дәстүрiмен орныққан әдеттегi жағдай ретiнде қарастыру тiлдiң даму, қалыптасу жолын анықтауға керi әсер етедi.

Анлаут жағдайда қолданылуы. Орх., Е. čöl «пустыня» КТк. 4 (Айд. І, 223) ~ қаз., ққалп. šöl; Орх., Е. čab «слова, молва, репутация» Тон., 7; КЧ. 17 «знаменитый, пользующийся славой» Е. 30 (ДТД, 80) ~ қаз. sap: сөз саптау; Е. čak «кисть» (ДТД, 81) ~ қаз. šoq: аттың басына шоқ байлау (бәйге аты); бір шоқ гүл; Орх. čо(lug) «семья, дети» КЧ. 5 (ДТД, 80) ~ қаз. ša(qa): қызыл шақа, ša(qa laқ) «жас нәресте»; Тал., Орх., Е. čïγ «выходить» Тал. ҮІІІ, 3 ~ қаз., ққалп., ноғ. šïq, башқ. sïq; қар. čïq; құм. čïg; Орх. čïγ(aņ) (ДТД, 81) čïγ(aj) «бедный» (Айд. І, 223) КТк. 10; КТү. 29 ~ қаз. šïγ(aj): Шығайбай, šïγan: Шығаннан шыққан кедей; čït «обелиск, крепостные стены» МЧ. ІІ, 20, 21 (ДТД, 81) «фундамент» (Сартқ. ІІ, 135) қыпшақ тiлдерi сөздiктерiнде тiркелмеген; Е. čäl(ijg) «сражение» Эл. ІІІ (ДТД, 81) ~ ққалп. šal(ïs), қаз. sal(ïs): салысу, салғыласу; Орх., Е. čer(ig) «войско» КЧ. 9; МЧ. ІІ, 15, 16 ~ қаз. šer(iw), қар. čer(iυ).

Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. «открывать, протирать дорогу, пробивать»; Тон. 28; Тал. ҮІІ, 1, 4 (ДТД, 80) ~ қар., құм., тат. ač, башқ. as, ққалп., ноғ., қаз. aš; Орх., Е. «голодать» БҚ. 38; КТк. 1, 8 ~ тат., қар., құм. ač, қаз., ққалп. aš; Е. «печаль» Е., 2 ~ қаз. aš(uw): ашулы; Орх., Е. üč «три» Тон. 12 (Айд. ІІ, 103) ~ ноғ., қаз., ққалп. üš, башқ. ös, тат. öč; Орх., Е., Тал. «внутренность, внутрення часть чего-л.» Тон. 13 (Айд. ІІ, 101); Тал. ҮІІ, 3; Е. 39 (ДТД, 80) ~ қаз. , ноғ., ққалп. ijš, тат. эč, башқ. эs, құм. ijč; Орх., Е. эč(ü) «предок» ОН. І, 1, ečü «старший родственник» КТү. 1, 7, 13, 16 (Айд. І, 211); эč(ij) «мать, женщина в доме» Г. 2 (ДТД, 80) ~ қаз. äže, қырғ. еžе; Е. эč(eņ) Е. 2; эč(e) Эл. 1 «расставаться» (ДТД, 80); қаз. aš, aš(ïluw), тат., құм., тат. , башқ. as; Орх., Е. üč(ün) «для» Е. 17, 28, 41, 43, 49 ~ қаз. üš(in), қар. üč(ün), тат. öč(en), башқ. ös(en), ққалп., ноғ. üš(ijn); Е. öč(uk) «очаг» Е. 36 ~ қаз., ққалп., ноғ. oš(aq), құм. oč(aq); Орх. buč(in) «обезьяна» КТү. 53 ~ қаз. meš(in); Орх., Е., Тал. kač «убегать» КЧ. 16 ~ қаз., құм., ноғ., ққалп. qaš, тат., қар. kač; Орх., Е. keč «переходить» КТү. 37, 39; Тон. 25, 35; МЧ. ІІ, 16 ~ башқ. kijs, тат. kijč; ққалп., ноғ., қаз. keš.

č ≈ š сәйкестiгi. čöl ≈ šöl: čöl «степь, пустыня» (ДТД, 81) ≈ қаз., ққалп. söl; čet ≈ šet: čet «граница, край» (ДТД, 81) ≈ қаз. šet; čak ≈ šoq/šaq: čak «кисть» (ДТД, 81) ≈ қаз. šoq: бiр шоқ гүл, šaq: жүзiмнiң шағы; čïq ≈ šïq: čïq «выходить» (ДТД, 81) ≈ қаз., ноғ., башқ. šïq, құм., қар. тiлдерiнде көне тұлғасын сақтаған. Жалпы ескерткiштер тiлiнде č дыбысынан басталатын моносиллабтардың бәрi қыпшақ-ноғай тобындағы тiлдерде š-дыбысына өзгерсе, басқа қыпшақ тiлдерiнде č тұлғасының сақталуы да, š-ға өзгеруi де кездеседi. Ескерткiштер тiлiнiң өз iшiнде де č ≈ š сәйкестiгi фонологиялық мән жүктемей қолданыла бередi.

Ауслаут жағдайда да č ≈ š ≈ s сәйкестiгi кеңiнен тараған: ač ≈ aš ≈ as: ač «открывать» (ДТД, 80), қар., құм., тат. ≈ қаз., ққалп., ноғ. аš ≈ башқ. as; üč ≈ üš ≈ ös: üč «три» (ДТД, 80), тат. öč ≈ қаз., ноғ., ққалп. üš ≈ башқ. ös. Түркi тiлдерiндегi č, š, s дыбыстары тарихи-генетикалық тұрғыдан да, теориялық тұрғыдан да сәйкестiк түзу мүмкiндiгi бар тектес дыбыстар.

Š(ш) дыбысы. Тiл алды спиранты š фонемасы [204,55] ескерткiштер тiлiнде č, s дыбыстарымен фонологиялық мән жүктемей ауыса бередi, бұл көне жәдiгерлер иесiнiң этностық құрамында әртүрлi диалектiде сөйлейтiн түркi тайпалары шоғырланғанын көрсетедi.

Анлаут жағдайда. Орх. šaq(ïn) «думать, печалиться» МЧ. ІІ, 16 ~ қаз., ққалп., ноғ. saγ(ïn), тат. sa(čï)/šaγ(ïš), башқ. haγ(ïn); Орх. šanč «порожать, побеждать» МЧ. І, 12 ~ қаз., ққалп. šan(ïš), башқ. sän(se); Орх. šuw «вода» МЧ. І, 2, 3; šub Е. 11, 45 ~ тат., қаз. suw, ққалп. suw, ноғ., қар. suυ, башқ. huw; Орх. šaš «испугаться» МЧ. ІІІ, 33 ~ қаз., ққалп., ноғ. šoš(uw); Орх. šïk «теснить» МЧ. ІІ, 16 ~ қаз., ноғ., ққалп. sïq; Орх. šï(ņar) «один из пары» МЧ. ІІ, 15 ~ ққалп., қаз. sï(ņar); Орх., Е. šeg «край чего-л., далеко» Тон. 8 (Айд. ІІ, 103) ~ қаз. šek: шекара.

Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. «пища»; ašsïz «голодный, без еды» КТү. 17, 26 (Айд. І, 207) ~ қар., тат., башқ. , қаз., ққалп. as; Орх., Е., Тал. baš «голова» КТү. 41; baš(la) «начинать» КТү. 16, 48 (Айд. І, 208); (boš)γur «управлять» КТк. 7 (Айд. І, 208) ~ тат., башқ., қар., құм. baš, ноғ., қаз., ққалп. bas; Орх., Е., Тал. beš/bis «пять» КТү. 31, 44 (Айд. І, 208) ~ тат., башқ. bijš, ққалп., ноғ., қаз. bes; Орх., Е., Тал. jaš «возраст, молодой» КТү. 51 (Айд. І, 208) ~ ққалп., қаз. žas, қар., құм., тат. jaš, башқ. jäš, ноғ. jas; Орх., Е. jïš «лесная гора» КТк. 3, 4, 6 ~ қаз. žï(nys); Орх., Е., Тал. qaš «брови» КТү. 51; Е. 26 ~ тат., қар., башқ. qaš, қаз., ққалп., ноғ. qas; Е. quš «птица» Е. 48 ~ башқ., тат. qoš, қар. quš, ноғ., ққалп., қаз. qus; Орх., Е., Тал. qïš «зима» КТү. 48 (Айд. І, 214) ~ башқ. qïš, қар., қаз., ққалп. qïs; Орх., Е. taš «камень» КТк. 11, 12, 13; КТү. 12, 58 (Айд. ІІ, 218) ~ қар., тат., башқ. taš, ққалп., ноғ., қаз. tas; Орх., Е., Тал. tüš «спускаться» КТү. 44 (Айд. ІІ, 220) ~ ноғ., ққалп., қаз. tüs, қар. tüš, башқ. töš.

š ≈ s сәйкестiгi. šïk ≈ sïq: šïk/sïk «теснить» (ДТД, 82) ≈ қаз., ққалп., ноғ. sïq; šuw ≈ suw: šuw/sub «вода» (ДТД, 82) ≈ қаз., ққалп., тат. suw, ноғ., қар. suυ, башқ. тiлiмен š ≈ s ≈ h сәйкестiгi түзiледi. hïw «вода» (БРРБУС, 105). Башқұрт тiлiндегi h дыбысының күрделi табиғаты көптеген зерттеулерден белгiлi [161,81. 162,100. 195,402. 227,78]. qïš ≈ qïs: qïš «зима» (ДТД, 148), башқ. qïš ≈ қаз., ққалп., қар. qïs; taš ≈ tas: taš/tas «камень» (ДТД, 150), башқ., қар., тат. taš ≈ қаз., ққалп., ноғ. tas.

S(с) дыбысы. Түркi тiлдерi бойынша тұрақтылығымен ерекшеленетiн с фрикативтi түркi жазба ескерткiштерi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi арасында да өз табиғатын сақтаған, жүйелi өзгерiсi бұлғар-қыпшақ тобындағы башқұрт тiлiнен көрiнiс бередi.

Анлаут жағдайда. Орх., Е. sa «считать» КТк. 9; Тон. 27, 42 (ДТД, 64) қар., тат., ноғ., қаз., ққалп. sa(na), башқ. ha(na); Орх., Е. «ломать» КЧ. 20 (ДТД, 64) ~ тат., ноғ., қаз., ққалп. sï(nïq), қар. sï(nïx), башқ. hï(nïq) «сломанный»; Орх., Е. sab «слово» КТк. 1, 5, 6; Тон. 9, 12; БҚ. 1, 39 (ДТД, 64) ~ қаз. sap: сөз саптау; Орх., Е. saj(u) «каждый раз» КТк. 35, 36, 42 (Айд. І, 217) ~ қаз. saj(ïn); Орх. saн(č) «заколоть» КТү. 35, 36; КЧ. 5, 10, 15; Тон. 28 (ДТД) ~ башқ. sän(se), ққалп. šan(šï), қаз. šan(šï), ауызекі šan(ïš); Орх., Е., Тал. sen «ты» КТү. 8; МЧ. ІІ, 17 (ДТД, 65) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. sen, башқ. hijn, тат. sijn; Орх. sök «распарывать, прокладывать дорогу через снег» КТү. 35; БҚ. 27 (ДТД, 66) ~ қаз., ноғ., ққалп. sök, башқ. hüg, тат. süg; Орх., Е. seņ(ük)/söņ(ük)/süņ(ük) «кость» КТү. 24; sün(ük) КТү. 23, 35; Тон. 28; БҚ. 26 (ДТД, 66) ~ тат. söj(äk), башқ. höj(äk), ноғ. suυ(ek), қар. sub(aq), қаз. süj(ek); Орх., Е. söz «слова» КТү. 26 (Айд. І, 217) МЧ. ІҮ, 44 (ДТД, 66) ~ қар., қаз., ноғ., ққалп. söz, башқ. hüz, тат. cüz; Орх., Е. sub «вода» КТү. 10, 111, 19; Тон. 38 ~ ққалп. suu, тат., қаз. suw, қар., ноғ. suυ, башқ. hyw; Орх., Е. «войско» КТү. 2, 12, 28, 31, sü(le) «воевать» КТк. 3, 4; КТү. 2, 8, 12; sü(ņüs) «сражение» КТү. 15, 31; su(ņüš) «сражение» КТү. 18, 26, 28 (Айд. І, 218); МЧ. І, 9, 13; КЧ. 9, 10; Тон. 16 (ДТД, 66) ~ қаз. suņ(gi), sun(giles); Орх. sïņ(ar) «один из пары» Тон. 40; БҚ. 32 (ДТД, 66) ~ қаз. sïņ(ar); Орх., Е. sïγ(ït) «плачь, рыдание» КТү. 4; sïγ(ta) КТү. 4; sïγ(ïtčy), КТү. 4, 51 (Айд. І, 218) ~ қаз. sïq(ta): жылап-сықтау; Орх., Е. se(miz) «жирный» Тон. 5, 6 ~ қаз., ққалп., қар., ноғ. sem(iz), башқ. hij(mez), тат. sem(ez).

Ауслаут жағдайда. as «вешать» Тон. 26 ~ башқ., тат., ноғ., құм., ққалп., қаз. as; Е. as/aš «пища» Е, 32 (ДТД, 32) ~ тат., құм., башқ. , ққалп., қаз., ноғ. as; as(ug) «польза, достаток» Тал. ІІІ, (ДТД, 32); Орх., Е. as(ra) «внизу» КТү. 1, 22 (Айд. І, 207) ~ қаз. as(tï); Орх. is «работа, дело» Он. І, 6; МЧ. 17; КТү. 8, 30 ~ ққалп., ноғ. ijs, құм. ijš, тат. эš, қаз. is; Орх., Е., Тал. bas «голова, начальник» Тон. 31, 46 (ДТД, 34) baš КТү. 41 (Айд. І, 208) ~ қаз., ноғ., ққалп. bas, қар., тат., құм., башқ. baš; Орх. bas(a) «и, еще» Тон. 38 (ДТД, 34) ~ қаз. bas(a): баса айту; Орх., Е: bis/beš «пять» КТү. 31, 44; МЧ. ІІ, 15, 16 (ДТД, 39) ~ башқ., тат. bijš, құм., қар. beš, ққалп., қаз., ноғ. bes; Орх. bis(ük) «потомство, родство» КТк. 6 ~ қаз. bes(ik), ноғ., ққалп. bes(ijk), башқ., тат. bij(šek); Орх., Е. jas(a)/jaš(a) «жить в таком-то возрасте» КЧ. 3; КТү. 5 (ДТД, 44) ~ ққалп., қаз. žas(a), қар., тат. jaš(a), jas «возраст» Е., 26; jaš КТү. 51 ~ қар., тат. jaš, ққалп., қаз. žas, башқ. jäš; Орх. ja(sa) «сделать, создать» КТү. 50 ~ қаз., ққалп. žas(a), тат., башқ. jäs(ä), ноғ. jas(a); Орх. qïs «давить, настаивать» Тон., 5, 6; БҚ, 37 (ДТД, 53) ~ қаз., ққалп., ноғ. qïs, тат., башқ. kïs; Орх., Е., Тал. kis(i)/kiš(i) «человек, люди» КТк. 6, 7, КТү. 1, 39, 50 (Айд. І, 215); БҚ. 41 (ДТД, 57) ~ тат., башқ. keše, ноғ., ққалп. kijsi, қар., қаз. kisi; Орх., Е., Тал. tas «внешняя сторона» Тал. ІІ, Тон. 13 (ДТД, 68); tašï КТү. 48 (Айд. І, 218) ~ қаз., қалп. tïs; Орх. tüs «падать, спускаться, останавливаться» КТү. 44; МЧ. ІІ, 19; ІІІ, 29; Тон. 27 (ДТД, 73) ~ тат., башқ. töš, ноғ., ққалп., қаз. tüs, қар. tüš; Орх. is(ig)/ïsïγ «горячий» МЧ. ІІ, 17; Он. І, 5, 6 ~ башқ. эs(e), тат. эs(se), қар. is(si), ноғ., құм. ijs(si), ққалп. ïs(sï), қаз. ïs(tïq), ïssï.

s ≈ h сәйкестiгi. sa ≈ *ha: sa «считать» (ДТД, 64) ≈ башқ. ha(n); sï ≈ *hï: sï «ломать» (ДТД, 64) ≈ башқ. hï(n); sen ~ hijn: sen «ты» (ДТД, 65) ≈ hijn; sök ≈ hüg: sök «распарывать» (ДТД, 66) ≈ башқ. hug; *söņ ≈ *höj: söņäk «кость» ≈ башқ. hojäk (ДТД, 66) т.б. Башқұрт тiлiнде жалпытүркiлiк сөздердiң негiзгi бөлiгiнде s дыбысы h дыбысына өзгергенiмен, sijraq «сирақ», söjäl «сүйел» тәрiздi бiрен-саран лексемаларда және араб-парсы тiлдерiнен енген сөздерде s сақталады: sabïj «сәби», säbäp «себеп», sijxru «сиқыр» т.б. Башқұрт тiлiнде s ≈ h сәйкестiгi тек түбiр морфемалар құрамында ғана емес қосымша морфемалардың басында да қайталанып отыруы жiктiк жалғауы -hïņ, -heņ, -hoņ, -höņ, «-сың, -сiң», сын есiм тудыратын жұрнақ -hïz, -hez, -hoz, -höz «-сыз, -сiз» т.б. (БРБУС, 190, 204) аталмыш заңдылықтың көршi тiлдердiң ықпалымен қалыптасқан ерекшелiк емес көне дәуiрлерден келе жатқан, башқұрт халқының этногенезiне байланысты құбылыс екенiн аңғартады.

s ≈ š сәйкестiгi. is ≈ iš: is «работа, дом» (ДТД, 64) ≈ құм. ijš, тат. эš; bis ≈ bijš: bis/beš «пять» (ДТД, 39) ≈ тат., башқ. bijš, құм. beš; *bis ≈ *bijs: bisük «потомство» (ДТД, 39) ≈ башқ., тат. bijšek т.б. Келтiрiлген мысалдар негiзiнде көне түркiлiк анлаут s қыпшақ тiлдерiнде сақталып, тек башқұрт тiлiнде өзгерiске түссе, ауслаут s қыпшақ-ноғай тобындағы тiлдерде өзгерiссiз сақталып, қыпшақ-половец, қыпшақ-бұлғар тiлдерiнде s, š тұлғалары араласа қолданылатынына көз жеткiземiз. Қазақ әдеби тiлi мен говорларында да š ≈ s сәйкестiктерi кездесе беретiнi белгiлi: қыштау ≈ қыстау, шанда ≈ санда, машақ ≈ масақ т.б. (ВД, 317). s ≈ š сәйкестiгi тарихи сөзжасам тәсiлдерiнiң бiрi ретiнде қарастырылады: ас ≈ аш, өс ≈ өш [156,163].

Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар құрамындағы дауыссыз дыбыстар өзгерiстерiнiң кешенiн мынадай сәйкестiктер бейнелейдi.

1. j z сәйкестiгi: jol žol «жол», jaš ≈ žas «жас»;

2. p m сәйкестiгi: *piš ≈ *meš → pešin mešin «маймыл»;

3. p υ сәйкестiгi: *ap ≈ *aυ → apar aυar «авар»;

4. b m сәйкестiгi: bin min «мiну», biņ ≈ miņ «мың»;

5. b w сәйкестiгi:aw «ау, аулау», sub ≈ suw «су»;

6. b j сәйкестiгi: *ob ≈ *uj → obut ujat «ұят»;

7. m ņ сәйкестiгi: *tam ≈ *taņ → tamγa taņba «таңба»;

8. n ņ сәйкестiгi: jan jeņ/žeņ « жеңу»;

9. ņ j сәйкестiгi: *süņ/seņ suj → süņuk/seņük süjek «сүйек»;

10. ņ υ сәйкестiгi: *süņ/seņ ≈ *süυ → süņek/seņük süυek «сүйек»;

11. l t сәйкестiгi: *ol ≈ *ot → oltur ≈ ottur «отыр»;

12. l r сәйкестiгi: *ül ≈ *ür → ülker ürker «Үркер»;

13. r z сәйкестiгi: bor boz → a «шарап, боза»;

14. γ g сәйкестiгi: *ïγ ≈ *ag → ïγaš agač «ағаш»;

15. γ w сәйкестiгi: *aγ ≈ *aw → aγïl awïl «мал қора», «ауыл»;

16. γ υ сәйкестiгi: *aγ ≈ *aυ → aγïz aυïz «ауыз»;

17. γ j сәйкестiгi:aj → aγïl ajïl «ауыл»;

18. γ q сәйкестiгi: *jaγ ≈ *žaq/jaq → jaγuq žaqïn/jaqïn «жақын»;

19. γ k сәйкестiгi: *jaγ ≈ *jak → jaγuq jakïn «жақын»;

20. g j сәйкестiгi: teg tij «дейiн», «ти (етiстiк)»;

21. q k сәйкестiгi: qaz kaz «қазу», qop ≈ köp «көп»;

22. q x сәйкестiгi: *qat ≈ *xat → qatun xatïn «ханым, ханша», «әйел»;

23. d j сәйкестiгi: qod qoj «қой (етiстiк)»;

24. d t сәйкестiгi: öd öt «өт (зат есiм)», ïd ≈ ït «жiбер, ыт (етiстiк)»;

25. z s сәйкестiгi: *üz ≈ *üs → üze üsti «үстi»;

26. t d сәйкестiгi: at ad «есiм»;

27. č š сәйкестiгi: čöl šöl «шөл», kač ≈ qaš «қаш (етiстiк)»;

28. č s сәйкестiгi: üč ös «үш», ač ≈ as «аш (етiстiк)»;

29. š s сәйкестiгi: qïš qïs «қыс (зат есiм)», baš ≈ bas «бас»;

30. s h сәйкестiгi: sa ha → han «сан, санау»;

31. s š сәйкестiгi: is ≈ эš «iс». Көрсетiлген дыбыс сәйкестiктерiнiң кейбiрi ескерткiштер тiлiнiң өз iшiнде де қолданылады, мәселен: b m сәйкестiгi: ben men «мен»; t d сәйкестiгi: at ad → γir «ат», «айғыр»; č š сәйкестiгi: sub sub «су»; č s сәйкестiгi: čab sab «сөз», bis beš .б. Ескерткiштер тiлi мен қыпшақ тiлдерiндегi сәйкестiктер қыпшақ тiлдерi арасында да, жекелеген қыпшақ тiлдерiнiң iшiнде де кездесе бередi.

«Сөзжасам теориясы бойынша туынды сөздiң семантикалық спектрiнiң көлемi, туындыға негiз болған сөздiң семантикалық аясынан әлдеқайда шағын әрi нақтырақ болуы» [237,7] моносиллабтардың даму жолы мен құрылымдық-семантикалық өзгерiстерiне де қатысты. Түркi тiлдерi лексикалық қорының негiзiн қалайтын бiр буынды түбiрлер мен түбiр-негiздердiң белгiлi бiр дәрежеде тұрақтылығын сақтаумен қатар өзгеруге де бейiмдiлiгiн моносиллабтар құрамындағы фоно-корреляттар айқындайды. Жалпы тұрпат пен жалпы мазмұнның тұрақтылық сапасы гомогендi моносиллаб-корреляттардың дербес лексемаға ыдырауы нәтижесiнде өзгермелi, икемдi сапаға айналады. Тiл онтологиясының күрделiлiгi жүйелi тiлдiк құрылымның аясында кейбiр қайшылықтардың iз қалдыруымен де сипатталады. Мұндай белгiлер моносиллабтардың тарихи эвоюлциясына да қатысты. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштер тiлiндегi бiр буынды түбiр-негiздердiң құрылымын бейнелейтiн V, СV, VС, СVС, СVСС, VСС модельдерiнiң қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi тұрақтылық сапасы мен өзгермелi сапасының деңгейi де әртүрлi, кей модельдер тұлғалық-мағыналық белгiлерiн сол күйiнде сақтаса; ендi бiрi тұлғасын сақтап, мағыналық өзгерiстерге ұшыраған; келесi тобы мағынасын өзгертпей, тұлғалық ауытқуларға ұшырайды; кей жағдайда тұлға да мағына да елеулi өзгерiстерге түскендiктен өзара тектес моносиллабтарды ажыратудың өзi қиындық тудырады әрi мұндай құбылыстардың қалыптасуы да белгiлi бiр шеңбердiң, жүйелi заңдылықтың аясында қарастыруға келмейдi. Алғашқы моносиллабтардың бiрнеше рефлекстi варианттары болуы мүмкiн, әсiресе бiрiншi дәрежелi V моделiне негiз болған дауысты мен СV моделiнiң құрамындағы ингредиенттердiң рефлекстiк варианттарды қамту мүмкiндiгi жоғары, лингво-эволюциялық процесте әрбiр рефлекстiк варианттар ортақ идеямен бiрге, дефинициялық белгiлердi де қабылдайды. Бұл ортақ мазмұнға негiзделген корреляттарды қалыптастырады. Сондықтан V және СV модельдi түбiрлес моносиллабтарды бiр ғана тұлғада реконструкциялау нәтиже бермейдi, олардың архетұлғасы мен архисемасы полиформалы және полисемантикалы болып келедi. Бұл қасиет мағына бiршама айқындалған екiншi, үшiншi дәрежелi моносиллабтар VС, VСС, СVС, СVСС модельдерiнде бәсеңдеуi мүмкiн, фонетикалық заңдылықтарға орай аталған модельдерден екiншi дәрежелi V, СV тұлғаларының қайта туындауы ықтимал. Мұндай процестер тiлдiк құрылымға бiраз жүйесiздiк реңк бередi.

Ү Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн