- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
Тiл алды ашық езу фонемасы е қазіргі қыпшақ тілдеріндегі моносиллабтар құрамында толық сақталған. Қазақ тiлiнде е фонемасының екi түрлi реңкте айтылатыны белгiлi [212,30], сөз басында ашық дифтонг түрiнде дыбысталады. Қыпшақ тiлдерi iшiнде йотациялық (je, jэ) құбылысы ноғай, қарақалпақ тiлдерiнде қазақ тiлiне қарағанда күштiрек болса, шығыс қыпшақ тобына енетiн қырғыз тiлiнде е дауыстысының ашық дифтонгтық сапасы байқалмайды. Татар, башқұрт тiлдерiндегi моносиллабтар құрамында е фонемасы көбiне u(ij) дифтонгi арқылы дыбысталады. Ж.Аралбаев моносиллабтық деңгейдегi а, е дыбыстары парадигматикалық тұрғыдан қарағанда дербес фонемаларды, синтагматикалық тұрғыдан алғанда жеке монфонемаларды құрайтынын көрсетедi [204,34]. Зерттеушi пiкiрi а, е дауыстыларына дербес фонемалар ретiнде және бiр фонеманың варианттары түрiнде қарастырушы көзқарастардың екеуiнiң негiзiнде де шындық бар дегенге саяды. Фонемалық мән жүктемей қолданыла беруiне байланысты дыбыс өзгерiстерiнiң бәрiн бiр фонеманың варианттары ретiнде қарастыруға келмейтiнi де белгiлi.
Тарихи тұрғыдан алғанда тектес дыбыстардың бiр фонеманың аллофондары болып келетiндiгi дәлелденген мәселе, бiрақ дыбыс жүйесiнiң дамуы барысында олардың фонемалық бейтараптануымен қатар, варианттылық сипатын да сақтайтынын қазiргi тiлдердегi бiр сәйкестiктiң сингармониялық параллельдер құрамында да, сингармониялық варианттар құрамында да кездесуi арқылы анықтауға болады. Мұндай құбылыс е дыбысының өзгерiстерiне де тән.
Анлаут жағдайда: Орх., Е. еkі ~ қаз., ққалп., ноғ. еkі; башқ., тат. ijke, қырғ. эkij «два»; Орх., Е., Тал. el ~ қаз., ққалп., ноғ. el, қырғ. эl «населения, страна»; Орх., Е. eņ ~ қаз., ққалп., ноғ. en, тат., башқ., құм. ..., қырғ. эņ «самый»; Орх., Тал., Ен. er ~ қаз., ққалп., ноғ. er «герой, мужчина» ; Орх., Е., Тал. es(id) ~ қаз., ққалп., ноғ., es(it) «слушать» es «память, ум, разум, рассудок» [145,208]; Орх., Е., Тал. eb (ДТД, 36) ~ қаз., ққалп. құм., ноғ., қырғ. üj; тат., башқ. öj «дом, юрта»; Орх., Е., Тал. ed(gü) (ДТД, 41) ~ қаз. ijgi/izgi, тат., башқ. ijge, ноғ. ijgij; Орх. *em(gek) «мучение» (Айд. II, 210) ~ қаз. eņ(bek), ққалп., ноғ., қыр. еm(bek), тат., башқ. jim(gäk); Е. eš (Аманж. I, 48) ~ қ.тат., қар., ққалп. eš «друг, товарищ».
Инлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. bed(iz) ~ қаз., ққалп., қырғ. bed(er), тат., башқ. bijz(äk)/bijz(ew) «орнамент»; Орх., Е., Тал. beg ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. bek «бек, знатный»; Орх. beš ~ қаз., ққалп., ноғ. bes, қырғ. beš «пять»; Орх., Е. keg ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. kek «месть»; Орх., Е., Тал. kel ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. kel «приходить, придти»; Орх., Е. keč ~ қаз., ққалп., ноғ. keš, тат. kijč, башқ. kijs «ходить по воде»; Орх., Е., Тал. men/ben ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. men «я»; Орх., Е., Тал. sen ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. sen «ты»; Орх., Е. tegi ~ қаз., ққалп., dejin «до»; Орх. tem(ir) ~ қаз., ққалп., ноғ. tem(ir), қырғ. tem(ijr) «железо»; Орх., Е., Тал. ber/bir (ДТД, 37) ~ қаз., ққалп, ноғ., қырғ. ber, башқ., тат. bijr «давать»; Е. bel (Аманж. I, 49) ~ қаз., қырғ., ноғ., ққалп. bel, тат., башқ. bijl «поясница»; Орх., Е., Тал. jer/jir (Аманж. II, 121) ~ қаз., ққалп., қырғ. žer, тат. žijr, башқ., ноғ. er, қар. jer «земля»; Е. ket (ДТД, 58) ~ қаз., ққалп., қырғ., ноғ. ket, башқ., тат. kijt «уходить»; Е. teņ (ДТД, 72) ~ қаз., қырғ., құм. teņ, тат., башқ. tijņ «равенство»; Орх. ter/tir (ДТД, 72) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. ter, тат., башқ. tijr «пот»; Е. čet (ДТД, 81) ~ қаз., ққалп., ноғ. šet, тат., башқ. čet «край, граница»; Орх. čer(ig) «войско» (ДТД, 81) ~ қаз. šer(uw)/šer(ik), қар. čer(iυ) «войско, демонстрация»; Орх. šeg «падаль» (ДТД, 82) ~ қаз. šet(ine) «қайтыс болу».
Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ne ~ қаз., ққалп., ноғ., қар., құм., тат., башқ., қырғ. ne «что?»; Орх. te/ti (ДТС, 545) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм. de, тат. dij, башқ. tij. Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тобындағы тілдерде е фонемасының өзгерістеріне қатысты үш дыбыс сәйкестігі кездеседі.
1. е ≈ і сәйкестiгi. Орх. jer/jir, Е. jer ~ қаз., ққалп., қырғ. žer; тат. žijr; башқ. jer «земля». Jrγaru jir Bajïrqu jiriņe tegi süledim «Терістікте Байырқу жеріне дейін соғыстым» КТк. 4 (Айд. І, 163); Орх., Е., Тал. el/il ~ қаз., ққалп., құм. el, тат., башқ. el/il, қырғ. эl «страна»; Орх., Е., Тал. et/it ~ қаз., құм., ққалп., қырғ. et, тат., башқ., қ.-б. it/et «делать, сделать»; Орх., Е. ked(im) ~ қаз., ққалп., құм., қ.-б. kij(im), тат. kij(em), башқ. kej(im); қырғ. kij(ijm) «одежда»; Орх., Е. kej(ik) ~ қаз., ққалп., құм. kij(ik); тат., башқ. kej(ik), қырғ. kij(ijk) «сайгак». Аталған сәйкестік Орхон ескерткіштерінің өз ішінде де екі түрлі тұлғада қалыптасқан. Мысалы «Тоникуқ» жазбасында Tenri Umaj ïduq jer – sub «Тәңрі Умай, қасиетті Жер-су» Тон. 38 (Айд. ІІ, 111). Ескерткiштер тiлiнде алмасып қолданыла беретiн е ≈ і сәйкестігі қазіргі қыпшақ тілдерінiң арасында да кездеседi, кей жағдайда бір тіл ішінде екі вариант қатар қолданылады: еш(кiм) ≈ iш(кiм). Қазақ тiлi морфонологиясында е ≈ i сәйкестiгi а ≈ ï сәйкестiгiмен ұқсас құбылыс ретiнде қарастырылады [190,45]. Қазақ тіліндегі түбірлес en «ет. кіру» ~ in «зат. майда аңдар мен жәндіктердің тұрағы» параллельдері қолданылса, ескерткіштер тілінде in тұлғасы, «ет. төмен түсу» мағынасын бередi: jobalï intimiz «қиындықпен түстiк» Тон. 26 (Айд. II 109) ~ қыпшақ ескерткiштерiнде en → engil «сходить, спускаться» (Құрыш. 112) ~ қар., ққалп. en, тат. ijn/ijņ, құм. эn. Көне түркiлiк in моносиллабы қыпшақ тiлдерiндегi «ылди» мәнiн беретiн – е.қып. ijn → ijniš «склон, спуск» (Құрыш. 117), қаз. eņ → eņis, башқ. ijņ → ijņkeü, ноғ. эņ → эņkuυ, құм. эn → эnijš сөздерiнiң құрамында да сақталған. E ≈ i сәйкестiгi қыпшақ-бұлғар тобындағы тiлдерде кеңiнен орын алған, е тұлғасы башқұрт тiлiне тән болса, i тұлғасы татар тiлiне тән: *bej(ä) ≈ *bij(ä) «бие», *bej(ek) ≈ bij(ek) «биiк», ej ≈ ij, u(iŭ), *ej(ä) ≈ *ij(a) «ие», *je(bär) ≈ *ži(bär) «жiбер», jek ≈ žik «жек», jel ≈ žil «жел», jem ≈ žim «жем», jel(ek) ≈ žil(ek) «жiлiк», mej(e) ≈ mij «ми», *se(j) ≈ či «шикi», *tej(en) ≈ tij(en) «тиiн». Қыпшақ-ноғай топшасына жататын қазақ тiлiнде көрсетiлген е, i тұлғалы моносиллабтар араласа қолданылады, i тұлғасы: bij(e) «бие», bij(ik) «биiк», ij «iй», ije «ие», ži(ber) «жiбер», žil(ik) «жiлiк», mïj «ми», *šij(ki) «шiйкi», е тұлғасының қолданылуы: žel «жел», žek «жек», žem «жем», žeņ «жең», žel(ke) «желке».
Татар-башқұрт тiлдерiндегi e ≈ i сәйкестiгiн қалыптасуы жайлы қыпшақ-бұлғар тобы аясында қарастыруға келмейтiн, көне түркi, баба түркi тiлдерiне тән құбылыс санайтын зерттеушiлер аталған дыбыстардың гоморганды сипаты мен акустикалық жақындығы бiрiншi буын арқылы айқындалатынын, олардың аллофонизациялану, фонематизациялану құбылыстары да моносиллабтар құрамында жүретiнiн көрсетедi [192,139]. Моносиллабтар құрамындағы е ≈ i сәйкестiгiнiң басқа түркi тiлдерi мен көне түркi тiлiндегi қолданылу табиғаты нақтылай түседi.
2. е ≈ ä сәйкестігі. Орх., Е. je(me) ≈ žä(ne): jaņïlïp ülesikiņin jeme bunta urtïm «Жаңылып көшкенiңдi және сонда айттым» КТк., 10 (Айд. II, 170) ~ қаз., ққалп. žäne, тат., башқ., jänä, қар. janï «и, опять».
3. е ≈ э сәйкестігі. Э тұлғасы негізінен қырғ., құм., ноғ. тілдеріне тән. Орх., Е., Тал. еkі «два» el/il «племенный союз, род, племя», eņ «очень, самый», er «мужчина, храбрый»: Ekisin özi altïzdï «Екеуiн өзi құртты»; az tutuqïγ eligin tutdï «аз тұтықтың елiн (қолын) тұтқындады» КТү. 38; Eņ ilki tadïqïn čorïņ boz atïγ binip tegdi «Ең iлкi Тадықан Шордың боз атын мiнiп тидi» КТү. 32; Altï erig sančdï «Алты ерiн шанышты» КТү. 45 (Айд. II, 178) ~ қырғ. эkü, эl, эņ, эr т.б. (КРС, ІІ, 446-460), құм. эkij, эr (РКумС, 170, 417).
Қырғыз, құмық, ноғай т.б. түркi тiлдерiндегi э фонемасы көне түркiлiк е-нiң сәл жуан айтылатын варианты, аталған тiлдердiң орфографиялық жүйесiнде қалыптасқан норма бiр дыбыстың реңктiк белгiлерiн тереңдете түскен сияқты Қ.Күдеринова е дауыстысы қазақ тiлiнде де жуан сыңарлы құрама сөздердiң басында, s, š, ž дыбыстарынан кейiн э дыбысына жуық, бейүндес буын аралығында ä фонемасына жақын айтылатынын көрсетедi [213,148].
Жалпы адамзат тiлiнiң қалыптасу тарихының ең алғашқы кезеңiндегi тiл болмысын қарапайым әрi шағын бiрлiктер арқылы сипаттау тiл онтологиясында ҮIII ғасырдан белгiлi дәстүр. А.Н.Баскаковтың түркi тiлдерi дауыстылар жүйесiнiң алғашқы кезеңi (алтай дәуiрiне дейiнгi кезең) жайлы «... вокализм тюркских языков для более раннего периода их фонологического развития характеризовался наличием одной вокалической фонемы с функцией морфофонемаразличения» [159,77] деген ойлары а, ä, е (э) дыбыстарының өзара алмасып қолданылу табиғатына сәйкес келедi. Аталған фонемалардың түбiрлес моносиллабтар құрамында сәйкестiк түзуi тек фонетикалық негiзде ғана емес, семантикалық сипатта да көрiнiс беруi олардың бiр негiзден тарап, даму барысында фонологиялық дербестiкке ие болуымен қатар алллофондық сапада көне түркi дәуiрiне дейiн-ақ қолданыста болу мүмкiндiгiн көрсетедi. Кiрме элементтер арқылы қалыптасқан ä фонемасы мен түркiлiк сөздерге тән ä дауыстысының артикуляциялық сапасы бiрдей болғанымен түркi тiлдерi вокализмдер жүйесiндегi тарихы, фоно-морфо-семантикалық қабiлетi бiрдей емес.
