- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
Дауысты, дауыссыз дыбыстардан тұратын екi құрылымды моносиллабтар дербес мағыналы лексема ретiнде көне түркi тiлiнде де қазiргi қыпшақ тiлдерiнде де кеңiнен қолданылғанымен аталған тұлғаның қалыптасу жолы жайлы бiрiздi пiкiр жоқ. Зерттеушiлердiң басым көпшiлiгi (А.Зайончковский, Э.В.Севортян, А.Н.Кононов, А.М.Щербак, Б.М.Юнусалиев, А.Ысқақов, Ә.Т.Қайдар т.б.) ашық буынды моносиллабтарды о бастан-ақ қолданыста болған тiлдiк бiрлiк ретiнде таныса, А.Н.Баскаков, В.В.Радловтың анлаут дауыссыздардың протезалық табиғаты жөнiнде (Radloff, 1882. С. 167), Г.И.Рамстедтiң анлаут дыбыстарға санхи заңдылығының ықпалы жайлы пiкiрлерiне, сондай-ақ М.И.Пельо, Г.Дерфер, В.А.Серебренников т.б. ғалымдардың еңбегiне сүйене отырып, VС моделiнiң бастапқылығы туралы концепцияны негiзсiз деп санайды және оны СVС моделiнiң аясында қарастыруды ұсынады [159,47-54]. Ескерткiштер тiлiнде VС модельдi моносиллабтардың бiразы дербес лексема түрiнде қолданылса, бiразын дисиллабтар мен полисиллабтар құрамынан ажыратуға болады.
ab «охота, зверь» КЧ. 9; Е. 41 (ДТД, 32): Ab albaγ «охота (на диких зверей), развлечение» Тал. (Аманж. I, 96) ~ ескi қып. ~ aυ/aγ «сеть» (Құрыш., 76), құм., қар., ноғ. aυ, башқ., ққалп., қаз. aw. Ab/aw моносиллабы алтай тiлдерiне ортақ, полисемантикалы құрылым, түркi тiлдерi бойынша «аңға шығу», «жабайы аң», «жабайы құс», «қуу», «қоршау», «тосқауыл», «аңду», «балық ұстауға шығу», «балық ұстайтын құрал», «жабайы құс, аң ұстайтын құрал» т.б. (ЭСТЯ I, 61-62) мағыналарының белгiлi болуы аталған тұлғаның түркi тiлдерi дамуының тектiлдiк кезеңiне дейiн-ақ қалыптасқан лексема екенiн бiлдiредi.
*aγ→aγï «драгоценности, сокровища, дары» (ДТС, 17): Altun, kümüš, isigti, qutaj buņsïz anča birür tabγač budun saυï süčig, aγïsï jumčaq ermis «Алтын, күмiс, өнiмдi, жiбектi сонша шексiз берiп жатқан табғаш халқының сөзi тәттi, қазынасы асыл едi» КТк. 5 (Айд. I, 169). Көне түркiлiк *aγ моносиллабы қазiргi қазақ тiлiндегi кiрме сөздер қатарына жатқызылып жүрген aqša «банкнот» [133,27], aqï «құн, төлем», aqïq «асыл тас» лексемаларының құрамында сақталуы мүмкiн. Қыпшақ тiлдерi бойынша: тат., башқ., қырғ. аkča, akï; құм. аqča, γaq; ққалп., ноғ. aqša, aqï.
*aγ→aγït «отгонять, разгонять» (ДТС, 20): Oza kelmis süsin Kültegin aγïtïp, Toņra bir oγuš alpaγu on erig toņatigin joγïnta egirip ölürtimiz «Оза келген әскердi Күлтегiн қуып, Тоңра руынан шыққан он ердi Тоңатегiндi жерлегенде өлтiрдiк» КТү. 47 (Айд. I, 181). *aγ моносиллабы қазақ тiлiнде «босату, жiберу» мәнiн беретiн aγït етiстiгiнiң құрамында сақталған: құлынды, бұзауды ағыт, түймеңдi ағыт; суды ағыт т.б.; қырғ., ққалп. aγït. Көне түркiлiк aγït сөзiнiң «айыр, ағыт, босат, жiбер» мағыналарын Ғ.Айдаров көрсетедi (Айд. I, 206).
*ad→adaγ/adaq «нога» (Лев. 43): Türk budun adaq qamaštdi «Түркi халқының аяғы әлсiредi» КТү. 47 (Айд. I, 181) ~ ескi қыпшақ тiлiнде adaq/ajaq (Құрыш. 79); тат., башқ., құм., ноғ., ққал., қаз. ajaq.
*ad→adïnčïγ «другой, иной» (ДТС, 10) «ерекше»: Aņar adïnčïγ barq jaraturdïm «Оларға ерекше жай салдырдым» КТк. 12 (Айд. I, 170) ~ е. қып. *aj/ej → ajruq/ejriki (Құрыш. 81); ққалп. ajrïq, қаз. ajrïqša/erekše.
*ad→adïrïl «отделиться» (ДТД, 32): Qara Čur esiz ... özüge ujalarïna adïrïlmiš «Қайран Қара Чур өз ұяларынан, туыстарынан айырылды» Тал. 2 (Аманж. II, 44) ~ е. қып. aj→ajrïl (Құрыш. 81); башқ., ноғ., қар., ққалп., қаз. ajïrïl; тат. ajerïl: Көне түркiлiк *ad моносиллабы қазақ тiлiндегi adïra qal тiркесiнiң, adïr (адыр-адыр жер) лексемасының құрамында сақталған.
*ad→adγïr «жеребец» (ДТД, 40): Kultegin Bajïrqunïņ aq adγïrïγ bïnïp oplaju tеgdi «Күлтегiн Байырғының ақ айғырын мiнiп шабуылға шықты» КТү. 35 (Айд. I, 179) ~ е. қып. *aj→ajγïr, *az→azγïr (Құрыш. 80); баш., ноғ., тат., құм., ққалп., қаз. ajγïr. Түркi-монғол тiлдерiне ортақ adγïr лексемасы жалпы алтай тiлдерi бойынша *ad ≈ *az ≈ *až ≈ *at ≈ *as ≈ *ax ≈ *aj ≈ *oj ≈ *öj түбiрлес моносиллабтар кешенiн құрайды.
*az→azman «кличка лошади» (ДТС, 73) Kültegin azman aqïγ binip oрlaju tegdi «Күлтегiн Азбан ағын мiнiп шабуылға шықты» КТү. 45 (Айд. I, 181) ~ қаз. az(ban); ққалп. az(man) «жеребец».
*aγ «бөлiну», *ad «айақ», *ad «бөтен», *ad «бөлiну», *ad «айғыр», *az «азбан» моносиллабтары «қозғалу, қимыл, бөлiну» идеясын сақтаған жалпы түркiлiк aq ≈ аγ ≈ at ≈ ad ≈ az ≈ až ≈ aj ≈ aw т.б. гомогендi моносиллабтар кешенiне кiретiн туынды тұлғалар, гипотезалық iлкi түбiрi a/ï тұлғалы V моделi.
az «мало» (ДТД, 41): az budunïγ üküš qïltïm «Аз халықты көп қылдым» КТк. 10 (Айд. I, 170) ~ е. қып. az (Құрыш. 78); құм., башқ., ноғ., ққалп., қар., тат., қаз. az. az моносиллабы ar → aršï «тазалау», ar → arïq «жүдеу», az → azuw «арықтау» тұлғаларымен төркiндес.
az «погрешить» Он. II, 3 (ДТД, 41) ~ е. қып. az (Құрыш. 78); тат., ноғ., ққалп., қар., қаз. az.
*az→azïq «пища, продовольствие» (ДТС, 73). Azuqï joq erti КТү. 39 «азығы жоқ едi» (Айд. I, 179) ~ қаз., ққалп., ноғ., башқ. аzïq. аzïq сөзiнiң түркi тiлдерiне кеңiнен таралуы, парсылармен тарихи қарым-қатынас деңгейi әрқилы батыс түркiлерiнiң де, шығыс түркiлерiнiң тiлiнде де қолданыста болуы аталған тұлғаны кiрме элемент ретiнде қарастырудың негiзсiздiгiн көрсетедi. Түркi тiлдерiнде «тамақ (тағам)», «ас», «жем», «жол жүруге дайындалған тағам қоры», т.б. мағыналарымен белгiлi *az моносиллабы aš/as «тамақ» тұлғасымен төркiндес болуы мүмкiн (ЭСТЯ I, 98).
az «азский народ» (ДТД, 41): Az, qirq az budunïγ jaratïp keltimiz «аз, қырық az халықтары құрап (жаратып) келдiк» КТү. 20 (Айд. I, 175).
aj «луна, месяц» (СДЕ, 206): Toquzïnč aj jiti otuzqa joq ertürtimiz «Тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк» КТү. 53 (Айд. I, 183) ~ е. қып. aj (Құрыш. 79); тат., ноғ., башқ., құм., қырғ., ққалп., қаз. aj.
aj «говорить, рассказывать» (ДТС, 25): Bilge tonukuq baņa ajdï «Бiлгiш Тоникуқ маған айтты» Тон. 31 (Айд. II, 110). Көне түркiлiк aj моносиллабы басқа түркi тiлдерi тәрiздi үш құрамды VCC моделiмен берiледi: е. қып., қар., құм., ққалп., ноғ., қаз. ajt; тат., башқ. äjt. Қазақ тiлiндегi Ай дейтiн ажа жоқ, қой дейтiн қожа жоқ деген тұрақты оралымның құрамындағы aj моносиллабы көнеден қалған белгi. Н.Уәлиев аталған тұрақты оралымның кейде жiңiшке ä тұлғасымен әй дер әже, қой дер жоқ түрiнде де қолданылатынын көрсете отырып, aj, äj тұлғаларының алмасып қолданылуын сөз орамдарының эфониялық үйлесiмiне байланысты түсiндiредi [161,64]. Синхрондық тұрғыдан алғанда аталған контекстегi аj тұлғасы одағай мәнiн бергенiмен, тiл дамуының терең қабаттарындағы күрделi онто-лингвистикалық үрдiстердiң табиғатын меңзейдi. Қазiргi қазақ тiлiндегi ajγaj, көне түркi тiлiндегi ajγučï «кеңесшi, ақылшы»: Qaγanï alp ermis, ajγučïsï bilge ermis «Қағаны алып едi, ақылшысы бiлгiр едi» Тон. 10 (Айд. II, 105) сөздерiнiң семантикасы арқылы aj моносиллабының алғашқы мазмұндық шеңберiне «сөйлеу» ұғымымен қатар «сөз» ұғымы да кiргенiн болжауға болады.
aq «белый, седой» (СДЕ, 207) ~ Alp šalčï aq atïn binip oplaju tegdi «Алып Шалшы ақ атын мiнiп шабуылға шықты» КТү. 42 (Айд., I) ~ ққалп., құм., ноғ., башқ., қаз. aq; қар. ax. Ескi қыпшақ жазбаларынан да aq моносиллабы тiркелген (Құрыш. 81), (ЭСТЯ I, 116).
*ar→arqa «спина»; *ar→arqï «по ту сторону, позади» (ДТД, 32): Semiz buqalï arqïda bilser «Семiз бұқалы артта бiлсе» Тон. 5 (Айд. II, 105) ~ е. қып. arqa «спина, хребет» (Құрыш. 86); қар., ноғ., құм., тат., ққалп., қаз. arqa; қырғ. аrka; тат., башқ., ноғ., құм., ққалп., қаз. art «позади, по ту сторону». Ескерткiштер тiлiнде *ar моносиллабы *ar→artuq «излишек», ar→artur «увеличивать, прибавлять» сөздерiнiң құрамында да қолданылады. Қыпшақ ескерткiшi «Китаб-и меджму-у терджуман тюрки да аджеми уа мағоли уа фарси» шығармасында *ar тұлғасының көрсетiлген мағыналарымен қатар «көмектесу, ықпал ету, қолдау» мәндерi де тiркелген: *ar→arqa, *ar→arqalaš «помощь, содействие, поддержка, покровительство» (Құрыш. 86). Бұл мағына қазiргi қазақ тiлiнде де толық сақталған: arqalanuw; arqa tutuw; arqasïnda kün körüw; arqïlï т.б. arqa сөзiнiң адам бойындағы негiзгi тiрек мүше атауын бiлдiруiне байланысты arqaw лексемасы да *ar моносиллабынан тарағаны байқалады. Лингвистикалық еңбектерде жалпы түркiлiк *ar моносиллабы art тұлғасының аясында берiледi және art моносиллабы арқылы жасалған сөздердiң төркiндестiгi де толық дәлелденген мәселе. Көне түркi тiлi сөздiгiнде art сөзiнiң «сырт жақ», «тiрек, қолдау» мағыналарымен қатар «арқа» мәнi де тiркелген (ДТС, 55). Сондықтан art, arqa т.б. сөздерiнiң бастапқы түбiрi ретiнде *ar моносиллабын бөлiп қарастыруға толық мүмкiндiк бар. Art моносиллабын туынды негiз ретiнде қарастырған Э.В.Севортян *ar тұлғасын ör «көтерiлу», «көбею» моносиллабымен де байланыстырады (ЭСТЯ I, 181, 182). Бiздiң ойымызша ör моносиллабы ös, ön, ur, ür тұлғаларымен бiрге «өсiп - өну» семасын беретiн *u/ü/o/ö архитұлғасы арқылы жасалған түбiр-негiздер кешенiне кiредi. Ал «көбею» мәнiн беретiн *ar (саны арту) моносиллабы arqa сөзiмен түбiрлес «түйенiң, т.б. малдың арқасына жүк салу» мәнiн беретiн art етiстiгiнен туындаған мағына болса керек.
ar→arïq «худой» (ДТС, 52) ~ ққалп., ноғ., құм., қаз. arïq; қырғ. аrïk. Ескерткiштер тiлiнде «арық, арықтау» мәнiмен бiрге «шаршау, азып-тозу» мағынасы да қолданылады: Arïq oqsen «шаршаған (азып-тозған) русың сен» КТк. 8. «Шаршап-шалдығу» мәнi қыпшақ тiлдерiнде де сақталған: қаз. arïp – ašuw; башқ. аrïnγa «уставать, переутомляться» (БРБУС, 12). ar моносиллабы az «мало» (ДТД, 41), azïw «арықтау» тұлғаларымен түбiрлес.
Е.Қажыбек *ar моносиллабын жалпыалтайлық лексикалық қабатқа жатқыза отырып, «ажырау, айырылу» семасын беретiн aj моносиллабымен жақындығын көрсетедi [146,246]. аr моносиллабын қазақ тiлiндегi aršï, aruwla, aruw, arïq «бұлақ» сөздерiнiң құрамынан ажыратуға болады. «Арылу, тазару, ажырау, аралық» семасын беретiн *ar моносиллабы мен «көбейту, арттыру, жүктi тиеу, керуен» сөздерiне негiз болған *ar моносиллабтарының ортақ мазмұнынан антиномиялық қатынастың iзi байқалады. Мұндай мысалдар түркi тiлдерiндегi түбiр табиғатының сыры тым тереңде, тiл онтологиясымен сабақтастыра қарастыруды қажет ететiн мәселе екенiн көрсетедi.
al «брать, взять, принимать» (ДТС, 32): Bilig bilmez kisi ol sabïγ alur ... «Бiлiк бiлмес кiсi сол сөздi алып...» КТк. 7 (Айд. I, 169) ~ е. қып. al→alγïl (Құрыш. 83); қар., құм., ққалп., тат., башқ., ноғ., қырғ., қаз. al. Ескерткiштер тiлiнде осы түбiрден жасалған alïγ «добыча», alïč «успех» (СДЕ, 208) сөздерi де тiркелген. Аl етiстiгi қазiргi түркi тiлдерiнде мағыналық жағынан да тұлғалық жағынан өзгерiстерге түспей жеткен дербес лексемалардың бiрi. Аl моносиллабы көнетүркiлiк el→elig КТү. 32 «қол» сөзiмен байланысты болуы мүмкiн. El(ig) моносиллабы қазақ тiлiнде өлшемдiк мәндi бiлдiретiн eli сөзiнде сақталған: Екi елi ауызға, төрт елi қақпақ (мәтел).
al→albaγ: ab albaγ «охота (на диких зверей), развлечение» Тал. (Аманж. I I, 96). Жалпы түркi тiлдерi бойынша «алдау», «қу», «қулық», «жұбаныш», «ермек», «көңiл көтеру» семаларын бойына жинақтаған al моносиллабының «көңiл көтеру» мәнi қазақ тiлiнде контекс арқылы анықталатын aldaniš лексемасында сақталған. Ескi қыпшақ ескерткiштерi тiлiнде al→aldaγïl «обманывать, лгать», al→alïγ «трус, трусливый» (Құрыш. 83); қар., құм., тат., башқ., ноғ., ққалп., қаз. alda. Салыстырыңыз: *aj → ajla (айла, айлакер).
*aņ→aņla «узнать, понять, вникать» (СДЕ, 209); aņa «разуметь, понимать» (ДТС, 46): Anïγ ol öz aņlar «сұм ол өзi-ақ аңғарар» ~ тат., қар., ққалп., ноғ. aņla; башқ. Aņnan; қаз. aņla, aņγar. Ескi қыпшақ тiлiнде aņ→aņγïl «помнить, вспомнить» (Құрыш. 85). Қазақ тiлiндегi aņγal, aņqaw сөздерi де aņ моносиллабы негiзiнде жасалған. Ескерткiштер тiлiнде қолданылған *an→anïγ лексемасы құрамындағы *an моносиллабы да aņ тұлғасының фонетикалық варианты. Көне түркi сөздiгiнде anïγ сөзiнiң «дурной, плохой» мәндерi берiледi (ДТС, 45). Ал Ғ.Айдаров «Тоникуқ» ескерткiшi тiлiндегi anïγ лексемасының «ақылды, сұм» мағыналарын көрсетедi (Айд. II, 100, 111). Ескерткiштер тiлiндегi anïγ сөзiнiң оппозициялық мәнде қолданылуы танымдық негiзде қалыптасқан құбылыс. Қулық-сұмдықтың артында да аңғарымпаздық жататындығы адамзатқа белгiлi заңдылық. Е.Қажыбек *aņ/an моносиллабын «ой → ойлау» кешенiнiң фонетика-семантикалық дамуын көрсететiн тұлғалар қатарына жатқызады [146,111].
ač «голод, голодный, голодать» (ДТД, 32): bir todsar ačsïq emezsen «бiр тойсаң аштықты ойламайсың сен» КТк. 8 (Айд. I, 169) ~ е. қып. ač; қар., құм., тат. аč; башқ. аs, ққалп., ноғ., қаз. aš. Жалпытүркiлiк aš/as «еда, пища» (ДТС, 61) сөзi көне түркi жазбаларында кеңiнен қолданылады, мысалы: Ičir ašsïz, tašra tonsïz «iшi ассыз, сырты тонсыз» КТү. 26 (Айд. I, 176) ~ башқ., тат., қар., құм. аš, қаз., ноғ., ққалп. аs. «Тамақ, ауқат» мәнiндегi as/aš моносиллабы мен «аштық, қарны ашу» мәнiндегi aš/ač синкретизмi де түркi түбiрлерiне тән антиномиялық қатынастағы гомогендi бiрлiктер.
aš «товарищ, друг» Е. 41 (ДТД, 32) Енисей ескерткiштерiнде қолданылған aš моносиллабы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде дербес қолданылмайды. Салыстырыңыз: қаз. т. аšïna. Көне түркiлiк aš лексемасы жалпы алтай тiлдерiне ортақ туыстық жақындықты бiлдiретiн *ač/aš моносиллабымен төркiндес болуы ықтимал: *ač→ača «родственник, родня» (ДСЕ, 210); ačqï ata qarïndašï «дядя со стороны отца» (Құрыш. 88). Түркi тiлдерiндегi «туыс» мәнiн беретiн ač моносиллабы жалпы алтайлық ata ≈ ača ≈ aža ≈ eže т.б. гомогендi лексемалар тiзбегiнде қарастырылып жүр. Ескерткiштер тiлiнде «немере, туыс» мағынасындағы atï сөзi де қолданыста: Bu bitig bitigme atïsï jollïγ tegin «Бұл жазуды жаздырған туысы Иоллығ тегiн» КТк. 13 (Айд. I, 171); jeginimin atïmïn körtim «Я видел моих племянников и внуков» Е. 47 (ДТС, 67). Көне түркi тiлiндегi atï «немере, туыс» сөзi мен қазiргi түркi тiлдерiндегi ata «әке, үлкен әке» сөздерiндегi генетикалық байланыс анық байқалады. Үлкен → кiшi оппозициялық қатынасын бейнелейтiн atï → ata лексемаларынан да *at моносиллабын ажыратуға болады.
el 1. «племенной союз»; 2. «народ» (ДТС, 168); (ДТД, 36). Орхон-Енисей әлiпбиiнде ï, i, е дыбыстарының таңбалары ортақ, сондықтан ескерткiштер мәтiнiндегi el сөзi il түрiнде де оқылып жүр. Qaγanin anta ölürtimiz, ilin anta altïmïz «Қағанын сонда өлтiрдiк, елiн сонда алдық» КТү., 38 (Айд. I, 179). И.А.Батманов бастаған зерттеушiлер эl түрiнде (ДТД, 138), С.Е.Малов ijl (Мал., 94) тұлғасында оқиды. М.Қашқари сөздiгiнде el түрiнде берiледi (МҚ. I, 48; МҚ. II, 25). Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде аталған лексема қаз., ққалп., ноғ. тiлдерiнде el; қырғ. эl; тат., башқ. ijl тұлғасында қолданылады.
*el→el(ig) «рука» ДТД, 138. Ескерткiштер тiлiнде elig сөзiнiң «қол (әскер)» мағынасы да кездеседi: Oņ tutuq jorčïn jaraqlïγ eligin tutdï «Оң тұтық басшыларын жарақты нөкерiмен қолға түсiрдi» (Айд. I, 178). Ескерткiштер тiлiндегi сөзжасамдық жүйе, типтес лексемалардың компоненттiк жiктелiсi elig лексемасынан *el моносиллабын ажыратуға мүмкiндiк бередi. Көне түркiлер қолданған туынды сөз elig орта ғасыр түркiлерi заманында ықшамдалу заңдылығына ұшырып, бастапқы моносиллабтық негiзiнде қайта қолданысқа түскенiн байқауға болады (ДТС, 169). Қазақ тiлiнде өлшемдiк мән беретiн eli «саусақтың енi» сөзi сақталған.
eb «дом» Тон. 30; КТү. 48; БҚ. 25, 32; КЧ. 20; МЧ. II, 14, 24; Т. III, т.б. (ДТД, 36). Tutuq birle süņüsmiš, erin qop ölürmiš, ebin-barïmïn qalïsïz qop kelürti «Тұтықпен соғысты, ерiнiң көбiн өлтiрдi, үйiн-мүлкiн қалдырмай көп әкелдi» КТү. 41, (Айд. I, 180). Э.В.Севортян куман тiлiне тән тұлға ретiнде ijb//üb сөздерiн берсе (ЭСТЯ. I, 513), Ә.Құрышжанов көне қыпшақ жазба ескерткiштерi тiлiнде eb, ijb, öb, ob, эb, ub, üb, öj тұлғалары қатар қолданылғанын көрсетедi (Құрыш. 109). Қаз., құм., ноғ., ққалп., қырғ. üj; тат., башқ. öj.
еd/эd «благо, добро, имущество» КЧ. 3; БҚ. 39; КТк. 2, 6, 7; Е. 13, Тал. ҮIII (ДТД, 41). Көне түркi ескерткiштерi тiлiнде жиi қолданылатын edgü/edkü лексемасы да ed моносиллабы арқылы жасалып, түбiр тұлғаның мағынасын толық сақтаған. Қазiргi түркi тiлдерiнде *ed ≈ эd ≈ ez ≈ ijz ≈ is ≈ ijs ≈ iz ≈ ij ≈ id тұлғаларында туынды сөздер құрамында қолданылатын көне түркiлiк ed моносиллабы қазақ тiлiнде izgi, ijgi лексемаларында сақталған. Түбiрлiк деңгейде қолданылуы Сiбiр түркiлерi тiлiнде кездеседi: хак. is/ijs; шор. еs «добро, благо».
em→emgek «мучение» (ДТД, 60), «еңбек, қиындық» (Айд. I, 210): On oq budunï emgek körti «Он оқ халқы қиындық көрдi» КТү. 19. Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде, қаз. eņbek, ққалп., қырғ., ноғ. embek; қтат. еmek; тат., башқ. ijmgäk; қар. еmgak. Зерттеушiлердiң пiкiрiнше em/ijm моносиллабы көне тұлға емес. Бұл жөнiнде Э.В.Севортян «Его более старую форму образует *ен, а еще точнее *ең, первый из которых сохранился в чувашском глаголе анка (<ан-ка) «мучиться», «страдать» (от голода, жажды), второй в казахском ең-бек и в развившейся отсюда ногайской форма ембек. Афф. –бек в двух последних формах представляет собой фонетическую модификацию формы –мақ, более известной в качестве показателя инфинитива. ... в основе производную емгек ~ емек ~ еңбек лежат глагольно-именные корни *ем «работа», «труд», «мучение», «беспокойство» и ем «трудиться», «мучиться», «скорбеть», которые семасиологически вполне коррелятивны» (ЭСТЯ I, 275) дейдi. Ғалым пiкiрiнiң негiздiлiгiн қазiргi қазақ тiлiндегi «ем», «емдеу» мағыналарын сақтаған еm моносиллабының iшкi құрылымындағы «қиындықпен жүзеге асатын iс-әрекет» семасы да нақтылай түседi. Em түбiрi қазiргi қыпшақ тiлдерiнде е, э, ij дыбыстарымен қалыптасқан, қаз., ққалп. em; тат., башқ. ijm; ноғ., құм., қырғ. эm. Көне түркi тiлi сөздiгiнде em моносиллабының «қиындық, бейнет» семасын сақтаған бiрнеше тұлғасы көрсетiледi: emgändi «мучился», emgastï «мучились», emgattï «мучил» (ДТС, 172).
eņ «самый, прежде всего» КТү. 32 (ДТС, 174), Eņ ilki Toγu balïqda suņüsdimiz «Ең iлкi Тоғу қаласында соғыстық» КТү. 44 (Айд. I, 180). Қаз., ққалп. eņ; тат., башқ. ijņ; ноғ. эn; қырғ. эņ.
еr «герой, муж, мужчина» (СДЕ, 245) Bujruqï jeme bilge ermis erinč, alïp ermis erinč «Бұйрықтары да бiлгiр ер едi, өздерi де алып ер болған екен». КТү. 3 (Айд. I, 171). Қазiргi түркi тiлдерiнде er ≈ ir ≈ ijr ≈ эr ≈ ar ≈ är түрiнде қолданылады: қаз., ққалп. er; башқ., тат. ijr; ноғ., құм. эr. Көне түркiлiк er моносиллабы Орхон ескерткiштерi тiлiнде кездесетiн erikli «ерiктi»: Kültegin jiti otuz jašïņa qarluq budun erür barur erikli jaγï boltï «Күлтегiн жиырма жетi жасында қарлұқ халқы жүре бара ерiктi (нағыз) жау болды» (КТү. 41), орта ғасыр және қазiргi түркi тiлдерiндегi erkek: көне қып. erkek/ijrkek, қаз., ққалп. erkek; тат., башқ. ijrkäk; ноғ., құм. эrkek «ер адам», erkin: қаз. erkin; ққалп. erkijn; құм., ноғ. эrkijn; тат., башқ. ijrken «еркiн, ерiктi» сөздерiне негiз болғаны белгiлi. ХIII ғасыр ескерткiшi «Китаб-у меджму-у терджуман түрки уа ’аджами уа моғоли уа фарси» сөздiгiнде «бойдақ» мәнiн беретiн erkek лексемасы тiркелген (Құрыш. 113).
es→esid «слушать» (ДТС, 183, 185). Türk budun, begler bunï esidiņ «Түркi халқы, бектерi бұны есiт» КТк. 10 (Айд. II, 170). Көне қыпшақ тiлiнде ešit/ijšit (Құрыш., 115). Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде дербес лексема ретiнде қолданылатын (қаз., ққалп., құм., қ.балқ., қ.тат. еs; тат., башқ. ijs «ум, разум») es моносиллабы көне түркi тiлiнде туынды етiстiк құрамында ғана кездеседi.
eš «друг, товарищ» Е. 2, 51. (ДТД, 86) Ešim, urïm azïšdïm «Достарым, ұлдарым аздым» Е. 2 (Аманж. I, 48). eš моносиллабы қазiргi қыпшақ тiлдерi бойынша қырым татарлары, қарайым, қарақалпақ тiлдерiнде мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да өзгерiссiз қолданылады. Зерттеушiлердiң пiкiрiнше eš лексемасы түрiк тiлiнiң диалектiлерiнде кездесетiн ešit «тең», «ұқсас», «айырмасыз» тұлғасымен түбiрлес болуы мүмкiн (ЭСТЯ I, 314).
ol «он, этот, тот» КТк. 3; Тон. 10; МЧ. 18; БҚ. 25; Он. 1 (Лев. 172). Ol jirgerü barsar, türk budun öltečisisen «Ол жерге барсаң, түркi халқы өлмешiсiң» КТк. 8 (Айд. I, 169). Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде ol/ul тұлғаларында қолданылады. Қаз., ққалп., құм. ol; тат., башқ. ul.
on «десять» КТк. 12; Тон. 19 (Лев., 172); МЧ. 31 (ДТС, 367): On oq oγlïm türges qaγanda Maqrač tamγačï oγuz bilge tamγačï kelti «Он иелiк әулетiм Түргеш қағаннан оғыз Мақрач таңбашы, Бiлге таңбашы келдi» КТү. 53 (Сартқ. II, 169, 177). Қаз., ққалп., қар., ноғ. on; тат., башқ. un.
*op→opla «бросаться в атаку» (ДТС, 368). С.Е.Малов, И.Батмановтар Күлтегiн ескерткiшi тiлiнде жиi қолданылатын opla лексемасының аудармасын «шабуылдау» деп берсе (ДТД, 140; Мал., 89), Ғ.Айдаров қазақ тiлiндегi opïruw етiстiгiмен байланыстыра қарап, сөз мағынасын «опыра шабуылдау» деп нақтылай түскенiмен мәтiн аудармасында «шабуыл» түрiнде ғана қолданады: Alp šalčï aq atïn binip oplaju tegdi «Алып шалшы ақ атып мiнiп шабуылға шықты» КТү. 43 (Айд. I, 180, 216). Э.Севортян түркi тiлдерiндегi opur сөзiн түрiкмен тiлiнде дербес лексема ретiнде қолданылатын op «құлау, опырылу, жарылу» етiстiгiне және -ur аффиксiне жiктейдi (ЭСТЯ I, 466). Көне түркiлiк opla етiстiгiнiң және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi opïr/upïr етiстiгiнiң мәнi *оp моносиллабының мәнiмен сәйкес келедi.
ot «огонь» КТү. 27, 37 (Лев., 172); БҚ, 27 (ДТД, 77) Türgis qaγan süsi Bolčuda otča, borča kelti «Түргеш қаған әскерi Болшыда отша, боранша келдi» КТү. 37 (Айд. I, 179). Ескi қыпшақ тiлiнде ot (Құрыш. 177); қаз., ққалп., ноғ. ot; башқ., тат. ut.
ot→otačï «лекарь» (ДТД, 77). Көне түркiлiк «емшi», қазiргi қазақ тiлiнде «сынықшы», мәндерiн беретiн otačï/otašï сөздерiнiң түбiрi от «от, өсiмдiк» моносиллабы екендiгi көптеген зерттеулерден белгiлi (ЭСТЯ I, 482) [151,106-107]. Бұл жөнiнде А.Салқынбай «Көне түркi тiлiндегi «от» - «дәрi» екiншiлiк номинация, бұл «от» - «шөп» мағынасы арқылы негiзделген. Себепшi негiз – от, мағынасы шөп. Яғни түрлi дәрi-дәрмектi шөптен жасау мәнi арқылы негiзделiп, ассоциациялық, аналогиялық тәсiл арқылы жаңа ұғымды атайтын сөз пайда болған» деп көрсетедi [156,136]. Е.Қажыбек ot «емдеу ← ем» моносиллабын синкретизмдер қатарына жатқызады [146,253]. Қыпшақ жазба ескерткiштерi тiлiнде де ot лексемасының «шөп», «көкнәрi», «дәрi», «ем» мағыналары тiркелген (Құрыш. 177). Қаз., ноғ., ққалп. ot; тат., башқ. ut.
ög «ум, разум» КТү. 49 (Лев., 173); Тон., 20 (ДТД, 77): Ol üč qaγan öglesip Altun jïs üze qabïsalïm timis «Ол үш қаған кеңесiп, Алтын қойнауында бiрiгейiк дедi» Тон. 20 (Айд. II, 107). Қазiргi түркi тiлдерiнде ög≈ök≈üg≈ük≈uγ≈-uq≈oj≈öj≈uj≈üj т.б. тұлғалы моносиллабтар кешенiне кiретiн көне түркiлiк ög лексемасының ö «думать» (ДТС, 375) тұлғасы да ескерткiштер тiлiнде сақталғаны белгiлi. Ög моносиллабының тұлғалық ерекшелiктерi мен семантикалық аясы жан-жақты зерттелген. Көрсетiлген гомогендi моносиллабтар кешенiнiң тұлғалық парадигмасы мен семантикалық деривциясы негiзiнде көне түркiлiк ög лексемасының туынды сөз екенiн бағамдаймыз.
ög «мать» КТү. 11 (Лев., 173); Е. 28, 29 (ДТД, 77): Ögüm qatun, ulaju öglerim, ekelerim, kelinünim, künčujlarïm, bunča jeme tirigi kün, boltačï erti, ölügi jurtda, jolta jatu qaltačï ertigiz «Шешем қатын, оған iлескен аналарым, жеңгелерiм, келiндерiм, бикештерiм мұнша және күң болар едiңдер, өлiктерiң жұртта, жолда жатар едiңдер» КТү. 49 (Айд. I, 182). Көне түркiлiк ög лексемасы қыпшақ тiлдерiнде туынды сөз құрамында сақталған: қыпшақ ескерткiштерiнде (Құрыш. 177), қаз., ққалп., ноғ. ögej; тат., башқ. ügäj, алтай тiлi диалектiлерiнде ük «брюхо», üksüs «сирота» (Верб. 412).
öd «время» КТк. 1, 11, 12 (ДТД, 78): Öd Teņiri jasar, kisi oγlï qop ölgeli tö rümis «Уақытты тәңiрi жасар, адам баласы бәрi өлгелi туған» КТү. 50 (Айд. I, 182). Қазiргi öd soγušdï «суық уақыт» (МҚ. II, 101). Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде öd «уақыт, белгiлi бiр уақыт, кез» моносиллабының дербес лексема түрiнде қолданылуы қазақ тiлiндегi желдiң өтiнде тiркесiнде сақталған. Уақыттық динамикалық қозғалысы öt етiстiгiнiң семантикасынан да анық байқалады: жаз өттi, өмiрден өттi т.б. Ескерткiштер тiлiнде öd моносиллабының етiстiк мәнi кездеспейдi, қазiргi түркi тiлдерi деректерi негiзiнде öd/öt зат есiмi мен öt/üt етiстiктерiнiң түбiрлес екенi аңғарылады, «уақыт → уақыт өту» мәндерi бойынша синкретикалық жұп құрайды. Қаз., ққалп., ноғ., құм., қтат., қырғ. öt, тат., башқ. üt.
öd «желчь» БҚ, 29 (Лев., 173): Teņri jer bulγaqïn üčun ödiņ «Так как небо и земля были в тревоге, а их желчные чувства...» БҚ. 29 (Мал. 99, 103): қаз., ққалп., ноғ., қырғ. öt; тат., башқ. üt. Öd моносиллабының «жүрек», «ашу-ыза», «қайғы-қасiрет» мағыналары да белгiлi (ЭСТЯ I 504, 505). öd тұлғасының «жүрек» мағынасында жұмсалуы негiзiнде öz → өзек, өзiм т.б. моносиллабымен төркiндестiгi аңғарылады.
*ök→ökün «раскаиваться» КТү. 40; БҚ, 38; «печаль» Е. 28 (ДТД, 77): Antaγ ödke ökünün «сол кезде өкiнiп» КТү. 40 (Айд. I, 179): қар., қырғ. ökün; қаз., ққалп., ноғ. ökin; тат., башқ. ükin. Ökun сөзi ö «ойлау» лексемасының өздiк етiс тұлғасының интенсивтi формасы ретiнде қарастырылады (ЭСТЯ I, 524). Салыстырыңыз: өт → өтiнiш. Сондықтан ök моносиллабы да тарихи түбiр бола алмайды.
oq «стрела» (ДТД, 126): On oq qaγanï jaγïmïz erti «Он оқ қағаны жауымыз едi» Тон. 19 (Айд. II, 42): қаз., ққалп., ноғ. oq; тат., башқ. uq. Садақ жебесiнiң сыртқы көрiнiсiне, ұзынша тұрқына байланысты, ассоциациялық негiзде қалыптасқан сөздер қатарына киiз үй сүйегiнiң атауы uïq «уық» лексемасы да жатады. Оq моносиллабының мәнi графикалық бейнесiнде сақталған.
öņ «впереди»: öņr kün toγsïqda Bökli čöllig il, tabγač, tüpit, apar, purum, qïrïq az, uč qurïqan, otuz tatar, qïtan, tatabï bunča budun kelipan ... «әуелi (алдымен) шығыстан Бөклi шөлiнiң елi, табғаш, тибет, авар, үрiм, қырық аз, үш құрықан, оғыз татар, қытан, татабылар сонша халық келiп ...» КТү. 4 (Айд. I, 172). Көне түркi тiлi сөздiгiнде öņ моносиллабының 1. «алдыңғы жақ (шығыс)»; 2. «алды, алдыңғы»; 3. «алдымен, бұрып, ерте» мағыналары көрсетiледi (ДТС, 385, 386). Орхон ескерткiштерi тiлiнде қолданылған öņ сөзiнiң «алды, алдыңғы жақ» мәнi қазiргi қыпшақ тiлдерiнде кеңiнен қолданылатын oņ «оң жақ» (матаның, киiмнiң оң жағы), öņ «түр-түс», «жүз, бет», «оңу (өңi түсу)» сөздерiнде сақталған: қаз., ққалп., ноғ., қырғ. öņ/oņ; тат., башқ. öņ, joņ, oņ, uņ. Қазақ тiлiндегi өңмеңдеу, өңiр (киiмнiң алдыңғы жағы), өңгеру, өңдеу лексемалары құрамындағы oņ моносиллабы да аталған тұлғамен түбiрлес. Қазiргi түркi тiлдерi бойынша öņ моносиллабының «бояу», «ала», «жылтырақ» (полировка, глянец), «әдемiлiк» мағыналары да тiркелген (ЭСТЯ I, 534, 535). Орта ғасыр қыпшақ ескерткiштерiнде де öņ сөзiнiң «алдыңғы» мәнi қолданылған: öņ ajaqlarï «передние ноги (лошади)» (Құрыш. 179).
öz «сам, существо» КТү. 3; Тон. 6; КЧ. 21; БҚ. 2 (Лев. 173): Ozi jaņïltï, qaγan öltï, budunï kuņ, qul boltï «Өзi жаңылды, қағаны өлдi, халқы күң, құл болды» КТү. 20 (Айд. I, 175). Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде көне түркiлiк öz есiмдiгi ö, ü дыбыстары арқылы қалыптасқан: қаз., қар., ққалп., құм., ноғ., қырғ. öz; тат., башқ. üz. Түркi тiл бiлiмiнде öz моносиллабының есiмдiк мәнiмен қатар «жеке адам», «тiршiлiк иесi», «тұлға бой, дене», «меншiк, иелiк», «өзек (ағаштың, жараның iрiңдi өзегi)», «жұлын», «негiз», «тұғым, дән», «күш-қуат» мағыналарын бере алатыны белгiлi (ЭСТЯ I, 506-507).
ur «сын, потомок» Эл. II; Е. 26: ur+uγ «потомство», ur+ï «племя, потомок» КТү. 10, 24 (ДТД, 77): Beglik urï oγlïn qul boltï «ұрпағың, бек ұлдарың құл болды»; ölürejin, uruγsïratajïn «өлейiк, тұқымсырайық» (Айд. I, 173). ur моносиллабының семантикалық деривациясы жан-жақты талданған (ЭСТЯ I, 605, 604). Қаз., қырғ., ққалп., uru, башқ. ïru; ноғ. ïrïυ. Қазiргi қазақ тiлiндегi ұрық, ұрпақ, ру, ұрғашы, үрiп-бұтақ, үрпi лексемалары құрамындағы ur моносиллабының көне түркi жазбаларында «ұл» мағынасында қолданылуы ескерткiштер тiлiндегi oγuš «ру, тайпа», oγul, oγulan «ұл, ұрпақ» сөздерiмен генеалогиялық байланысын көрсетедi. Жалпы түркiлiк ur, uγ моносиллабтарының бойындағы «ұрық, дән», «өсу, өркендеу», «ұрпақ әкелу» семаларының сақталуы VС тұлғалы моносиллабтардың өздерi де iштей ыдырау мүмкiндiгiне ие екенiн, бастапқы негiзi тек дауыстыдан тұратын моносиллаб болуы да ықтимал екенiн аңғартады. ös, ön, ör (өркен, өркенде, өрле т.б.) *ül/ul (ұлғаю, ұласу, үлкею) моносиллабтарының да «көбею, өсу, таралу, жалғасу, үлкею» семаларын сақтауы ur, uγ тұлғаларының қалыптасуы түркi глоттогенезiмен байланыстыра қарастыруды қажет ететiн архаикалық құбылыс екенiн көрсетедi. Монғ. ür «тұқым, ұрық, дән», «бала, жұрағат» (МҚС, 538).
uč «летать (умирать)» КТү. 16; МЧ. I, 12 (ДТД, 77); učuq «птица»: jaγïmïz tegire učuq teg erti «жауымыз айнала жыртқыш құстай едi» Тон. 8 (Айд. II, 105); uča bapmïs «ұша барды» КТү. 16 (Айд. I, 174): қаз. uš; ноғ., ққалп., қырғ. wuš; тат. оč; башқ. os. Көне түркi тiлiндегi «құс» мағынасында жұмсалған туынды сөз učuq қазiргi түрiк, қазақ тiлiндегi самолет сөзiнiң баламасы ретiнде қолданылуда: түр. učak; қаз. ušaq. Салыстырыңыз: ұз→ұзау, ұзын, өр→өрлеу, өркендеу т.б.
*üz→üze «наверх, вверху» КТү. 1, 10, 16; Тон. 16; БҚ. 3; Е. 32 (ДТД, 78): Üze kök teņri, asra jaγïz jir qïlïntuqta ekin ara kisi qïlïnmïs «Жоғарыда көк тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда екеуiнiң арасында адам баласы жаралған» КТү. 1 (Айд. I, 171): қаз., ноғ., ққалп. üsti; қырғ. üstü, тат. üzre, öst; башқ. ös, östö. Э.Севортян üst лексемасын üs түбiр-негiзiнен жасалған туынды сөз ретiнде қарастыра отырып, «Более ранней формой үс является, по-видимому, үз, для которого ср. тур. диал. üz dermek «снимать сверху» (о посеве)...» деген ой айтады (ЭСТЯ I 639). Орта ғасыр ескерткiштерi тiлiнде uzere, üct тұлғлары қатар қолданылады. Көне түркiлiк üze сөзiнiң «жоғарылау» мәнi қазiргi түркi тiлдерiндегi ер-тұрман жабдығы üzengi сөзiнде сақталған: қаз. üzengi; тат., башқ. özäņgi; ққалп. üzeņgj. Киiз үй жабдығы üzik «киiз үйдiң жоғарғы бөлiгiне, уыққа жабылатын киiз жамылғы» лексемасы құрамынан да üz моносиллабын ажыратуға болады.
üz «рвать, прерывать» Тон. 13, 4: jinčge eriklig üzgeli učuz «Жiңiшкенi үзу оңай» (Айд. II, 106). Қаз., ққалп., ноғ., қырғ. üz; тат., башқ. öz.
üč «три» КТү. 33; КЧ. 15; МЧ. III, 29; Тон., 14; БҚ. 30, 32 (ДТД, 79): Qamuγï biš otuz süledimiz, üč jegirmi sünüšdimiz «Бәрi жиырма бес (рет) соғысып, он үш рет шайқастық» КТү. 18 (Айд. I, 175). Қаз., қалп., ноғ., қырғ. üš; тат. öč; башқ. ös.
ün «голос» Е., 25 (ДТД, 79). Қаз., ққалп., ноғ., қар., қырғ. ün; тат., башқ. ön.
*ül→ülug «часть, доля». Тон. 4; «часть, долг, судьба» КТү. 29 (ДТД, 79) Еki ülügi atlïγ erti «Екi бөлiгi атты едi» (Айд. II, 104); Anta kisre teņri jarïlqazu qutïm bar üčün, ülügim bar üčün, ölteči budunïγ tiriγrü irittim «Содан кейiн тәңiрi жарылқады, бағым бар үшiн, үлесiм бар үшiн, өлмешi халықты тiрiлте көтердiм» (Айд. I, 177). Қаз., ққалп. üles ; қырғ. üleš. Ескерткiштер тiлiндегi *ül моносиллабының «тағдыр» мәнiнде ауыспалы мағынада қолданылуы қазiргi қазақ тiлiнде тағдырдың сыйы, өмiрден алар үлес оралымдары арқылы берiледi.
ït «посылать, бросать» Он. I, 2; МЧ. II, 22; Тон. 4, КЧ. 19; БҚ. 25 (ДТД, 83): Antaγ ödke ökünüp, Külteginig az eriņ irtürü ïtïmïz «Сол кезде өкiнiп, Күлтегiндi аз ерiмен айқасуға жiбердiк» КТү. 40 (Айд. I, 180) ~ қаз., ққалп., қырғ. ït (ытқыту, ыту); ноғ. ïυat «швырять», салыстырыңыз: ысыр. Ескерткiштер тiлiнде ït етiстiгi ïsar түрiнде де қолданылады: Ötuken jir olurup, argïš-tirkiš ïsar neņ buņuγ joq «Өтүкен жерiнде отырып керуен жiберсең еш мұңың жоқ» КТк. 8 (Айд. I, 169). Қазiргi түркi тiлдерiндегi at (мылтық ату; таспен ату) етiстiгiмен, atta, adim сөздерiнiң мазмұнымен (қозғалыс семасы) сәйкес келуi әрi якут тiлiнде at «стрелять» етiстiгi ït түрiнде (РЯС, 623) тұлғалануы аталған сөздердiң тегi бiр екенiн көрсетедi. Ғ.Айдаров ït моносилабының «қашу» мағынасын көрсетедi (Айд. II, 103).
ït «собака» (ДТД, 85) ~ қаз., ққалп., қырғ., ноғ. ijt; тат., башқ. эt. Адамзат өмiрiндегi иттiң функционалдық сапасы – «алғаш қолға үйретiлген мақұлық», «алғашқы көлiк» т.б., төтемдiк-сакральдi сапасы, иттiң өзiне тән «қозғалыстағы мақұлұқ» т.б. сапалары негiзiнде «ит» мәнiндегi ït және «жiберу, лақтыру, ату, қозғау» мәнiндегi ït моносиллабтары бiрлiкте қарастырылады [151,137-138].
id→idi «хозяин» КТк. 4; КТү. 3, 19: Ötuken jïšda jig idi joq ermis «Өтүкен қойнауында игi ие жоқ едi» КТк. 4 (Айд. I, 168) ~ қаз., ққалп., ноғ. je; құм. ee; башқ. egä; тат. ijä.
*ïr→ïraq «удаляться» (ДТД, 84) Ғ.Айдаров «жырақ» деген мағынада аударады: ïraq erser, jablaq aγï berün, jaγuq erser, edgü aγï berür «Жырақта болса жаман сыйлық берер, жақын болса игi сыйлық берер» КТк. 7 (Айд. I, 169) ~ қаз. žïraq; ққалп. ïraq/žïraq. Орта ғасыр ескерткiштерiнде, қазiргi түркi тiлдерiнiң көпшiлiгiнде jïraq түрiнде тұлғаланады, зерттеушiлер де бастапқы формасы ретiнде *jïr моносиллабын таниды (ЭСТЯ IҮ, 386). А.Н.Кононов jïraq/žïraq сөзiн көне түркi жазбаларында қолданылатын jïraja «сол жақ, солға, солтүстiк» сөзiмен байланыстырады [2, 38].
*il→ilki «первый» КТү. 32, 44; БҚ. 32 (ДТД, 84): Eņ ilki tadïqan čorïņ boz atïγ binip tegdi «Ең iлкi Тадықан Чордың боз атын мiнiп тидi» КТү. 32 (Айд. I, 178) ~ қаз., ққалп. ilki; қырғ. ilkij; тат., башқ. ijläk. Ilki/ijlki сөзiнiң түбiрi il/ijl немесе ilk/ijlk тұлғаларының қайсысы екенi әлi басы ашылмаған мәселе (ЭСТЯ I, 349) Орхон жазбаларында жиi қолданылатын ilgeru «iлгерi, алда» лексемасына негiз болған *il моносиллабы мен ilki сөзiнен семантикалық сабақтастықты аңғаруға болады [148,311], бастапқы түбiр *il тұлғасы болуы мүмкiн.
in «спускаться (с горы)» Тон. 26; КТү. 12; Е. 38 (ДТД, 84): jobalï intimiz «қиындықпен түстiк» Тон. 26 (Айд. II, 108). Көне түркi тiлiндегi in моносиллабының «төмен түсу» мәнi «жерден қазылған жәндiктердiң, майда аңдардың тұрағы» мағынасын беретiн in сөзiнде сақталған: қаз., қар. іn; құм., ноғ., ққалп. ijn, башқ. öņ. Э.В.Севортян in лексемасын en «ену, кiру» сөзiмен байланыстырады (ЭСТЯ I, 352-353).
ir «следовать» КТү. 40 (ДТД, 84) Ғ.Айдаров ir моносиллабын «қуу» мағынасында аударады (Айд. II, 222): Antaγ ögke ökünup, Külteginig az erin irtürü ïtïmïz «Сол кезде өкiнiп, Күлтегiндi аз ерiмен шайқасуға (қуалауға) жiбердiк» КТү. 40. Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде ir лексемасы тiркелмеген. Салыстырыңыз: irew «малдың терiсiн сыпыру», irkes-tirkes «iле-шала».
is «дело, занятие»: isig-küčig birür, bunča törüg qazγanïp, inim Kültegin özinče kergek boldï «iсiн-күшiн берiп, сонша жұртты жинап, iнiм Күлтегiн ер ажалынан қайтыс болды» КТү. 30 (Айд. I, 177) ~ қаз. is; ққалп., ноғ. ijs; құм. ijš; қар. iš; тат., башқ. эš.
ič «внутренность» Тал. ҮII, 3; Е. 39 (ДТД, 80): Öz iči tasïn tutmïs teg biz «Өз iшi-сыртымызды ұстап қана қаламыз» Тон. 13 (Айд. II, 106) ~ қаз. iš; қырғ., қар. ič; құм. ijč; башқ. эc; тат. эč: Жалпытүркiлiк iš моносиллабының етiстiк мәндi iš «iшу» тұлғасы ескерткiштер тiлiндегi isig «ащы iшiмдiк» дисиллабының құрамында *is түрiнде сақталған: Altun, kümüš, isigti, qutaj buņsïz anča birür tabγač budun sabï süčig, aγïsï jumčaq ermis «Алтын, күмiс, iшiмдiктi, жiбектi сонша шексiз берiп жатқан табғаш халқының сөзi тәттi, қазынасы асыл едi» КТк. 5 (Айд. I, 169) ~ қаз., қырғ. iš, құм. ijč; тат. эč; башқ. эs; ноғ., ққалп. ijš. is/iš синкретизмiнiң тұлғалық өзгерiстерi мен мағыналық деривациясы жан-жақты талданған (ЭСТЯ I, 388-391, 757) [149, 85]. Қазақ тiлiндегi iširtki «iшiрткi», išimdik «iшiмдiк» сөздерiне iš/is моносиллабының етiстiк семасы негiз болып тұр.
ҮII-IХ ғасыр түркi жазба ескерткiштерi тiлi деректерi жалпы түркi түбiрлерiнiң құрылымдық жүйесiнде дауысты, дауыссыздан тұратын VС тұлғалы моносиллабтардың кеңiнен қолданылатынын, олардың басым көпшiлiгi қазiргi қыпшақ тiлдерiнде өзгерiссiз сақталғанын көрсетiп отыр. Мағыналары мен тұлғалары ұқсас VС модельдерiнiң негiзiнде олардың тек дауыстыдан немесе жартылай созылыңқы дауыстыдан тұратын V моделiнен дамығанын аңғаруға болады.
