- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
Түркі тілдеріндегі j дауыссызының анлаут және ауслаут жағдайдағы табиғаты, қалыптасу жолы әртүрлі екені белгілі. Сөз соңындағы j дыбысы түркі тілдері фонетикалық жүйесі дамуының біршама кейінгі кезеңдердегі көрінісі болса, сөз басындағы j алғашқы дауыссыздар қатарына жатады.
Анлаут жағдайдағы й (j) дыбысының қалыптасу, даму жолы түркі тілдері тарихи фонологиясындағы шешімі табылмаған мәселе. Түркі тілдеріндегі сөз басындағы j фонемасының тарихи өзгерістерінің күрделілігіне алғаш назар аударып, аталған дыбысты архетип ретінде таныған В.В.Радловтың [192, 256] тұжырымынан кейін де j ≈ dž ≈ ž ≈ t ≈ d ≈ č ≈ š ≈ s ≈ z сәйкестігінің табиғаты жайлы отандық (кеңестiк), шетелдiк түркологтар тарапынан бірнеше пікірлер айтылды (Б.А.Богородицкий, И.Маркварт, К.Г.Менгес, Г.Дерфер, Н.Н.Поппе, Г.И.Рамстедт, С.Е.Малов, Б.А.Серебренников, А.П.Дульзон, Э.Р.Тенишев, Н.З.Гаджиева, А.М.Щербак, Ф.А.Абдуллаев, Ш.Х.Акбаев, Н.А.Баскаков, Б.Сағындықұлы т.б.). Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан басталған пікірталастар нәтижесінде аталған дыбыстың жалпытүркілік баба тілдің фонологиялық жүйесіндегі алғашқы немесе кейінгі құбылыс екені, сәйкестіктер тізбегіндегі тарихи орны жайлы бірнеше көзқарастарды қамтитын екітүрлі бағыт қалыптасты. j дыбысының алғашқы құбылыс, яғни архетип екенін қолдаушы ғалым В.А.Богородицкий j фонемасы жалпы түркі тілдерінің басым бөлігінде, оның ішінде көне түркі (Орхон-Енисей), половец тілінде кеңінен қолданылғанына баса назар аудара отырып, қазіргі түркі тілдеріндегі өзгерістерін, мәселен, қазан татарлары тілінде ызың (шипящий) үнді африкат dž-ға ауысуы, қазақ тілінде ызың спирант ž-мен қалыптасуын латын тіліндегі j дыбысының итальян тіліндегі dž, француз тіліндегі ž дыбыстарына ыдырауына ұқсас құбылыс деп таниды. Ал тува, қарағас, хакас тілдері сияқты Шығыс Сібір тілдеріндегі ызың (шипящий) č дыбысы dž африкатының қатаңдану процесінде орныққанын, s дыбысы č фонемасынан өрбігенiн көрсетеді [127,106, 107].
С.Е.Малов, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак тәрізді белгілі түркологтардың пікірі түркі тілдеріндегі сөз басындағы j дыбысын жалпы алтайлық көне африкат dž-дан тарататын Н.Н.Поппе, Г.И.Рамстедт т.б. ғалымдардың көзқарастарымен үндес. С.Е.Малов j дыбысының көне түркі жазба тіліндегі, сары ұйғыр тіліндегі қолданысын негізге ала отырып, j, dž, č, š, ž фонемалары iшiнде бiршама ежелгi дауыссыздар қатарына ызың dž, č, š дыбыстарын жатқызады [219,141] деген ой айтса, Н.А.Баскаков сөз басы j > dž өзгерiсiнiң хронологиясын анықтау күрделi де даулы мәселе екенiне мән бередi және «егер түбiрлер соңындағы j d, t > z, s > j құбылысының нәтижесi болса, сөз басы j č, dž, tj, dj, ž, s > j аффрикат, фрикатив және ызың дауыссыздарының фонетикалық дамуының немесе қарашай-балқар тiлдерiндегiдей (axšy < jaxšy «хороший») түсiп қалудың нәтижесi болуы мүмкiн» [220, 216] деген пiкiрi арқылы, j фонемасын фонетикалық дамудың нәтижесі, кейін қалыптасқан құбылыс ретінде танитынын көрсетедi. Дауыссыздар жүйесi, олардың қазiргi түркi тiлдерiне таралуы сөз басындағы j фонемасының тарихи мүмкiндiгiн терiске шығарады, анлаут j қатаң тiсаралық υ спирантынан дамып, өзiнiң бастапқы сапасын өте ежелгi кезеңнiң белгiлерiнен көрiнiс беретiн чуваш, якут тiлдерiнде сақтап қалған деп санайтын А.М.Щербак өз ойын былай бiлдiредi: «Звук j – самое отдаленное от праформы отражение, и естественно, что последовательно он представлен главным образом в огузских языках, которые обычно рассматриваются как «относительно новые тюркские языки» и в которых сильные согласные в анлауте подвергались ослаблению раньше, чем в других языках» [158,79-80]. Ғалым алтай тіліндегі ď, тува, хакас, шор тілдеріндегі č, якут тіліндегі s, балқар тілінің малқар диалектісіндегі z, балқар, қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар тілдеріндегі ž дыбыстарын қатаң, тісаралық спирант *υ фонемасының тарихи эволюциясының аясындағы құбылыстарға жатқызады [158,159].
j фонемасының алғашқы дыбыс екенін қолдайтын бағыттағы ғалымдар Г.И.Рамстедт, Н.Н.Поппе, С.Е.Малов, А.М.Щербак, Н.А.Баскаков т.б. зерттеушілердің пікірлеріне қарсы өз тұжырым-дәйектемелерін келтіре отырып, түркі тілдеріндегі сөз басы j дыбысының кейінгі құбылыс екенін ұсынушы ғалымдардың болжамдары мен пікірлері жеткілікті дәрежеде дәйектелмеген деп санайды. Мәселен, Н.З.Гаджиева мен Б.А.Серебренников мақалаларында жалпы фонетика бойынша испан, португаль, каталон, француз, провансаль, рето-роман тілдері фонетикалық жүйелерінiң даму тарихында, сондай-ақ көне үнді тілінде, жаңа үнді тілдеріне жататын иран тілінде анлаут j-дің дауыстылар алдында dž африкатына айналу деректері кездесетінін, кейбір угро-фин тілдерінде аффрикат тәріздес ď фонемасына өзгеруі тіркелгенін айта отырып, былай дейді «Если в разных языках началный j в положении перед гласными довольно часто превращался в dž, то это уже нельзя считать случайностью, а следует признать определенной типовой тенденцией видоизменения звука в данной позиции, своего рода типологической фреквенталией, которая может быть положена в основу гипотезы о первичности начального в тюркских языках» [221,79]. Белгілі түркітанушы Э.Р.Тенишев Радлов-Богородицкий бағыты және Рамстедт бағыты жайлы көзқарастарға тоқтала отырып, бірінші пiкiрлердiң, яғни j фонемасының алғашқылығын қолдайтын бағыттың негізділігін көрсетеді [192,259].
j фонемасын алғашқы дыбыстар қатарында санайтын ғалымдар j дыбысын кейінгі құбылыс ретінде танитын зерттеушілердің пікірлеріне қарсы бірнеше уәж ұсынады: тұңғыс-маньчжур, монғол тілдерін түркі тілдеріне қарағанда архаикалық тіл екендiгi теориялық тұрғыдан дәлелденбеген мәселе; Орхон-Енисей жазбаларында сирек қолданылуы j фонемасының кейінгі құбылыс екеніне кепілдік бере алмайды, себебі көне түркілердің жазба ескерткіштерінің тілі абсолютті архаикалық тіл емес; көне түркілер тілінде инновациялық белгілермен бірге архаизмдер де сақталуы мүмкін, тіпті реликт белгілердің қазіргі тілдер мен олардың диалектілерінде сақталатыны да дәлелденген мәселе; j фонемасының қазіргі оғыз тілдерінде жиі қолданылуын түркі тілдерін көне және жаңа тілдерге бөлу теориясы негізінде қарастыру жаңсақтық, себебі бұл жіктеудің өзінде де шарттылық басым; башқұрт тіліндегі jan «душа» лексемасының парсы тілінде džan лексемасына сәйкес келуін дәлел ретінде ұсынуға болмайды, себебі бұл ауысу табиғи өзгеріс емес, субституция (башқұрт тілінде dž аффрикаты болмағандықтан j фонемасына ауысқан); тісаралық υ дыбысының аффрикатқа өзгеруі типологиялық тұрғыдан түсініксіз; j дыбысының алғашқы құбылыс екені жайлы гипотезаны түркілік тектілде сөз басындағы r, l, m, n, ņ дыбыстарының басқа да үнді дыбыстардың қолданылмауымен байланыстыруға болмайды, себебі фин-угор тілдерінің деректері анлаут жағдайдағы j фонемасы қатаң дауыссыздар қолданыста болған кезде де қоданылу мүмкіндігі болғанын көрсетеді; сөз соңындағы d, t > z, s > j фонетикалық дамуын сөз басындағы j дыбысының дамуымен байланыстыруға болмайды т.б. [221,78-79]
Сөз басындағы j дыбысының ҮII-ҮIII ғасыр ескерткiштерi тiлiнде кеңiнен қолданылуы негiзiнде анлаут j-дi көне фонема, қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi анлаут ž-ны j-ден дамыған кейiнгi құбылыс ретiнде қарастыру дәстүрi түркiтануда орнығып қалды. Анлаут j дыбысының көне, түркi, орта ғасыр түркiлерi мен қазiргi түркi тiлдерiндегi қолданыс аясы аталған фонеманың түркi тiлдерi фонологиялық жүйесiнен түркiлiк баба тiл кезеңiнде-ақ орын алғанын толық қуаттағанымен анлаут ž-ны кейiнгi құбылыс ретiнде қарастыруды негiздей алмайды. ХI ғасыр мұрасы М.Қашқари сөздiгiнде қыпшақ, оғаздардың сөз басында ž дыбысын да қолданылғаны жайлы дерек сақталуы (МҚ. II, 364-389), ҮIII-ХII ғасырлардағы Волга бұлғарларының тiлiнде анлаут ž-ның қолданылуы [126,47-49] қыпшақтық анлаут ž-ны ХIII-ХIҮ ғасырлардың жемiсi ретiнде қарастырудың ұшқарылығын көрсетедi. Рунолог Қ.Сартқожаұлының ҮII ғасырдың соңғы жылдарынан бастап Орта Азия түркiлерi қолданған ұйғыр әлiбиiнде анлаут ž дыбысының қолданыста болуына, Хазар мемлекетi түркiлерi тiлiнде де сөз басы ž фонемасының қолданылғанына тағы да басқа деректерге сүйене отырып, Орхон, Енисей ескерткiштерi тiлiнде де , таңбалары сөз басында ž, сөз соңында j болып оқылғанын дәлелдеп көрсетедi. Зерттеушi «Соғды, ұйғыр, монғол-ұйғыр алфавиттерiнде z, ž, j, i әрiптерi бiр кескiнмен белгiленген. Байырғы түрiк руна жазуында осы ерекшелiк қайталанып j мен ž әрiптерiн бiр ғана таңбасымен кескiндеген деген тұжырымға келедi [222]. Бұл пiкiрдi А.Н.Бернштамның «Языком Западнотюркского каганата стала одна из жекающих наречий, которое с течением времени подчинило себе все остальные иокающее» [223,465-466] деген ойы нақтылай түседi. Көне түркi әлiпбиi дауыстылар жүйесiнде о, u; ö, ü; ï, i(е), а, е жұптарын бiр таңбамен белгiлеу дәстүрi болғаны да белгiлi. Мұндай дәстүр көне түркi диалектiлерiнде фонологиялық мән жүктемей өзара алмаса беретiн дыбыс сәйкестiктерi көрiнiс беретiн бiр сөздiң варианттарын қамту мақсатында қолданылуы мүмкiн, j дыбысының жартылай дауыстылық сапасы да оны таңбалауда дауыстыларды таңбалау дәстүрiн пайдалануға себеп болуы ықтимал. Бiздiң мақсатымыз көне ескерткiштердi рунологиялық, текстологиялық бағытта зерделеу емес, таза лингвистикалық – лексика-фонологиялық бағытта талдау болғандықтан
таңбаларымен берiлген моносиллабтарды түркiтануда орныққан, дәстүрлi j дыбысымен қолданамыз. Рунолог-ғалым Қ.Сатқожаұлы ұсынған «көне түркiлiк ž» теориясын жан-жақты қарастырып, ақ-қарасын ажырату болашақ рунологиялық зерттеулерде жалғасын табады деп ойлаймыз.
j фонемасының тарихи даму жолы жайлы бұрын-соңды айтылған теориялық тұжырымдар мен гипотезалардың, дәйектемелердің барлығына дерлік талдау жасап өз пікірін білдірген қазақ ғалымы Б.Сағындықұлының еңбегінің маңыздылығы айрықша. Ғалым түркі тілдері фонетикалық жүйесінің даму заңдылықтарына, тарихи үрдістеріне, артикуляциялық, акустикалық ерекшеліктеріне, тілдік деректерге сүйене отырып, j фонемасының эволюциялық қалыптасуын Т [с/ш] күрделі аффрикатынан таратып, тш ≈ тс ≈ тй ≈ дй ≈ дж ≈ дз ≈ т‘с‘≈ д‘з‘ ≈ т ≈ д ≈ с ≈ з ≈ ш ≈ ж ≈ й ≈ һ ≈ х ≈ қ ≈ к ≈ ғ ≈ г ≈ с‘ ≈ з‘ ≈ т‘ ≈ д‘ ≈ о дыбыстар сәйкестігі тізбегінің аясында қарастырады [151,18]. Ғалымның пікірінше, мәселенің оң шешілуіне кедергі болып келген нәрсенің бірі – бір ғана фонеманы архетип деп тану, екіншісі – һ, й эпентезаларына мән бермеу, зерттеуші «Гипотезалық *т [с/ш] күрделі аффрикатын есепке алмағанның өзінде түркі тілдерінің шығыс хун бұтағы үшін *тс (ц), батыс хун бұтағы үшін *тш (ч) архетип бола алады» дей отырып, Т [с/ш] күрделі аффрикатының жеке дауыссыздарға ыдырауын төрт кезеңге бөледі: 1 кезең – с сыбыр спиранты мен, ш ызың спирантының қалыптасу кезеңі; 2 кезең – жабысыңқы, жуысыңқы т және һ, й дыбыстары тһ, тй аффрикаттары құрамында көріну кезеңі; 3 кезең – қатаң аффрикаттардың ұяңданып, дз, дһ, дж, дй аффрикаттарының пайда болуы; 4 кезең – Алтай дәуіріне сәйкес келетін аффикаттардың дыбыстық құрамы толық ыдырап, жалаң фонемалардың қалыптасу кезеңi [151, 23-28]. Зерттеушi пiкiрi түркi тiлдерi моносиллабтар жүйесiндегi t, d, ž, z, j коррелятивтерiнiң табиғатына сай келедi. Қазiргi түркi тiлдерiндегi түбiрлес моносиллабтар құрамында тең дәрежеде, бiрдей сапалық деңгейде қолданылатын d, ž, z, j дыбыстарын хронологиялық негiзде жiктеу әрқайсысы бiрнеше реңкте айтылатын дыбыстардан тұратын фонологиялық жүйенiң табиғи болмысын ашып бере алмайды.
Ұзақ мерзімді қамтитын тарихи даму жолынан өтiп, өзіндік белгілері толық қалыптасқан, дамыған, аздаған диалектілік ерекшеліктері бар, ҮІІ-ҮІІІ ғасыр түркілерiнің тілі қазіргі заманға дейінгі арадағы он екі, он үш ғасыр бойы түркі әлемі бастап кешірген этно-лингвистикалық, этно-саяси процестер нәтижесінде бірнеше дербес тілдерге ыдырауы арқылы қалыптасқан қазiргi түркі тілдерінде көне түркі тілінің негізгі фонологиялық жүйесі сақталғанымен жалпы дыбыстық жүйе, фонемалардың қолданылу ерекшелігі толық сақталмауы табиғи заңдылық. Мұндай өзгерістер көне түркі тіліндегі j дыбысының табиғаты мен қолданыс аясына да қатысты.
Анлаут жағдайда. Қазіргі қыпшақ тілдерінің бiразында сөз басындағы j сақталған. Ескерткіштер тілінде jab(ïz) КТү. 24, 26; Он. 17 «скверный, дурной, злой» (ДТД, 42) ~ тат. jaυ(ïz), башқ. jaw(ïz), қар. juυ(uz), ққалп. žab(ïz), қаз. žaw(ïz); Орх., Ен. jad(aγ) КТк. 27, 32; Мч. ІІІ «пеший, пешеход» (ДТД, 157) ~ қар. jaj(aυ), башқ. jäj(äü), ноғ., құм. jaj(aυ), тат. žäj(äw), қаз., ққалп. žaj(aw); Орх., Е. jaj «рассеивать, разогнать», jaj(mïs) Он . 1, «победил» (ДТД, 43) ~ žaj → žaj (ratuw), žaj(paw); Орх. jan КТү. 23, 34 «побеждать» (ДТД, 43) ~ қаз., ққалп. žeņ, башқ. jiņ, тат. žijņ; Е. jaņuš «единственный» (ДТД, 43) ~ құм. (jaņ)gïz, тат., ноғ. jal(gïz), башқ. jaņ(γïz), ққалп., қаз. žal(γïz), ауызекі тілде žaņ(γïz) (Құрыш., 122); Орх. jaγ(ru) КТк. 7, jag Т. 5 «близкий, приближаться» (ДТД, 43) ~ башқ., ноғ. jak(ïn), ққалп., қаз. žaq(ïn); Орх., Е., Тал. jaγ КТк, 2, 9, 10, 12, 30, Т. 5 «враг» (ДТД, 42) ~ тат. jaw, ноғ. jaυ, ққалп., қаз. žaw; Орх., Е. jïγ(la) ИА 11, 2, juγ(la) КТү. 4 «плакать» (ДТД, 42) ~ тат. jel(aw), башқ. ij(law); құм., ноғ. jï(la), қаз. žïl(a); Орх., Е. jïl Е. 9, КТү. 7, 8, 36 «год» (ДТД, 46) ~ қар. jïl/il (Құрыш. 130), ноғ., башқ. jïl, құм. jïl, қаз., ққалп. žïl; Орх., Е. jok(aru) Т. 25 «вверх» (ДТД, 43) ~ тат. juq(arï), башқ. juγ(arï), қар. jaγ(arï), қаз. žoγ(аrï); Орх., Е. jaņ(ïl) КТү. 10, 19, 20, Т. 26, Он. 11, 3, МЧ. 44 «ошибаться» (ДТД, 43) ~ ноғ., тат., башқ. jan(ïl), қаз., ққалп. žaņ(ïl); jok/joq Кч, 3, Е. 9, 10 (Бат., 43), joq КТк. 3, 4, 10, КТү. 11, 25, 26 (Айд. І, 212) «нет» (ДТД, 43)~ тат., башқ. juk, қаз., ққалп. žoq; Орх., Е. jol КТү, 15, 44, 49 (Айд. І, 212) «дорога, путь» (ДТД, 45) ~ тат., башқ. jul, қар. jol, ноғ. jol, құм. іjol, қаз., ққалп. žol; Орх., Е. jaš «возраст, молодой» (ДТД, 42) Е. 1. 3, 6, 11; Мч. І, 4 (ДТД, 45), КТү. 51 (Айд. І, 211) ~ тат. іješ «сырой, влажный», jaš «молодой», ijaš «год, возраст» (Құрыш. 126), қар. jaš, башқ. jäš, ққалп., қаз. žas; Орх., Тал., Е. jer/jir «земля» (ДТД, 47) КТк. 4, 8, 9, КТү. 10 17, 20 (Айд. І, 212), Т. 38 (ДТД, 47) ~ тат. žijn, башқ., құм., ноғ. er, ққалп., қаз. žer; Орх., Е., Тал. jüz «сто» Е., 41 (ДТД, 46), КТү. 13, 33 (Айд. І, 213) ~ тат., башқ. jöz, ноғ., құм. juz, қар. jüz, ққалп., қаз. žüz; Орх., Е. jük «вьюк» Е. 28 (ДТД, 46) ~ тат., башқ. jök, ноғ. ijuk, қар. jük, ққалп., қаз. žük; Орх., Е., Тал. jet «достигать», Мч. ІІ, 13, 15 (ДТД, 47) ~ құм. et, қар. jet, ққалп., қаз. žet; Орх., Е. jïm(čaq) «мягкий» КТк. 5, 6 (Айд. І, 213) ~ тат., башқ. jom(šaq), ноғ. jum(saq), құм. jïmy(šak), ққалп., қаз. žum(saq).
j ≈ ž сәйкестiгi. Көне түркілік анлаут j-дің қыпшақ тілдеріндегі өзгерістері негізінен j ≈ ž сәйкестігінен көрінетiнi белгiлi. Қыпшақ-ноғай топшасының басты белгісі болып табылатын ž-мен сөйлеу дәстүрі қазақ, қарақалпақ тілдерін толық қамтыған: Күлтегін ескерткішінде jat «жат», jaz «жаз», jol «жол», joq «жоқ» (Айд. І, 211-213) ~ қаз., ққалп. тілдерінде žat, žol, žaz, žoq. Ал осы топшаға кіретін ноғай тілінде j тұлғасы сақталған: jat «лежать», jaz «лето», jol «путь, дорога», jok «нет» (РНС, 280, 283, 455, 353). Қыпшақ-половец топшасындағы тілдерде ž мен сөйлеу балқар тілінде кеңірек белең алған: žol «дорога», žut «глотай», zaj «лето», žap «закрывай», žaγа «воротник», žaš «молодой», žan(gur) «дождь», žer «земля» [124, 59]. Аталған құбылыс қыпшақ-бұлғар топшасында да кездеседі: тат. тілінде žijņgä «невестка», žijmeš «фрукт», žijl «ветер», žijr «земля», т.б. (Құрыш. 127). Көне түркiлiк анлаут j дыбысының қазiргi қыпшақ тiлдерiнде z дыбысына өзгеруiн жалпы қыпшақтық белгi ретiнде қарастыруға келмейтiнiн тiлдiк деректер көрсетiп отыр. Анлаут j ≈ ž сәйкестiгi қазiргi қыпшақ тiлдерiнiң бiр бөлiгiн ғана қамтуы, ескi қыпшақ тiлiнiң iшiнде j-тiлдi, j-тiлдi тайпалардың да болғаны жайлы деректердi нақтылай түседi. Анлаут j ≈ ž сәйкестiгiнiң сөз мағынасына ықпал етпей өзгеруi олардың фонологиялық референттер екенiн көрсетумен қатар көне түркi тiлiнде анлаут ž-ның қолданыста болу мүмкiндiгiн де кеңейте түседi.
j ≈ ø. Қыпшақ тілдерінде жиі кездесетін фонетикалық заңдылықтың бірі көнетүркілік j дыбысының е дауыстысының алдында түсіп қалуы, бірақ е дыбысы біршама созылыңқы айтылады: башқ. ēl «ветер», ēm «корм», ēņ «рукава», ēr «земля», eņ(ew) «победа», eg(et) «юноша» (БРРБУС, 23, 24). Әдетте анлаут j-дiң қазiргi тiлдерде түсiп қалуы j-дiң протезалық қасиетiне байланысты тым қарапайым заңдылық ретiнде түсiндiрiледi. Кейбiр тiлдiк деректер анлаут j фонемасының нөльдiк тұлғаға айналуы тек фонетикалық құбылыс емес, тiл дамуында өзiндiк орны бар, белгiлi бiр функционалды-идеялық мәнi бар заңдылықтардың iзiн сақтағанын да аңғартады. Э.В.Севортян түркi тiлдерiндегi «үй» мағынасын беретiн ög ≈ og ≈ ug ≈ üg ≈ oj ≈ öj ≈ uj ≈ üj ≈ ub ≈ üb ≈ eb т.б. тұлғалы моносиллабтар кешенiнiң жалпы түркiлiк ük/üg «собирать, складывать в кучу» етiстiгiмен байланысын көрсетедi (ЭСТЯ IҮ, 515). üj «үй» сөзiмен üj «үю» етiстiгiнiң генетикалық сабақтастығы түркiтануда толық қабылданған көзқарас емес, қарсы пiкiрлер де бар. üg етiстiгiнiң jïγ «собирать» (ДТС, 265), juk «груз, тяжесть» (ДТС, 285) лексемаларымен төркiндес екенiн тұлғасы да мазмұны да айқындап тұр. Ескерткiштер тiлiнде jïγ/juγ «волить, складывать, собирать» (ДТД, 46): Keligme beglerin budunun ilin jïγïр «Келген бектерiн, халқын жиып жатқанда» Тон. 43 (Айд. II, 142) етiстiгi де, juk «вьюк» (ДТД, 46) сөзi де қолданыста. Қазiргi қыпшақ тiлдерiнде көне түркiлiк jük моносиллабы ортақ мазмұнды сақтай отырып j ≈ ž сәйкестiгiн түзiп те, j дыбысы түсiп қалып та қолданылады; қаз., ққалп., қырғ., қ.балқ. zük, тат., ноғ., башқ. jük, қар. jik «грузь»; қаз., ққалп. üj, тат., башқ. öj «складывать, сваливать». Қазақ тiлiнде анлаут ž-ны сақтаған тұлға жүк → жүктi, жүкте, жүктеме т.б. сөздерi арқылы берiлсе, ž(j)-дiң түсiп қалуы арқылы қалыптасқан тұлға үй → үйме, үйiндi т.б. сөздерiн белгiлейдi, үйме – жүйме қос сөзi екi тұлғаны да сақтап тұр. Қазақ тiлiндегi üj ≈ zïj корреляттары бойынша ž, ü дыбыстары iс-әрекеттiң сапасын нақтылаушы қызмет атқаратынын аңғарамыз, үй «затты т.б. қалай болса солай үю, жинау», жи → жый «белгiлi бiр реттiлiктi сақтап жинау», жүк лексемасының қазақ танымындағы алғашқы мәнi де «түйеге арту үшiн реттелiп, жиналған зат».
Ауслаут жағдайда: Көне түркі тілінде j дауыссызының моносиллабтар соңында кездесуі сирек кездеседі: aj «айт», buj → bujuruq «әмір, бұйрық» КТү. 3, 5, 19, 37, 38; qoj «қой» КТү. 12; saj → saj(ïr) «сайын» КТк. 9, КТү. 28; *toj → tojγun «белгілі бір табыс» КТү. 52 (Айд. І, 206, 209, 214, 219); aj «месяц, луна» Е. 11, baj «богатый, имущественный» КТү. 16, КТк. 10; jaj → jajmïs «победил» Он. І, 1; jaj «рессеивать, разогнать» Т. 39, 41, Он. ІІ, 1; kuj «женская часть жилища» МЧ. 48; Е. 3; qïj → qïjïn «мучение, тягота» Т. 32, Мч. ІІ, 14; *kej → kej(ik) «дикий зверь» Е. 28; Тал. 8; *uj → uj(a) «гнездо, семья, родственник» Е. 15, 28 → uj(al) «род» Тал. 2, → uj(ar) «авторитетный, влиятельный, знатный Е. 10, 17; ïj → ïju «увы, ох» Е. 13, Е. 28; (ДТД, 33, 42, 43, 52, 54, 75, 83). Көне түркі ескерткіштері тіліндегі бір буынды түбірлер мен түбір-негіздер соңындағы j дауыссызы қазіргі қыпшақ тілдерінде негізінен сақталған, мысалы: қаз., ққалп. тілдерінде *buj → bujurïq, qoj, saj(ïn), aj, ajt, baj, qïj(ïn), kij(ik), uj(a), башқ. тілінде – aj «луна, месяц», baj «богатый», qïj(ïn) «трудность», oj(a) «гнездо» (БРРБУС, 9, 13, 43, 107); құм. тілінде buj(ruq) «приказ», qoj «овца», ajt(maq) «говорить», aj «луна», baj «богатый», jaj(ïlïšïp) «рассеяться», uj(a) «гнездо», qïj(ïn) «трудный» (РКС, 766, 544, 154, 385, 57, 859, 1030, 153); ноғ. тілінде buj(ruq) «приказ», koj «овца», aj «луна», aйt(uυ) «говорить», baj «богатый», uj(a) «гнездо» (РНС, 456, 375, 289, 131); тат. тілінде aj «луна», äj(tiw) «говорить», bаj «богатый», oja «гнездо» (ТРС, 27, 52, 417). Енисей ескерткіштерінде жиі ұшырасатын «увы, ох» мәніндегі ïj сөзі қазақ тiлiнде өкінішті, ауырсынуды білдіретін ый/іи, ий одағайында, «тек, ру» мағынасындағы uj(äl) моносиллабы үйелмен «отбасы» сөзiнде сақталған. Ал «жеңу» мағынасындағы jajmïs лексемасы қазіргі қыпшақ тілдеріндегі жеңу (құм., ноғ. jeņ, тат. zijņ, башқ. jiņ, қ.балқ., қырғ. žеņ) сөзімен төркіндес емес, қазіргі қазақ тіліндегі жайрату сөзімен тектес ауыс мағынада қолданылған лексема.
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiндегi моносиллабтар соңындағы j дыбысының қазiргi қыпшақ тiлдерiнде толық сақталуы аталған тiлдердiң тарихи-генетикалық сабақтастығын тереңдете түседi.
