- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
Топонимдердің көне қабатын құрайтын бірліктерді жинақтап, жүйелеу, лингвистикалық талдау ең алдымен халық жадында сақталған аңыз-афсаналар мен ертегілер, эпостық жырлар тәрізді ауыз әдебиеті үлгілеріндегі және бізге жеткен ең көне түркі жазба мұралары Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі жер-су атауларына негізделеді. Ауыз әдебиеті үлгілерінде қолданылған топонимдердің көне жазба мұралар тіліндегі географиялық атаулардан басты ерекшелігі – олардың басым бөлігі бүгінгі Қазақстан жеріндегі немесе Орта Азияны мекендеуші көршілес елдердегі ономастикалық құрылымдармен сәйкес келуінде. Көне ауыз әдебиеті үлгілері байырғы түркі жазбалары өмірге келген дәуірлерден ерте болмаса кейін қалыптаспағаны да белгілі. Ә.Марғұлан қазақ эпостарының қалыптасуын бес тарихи кезеңге бөліп: көне кезең; ҮІ-ХІІІ ғасырларды қамтитын оғыз-қыпшақ кезеңі; ХІІІ-ХҮІ ғасыр аралығындағы ноғайлы кезеңі; қазақ батырлар жыры дүниеге келген ХІІ-ХҮІІІ ғасырлар; ХҮІІІ ғасырдан кейінгі кезең – қарастырады [288]. ҮІ-ҮІІ ғасырларда дүниеге келген сахара эпостарының бірі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында кездесетін Аякөз, Есіл, Нұра, Қаракөл, Шыршық, Ұзынбұлақ, Балқаш, Бақалы, Зайсан т.б. тәрізді гидронимдер халыққа таныс. Мұндай топонимдердің біраз бөлігі ұзақ жылдар көлемінде интралингвистикалық және экстралингвистика-лық факторларға байланысты өңделіп, сұрыптала келе, қазақ табиғатына жақын атаулармен толығуы мүмкін. Бірақ эпос тіліндегі топонимдік жүйе кешенді түрде толық өзгеруі мүмкін емес, көне қабаттың элементтері міндетті түрде сақталады. Арада жүздеген жылдар өтсе де байырғы эпостық жырлар мен ертегілерде кездесетін, тамыры тереңде жатқан топонимдердің кейбірінің мәні көмескіленгенмен халыққа етене жақын болуы халық тілінің даму эволюциясымен біте қайнасып, қазақ халқының негізін қалаушы ру-тайпалар тіліне тікелей қатысты сұрыпталып, таза қазақи тілдік ортада қолданыла отырып, қазіргі ұрпаққа жетуіне байланысты болса керек. Ал «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырымен қатар дүниеге келген жалпы түркі халықтарына ортақ мұра – Орхон, Енисей жазба ескерткіштері тіліндегі жер-су атауларының басым бөлігі қазіргі қазақтарға түсініксіз, оның себебі арада өткен он үш ғасырды қамтитын ұзақ мерзімге ғана қатысты емес, түркі қағанатының Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Сібір (Тува, Хакас, Алтай), Монғолия жері кіретін Еуразия континентінің ұлан-ғайыр жерін алып жатуына да байланысты.
ҮІ-IХ ғасырларда өмір сүрген көне түркілер тілінен дерек беретін Орхон, Енисей, Талас-Шу жазбаларында елуден аса географиялық атаулар кездеседі. Олардың қатарында Тoγu balïq КТү. 44, Besbalïq БҚ. 28, Bökli КТү. 4, Bolču КТү. 37, Ezgent qadïz БҚ. 31, Bajïrqu КТү. 34, Burγa МЧ. II, Bes kečen БҚ. 2, Bukegük МЧ. III, Birkü МЧ. I, Jabïš tokuš МЧ. III, jarïs jazï Тон. 33, Jogro МЧ. III, Qara bulaq МЧ. II, Qara Jota МЧ. II, Kejre МЧ. I, Kergün МЧ. II, Keņü Tarman КТү. 21, Kögür МЧ. II, Kečin КЧ. 10, Kešdim Е. 24, Altun kapar Е. 29, Tüņker, Sakïš МЧ. II, Šokak МЧ. III, т.б. ойконимдерді, Altun Тон. 20, Beņlugek Тон. 44, Kögmen КТү. 17, Ötuken КТү. 3, Čugaj КТк. 6 сияқты оронимдерді, Aqtermel Тон. 25, Anï Тон. 27, Edük Qatun Е. 3, Jar ügüz МЧ. I, Jïnčü КТк. 3, Jašïl КТү. 17, Idil Е. 36, Toγla БҚ. 30, Kök öņig БҚ. 42, Kem МЧ. II тәрізді гидронимдерді атауға болады. Мұндай топонимдердің біразы қазір қолданылмайтын (Toγu balïq, Besbalïq жойылып кеткен тарихи қалалар) көне атаулар болса, бір бөлігі қазір де қолданылатын, бірақ бастапқы мән-мағынасы көмескіленген атаулар, енді бір тобы дыбыстық, морфологиялық, семантикалық заңдылықтар арқылы қазіргі атауларын анықтауға болатын топонимдер. Ескерткіштер тiлінде кездесетін жер-су атаулары тарихи лексикологияда қалыптасқан жүйе бойынша бiрнеше топқа бөлiнедi:
1. Қазіргі қазақ тілінде ешбір өзгеріссіз сол күйінде қолданылатын атаулар. Мұндай топонимдердің бірі – Ertis гидронимі. Ертіс өзенінің атауы Орхон ескерткіштерінде өте жиі кездеседі, мысалы: Күлтегін жазбасында Ertis ügüzi keče jorïdim КТү., 37 «Ертіс өзенін кеше жүрдім» (Айд. I, 37); Тониқұқ жазбасында Ertis ügüzüg kečigsiz kezdimiz Тон., 35 «Ертіс өзенінен өткелсіз өттік» (Айд. II, 40) ХІ ғасыр мұрасы Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ит түрк» еңбегінде де Ertis гидронимі өзгеріссіз қолданылады. Қазақ халқы жеке ұлт ретінде қалыптасқанға дейін қолданыста болған, 1500 жылдық тарихы бар Ertis гидронимінің түп-төркінін тек қазақ тілінің ішкі заңдылықтарына байланысты анықтау мүмкін емес екенi белгiлi. Зертеушілер аталған географиялық атауды орал-алтай тіл бірлестігі негізінде ғана талдап көрсетуге болатын, екі компоненті де «су», «өзен» мәнін беретін плеонастық құрылым екенін айтады [289,76-77]. Қазақ тілінің топонимдер жүйесіне тұлғалық та, мағыналық та жағынан толық сәйкес келетін атаулардың бірі – Qaraköl: Qara költe süŋüsdimiz КТү. 42 «Қаракөлде біз соғыстық» (Сартқ. II, 176). Qarabulaq, Qaraqum, Buqar, Temir (qapïγ/қақпа), Teņiz т.б. тәрізді топонимдер де қазақ тіліне өзгеріссіз жеткен атаулар қатарында жатады.
2. Тұлғалық жағынан өзгерістерге түскен атаулар. Ескерткіштер мәтінінде жиі қолданылатын Anï гидронимі: Ani subïγ baralïm Тон. 27 «Аны суы бойымен баралық» (Айд. II, 39). Аны гидронимі қазіргі Енисей өзенінің атауы екені, түркілік нұсқасы Enesaj/Anasaj лексемалары арқылы қалыптасқанын лингвистикалық зерттеулер нәтижесі анықтап отыр [60,39]. Сондай-ақ Тибет тауы Орхон ескерткіштерінде tüрüt түрінде тұлғаланады Tüpütke kicig tegmedik КТк. 3 «Тибетке кішкене жетпедім» (Айд. I, 168). Tüpüt оронимі Күлтегін жазбасында этноним ретінде де (тибеттіктер) қолданылады. Тұлғалық өзгерістерге түскен топонимдердің бірі – Altun оронимі: Altun jïš üze qabïsalïm Тон., 20 «Алтай тауының үстінде бірігеміз, қабысамыз» (Айд. II, 39). Қазақстан аумағы арқылы өтетін Esil өзені ескертіштерде Jašïl тұлғасында қолданылады Ilgeru jašïl ügüz tegi süledimiz КТү. 17 «ілгері қарай Жасыл өзеніне дейін соғыстық» (Айд. I, 66). Burγu: «Бурхан Халдун, монғолиядағы өзен»: Burγuda jetdim «в Бургу я их настиг» МЧ. II (Сартқ. I, 80). Kejre: Керулен өзенi: Kejrede öņden jaņtačï «К югу от Кейре я должен был повернуть...» МЧ. I (Сартқ. I, 73). Бұл топқа жататын ономастикалық бірліктердің тұлғалық өзгерістерін түркі тілдеріне тән фонетикалық заңдылықтар негізінде анықтауға толық мүмкіндік бар.
3. Қазіргі қазақ топожүйесінде басқа атауға ие болған топонимдер. Олардың қатарына ескерткіштер тілінде Jïnču түрінде қолданылған Сырдария өзенінiң, Kögmen түрінде қолданылған Саян тауларының Bolču аталған Емел өзенiнiң, Agula оронимiмен белгiлi болған Жоңғар Алатауының, Jeti baš түрiнде қолданылған Жетiсу өңiрiнiң, Ačïγ altïr köl аталған Монғолия аумағындағы Аварга Тасун көлiнiң атаулары жатады. Тониқұқ ескерткіші мәтіндегі Čuγaj quzïn Qara qumïγ olurur ertimiz Тон. 17 «Чұғай құзы мен Қарақұмды мекендеуші едік» сөйлемінде қолданылған Čuγaj топонимін мамандар қазіргі Бетпақдала болуы мүмкін деген пікір айтады [60,41].
4. Бастапқы мағынасын түркi-монғол тілі деректері негізінде анықтауға болатын топонимдер. Хангаай тауының оңтүстігіндегі Ötuken оронимі Орхон, Енисей ескерткіштерінде де өзгеріссіз тұлғаланады, мысалы: Ötuken jïsγaru udïztïm Тон. 15 «Өтүкен тауына қарай жібердім» (Айд. II, 41). Ötüken оронимі құрамындағы ot «от» ög/üg «шеше» моносиллабтарын қазіргі монғол тіліндегі «от орны», «от анасы» (МҚС. 379) мағыналары арқылы ажыратуға болады. Көне түркілік ög тұлғасын Қазақстанның оңтүстігіндегі Ögem оронимі құрамынан да кездестіреміз.
5. Түркі-монғол топожүйесіндегі субстраттар. Бұл топты мән-мазмұны көмескіленген, алғашқы тұлғасын да, мәнін де айқындау қиын Arquj (Орхон), Öŋgin (Онгин), Selengi (Селенга), Kejre тәрізді негізгі бөлігі Монғолия Халық Республикасының аумағы арқылы өтетін топонимдердің ең көне қабатын құрайтын гидронимдер құрайды. Монғол халқы жеке этнос ретінде қалыптасқанға дейін қолданыста болған бұл топонимдер де Ертіс гидронимі тәрізді орал-алтай тіл бірлестігі негізінде қарастыруды қажет ететін тілдік бірліктер.
Қазақ, монғол топожүйесіндегі ортақ онимдер мен балама атаулардың ортақ сөзжасамдық модельдерін этносаралық тарихи-мәдени байланыстардың көрсеткіші ретінде қарастырған Г.Сағидолдақызы ортақ түбір морфемалардың қызметіне айрықша мән береді [290,118]. Көне түркілер топожүйесінде белсенді қолданылған дербес мағыналы моносиллабтар қазіргі қазақ жер-су атаулары құрамында да жиі кездесетін компоненттер қатарына жатады.
Aq. Aqtermel: Aqtermel keče oγraqlatdim «Ақтермелдi өте бұйырдым» Тон. 25 (Айд. II, 108). Көне түркiлер Ақтермел атаған өзен қазiргi Монғолия аумағындағы Хуа-Кем өзенi. Түркiлер дүниетанымы бойынша аq лексемасы күн шығысты, оңтүстiктi бiлдiрумен қатар барлық жақсылықтың символын белгiлейдi. Гидронимiң екiншi компонентi termel сөзiнiң мағынасы белгiсiз, көне түркi тiлiнде ter(a) «долина, низина» лексемасы тiркелген (ДТС, 553). Аталған сөздiң «ойпат» мағынасы жалпы түркiлiк ter(äņ)/ter(eņ) «глубокий» (ДТС, 553) сын есiмiмен «төмендiк» семасы бойынша ортақ мазмұн құрайды.
Qar(a). Qara jota: Qara jotalïqïn kečip kelurti «через Кара Йота пришли они»; Qara bulaq: begig Qara bulaqïγ anï olurmïs «беги жили там на Кара Булаке»; Qara qum: Qara qum asmis Kögurde Kömür taγda jar öduzde üč tuγlïγ bodunqa «я пересек Кара-Кумы и Когюра и возле горы Кöтюр и реки Яр трехзначенному тюркскому народу» МЧ. I, II, III (Сартқ. I, 79, 81, 82); Qara költe suņisdimiz «Қаракөлде соғыстық» КТү. 42 (Айд. I, 180). Түр-түстi бiлдiретiн qara сөзiнiң монғол тiлiнде xar «(өң, түс) қара» (МҚС, 568) түрiнде тұлғалануы *qar моносиллабын ажыратуға мүмкiндiк бередi. Qara лексемасы да топонимдердiң екiншi компоненттерi jot(a), bul(aq), qum, köl моно-силлабтары да қазақ топожүйесiнде кеңiнен қолданылатыны белгiлi.
Kök. Kök önüg: Kök oņüg juγuru udïztïm «Көк өңнен жоғары жүргiздiм» Тон., 17; Kögmen: Kögmen jolï bir ermis «Көгмен жолы бiр едi» Тон. 28 (Айд., II, 40).
Түр-түс гаммаларына байланысты лексемалардың түркiлiк, жалпы алтайлық ономастикондар құрамындағы тұлғалық өзгерiстерi мен семантикалық қырлары, кеңiстiктi танудың бағыт-бағдарлық, аумақтық-көлемдiк, уақытты бағдарлаудың мерзiмдiк модульдерi аясындағы символдық табиғаты, дiни-мифологиялық танымдағы сакральдi мәнi талдауға түсiп, түр-түстiк символиканың түркiлерге тән ерекшелiктерi айқындалған [291,159-177; 292, 192-200; 293. 294]. Е.Керiмбаевтың көрсетуi бойынша Қазақстан аумағындағы оронимдердiң 20%-ын құрамында түр-түске байланысты лексемалар бар атаулар құрайды [295,17].
Öŋ(gi). Kök öŋgi, Öŋgin гидронимдерінен жалпыалтайлық *uŋ~*üŋ~*oŋ~*oŋ «выемка, углубление» [145,296] моносиллабын анықтауға қазақ тіліндегі uŋγï, üŋgi, üŋgir, üŋirej, uŋγïl – šuŋγïl; монғол тіліндегі üngэх «үңгу», ongij «ұңғы», ongulox «ұңғылау, қазу» ongor – цongor «ұңқыр-шұңқыр, ойлы-қырлы» (МҚС, 368, 369) сөздеріндегі ортақ мазмұн мүмкіндік береді.
Түркі түбірлерінің күрделі табиғатын көрсететін моносиллабтардың бірі Мойун Чур жазбасында кездесетін Jar ügüz гидронимі құрамындағы *üg (ügüz) моносиллабы. Üguz «өзен» сөзі Орхон ескерткіштерінде жалпы есім ретінде кеңінен қолданылады, мәселен: Ertis ügüzig keče jorïtïmïz «Ертіс өзенін кешіп өттік» КТү. 37 (Айд. I, 179). Бұл қазіргі түркі тілдерінде özen, üzön, üzen түрінде қолданылатын сөздің құрамындағы üz/öz моносиллабы тарихи тұрғыдан түбір сөз бола алмайтынын аңғартады.
ҮII-IХ ғасыр ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қазақ тiлi жер-су атауларында aq «ақ», al «ал қызыл», *aš(ïγ) «ащы», baš «бас», baj «бай», bal «бал», beš/bes «бес», *bul(aq) «бұлақ», *bur «бұр», bel «бел», er «ер», *ez(gi) «iзгi (жақсы)», jot(a) «жота», jar «жар», jaz(ï) «жазық», jïš «жыныс», köl «көл», kök «көк», qaz «қаз(құс)», *qar(a) «қара», *qam(ïš) «қамыс», öņ(gü) «үңгу», üg(üz) «өзен», üč «үш», šïp «су», toγ(la) «толы», toυ(gö) «төбе» т.б. тәрiздi моносиллабтардың жиi қолданылуы, топоним жасау модельдерiнiң ортақтығы көне жазба иелерi мен қазiргi қазақтардың ортақ топонимиялық стереотиптердi сақтаған бiр топонимиялық тұлғаның ұрпақтары екенiн айқын көрсетедi.
Көне түркi мұралар тiлiндегi ономастикондардың моносиллабтық негiзiн ажыратып, олардың құрылымдық, мазмұндық ерекшелiктерiн анықтау жалпы лексикалық қордың өзегiн құрайтын түбiрлер мен түбiр-негiздердiң адамзат өмiрiндегi тiлдiң маңызын айқындайтын сан қырлы рухани-функционалдық, ақпараттық-мазмұндық сапаны қамтамасыз ететiн лингво-онтологиялық құрылым екенiн нақтылай түседi.
