- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
Түркi тiлдерi фонетикалық жүйесiнде жан-жақты зерттелген, тарихи даму жолы мен фонематизациялануы, сәйкестiк түзу мүмкiндiгi кеңiнен қарастырылған консонанттар қатарындағы q, k, γ, g дыбыстары ҮII-IХ ғасыр түркiлерi тiлiнде қолданыс аясының кеңдiгiмен ерекшеленедi. Қатаң q, k дыбыстарының ұяңдану процесiнiң алғашқы нәтижелерi алтай дәуiрiне дейiнгi кезеңде-ақ байқалып, олардың бәсең спирант аллофондары анлаут жағдайда да, ауслаут жағдайда көрiнiс бере бастаған [159,78]. Ескерткiштер тiлiндегi консонанттар жүйесiн артикуляциялық тұрғыдан жiктеу барысында А.Н.Кононов k, g дыбыстарын тiл ортасы, таңдай ортасы, q, γ дыбыстарын тiл арты, таңдай арты фонемалары деп сипаттама бередi [2,63].
Түркi тiлдерi бойынша тiл арты және тiл ортасы дауыссыздары фонематикалық шектеулiксiз бiр-бiрiмен алмаса бередi. Тектес γ, g, x, kдыбыстарының корреляциясын консонантизмдер жүйесi дамуындағы кейiнгi құбылыс ретiнде қарастырған якут тiлiнiң маманы Н.Д.Дьячковский аталған дыбыстардың позициялық өзгерiстерiнiң себебiн «Причины позиционных смещений увулярных и заднеязычных согласных в сочетаниях с гласными переднего и заднего рядов, видимо, первоначально были вызваны под воздействием монгольских языков» [231,18] деген ойлары арқылы түсiндiредi. Түркi тiлдерi дамуының ең ежелгi кезеңдерiнде-ақ қолданыста болғанh, q, k, x, γ, gфонемаларының өзара сәйкестiкке түсу мүмкiндiгiнiң жоғарылығы олардың генезисiне байланысты. Сондықтан аталған дыбыстардың өзара алмасу себебiн монғол тiлiнiң ықпалы арқылы түсiндiру негiзсiз.
γ(ғ)фонемасы.Ұяңγ дыбысы ескерткiштер тiлiнде анлаут позицияда қолданылмайды. Тiлдiң түбi таңдадың артқы шенiне тиюден жасалатын ызың ұяң фонема [204,60]γқазiргi қыпшақ тiлдерiнде де анлаут позицияда сирек қолданылады. Қыпшақ тiлдерiндегi анлаутγкiрме сөздерге тән, түркiлiк төл сөздердiң ұяңγ-мен айтылуы қарақалпақ тiлiнде кездеседi:γaz«қаз»,γarγa«қарға»,γawγa«қауға» (ҚқТТС II, 40-46). Оғыздық белгi қарақалпақ этносының, тiлiнiң қалыптасу кезеңiнен бастау алатын құбылыс болса керек.
Ауслаут жағдайда: Орх. aγ «подниматься» Тон. 25 (Айд. ІІ, 100) ~ қаз. aγ «диал. ашытылған қамырдың қатты көтерілуі: нан/қамыр ағып кетті»; Орх. aγ(ï) «драгоценность» Он. ІІ, 4 (ДТД, 39) ~ қаз., ққалп., ноғ. aq(ša), тат. ak(ča), башқ. aq(sa), құм., қар. ak(sa) «деньги»; Орх. ïγ(aš) «дерево» Тон. 25 (ДТД, 83) ~ тат. agač, қар., құм. aγ(ač), башқ. aγ(as), ноғ., ққалп., қаз. aγ(aš); Орх., Е. baγ(ïr) «медь» Е. 26 (ДТД, 33) ~ башқ., ноғ., тат., ққалп., қаз. baqïr; құм. baγ(ïr); Орх., Е. aγ(ïl) «загон для скота» Е. 28 (ДТД, 39) ~ башқ. aw(ïl), тат. aυ(ïl), ноғ. aυ(ïl), ққалп., қаз. aw(ïl) «аул»; Орх., Е., Тал. (juγ)la КТү. 4, 51 (Айд. І, 212), aγ(ïla)/ïγ(ïla) Е. 28 (ДТД, 39) «плакать» - қаз., қалп. žï(la); башқ. ij(la); тат. e(la); Тал., Орх., Е. оγ(lan)/oγ(ul) «сын» КТк. 1; КТү. 15, 44 (Айд. І, 216) Е. І; Е. 313; Тал. ІІ (Аман. І, 44, 48, 49) ~ ққалп., ноғ. ul, тат., башқ. uwl, қаз. ul, ul(an); Орх., Е., Тал. aγ(ïr) «тяжелый, сильный» КЧ. 5 (ДТД, 46) ~ қар., құм. aυ(ur), башқ., қаз. aw(ïr), ноғ. aυ(ïr); Орх., Е. aγ(ït) «прогонять, удалять, отпускать» КТү. 47 (Айд. 206) ~ қаз., ққалп., ноғ. aγ(ït); Орх., Тал. aγ(ïz) «рот, ущелье» Тал. ҮІІ (ДТД, 40) ~ құм., қар. aυ(uz); ққалп., қаз., башқ. aw(ïz), тат., ноғ. aυ(ïz); Орх., Е., Тал. jaγ(uq) «близкий», jaγ(ut)/jaγ(ïl) «приближаться» КТү. 5, 7; Тон. 5 (Айд. І, 211; Айд. ІІ, 101) ~ ноғ., башқ. jaq(ïn), ққалп., қаз. žaq(ïn), тат. jak(ïn); Орх., Е., Тал. sïγ «плакать» КТү. 4, 51 (Айд. ІІ, 218) ~ қаз. žïlap – sïq(ta), ноғ., ққалп. žïlap sïkta; Орх. tuγ «знамя» МЧ. І, 8ІІ, 17; ІҮ, 42, 45 (ДТД, 48) ~ қаз., ққалп., ноғ. tuw; Орх., Е. čïγ(aj) (Айд. І, 223); čïγ(aņ) «бедный» (ДТД, 81) ~ қаз. šïγ(aj): Шық бермес Шығайбай, šïγ(an): Шығаннан шыққан кедей.
Көне түркiлiк инлаут, ауслаут γ, g дыбыстарының қазiргi тiлдердегi сақталуы мен өзгерiстерi түркi тiлдерiнiң тарихи, генеалогиялық орнын анықтауда басты критерийлердiң бiрi ретiнде қолданылып жүрген маңызды мәселе. Бәсең артикуляциялыγфонемасы сөз ортасында және сөз аяғында өзгермелi табиғатымен ерекшеленедi, қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесi құрамындағы ауслаутγ-ның сақталу деңгейi әртүрлi.
γ ≈ g ≈ w ≈ υ ≈ j сәйкестiгi. *aγ ≈ *aw ≈ *aυ ≈ aj → aγïl ≈ awïl ≈ аυïl: aγ(ïl) «загон для скота» (ДТД, 39) ≈ қаз., ққалп. aw(ïl) ≈ ноғ., тат. аυ(ïl) ≈ қырғ. ajïl «аул». Қазақ тiлiнде көне форма сақталған, aγïl «шөп не қамыстан жасалған төбесi биiк мал қорасы (аула)» (ҚТДС, 13). Енисей ескерткiштерiнен ajïl «аул» Е. 48 (ДТД, 32) тұлғасы тiркелген. Э.В.Севортян *aγ моносиллабын етiстiк-есiм мәндi омоним қатарына жатқызып, архетұлғасын а : γ түрiнде бередi (ЭСТЯ I, 84). *aγ ≈ *aw ≈ *aυ → aγïz ≈ awïz ≈ aυïz: aγ(ïz) «рот» (ДТД, 39) ≈ қаз., ққалп., башқ. awïz ≈ құм., ноғ., қар. aυïz. аγïz лексемасының этимологиясы жан-жақты талданған (ЭСТЯ I, 81, 82); *aγ ≈ *aw ≈ *aυ → aγïr ≈ awïr ≈ aυïr: aγïr «тяжелый» (ДТС, 203) ≈ қаз., ққалп., тат. aw(ïr) ≈ қар., құм., ноғ., башқ. aυ(ïr). Түркi тiлдерiнде aγïr лексемасының «құнды», «қымбат» мағыналары да белгiлi (ЭСТЯ I, 65). Күлтегiн ескерткiшi тiлiнде aγ(ï) «бағалы зат, қымбат дүние» (Айд. I, 206) сөзi қолданылады: Altun, kümüš, icigti qutaj buņsïz anča birür tabγač budun sabï sučig, aγïsï jumčaq ermis «Алтын, күмiс өнiмдi, жiбектi сонша шексiз берiп жатқан табғач халқы сөзi тәттi, қазынасы асыл едi» КТк. 5 (Айд. I, 169). Aγ(ïr), aγ(ï) сөздерiнiң мағынасы «ауыр» мәнiн беретiн ортақ мазмұнға негiзделген. Қазiргi түркi тiлдерiндегi aqša «банкнот» лексемасы да *aγ моносиллабымен түбiрлес екенi аңғарылады [133,27]. ïγ ≈ *aγ ≈ *ag → ïγač ≈ aγaš ≈agač: Орх. ïγ(ač) «дерево» (ДТД, 83) ≈ ққалп., қаз., ноғ. aγ(aš), құм., қар. aγ(ač), башқ. aγ(as), тат. ag(ač).
γ ≈ q ≈ k сәйкестiгi. *jaγ ≈ *jaq/*žaq ≈ *jak → jaγuq ≈ jaqïn/žaqïn ≈ jakïn: jaγuq «близкий» (Айд. I, 211) ≈ ноғ., башқ. jaq(ïn), қаз., ққалп. žaq(ïn) ≈ тат. jak(ïn). Қазақ тiлiнде *jaγ моносиллабынан тараған žuwïq сөзi де қолданыста.
γ ≈ ø. Ескерткiштер тiлiнде моносиллабтар құрамындағы ауслаут γ-ның элизияға ұшырауы бiршама жиi кездеседi. *oγ ≈ *u → oγul ≈ ul: oγul «сын» (Айд. I, 216) ≈ қаз., ққалп., ноғ. ul. Қазақ тiлi антропонимдер жүйесiнде uγlan онимi сақталған.
Түркi тiлдерiндегi γ, g дауыссыздарының элизиясы екiншi дәрежелi созылыңқы дауыстылардың қалыптасуымен тiкелей байланысты құбылыс [172,102,126,151]. Қыпшақ тiлдерiндегi көнетүркiлiк γ, g дыбыстарының элизиясы нәтижесiндегi қалыптасқан қыпшақ тобындағы созылыңқылар шығыс қырғыз, алтай тiлдерiне тән. Қырғыз тiлiнде оо, öö, uu, üü созылыңқылары жиi кездеседi: *aγ ≈ *oo → aγïz ≈ ooz «рот», suγ ≈ suu «вода», taγ ≈ too «гора» (КРС, II, 72, 166, 250), boγ ≈ boo «веревка» (КРС, I, 144). Алтай тiлiнде оо, öö, uu, üü созылыңқыларымен қатар аа, ее, ïï, ii созылыңқы дауыстылар да кеңiнен қолданылады: аas «рот», аal «брать», jaa «идти (дождю, граду, снегу)», jaak «щека, косяк», jüü «сок», joon «толстый», jïït(ta) «нюхать», kiij «надевать», soo «остыть», söök «кость», čee «молодой хвойный лес» (Верб. 4, 66, 100, 112, 177, 428). Екiншi дәрежелi созылыңқылар мен екiншi дәрежелi дифтонгтардың тiлдiк өмiрге келуiн алтаист ғалымдар монғол тiлдерi дамуының алғашқы кезеңiнде дауыстылар арасындағы γ, g дыбыстарының түсiп қалуы нәтижесiнде екi дауыстының кiрiгу процесi арқылы түсiндiредi [224,152], бұл құбылыс жалпы алтай тобындағы тiлдердiң бәрiне де қатысты. Қалыптасқан дәстүр бойынша батыс қыпшақ тiлдерi инлаут, ауслаут γ, g дыбыстарының элизиясы негiзiнде екiншi дәрежелi j, w дифтонгтерiн қабылдаған тiлдерге жатады. Қазақ тiлiнде көне түркiлiк моносиллабтар соңындағы γ дыбысының көпшiлiгi өзгерiстерге түскенiмен олардың көне формалары да сақталып, ауызекi тiлде, кейде әдеби тiл iшiнде де қолданылып [231,37], «түбiрлес сөздердiң қалыптасуына негiз болатынын» аңғару қиын емес.
g(г) фонемасы. Ескерткiштер тiлiнде моносиллабтар соңында ғана қолданылатын ұяң g дыбысының өзгерiс деңгейi γ дыбысының өзгерiстерiмен бiрдей. Тiл ортасы қатты таңдайға нық тиюден жасалатын шұғыл ұяң g [204,58] фонемасының ауслаут жағдайда қолданылуы қарақалпақ тiлiнде кездеседi: gew(de) «кеуде», güz «күз», gün «күн» (ҚқТТС II, 19-32).
Ауслаут жағдайда: Ескерткіштер тілінде: beg «бек», beg(inlik) «сильный» КТү. 7; Т. 2, 10, 11; КТк. 3, 19, 22 (Айд. І, 203) ~ қаз., ққалп., ноғ. bek, тат. bek «сильный» (ТРС, 111); Орх., Е. bög (ДТД, 36)//bök Е. 3, 7, 8, 1, 14 (Аманж. І, 50) «насладиться» (ДТД, 36) ~ қаз. bök; Орх., Е., Тал. eg(ir) «вращать, прясть» КТү. 46, 47 (Айд. І, 210) ~ тат. эrlä; құм. ijir; қаз. ijir; Тал., Орх., Е. jeg «хороший» КТү. 29 (Айд. І, 212) қаз. ijg(i), ноғ. ijg(ij), тат., башқ. ij(ge); Орх., Е., Тал. jeg(in) «племянник» Е. 47 (ДТД, 46) ~ қаз., ққалп. žij(en), ноғ., тат. ij(en); Орх., Е. jög(erü)//joq(aru) «выше, наверх» ~ тат. jug(arï), башқ. juγ(arï), ққалп. žoq(arï), қаз. žoγ(arï), қар. joγ(arï); Орх., Е. jug(ur) «бегать» КТү. 24 ~ тат. jög(er), башқ. jug(er), ноғ. juυ(ïr), қаз., қалп. žüg(ir); Орх., Е., Тал. keg «месть» КТү. 43 (Айд. І, 215) ~ қаз., ққалп. kek; Орх., Е., Тал. ög «мать» КТү, 11, 25, 31, 49 (Айд. І, 217) ~ қаз. ög(ej): өгей шеше, ноғ. ög(ej), башқ. üg(äj); Орх., Е., Тал. teg «подобно» Е. 26 (ДТД, 71) ~ қаз., ққалп., ноғ., тат. tek: тектес, ата-тек; Тал., Орх., Е. teg «овладеть» Е. 47, 48, «касаться, соприкасаться» Е. 26, 28 (ДТД, 71), КТү. 5, 12, 31 (Айд. І, 219) ~ қаз., ққалп., ноғ. tij; Орх., Е. üg(üz) «река» КТк. 3, КТү. 17, 37, 39 (Айд. І, 221) ~ қаз., қар., ққалп. ö(zen), тат., башқ. ü(zän); Орх., Е. ig(it) «поднять, возвышать» КТк. 9, 10; КТү. 16, 26 (Айд. ІІ, 222) ~ қаз. žet: бой жету, ержету. «Өсу, толысу» мәнi жiгiт сөзiнiң мазмұнында сақталған: тат., башқ. jig(it), ққалп. žig(it), ноғ. jiγ(ït).
g ≈ j сәйкестiгi. teg ≈ tij: teg «касаться» (ДТД, 71) ≈ қаз., ққалп., ноғ. tij; g ≈ υ сәйкестiгi. *jug ≈ *juυ → jugur ≈ juυïr: jugur «бегать» (ДТД, 48) ≈ ноғ. juυïr; g ≈ k сәйкестiгi. keg ≈ kek: keg «месть» (Айд. I, 215) ≈ қаз. kek; g ≈ ø. *üg ≈ *ü: ≈ *ö: → ügüz ≈ üzen ≈ özen: üguz «река» (Айд. I, 221) ≈ тат., башқ. üzän ≈ қаз., қар., ққалп. özen.
q(қ) фонемасы. Көне түркі тілінде тіл арты q дыбысы да моносиллабтардың барлық шенінде жиі қолданылатын дыбыстар қатарына жатады.
Анлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. qal «оставаться» КТк. 9; КТү. 20, 49 (Айд. І, 219) Тон., 13 (Айд. ІІ, 102) ~ тат., қар., башқ., ноғ., құм., қаз., ққалп. qal; Орх., Е., Тал. qam(a) «огорождать.» КТү. 43 (Айд. І, 213) ~ қаз., ққалп., ноғ. qam(a); Орх., Е., Тал. qar «снег» КТү. 35; Тон. 25; Тал. ІІ, 4 (ДТД, 51) ~ қар., башқ., ноғ., құм., ққалп., қаз. qar; Орх., Е., Тал. qar(a) «черный» Е. 3, 11, 19, 24; Тал. І, ІІ; КТк. 8, 38, 39; МЧ. І, 8, 12 (ДТД, 51) ~ башқ., ноғ., құм., қаз., ққалп. qara; Орх., Е. qat «присеодинить, смешивать» КТү. 2; КТк. 51; МЧ. І, 7; ІІІ, 32; Тон. 35 (ДТД, 51) ~ тат., башқ., ққалп., қаз. qat; Тал., Орх., Е. (qat)un «госпожа, жена» Е. 12, Тал. 5 (ДТД, 51) КТү., 11, 25, 49 (Айд. І, 213) ~ ноғ., тат. xat(ïn), қар., башқ., ққалп., қаз. qat(ïn) «жена, женщина»; Орх., Е. qol «река» МЧ. ІІ, 15 ~ қаз. qol: Нарынқол, Байынқол монғ. qol «өзен» (МҚС, 132); Орх., Е., Тал. qum «песок» МЧ. І, 8; Тон. 7 (ДТД, 52) ~ қаз., қар., ққалп. qum, ноғ., тат., башқ. qom; Орх., Е., Тал. qul «раб» КТү. 7, 13, 21, 20 (Айд. І, 214) ~ ноғ., қар., ққалп. quwl, тат., башқ. qol, қаз. qul; Орх., Е., Тал. qon «остановиться на ночлег» КТк. 5, 6; КТү. 2 (Айд. ІІ, 214) ~ тат. qon/qun қар., ноғ.., қаз. qon, башқ. quwn; Орх., Е. qïd «укоратить» КТк. 6; КТү. 48 (Айд. І, 214) ~ тат., башқ., ноғ., ққалп., қаз. qïs(qa), қар. qïs(xa) «короткий».
Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. aq «белый» КТү., 35, 42, 43 (Айд. І, 206) МЧ. ІІ, 20; Тон. 25 Е. 49; Е. 2 (ДТД, 49) ~ башқ., ноғ., құм., ққалп., қар., қаз. aq; Орх., Е., Тал. joq «нет» КТк. 3, 4, 10; КТү. 11, 25, 26 (Айд. І, 212); Он. І, 1, 3; МЧ. ІІ, 14; Е. 48 (ДТД, 45) ~ қаз., қалп., ноғ. žoq, тат., башқ. juk, қар. joq; Орх., Е., Тал. saq(ïn) «думать, грустить» КТү. 10, 50, 51 (Айд. І., 217); Он. ІІ, 2; Тон. 5, 22, 24 (ДТД., 64) ~ қар., ноғ., ққалп., қаз. saγ(ïn), тат. saγïš/sač(ï), башқ. haγ(un); Орх., Е., Тал. toq «сытый» КТк. 8 (Айд. І., 220) ~ ноғ., ққалп., қаз. toq, тат., башқ. tuq.
Көне түркiлiк анлаут q қыпшақ тiлдерiнде негiзiнен қатаңдық табиғатын сақтаған кей тiлдерде ұяңдану, жiңiшкеру процестерi байқалады, мәселен қарақалпақ тiлiнде ұяң γ тұлғалы сөздер кездессе, татар тiлiнде жiңiшке k арқылы айтылатын сөздер бар. Бiрақ бұл құбылыс аталған тiлдердi толық қамтымайды, қатаң q-ны сақтап қалған сөздер де қатар қолданылады.
q ≈ k сәйкестiгi: qal ≈ kal: qal «остаться» (ДТД, 156) ≈ тат. kal (ТРС, 285); q ≈ γ сәйкестiгi: qaz ≈ γaz: qaz «копать» (ДТД, 151) ≈ ққалп. γaz. Бұл дерек ауызекi тiлге негiзделген, қарақалпақ әдеби тiлiнде қатаң тұлға сақталған qazïw «жердi ойыу, шұқырлау, үңгиу» (ҚқТТС III, 91). Сондықтан қарақалпақ тiлiндегi q ≈ γ сәйкестiгi сөйлеу дәстүрiнде оғыздық ықпалмен қалыптасқан фонетикалық заңдылық қатарына жатады, сондай-ақ қарақалпақтардың этногенездiк құрамындағы оғыздық элементтердi де ескерген жөн.
q ≈ х сәйкестiгi. Қатаң q-ның х дыбысына өзгеруi ноғай, татар тiлдерiнен байқалады, *qaγ ≈ *ха → qaγan ≈ xan: qaγan «правитель» (ДТД, 120) ≈ қаз., ққалп., ноғ., тат. т.б. xan; *qat ≈ *xat → qatun ≈ xatïn: qatun «госпожа, жена» (ДТД, 51) ≈ ноғ. xatïn «женщина» (НРС, 176). Жалпы түркi тiлдерiне тән қаған сөзi құрамындағы q дыбысының бiршама ұяң х-ға айналуы түркi тiлдерiне араб-парсы тiлiнiң ықпалы күшейген кезең – Х-ХI ғасырларда қалыптасқан болу керек. Басқа қыпшақ тiлдерiнде қатаң табиғатын сақтаған qatïn сөзiнiң татар, ноғай тiлдерiнде ұяңдануы да осы әсердiң ықпалы. Көне түркiлiк моносиллабтар соңындағы q фонемасы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде тұрақтылығын толық сақтаған, кейбiр сөздерде диссилбаттардың бiрiншi буынында ұяңдану байқалады: saqïn «думать, грустить» (Айд. I, 217) ≈ қаз., ққалп., ноғ. saγïn, бұл екiншi буынның басындағы дауыстының әсерiнен болатын әдеттегi фонетикалық ықпал ретiнде қарастырылады. Қазақ тiлiндегi дауыстылар ортасындағы q, k дыбыстары әрдайым ұяңдана бермейтiн (қазақы, қалмақы, балақай т.б.) негiзге алған А.Айғабылов «дауысты дыбыс аралығындағы ұяңдану процесi ешқандай артикуляциялық кедергiге қалысы жоқ, тек нормаға айналған құбылыс ретiнде ғана танылуы тиiс» деп ой түйедi [190,55]. Дисиллабтар мен полисиллабтардың соңғы буынында ғана емес, бiрiншi буындағы q, k дыбыстарының да кей жағдайда дауыстылардың ықпалын қабылдамай, қатаң сапасын сақтауы (тоқым, тұқым, шоқы, шөкiм, бақан, бақыр, соқыр т.б.) ғалым пiкiрiне ерекше мән берудi қажет етедi.
K(к) фонемасы. Анлаут жағдайда: Орх. ked(im) «одежда, одевать» КТү. 33; КЧ. 4; МЧ. ІІ, 33 (ДТД, 54) ~ башқ. kej, ноғ., ққалп., тат., қаз. kij; Орх., Е., Тал. kel «приходить» КТк. 12; КТү. 4, 20, 23, 28 (Айд. І, 215) ~ ноғ., қаз., ққалп. kel, тат., башқ. kijl; Орх., Е. keč «переходить» КТк. 4, КТү. 37 (Айд. ІІ, 215) ~ тат. kijč, башқ. kijs, ноғ., қаз., ққалп. keš; Орх., Е., Тал. kök «синий, небо» (Айд І, 215), Е. 50; Тон. 16, 21 (ДТД, 55); «прославиться» КЧ. 4 (ДТД., 58) ~ қаз., ққалп. kök; башқ. kük, ноғ. koъk/kök; Орх., Е., Тал. kim «кто?» КТү. 9, 22 (Айд. І, 214) ~ қаз., қар. kim, тат., башқ. kem, ноғ., ққалп. kijm; Орх., Е., Тал. kič(ig) «маленький» КТк. 3 (Айд. І, 215) ~ тат. keč(e), ққалп. kijš(i), қаз. kiš(i); Орх., Е., Тал. köl «озеро» КТү. 34, 42 (Айд. І, 215) ~ қаз., ноғ., ққалп., қар. köl, тат., башқ. kül; Орх., Е. küz «осень» МЧ. ІІ, 20 (ДТД, 55) ~ қаз., ққалп., ноғ. küz, тат., башқ. köz; Орх., Е. köz «глаза» КТү. 50, 51 (Айд. І, 215) ~ қаз., қар., ноғ., ққалп. köz, тат., башқ. küz; Орх., Е., Тал. kör «видеть, смотреть» Тон. 1, 8, 9; МЧ. ІІ, 22, 23; Е., 26, 32 (ДТД, 58) ~ ноғ., ққалп., қар., қаз. kör, тат., башқ. kür; Орх., Е. kü «молва, слух» КТк. 12, 25; Тон. 32 (ДТД, 55); kü(m) «слух» Е., 47 (ДТД, 56) ~ қаз. kü(bir), kü(mbir); Орх., Е., Тал. kün «солнце, день» КТк. 2; КТү. 48, 53 (Айд. І, 216) ~ қаз. kün(diz), ққалп. kün(dijz), ноғ., қар. kün(düz), тат. kön(dez), башқ. kön(döz); Орх., Е. kuņ «рабыня» КТү. 7, 13, 20, 24 (Айд., 216) küņ(u) «наложница» Е., 11, 45 (ДТД., 56) ~ қаз., ққалп., ноғ. küņ, тат., башқ. köņ; Орх., Е. köl «запрягать (вола)» Тон., 15, köl(ük) «(вьючное) животное» Тон. 15 (ДТД, 58) ~ қаз., ққалп. köl(ik), ққалп., ноғ. köl(ijk); Орх., Е. kö(rk) «красота» Е., 44; körtle «красивый» (ДТД, 56) ~ қаз. kör(ik), қар. kör(k), тат. kür(ek), башқ. kür(k), ноғ., ққалп. kör(ijk); Орх., Е. kö(ņül) «солнце» (ДТД, 56); «настроение» КТк. 12; КТү. 51 (Айд. І, 215) ~ башқ. küņ(el), ноғ. kön(ijl), ққалп. kewijl/köņ(ijl), қар. köl(in)/köl(n), қаз. köņ(il)/kew(il); Орх., Е., Тал. kö(tur) «поднять, возвысить» КТү. 11, 25 (Айд., 215) ~ қаз., ққалп., ноғ. kö(ter), башқ. kü(tör); Орх., Е., Тал. kijč «вечер» МЧ. ІІ, 13 (ДТД, 58) ~ қаз., ққалп., ноғ. keš, тат. kijč, башқ. kijs; Орх., Е. küm(üš) «серебро» КТү. 5; Е., 11 (ДТД, 56) ~ қаз. küm(is), ноғ. küm(ijs), тат., башқ. köm(eš), қар. küm(üš).
Ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ek(e) «невестка» КТү. 49 (Айд. І, 210), МЧ. І, 9; Он. ІІ, 2; Е. 16, Е. 21 (ДТД, 57) ~ қаз. äk(pe); Орх., Е., Тал. ek(i) «два» КТү. 27, 36, 38 (Айд. І, 210); КЧ. 26 ~ қаз. ek(i), ққалп. ek(ij), башқ. ijk(ä), құм., ноғ. эk(ij), тат. ijk(e); Орх., Е. tük(eti) «польностью» КТк. 1 (Айд. І, 220) (ДТД, 72) ~ қаз., ққалп. tüg(el); Орх., Е. jük(ün) «кланяться (покориться)» Тон. 43; КТү. 15 (ДТД, 48) ~ қаз. žüg(in); Орх., Е., Тал. ök(ün) «раскаиваться» КТү. 23 (Айд. І, 217), ök(ünč) «печаль» Е., 28 (ДТД., 78) ~ қаз. ök(ün), ök(üniš); Орх., Е., Тал. sök «прокладывать дорогу через снег», «пороть» КТү. 35 (Айд. І, 217); (ДТД, 66) ~ қаз., ноғ. ққалп. sök; Орх., Е., Тал. sek(iz) «восемь» МЧ. ІІ, 13, 15; КЧ. 3 (ДТД, 65) ~ қаз. seg(iz), ноғ. seg(ijz); ққалп. säk(kijz)/seg(ijz), тат. sij(gez), башқ. hij(gez); Орх., Е. tök «распространять, разливать» Е. 31 ~ қаз. tök; башқ., тат. tük.
Көне түркiлiк моносиллабтар құрамындағы анлаут k қазiргi қыпшақ тiлдерiнде өзгерiске түспеген, ауслаут жағдайда жаппай ұяңдануы sekiz «сегiз» сан есiмiнiң құрамынан байқалады, бұл қыпшақ тiлдерiне тән екiншi буындағы анлаут дауыстының әсерi емес, қыпшақ тiлдерiнiң моносиллабтық жүйесiнiң тарихи дамуына қатысты қалыптасқан құбылыс болуы мүмкiн.
k ≈ g сәйкестiгi. *sek ≈ *seg → sekiz ≈ segiz: sekiz «восемь» (ДТД, 65) ≈ қаз., ноғ., қар., тат. segiz/segijz, башқ. hijgez, ққалп. segijz/sekkijz. Қыпшақ тiлдерi iшiнде қарақалпақ тiлi негiзiнен көне тұлғаны сақтап қалғанымен, ұяң варианты да кездеседi: *küm ≈ *güm → küm(üš) ≈ güm(ijs): Орх., Е. küm(üš) «серебро» (ДТД, 56) ~ ққалп. güm(ijs) «қымбат, бахалы ақ түсли металл» (ҚқТТС II, 35). Көне түркiлiк γ, g дыбыстарының ауслаут жағдайда iлгерiлеу заңдылығына ұшырауы немесе үнемдеу құбылысының әсерiнен элизияға түсуi ең жаңа тiлдер қатарында саналып жүрген қыпшақ тобындағы тiлдерге тән болғанымен, аталған құбылыстар қыпшақ тiлдерiн толық қамтыған жүйелi заңдылық емес. Қазақ тiлiнде көне түркiлiк γ, g дыбыстарының өзгерiстерiмен қатар (γ/g ≈ w ≈ j ≈ ø,) сол күйiнде сақталуы немесе қатаң q, k дыбыстары арқылы қолданылуы кездеседi. Мұндай лексемалардың бiразы бiр сөздiң варианттары түрiнде қолданылса, ендi бiразы семантикалық жағынан дербестiкке ие болған: *киг(iз) ≈ *ки(iз), *жүг(iр) ≈ *жүй(рiк), суғ(ар) ≈ су, ег(е) ≈ и(е), жақ ≈ жау, жоқ ≈ жой, қақ ≈ қау, ұқ ≈ ой, тоқ ≈ той, ақ(тар) ≈ ау(дар), бақ(ыла) ≈ бай(қа) т.б. [169,78,88]
