- •Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi а.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты
- •1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі
- •1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері
- •II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық моделдерi
- •2.1 V тұлғалы моносиллабтар
- •2.2 Vс тұлғалы моносиллабтар
- •2.3 Сv тұлғалы моносиллабтар
- •2.4 Сvс тұлғалы моносиллабтар
- •2.5 Vсс модельдi моносиллабтар
- •2.6 Сvсс модельдi моносиллабтар
- •Iіі Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар
- •3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
- •3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
- •3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiсi
- •Іү Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар
- •4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
- •4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
- •4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
- •4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi
- •5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
- •5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi
- •5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
- •5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
- •5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
- •5.3. Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі
- •5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
- •5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
- •5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •Шартты қысқартулар
5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
Адамзат әлеміндегі әрбір индивидті даралаушы лингвистикалық таңба адам есімдері этнос санасында танылған идеялар жиынтығының сұрыпталған жүйесi. «Антропонимдік жүйе әрбір халықтың тарихи, мәдени әрі этникалық, психологиялық және идеологиялық факторларымен тығыз байланысты. ... Кісі атары қоғамның даму кезеңі, оның мәдениеті мен этнологиясы, саяси-экономикалық күй-жайы, қоғамдық құрылысы жөнінде қыруар мағлұматқа ие» [279,43] болуы олардың құрамындағы моносиллабтардың мазмұнына да байланысты. Халық дүниетанымындағы тіл арқылы көрініс табатын символдар жүйесі моносиллабтар бойында жинақталатындықтан көне антропонимдер құрамын түбiрлiк деңгейде қарастыру қазақ тiлi есiмдер жүйесiнiң даму жолын анықтауда аса маңызды. Қазақ антропонимиясының даму жолын төрт тарихи кезеңге: көне түркi дәуiрi (Ү-Х ғғ.), орта ғасыр дәуiрi (Х-ХҮII ғғ.), үшiншi кезең (ХҮII-ХIХ), кеңес дәуiрi деп бөлiп қарастырған белгiлi қазақ ғалымы Т.Жанұзақ көне түркiлiк антропонимдердiң морфологиялық құрылымын талдаумен қатар, этномәдени мазмұнына да назар аударады. Ғалым көне түркi антропонимдерiнiң мазмұнынан дiни-мифологиялық, культтiк белгiлердiң iзiн байқауға болатынын көрсетедi [284,16-22].
Көне түркі жазбаларының оқиға желісі негізінен сол кездегі түркі елдерінің басынан өткізген тарихи-әлеуметтік, саяси оқиғаларға, жаугершілік жағдайдағы халықтың жай-күйі мен ел бастаған қағандардың, олардың төңірегіндегі кеңесшілері мен қолбасшы батырлардың әскери-тактикалық іс-әрекеттерін, ел басқарудағы және көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатудағы іскерлігі мен кемшіліктерін баяндауға, тәңірлік идеясын барлық түркі жұртшылығын ынтымаққа, бірлікке шақырудың құралы ретінде насихаттауға құрылғандықтан ескеткіштер тіліндегі антропонимдер түркілік аристократияға тән гонорофорлық есімдерден тұрады. Сондықтан Орхон, Енисей, Талас жазбаларындағы кейіпкерлер есімдерінің басым бөлігіне титуларлық лексемалар қосарланып қолданылады.
El: Eletmič, Elteris, Elbilgе. Көне түркі тілінен қазақ тіліне тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да ешбір өзгеріссіз жеткен el «ел, жұрт, мемлекет» лексемасы арқылы жасалған антропонимдерді түркі аристократиясының ең құраметті өкілдері ғана иеленген. Қ.Сартқожаұлы Екінші Түрік қағанатында Құтлығ қағанға Елтеріс (ел төресі), Біріккен түркі қағанатында Тур-айынға Ел етміш (ел етуші) атаулары берілгендігін, байырғы түркілер қағанатты алғаш орнатушыға ғана Ел сөзі қосылған лауазым беріп отырғандығын көрсетеді [8,137]. Осы дерек негізінде Екінші Түрік қағанатын құрушы Қутлығ-Елтеріс қағанның әйелі Elbilge/Ilbilge қатунның есімі де дана қағанның жары, серігі, Күлтегін мен Білгеқағандай ақылды ұлдардың анасы ретінде халық құрметінен туған лақап ат екенін болжауға болады. Көне түркілер тілінде ерекше қасиетті, қадірлі ұғымды білдірген el сөзі қазіргі қазақтар тілінде де өзінің терең мазмұнын, ұлттың бірегей болмысын айшықтайтын идеялық құндылығын, символдық мәнін сақтай отырып, антропонимдер жүйесінде кеңінен қолданылуда: Елжан, Елжас, Елдос, Елтегін, Елтай, Елнұр, Елнар, Елерке, Елдана т.б. Еl моносиллабы негізінде жасалған антропонимдердің мазмұнында «елін сүйетін, елі силайтын азамат» идеясы жатқаны белгілі. Қазақ танымындағы Елбасы, елағасы, еланасы тәрізді екінің біріне берілмейтiн құрметті атаулар да көне түркілiк дәстүрдің жалғасы.
Ескерткіштер тіліндегі el/il моносиллабтары арқылы жасалған Еletmič, Еlbilge есімдерінің екінші компонентерін құрайтын et «ет, істе», bil «біл», моносиллабтары айқын ажыратылса, Еlteris антропонимін «Ел төресі» түрінде талдау әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін сияқты. Көне түркілік «билік, билік басындағылар, заң» мәнін беретін tör моносиллабы мен антропонимi құрамындағы teris тұлғасын бір сөздің варианттары ретінде қарастыруға толық негіз жоқ, біріншіден ö ≈ е дыбыстарының тікелей ауысуға мүмкіндігі аз, екіншіден көне түркі тілінде тәуелдік жалғаулары құрамында -is, -ïs морфемасы қолданылмайды, үшінші жақтың тәуелдік формасы -ï, -і, -sï, -sі жалпы түркілік антропонимдердің сөзжасам моделінде толық түсіп қалады, жартылай ықшамдалу кездеспейді. Мысалы Ilbilge антропонимінің толық құрамы ilbilgesi «Ел білгесі/ел данасы». Elteris антропонимінің екінші сыңары teris сөзі ter/tir «жина, тер» етістігінің ортақ етіс тұлғасы болуы мүмкін, ескерткіштер тілінде ортақ етіс -us/-üs, -ïs/-is, -uš/-üš қосымшалары арқылы жасалады. Күлтегін ескерткішінде tirilip, jetmis er bolmis «Жиналып жетпіс ер болды» КТү. 12 (Айд. І, 173) сөйлеміндегі tir/ter етістігінің мәні негізінде Elteris антропонимінің мазмұнында «елді жинаушы, қайта басын біріктіруші» мотиві жатқанын аңғарамыз.
Beg: Beg-čor Тон. 31, Urugbeg Е. 26, Umajbeg Е., 28, Siligbeg КТү. 33. Билеуші тап өкілдеріне, қағанның туыстары мен балаларына тән титуларлық лексема beg моносиллабы да көне түркілер антропожүйесіндегі екі құрамды атаулардың компоненті ретінде жиі қолданылады. Жалпы түркі тілдеріндегі bek ≈ beg ≈ bej ≈ bij түбірлес моносиллабтар кешеніне кіретін қазақ тіліндегі бек, би сөздері мағыналық жағынан сараланған. Түркі тілдеріндегі титуларлық лексемаларға тән ерекше белгі ретінде олардың моносиллабтық компонентін сақтай отырып, гендерлік негізде жіктелуін айтуға болады: бек ~ бегім, би ~ бике, бикеш, бибi, бүбi. Қазақ тілі антропожүйесі де bek, bij моносиллабтары арқылы жасалған есімдерді кеңінен қамтиды: Бек, Бекмырза, Бекболат, Бекзат, Бекзада, Айбек, Нұрбек, Бижан, Айбүбi, Қызбике т.б. қазақ тiлi антропожүйесiндегi bek моносиллабы арқылы жасалған есiмдердiң этномазмұнында «тектiлiк, зиялылық, әдебтiлiк, мәдениеттiлiк» идеясы да сақталған.
Kül: Kültegin КТ, Küličor КЧ. Kültudïn ИА. І(1)4, Külig ijge, Küligtuγan Е. 14, Külüg Čugsi Эл. ҮІ, Kül irkin т.б. Ескерткіштер тілінде «атақты, даңқты» мағынасында қолданылған kül моносиллабы қазіргі қырғыз тіліндегi külik «скакун, скаковая лошадь, бегунец» (КРС І, 464) тұлғасының құрамында, қазақ жеріндегі Күлтөбе: Күлтөбенің басында күнде жиын оронимiнiң құрамында кездеседі. ҮII-IХ ғасыр түркілері антрпожүйесінде кеңінен қолданылған kul лексемасы қазіргі түркілер антропожүйесінде де ізін сақтауы керек. Мүмкін түркі есімдері құрамындағы гүл, күл компонентті модельдердің бәрі бірдей парсы элементі арқылы жасламаған шығар, әсіресе Гүлбаршын, Күлтай, Күлкен т.б. тәрізді көне атаулардың этимологиясына келгенде ойлану керек сияқты.
Teg: Jolïγ tegin, Kültegin КТү. 26, 27, Toŋа tegin КТү. 47 Ozmïš tegin МЧ. І, 9 т.б. антропонимдер құрамындағы tegin сөзі «ханның ұлы, туысы, бегзада» мәнінде қолданылып, жалпы түркілік teg/tek «шығу тегі, ата тегі» моносиллабының өзек семасын арқау еткен. Көне түркілік tegin лексемасының толық мазмұны қазақ тіліндегі tekti сөзінде сақталған.
Tut: Bukag tutïq, Künš tutïq Е. 35, Oŋ tutïq КТү. 31, 32, Eltuγan tutïq Е. 1 т.б. антропонимдер құрамындағы tutïq «қолбасы, әскерді ұстаушы» лексемасы tut «ұстау» моносиллабы негізінде жасалып, қазақ тіліндегі tutqa (Елтұтқа, елдің тұтқасы) лексемасының семантикалық шеңберіне кіреді.
Čor/čur: Balu čor Е., 24, Qara čur Тал. 2, Küli čor, Mojun čur МЧ. І, Tamγan čor Он. 4 т.б. Көне түркі тілінде «мерген, әскери шен» (Аманж. ІІ, 88) мәнінде жұмсалған čor/čur моносиллабы қырғыз тілінде čoro «ближайший сподвижник эпического богатыря» (КРС ІІ, 369) сөзінің, қазақ тілінде «ерке, еркін» мәніндегі erke šora тұлғасының құрамында, антропонимдер жүйесінде сақталған: Шора, Байшора, Бекшора т.б.
Bars: Bars beg КТү. 20 Bars зоонимi негiзiнде жасалып, «қайсарлық, өткiрiк, алымдылық» символын сақтаған антропонимдер қазақ тiлiнде де кездеседi. Жалпы түркiлiк bars моносиллабының онимдiк мазмұнында түркi халықтарының қалыптасуы жайлы қалыптасқан мифологиялық санада таңбаланған тотемдiк белгi де сақталған. Имитатив негiздi bars моносиллабы ұзақ даму жолынан өткен туынды тұлға: *ba → bar → bars → barïs.
Ескерткіштер тіліндегі адам есімдерінің моносиллабтық модельдеріндегі ерекшеліктің бірі ретінде öz есiмдiгiнiң антропоним компонентiн құрайтынын айтуға болады, мысалы: Мойун Чур ескерткiшi мәтiнiнде Özbilge атауы қолданылады (ДТД, 127). Мұндай көне түркiлiк антропомодель қазiргi Түркия қазақтарында сақталған, мысал ретiнде қазақтың белгiлi ұлы Мұстафа Өз Түрiктiң аты-жөнiн келтiруге болады. Жалпы түркi тiлдерi бойынша öz/üz моносиллабының мазмұндық аясы кең, есiмдiк мәнiнен басқа «жүрек», «өзек», «iш», «iшкi ағза» т.б. мағыналары белгiлi (ЭСТЯ I, 506-508). Сондықтан Öz türk антропонимiнiң iшкi мазмұнында «өзi түрiк» идеясын тереңдете түсетiн «нағыз түрiк» семасы да сақталған.
Көне түркi антропонимиясында адамның шыққан тегiне байланысты этнонимдердi, қағанға туыстық қатынасты бiлдiретiн сөздердi, айналысатын кәсiбiне байланысты лексикаларды қосарлап айту да кездеседi, мысалы: Jegin Cilig beg КТү. 33. Талас, Орхон, Енисей ескерткiштерi тiлi деректерi негiзiнде көне түркiлердiң арасында туа қойылған есiмдермен қатар, атау иесiнiң қарым-қабiлетiне, жаугершiлiк кезiнде көрсеткен ерлiгiне, елге сiңiрген еңбегiне байланысты лақап ат беру дәстүрi кеңiнен таралғанын байқаймыз. Мәселен, Талас ескерткiштерiндегi Qara Čur мергеннiң лақап аты Qol qar jazmas, мәнi «қолының қары жазбас» (қателеспес) (рука не промахнется) (Аманж. II, 38). «Айыртам-ой» жазбаларында бұдан басқа да Eš qulï «дос құлы» (эс/эщ «друг») (Аманж. II, 139). Qïjaγan «өткiр, қиып түсетiн» Шу жазбаларында Saγunaq антропонимдерi «жауапкершiлiк атым» деп анық көрсетiледi. Qapaγan қағанның шын есiмi Beg Čor болғаны, түркi халқы елу жылға жуық қытайлардың қол астында жүргенде Мочжо деген қытай есiмiн алғаны жайлы деректер тибет материалдарында кездеседi. Ағасы Qütlïγ қаған өмiрден өмiрден кеткеннен кейiн 691 жылы Qapaγan деген атпен таққа отырғаны тарихтан белгiлi [62,62].
Лақап ат қою қазақ дәстүрiнде де сақталған. Белгілі ғалым Е.Жанпейісов қазақ тілі антропожүйесіндегі лақап есімдердің этномәдени қырларына маңыз бере отырып, Қалмақ (Нұрғаным) атауының аталымдық уәжін анықтауда қалмақ этнониміне емес, лемсеманың лексикалық мағынасы «аралас (смешанный)» мәніне сүйенеді [285,148]. Түркi елiнiң тұтастығы мен ынтымағы үшiн ерекше еңбек сiңiрген Құтлығ қағанға (елге құт әкелушi), Бiлгеқағанға (бiлгiш, бiлiмдi, дана), Күл Тегiн қағанға (атақты, даңқты, бегзада (тектi)) кеңесшi болған, Қытай империясында терең бiлiм алған бiлге Тонуқуқ есiмiнiң этимологиясы, семантикасы жайлы, туа қойылған есiм немесе лақап есiм екенi жайлы бiрiздi пiкiр жоқ, бiрнеше болжамдар бар. Кейбiр зерттеушiлер Tonuquq антропонимiнiң бiрiншi компонентiн жалпы түркiлiк «киiм, тон» мәнiндегi ton лексемасы арқылы түсiндiрудi ұсынады, мысалы: Тоны (киiм) майлы «тот, кто носит засаленную одежду» (Р.Жиро): jaγ «май, майлы, майлау» [286,205]. Қазақ тiлiндегi ескерткiштердiң әдеби аудармаларында tonï kök нұсқасы қолданылады (М.Жолдасбеков, Н.Келiмбетов). Қазақ тiлiндегi тоны көк тiркесiнiң мәнi «жақсы, қымбат киiнетiн адам»: Көйлегi көк, көңiлi тоқ; Көк етiктi кезiкпей, көп етiктiнi менсiнбей (мәтел). В.М.Наделяев антропонимнiң компоненттерiн tujuq «копыто», oq «стрела» лексемалары негiзiнде талдайды [277,211]. Қ.Сартқожаұлы n, nj түрiнде оқылып жүрген таңбаны В.Томсеннiң iзiмен j деп оқудың дұрыстығын бiрнеше аргументтер арқылы дәйектей отырып, антропонимнiң tujγun және uquq, uq «ой, сана, ақыл, парасат» сөздерi арқылы жасалғандығын көрсетедi [8,274]. Келесi зерттеушiлер онимнiң алғашқы буынын жалпы түркiлiк tun/dun «первый, первенец» (тұң + ғыш) моносиллабы арқылы таратып, екiншi буынды joq/joγ «возвышаться» (А.Элеве): (joqoru «жоғары») лексемасымен байланыстырса, С.Г.Кляшторный көне ұйғыр заң құжаттарының тiлiнде joq/juq моносиллабының «сақтау, бағалау» мағынасында қолданылуы кездесетiнiне сүйене отырып, uq тұлғасының мәнiн «асыл, қазына» (сокровище) деп таниды және tonuquq антропонимiнiң семантикасын «первородная драгоценность», «первенец сокровище» түрiнде таратады [287,205]. Түркi тiлдерiнiң антропожүйесiнiң ерекшелiктерi Тонуқуқ антропонимiнiң бiрiншi компонентiн жалпы түркiлiк tun «алғашқы, бiрiншi» моносиллабынан таратқан зерттеушiлердiң пiкiрлерi негiздi екенiн көрсетедi. Tun тұлғасы қазақ тiлiнде tuņγïš сөзiнiң құрамында ғана айқын сақталғанымен, кейбiр басқа түркi тiлдерiнде дербес лексема ретiнде қазiр де қолданылады: тува тiлiнде dun, қырғыз, хакас тiлдерiнде tun «тұңғыш». Түркi тiлдерi бойынша ерiн дауыстыларының (u≈о) сәйкестiгi жиi кездесетiн құбылыс. Ал екiншi компонентiн анықтауда Қ.Сартқожаұлының пiкiрi негiздi, яғни қазiргi түркi тiлдерiнде кеңiнен қолданылатын жалпы түркiлiк uq, oq, ük, oγ, ög, üg, oj, öj, üj гомогендi түбiр-негiздер кешенiне кiретiн uq моносиллабынан өрбiген «ұқтырушы, үйретушi, оқытушы» мәнiн беретiн uquq лексемасы Тонуқуқ антропонимiнiң мағынасын «бiрiншi ұстаз (оқытушы, үйретушi, ұқтырушы)» түрiнде анықтауға мүмкiндiк бередi, үшiншi буындағы -uq, -ïq, -uγ, -ïγ ескерткіштер тілі антропоним жасау модельдерінің бірі: joluγ tegin. Бұл түркi тiлдерiнiң фонологиялық жүйесiнде қалыптасқан дыбыстық заңдылықтарға да, номинация теориясындағы уәждiк негiздiң ұстанымдарына да қайшы келмейдi және онимнiң жалпы мазмұны Тонуқуқтың жеке қасиеттерi мен елге сiңiрген еңбегiне байланысты кейiн берiлген құрметтi есiм екендiгiне саяды.
Отыздан аса адам есiмдерiнен тұратын көне түркiлiк антропожүйе құрамында жиі қолданылған моносиллабтар қатарына jol: Jolïγ tegin; qul: Ešqulï; оz: Оzmïš tegin; qïj: Qïjaγan; qut: Qütlïγ; ög; alp: Ögdem ïnal alp т.б. көптеген тұлғаларды атауға болады. ҮII-IХ ғасыр түркiлерi мен қазақ тiлi антропожүйесiндегi моносиллабтардың жалпы мазмұны негiзiнде аталым уәжiндегi басты символдық-аксиологиялық белгiлер мен семантикалық идея моносиллабтар бойында жинақталатынына көз жеткiзе түсемiз.
