Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Қазақ философия туралы / Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық е.doc
Скачиваний:
245
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.87 Mб
Скачать

5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi

Тұтастай алғанда тiл жүйелi құрылым, кешендi ноосфералық құбылыс болғанымен iшкi табиғаты қайшылыққа толы. Адамзат табиғаттың бiр бөлшегi саналатындықтан оның тiлi де табиғи микрокомпонент, әрi адамзаттың бар болмысын, өзге тiршiлiк иелерiнен ерекшелiгiн ашатын, адами танымды, сапаны айқындайтын, сондай-ақ белгiлi бiр тiлдiк қауымдастықтың (этностың) ментальдық дара сипатын танытатын көп қырлы категория, сондықтан соңғы жылдары тiл бiлiмiнде тiлдi антропоцентристiк бағытта зерделеп, адам танымындағы әлемнiң тiлдiк бейнесi, адам санасында алғаш танылған символдық нышандар мен одан таралған ұғым, тану нысаны – заттар мен құбылыстар араларындағы көзге көрiнбейтiн табиғи-семиотикалық-логикалық байланыстың көрiнiсi ретiнде когнитивтi парадигма негiзiнде қарастыруға, тiл дамуын зерттеудiң онтологиялық принциптерiн қалыптастыруға ерекше мән берiлiп келедi. «Адамның танымдық қызметiн, оның нәтижесiн тұрақтандыру, таңбалау» [272,15] тiлдiң универсалдық сапасын, ақпараттық-акуммулятивтiк маңызын анықтайды. Белгiлi бiр тiлдiк ортаның «мазмұндық өрiс жүйесi» [272,11] арқылы танылатын ментальды болмысы абстрактылы идеялардың матрицасы – таңбаның сан алуан қызметi жинақталған символдық концептiлер жүйесiне негiзделедi. Адам танымы мен өзара изоморфтық реңкке ие заттар, құбылыстар арасындағы тiк және көлденең бағыттағы мәңгiлiк байланысты айқындайтын, сол заттар мен құбылыстар жайлы архаикалық ұғым-түсiнiктердiң жиынтық мәнiн құрайтын концепт тұтастай алғанда символдық мән-таңбалардың тоғысу нүктесi болса, концептуалды өрiстi бiр нүктеде тоғысатын бiрнеше символдық мән-таңбалар тiзбегiнен тұратын сәулелер жүйесi құрайды. Таңбалар белгiлейтiн идеялардың лингвистикалық сипат алып, саналы адамзаттың дыбыстың тiлiнiң қалыптасуы, сөздiң идеялық қыры мен акустикалық бейнесiнiң байланысы, яғни iшкi тұлға мен сыртқы тұлғаның бiр-бiрiне ықпалы, арақатысы абстрактылы-логикалық модельдер мен нақты лингвистикалық модельдердiң сабақтастығы тұрғысынан онтологиялық негiзде айқындалады.

Концепт ұғымын ұлттық мәдени контексте қарастырған А.Ислам концепт терминiне берiлген анықтамаларды талдай отырып «Концепт дегенiмiз – этномәдени санада сақталған, белгiлi бiр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн ықшам әрi терең мағынасы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөнiндегi сан ғасырлық түсiнiгiн бiлдiретiн құрылым» [273,15, 22] деген сипаттама бередi. Зерттеушiнiң көзқарасы бойынша бинарлық оппозициялық концептiлер дiни философиялық түсiнiктен бастау алады. Сан қабатты бiр концепт бойына жинақталған идеялық таңбалар тiзбегi ортақ белгiлерге негiзделген мәндес ұғымдарды да, аралық ұғымдарды да, антиномиялық ұғымдарды да қамтиды. Әрбiр тiзбектiң полярлық шегi қарама-қарсы мәнмен тұйықталады. Философтар диалектиканың дуалистiк теориясына орай концепт ұғымын қарама-қайшылықтар бiрлiгi ретiнде тануы да осындан туындайды. Лингвистикалық ғылым бойынша ноосфералық әлемдегi мұндай қарама-қарсылық коннекторлары тiлдiк әлемде бинарлық жұптар арқылы көрiнiс табады. Тiлдегi бинарлық қатынас «алғашқы бейтарап ұғымның қарама-қарсы нұсқаларының танылуына байланысты мазмұнның полярлануы нәтижесiнде» [274,46] мағынаның қарама-қарсы бағытқа ыдырауымен қатар жүретiн құбылыс. Антиномиялық сипатқа ие бинарлық жұптардың орталық шегiндегi бейтарап ұғым оппозициялық ұғымдармен тепе-теңдiк қатынасты сақтайды. Мәселен, «Адам» микрожүйесi бойынша ер адам, әйелтұлғалары тiзбектiң полярлық шектерiн бейнелесе,адаморталық шегiн көрсетедi. Ал адамды табиғаттың бөлшегi, саналы, сөйлей алатын тiршiлiк иесi ретiнде «Табиғат» микрожүйесiнде қарастырсақ,еркек ← тiршiлiк иесi → ұрғашы үштiгiшығады. Бұл тiршiлiк иелерiнiң тек жыныстық ерекшелiгi жайлы адам санасында танылған идеялық таңбалар жиынтығы, концептiнiң бiр түзу бойына орналасқан қарама-қарсы бағыттағы сәулесiнiң тiлдiк бейнесi. Тiршiлiк иелерiнiң басқа сапалық қасиеттерiне, оларға қатысты басқа да атаулардың қалыптасуы бiрнеше тiзбектен тұратын қарама-қарсы бағыттағы сан-алуан сәулелер кешенiндегi идеялық таңбалардың лингвистикалық сипат алуына байланысты. Тiзбектiң полярлық шектерi мен бейтарап-орталық шегiнiң араларында мыңдаған аралық ұғымдар шоғырлануы мүмкiн. Сондықтан тiлдi онтологиялық тұрғыдан зерттеуде тiл жүйесiндегi бинарлық қатынастардың табиғатына ерекше мән беру басты ұстанымдардың бiрi болуы қажет. Түбiрлес моносиллабтардың оппозициялық жұп түзу мүмкiндiгiн айқынырақ ажырату үшiн жалпы түркiлiк танымда белгiлi гетерогендi моносиллабтар негiзiнде көрiнетiн бинарлық жұптардың табиғатына тоқтала кетудi жөн санап отырмыз.

Көне түркi мұралары тiлiнде де бинарлық символдардың жүктелiсi айқын аңғарылады. И.В.Стеблева түркi руникалық ескерткiштерi мәтiнiндегi бинарлық оппозициялар әртарапты болып келетiнiне мән бере отырып, «Одновременно с этим обнаруживается сумма конкретных классификаторов, часть которых также является универсальной. ... следы бинарной символической классификации в рунических текстах позволяют сделать вывод, что она, повидимому унаследовано от более древних времен» [275,215] деген ойлары арқылы түркiлер дүниетанымындағы оппозициялық символдың табиғатын көрсетедi.

Көне түркiлер тiлiндегi жоғарғы әлем мен төменгi әлемнiң қарама-қарсылық сипаты тiк сызық бойынша Көк ↔ Жербинарлы жұбы арқылы сипатталады. Көне түркiлер тiлiндегiкөк«аспан» сөзiнiң бинарлық жұбыжер-суқос сөзiнiң басты символдық атрибуттары: жоғарғы әлемдегi алып кеңiстiкКөккеқарама-қарсы төменгi әлем; адамзаттың – атамекенi, яғни жалғандық; тiршiлiк иелерi мен өсiмдiк әлемiнiң өсiп өркендеуiне жағдай жасаушы; тiршiлiк иелерiнiң материалдық тұлғасын өмiрге әкелушi, яғни аналық негiзбен байланыстылығы. Көне түркiлер дүниетанымы бойыншакөк ↔ жербинарлы жұбының ерекше мәндерiнiң бiрiмәңгiлiк – жалғандықидеясы qon«ұш – қон» iс-әрекеттiк оппозициясы арқылы нақтыланып,tirlig ölüg«өмiр (тiрлiк) - өлiм (өлiк)» жұбымен тиянақталады. Адам баласы дүниеге келгенде жаныКөктегiтәңiрден берiлiп, тәнiЖердепайда болады, қайтыс болғанда жанымәңгiлiкмекенкөккеқайта ұшып, тәнi адамзаттың уақытша мекенi,жалғандүние –жерде (көрде)мәңгiлiккеқонақтап, сiңiп кетедi деген дiни-мифологиялық дүниетанымды көне түркi ескерткiштерi тiлiндегi бинарлық оппозициялардың семантикалық қырлары арқылы дәл анықтауға болады.

Көк түркiлер тiлiндегi жоғарғы деңгейлi көлденең бағыттағы символдық оппозициялардың бiрi Тәңрi ↔ Ұмай параллелi көне түркiлердiң мифтiк дүниетанымы бойынша Ұмай бейнесiнiң басты белгiлерi: әйелдiк-аналық негiзбен байланыстылығы; адамзаттың өсiп-өнуiн қамтамасыз етушi, ұрпақ бойына өнердi, әдемiлiк пен әсемдiктi дарытушы т.б. Ұмай-анаұғымы «жалғыз жаратушы»Тәңiрiментең дәрежеде қарастырылмайды,Тәңiрдiни дүниетанымның басты объектiсi болса,Ұмаймифтiк дүниетанымның объектiсi. Жалпы түркiлiк дiни-мифологиялық танымда әлемдегiТәңрi ↔ Ұмайпаралелiнiң аталық, аналық негiздерi адамзат әлемiндегiqaγan ↔ qatunжұбы арқылы бейнеленедi:Teņri teg teņride bolmyš türk bilge qaγan bu ödke olurtum«Тәңiр тектi Тәңiрден жаратылған Түркi Бiлге қаған бұл заманда (таққа) отырдым» КТк. 1;Umaj teg ögim qatun qutuņa, inim Kultegin er at bolty«... шешем Ұмайдай (тектес) қатынның бағына (құтына) iнiм Күлтегiн ер атанды» КТү. 31 (Айд. I, 177). Ал мифологиялық абстрактiлi таным бойыншаҰмай ↔ Құтпаралелi аналық-аталық негiздердiң коннекторларын бейнелейдi.

Ескерткiштер тiлiнде гендерлiк ерекшелiктерге негiзделген, әлеуметтiк сипаттағы оппозицияны qaņ ög«әке-шеше»,ečü eke«аға-жеңге»,oγul qïz«ұл-қыз»,ini keliņ«iнi-келiн»,ini siņli«iнi-қарындас»,bek qunčuj«бек-бикеш»,qul küņ«құл – күң» тәрiздi бинарлы жұптар құрайды.

Көне түркi жазба ескерткiштерi тiлiндегi үлкен ↔ кiшi оппозициясы тiк бағытта Тeņri turk budun«Тәңiр – түрк халқы»,Тeņri qaγan«Тәңiр – қаған»,Umaj qatun«Ұмай - қатын»,Тeņri ↔ kisi«Тәңiр – кiсi» жұптары арқылы символдық мәнде бейнеленсе, төменгi әлемде көледенең сызық бойынша, конкреттi мәнде бейнеленуiuluγ ↔ kičig«ұлық (ұлы) – кiшi» лексемалары арқылы көрiнедi. Сондай-ақ туыстық қатысты бiлдiретiн:qaņ oγul«әке – бала (ұл, қыз)»,ečü ini«аға – iнi» т.б. тәрiздi жұптардан да үлкен-кiшi оппозциясының iздерi сақталған. Түркi тiлдерiндегi үлкен – кiшi оппозициясы арқылыkisi/kiši«адам, кiсi»kiši/kiči«кіші» лексемаларының аталымдық уәжiн анықтауға болады.Тәңiртүркiлер танымындағы ұлылықтың, үлкендiктiң символы болсакiсi/кiшi«адам» кiшiлiктiң белгiсi, адам баласы тәңiрдiң алдында дәрменсiз, оған тәуелдi, тәңiрдiң туындысы.

Жалпы көне түркi тiлiндегi бинарлы жұптар лексика-семантикалық сипатына байланысты бiрнеше топқа бөлiнедi, олардың негiзгiлерi:

- сокральды-дерексiз – әмбебап оппозиция: Teņri ↔ Umaj«Тәңрi – Ұмай»,Qut ↔ Umaj«Құт – Ұмай»; сокралды-деректi – әмбебап оппозиция:Kök ↔ jir(jer) – sub«Көк – Жер-су»; уақытқа байланысты оппозиция:tün ↔ kün«түн-күн»,jaz ↔ qïz«жаз - қыс» т.б.; кеңiстiкке байланысты оппозиция:asra ↔ üze«асты – үстi (жоғары – төмен)»;jïraja ↔ jïrγaru«сол – оң»;batsïq ↔ toγsïq«батыс-шығыс» т.б.; түр-түстiк гаммаларға байланысты оппозиция:aq ↔ qara«ақ-қара»;boz ↔ jaγïz«боз – бурыл»;qïzïl ↔ qara«қызыл – қара» т.б.; Әлеуметтiк сипаттағы оппозиция:qaņ ↔ ög«әке – шеше»,ini ↔ kelün«iнi-келiн»,oγul ↔ qïz«ұл-қыз» т.б.; Қоғамдық сипаттағы оппозиция:qaγan ↔ qatun«қаған – қатын»,qaγan ↔ budun«қаған – халық»,qul ↔ küņ«құл – күң»,baz ↔ süņüs «бейбiтшiлiк – соғыс» т.б.; табиғатқа байланысты оппозиция:köl ↔ šöl«көл – шөл»,ot ↔ sub«от-су» т.б.; көлемге байланысты оппозиция:az ↔ köp/qop«аз – көп»,uluγ ↔ kičig«үлкен – кiшi» т.б.; сын-сапаға қатысты оппозиция:aš ↔ toq«аш – тоқ»;turïq ↔ semis«арық – семiз»,edgü ↔ jablag«жақсы – жаман»;qatïγdï ↔ jïmčag«қатты – жұмсақ» т.б.; iс-әрекетке байланысты оппозиция:al ↔ bir/ber«ал – бер»,bar ↔ kel«бар – кел»,uč ↔ qon«ұш – қон»,kel ↔ ket«кел – кет»,tut ↔ ut/ïd«ұста(тұт) – жiбер»;bin ↔ tüš«мiн – түс» т.б.

«Адам танымымен, оның ғаламды пайымдауымен қатар жүретін лексика-семантикалық даму» [276,16] нәтижесі – оппозициялық мазмұн бір негізден тараған сөздерді де, гетерогенді лексемаларды да қамтиды. Түркi тiлдерi тарихи лексикологиясында түбiрлес моносиллабтардың антонимдiк сипаты ғылымда белгiлi құбылыс, сирек болса да кел ↔ кет, ат ↔ ал, сат ↔ сал, бас ≈ баш(ай), ұш ↔ ұс(та), ыз(ғар) ↔ ыс(тық) т.б. сөздердiң оппозициялық қырлары, олардың гомогендiлiгi туралы болжамдар айтылуда. А.Салқынбай антонимдер қатарын туғызатын фонетика-семантикалық сөзжасамныңл – т, қ – у, с – ш, о – ү, о - ө, а – е, з – етәрiздi бiрнеше қалыбын көрсете отырып, «фонетика-семантикалық сөзжасамда антонимдес жұптарды жасаушы түбiрдiң өзек мағынасы мен архетұлғасы ортақ болып келедi. Ортақ, өзек мағынадан, кейде ортақ тұлғадан туындаған сөздердiң дифференциалды семалары бiр-бiрiне қарсы болады» [159,84] деп ой түйедi.

Түбiрлес моносиллабтардың антонимдес семаларының ыдырауына белгiлi бiр дәрежеде моносиллабтардың сыртқы тұлғасы да қатысатынын қарама-қарсы мәндегi түбiрлес сөздердiң тұлғалық ерекшелiктерiнен аңғарамыз. Антонимдiк қатардағы гомогендi түбiрлер мен түбiр-негiздер құрамындағы дыбыстардың өзгерiстерге ұшырауын сөйлеу дәстүрiмен қалыптасқан әдеттегi фонетикалық заңдылық ретiнде қарастыруға келмейдi. ҮII-IХ ғасыр мұралары тiлi мен қазiргi қазақ тiлi моносиллабтар жүйесiнiң тұлғалық ерекшелiктерiн салыстыра қарастырғанда да жалпы түркi тiлдерiне ортақ гомогендi оппозициялардың iздерiн байқауға болады.

ast ↔ üst. Көне түркiлер танымындағыкөк – жер-суобъектсiнiң орналасу бағытыuze«үс(тiде), жоғарыда» -as(ra)«ас(тыда), төменде» бинарлық жұбы арқылы анықталады.Асты-үстiоппозициясы – кеңiстiк бойынша тiк бағыттағы қарама-қарсылықты конкреттi түрде сипаттайды:Üze teņri basmasar, asra jir telinmeser, turk budun iliņin törüņin kim aratï«Үстiңнен тәңрi баспаса, астыңда жер айрылмаса (тiлiнбесе), түркi халқын, ел-жұртын кiм құртады» КТү. 22 (Айд. I, 176).ast, üstтұлғалары бiр түбiрдiң тұлғалық варианттары, ортақ мазмұнның полярлануы нәтижесiнде антонимдiк мағына қалыптасқан.

žat ↔ *žaq: жат → жақын; *zaq ↔ *zam: жақсы ↔ жаман.Ескерткiштер тiлiндеjaγït«приближаться» (ДТД, 42)jakïlïg«сторонник»,jan«возвращаться» (ДТД, 43) лексемалары қолданылады.jaγït, jakïlïgсөздерiнiң қазақ тiлiндегi нұсқаларыжақын, жақтассөздерiнiң негiзižaq(оң жақ, сол жақ) моносиллабы. *Žaqтұлғасымен түбiрлесžan(үйдiң жаны, жанында) лексемасы мен көне түркiлiкjan«возвращаться» сөзi синкретизмдер қатарына жатады [149,74], «жақын» мәнiн беретiнžuwïqсөзi де қолданыста. Демек аталған тұлғалардың бәрiнiң негiзi бiр, ортақ семасы «белгiлi бiр объектiнiң екiншi объектiге жақындауы немесе қасында орналасуы», ортақ түбiр*ja/*žaтұлғасы..

*žan/žaqмоносиллабтарының оппозициялық мәнižat «бөтен»,жау«қас» сөздерiнен көрiнiс бередi. Ескерткiштер тiлiндеjat«враг», «чужой, чужбина» (ДТС, 247),jaγ«враг» (ДТД, 42) түрiнде тұлғаланады,jatсөзiнiң «враг» мағынасының да тiркелуi оныңjaγлексемасымен түбiрлес екенiнiң айғағы, ортақ түбiрi*ja/ža(ЭСТЯ IҮ, 56), ортақ мәнi «бөтен, жау; алыстан, басқа жақтан келген; жақын емес».*jaтүбiрijablaq, jabuz«плохой, дурной» (ДТД, 42) сөздерiне де негiз болып тұр, қазақ тiлiндегi нұсқаларыжауыз, жаман/жабы. Демекжамансөзiмен оның анонимдiк сыңарыжақсысөздерiнiң түбiрлес екенiне көз жеткiзуге болады. Жақынын жақсы көру, өзiне беймәлiмдi жат санау жалпы адамзатқа тән құбылыс.

kök ↔ kör. Түркi халықтарының танымы бойынша кеңiстiкке, табиғатқа байланысты ұғымдарды тануда түр-түстiк гаммалардың ерекше орын алғандығы белгiлi. Алайда көптеген зерттеулерде айтылып жүргендей «аспан» ұғымы түсiне байланыстыkökлексемасымен аталғандығы жайлы тұжырым толық анықталмаған мәселе. Адам санасында жоғарғы әлемдi құрайтын алып кеңiстiк түр-түстiк гаммаларды ажыратудан кейiн танылды деу логикалық қисынға келмейдi, керiсiншеkökсөзiнiң архесемасы «аспан, биiктiк» мәндерiнде танылып, түстi бiлдiретiнkökсөзiнiң мәнi «аспан» мәнiнiң сапалық белгiлерiнен туындауы мүмкiн.

Түркi тiлдерiнде kökсөзiнiң бiрнеше мағыналары бар екенi белгiлi. Солардың iшiнде «аспан», «биiктiк» ұғымымен белгiлi бiр дәрежеде антиномогиялық қатынасы байқалатын «өсiмдiктiң тамыры» (ДТС, 312) ұғымының қолданылуы гомогендi ұғымдардың идеялық полярлануының көрiнiсi болуы да мүмкiн, салыстырыңыздар:kör«қайтыс болғанды адамдар жерлейтiн орын», «адам денесiнiң мәңгiлiк мекенi»,kök«аспан», «адам рухының мәңгiлiк мекенi». «Өсiмдiктiң тамыры» және «жерлейтiн орын» мәнiндегikök, körтұлғаларының екеуiнде де «жер асты» семасы сақталған. Алkök«тамыр, негiз» лексемасының мазмұнындағы өсiп-өнуге байланысты мағыналары (көк «шөп», «өсiмдiк», «овощи»;көкте«өсiп-өну, өркендеу т.б.»)көкке«аспанға, жоғарыға, биiктiкке ұмтылу» процесiн бiлдiретiн семадан туындауы ықтимал. Түркiлер дүниетанымы бойыншакөрұғымының сакральды сипаты ата-баба рухына «аруақтарға» табыну, зират басына белгi-тас орнату, белгiлi, атақты адамдардың зиратына тәу ету, аруақтарға арнап құрбандық шолу, басқа да жерлеу рәсiмдерiндегi қайтыс болған адамға көрсетiлетiн құрмет тәрiздi толық жатқан ырым-жоралғылар арқылы көрiнiс табады. Хундар дәуiрiнен белгiлi, ҮII-IХ ғасыр түркiлер өмiрiнде берiк орын алған ата-баба культi қазiргi түркiлердiң тұрмыс-салтында сақталып отыр.Körлексемасының «қараңғы, қара» семаларының жер ұғымына да қатысы бар екендiгi жайлы пiкiрлер айтылып жүргенi белгiлi.

*ur ↔ er: ұрғашы ↔ еркек. Қазiргi қазақ тiлiндегiАдамконцептiсi мен оның көнетүркiлiк аналогыКiсiконцептiсiнiң тiлдiк моделiадам/кiсiлексемаларыұрғашы↔ еркек бинарлық жұбының орталық, бейтарап нүктесiн бейнелейдi. Жалпы түркi тiлдерiндегi*ur, erмоносиллабтарының генетикалық төркiндестiгi олардың жалпы тұрпатындағы ортақтық пен жалпы мазмұнындағы ортақ «жалпы тiршiлiк иесiнiң дүниеге келуi, өсiп өркендеуi» семасы арқылы сипатталады.*urмоносиллабы кешенiне кiретiн тiлдiк бiрлiктер аталған тұлғаның екiншi дәрежелi моносиллаб екенiн көрсетедi, iлкi түбiр бiр құрамды*uтұлғасы болуы мүмкiн. Көне түркi тiлiндеurï, urïγ«потомство» (ДТД, 77) сөздерiнiң «жалпы ұрпақ» мәнiнде, орта ғасыр ескерткiштерiндеoγlanсөзiнiң «жалпы бала» мәнiнде қолданылуы (Құрыш., 174) да*u/*oтұлғасының о баста гендерлiк текке қатыссыз жалпылама мәнде қолданылғанын көремiз.erмоносиллабы*uтұлғасы негiзiнде емес, оның бiршама жетiлiп, қалыптасқан тұлғасы*urмоносиллабы арқылы жасалған. Бұл жердеuдыбысыныңе дыбысына тiкелей ауыса алмайтынын есте ұстау қажет, көне түркi тiлiндегiедыбысы мен қысаңiдыбыстары өзара ауысуға бейiм дыбыстар екенiн негiзге ала отырып,u ≈ e сәйкестiгiнu/ü ≈ о/ö ≈ ï/i ≈ е/äтiзбегiнiң аясында қарастырған жөн. Түркi тiлдерi дыбыс жүйесiнiң өзара алмасу шеңберi аса кең. Бұл жөнiнде Е.Қажыбек «Теоретички в тюркских языках соответственно строгой этапности практически любой гласный или согласный звук может перейти в любой гласный или согласный звук» деген ойлары арқылы олардың ауысу кезеңдерiне ерекше мән беру қажеттiгiн, дыбыс өзгерiстерi тiлдiң тарихи дамуына орай кезең-кезеңiмен сәйкестiкке түсетiнiн меңзейдi [280,99]. Фоно-семантикалық даму барысында жалпы «көбею, өсу, ұрпақ тарату» мәнiнде қолданылған *urмоносиллабының бастапқы аналық негiзiұрғашылексемасына, аталық негiзiер/еркеклексемасына арқау болған сияқты. Э.В.Севортян жалпы түркiлiкеrkekсөзiнiң мағыналарына талдау жасай отырып «Центральным среди приведенных значений следует считать ,самец’/’особ мужского пола’ и названия конкретных разновидностей самцов в животном мире» деп көрсетедi (ЭСТЯ I, 298). Ер-азаматтың бойындағы күш-қайрат сапасы ер «батыр» сөзiнiң дифференциал семасын айқындайды, аналық семаем, емiзут.б. лексемаларына да негiз болған.

*ur ↔ erпараллелiнiң гомогендi бинарлық сапасын монғол тiлiндегiэr ↔ эmконнекторлары айғақтай түседi:эр«ер, еркек»,эр хүн«ер жiгiт, ер азамат»,эр мал«еркек мал»,эм«ұрғашы»,эм мал«ұрғашы мал»,эм хонь«саулық қой»,эр эм болох«үйлену, тұрмыс құру, бас құрау» (МҚС, 770, 775).

Кез келген тiлдiк жүйедегi қарама-қарсы мәндегi жұптарды лексика-семантикалық тұрғыдан топтастыру шарттылыққа негiзделедi. Көне түркi тiлiндегi лексикалық оппозициялар да концептiлер жүйесi бойынша (архемодельдер негiзiнде) идеялық белгiлерiне орай бiр-бiрiмен тығыз сабақтастықта дамып, тiлдiк әлемдегi жүйелi кешенге айналған.