Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

5. Тістің ұзындығы

m1, z және иН мәндерін пайдаланып тістің ұзындығын анықтаймыз, (м)

112

6. Майлы сорғының жетегіне жұмсалған қуат (кВт):

мұндағы: майлы сорғының есептелетін еңбек өнімділігі, м3/с;

р жүйедегі майдың жұмыс қысымы (карбюратор қозғалтқыштарында p=0,3 — 0,5 МПа; дизельдерде р = 0,3 — 0,7 МПа);

=0,85 — 0,90 — майлы сорғының механикалық ПӘК-і.

Майлы сорғыны есептеу мысалы.

Карбюратор қозғалтқышындағы майлы сорғының тісті доңғалақтарының өлшемдері. Отыннан 1 секунд бойы бөлінетін жылу мөлшері жылулық есептің мәліметтері Qо=221,92 кДж/с бойынша анықталады.

Майдың қозғалтқыштан алып кететін жылу мөлшері:

QM=0,021Q0 = 0,021 -221,92=4,67 кДж/с.

Майдың жылусыйымдылығы см = 2,094 кДж/(кг- К).

Майдың тығыздығы ρм=900кг/м3.

Майдың қозғалтқышта қызу температурасы .

Майдың айналмалы шығыны

м3

Жүйедегі май қысымын тұрақтандыруын ескеріп анықталатын айналмалы шығын

Тістің ілінісу модулі т=4,5 мм = 0,0045 м.

Тістің биіктігі h = 2m=2·45 = 9,0 мм=0,009 м.

Тісті доңғалақтың тістерінің саны z = 7.

113

Тісті доңғалақтың бастапқы шеңберінің диаметрі

Da = z·m =7· l ·4,5 = 31,5 мм=0,0315м.

Тісті доңғалақтың сыртқы шеңберінің диаметрі

Тісті доңғалақтың сыртқы диаметрдегі шеңберлік айналу жылдамдығы uн=6,36 м/с. Тісті доңғалақтың айналу жиілігі (сорғының)

Тісті доңғалақ тісінің ұзындығы

Жүйедегі майдың жұмыс қысымы p=40·104 Па. Майлы сорғының меаникалық ПӘК-і ηм.н.=0,87. Майлы сорғының жетегіне жұмсалатын қуат:

Центрифуганы есептеу.

Майлы центрифуга (1 сурет) майлы механикалық қоспадан нәзік тазалайтын центрден тепкіш сүзгі.

.

1 Сурет. Центрифуга сызбасы.

Центрифуганың есебінде центрифуга алдындағы қажетті май қысымын және оның роторының айналу жиілігін анықтайды. Қазіргі уақыттағы центрифугаларда майдың 0,25-0,6 МПа қысыммен берілуі ротордың 5000-8000 мин-1 жылдамдықпен айналуын қамтамасыз етеді.

114

7. Ротор айналуының тұрақтандырылған режимінде (n = const) бір қақпақтан (сопло) ағатын май ағынының реактивті күші (Н):

күш импульстерінің теоремасы негізінде анықталады:

мұндағы: ρм майдың тығыздығы, кг/м3 ;

VР.Дцентрифуга қақпағы арқылы өтетін майдың мөлшері, м3/с ;

ε –қақпақтан ағатын май ағынының тарылу коэффиценті;

Fcқақпақ тесігінің ауданы, м2;

n – ротордың айналу жиілігі, мин-1;

R – қақпақ осінен ротордың айналу осіне дейінгі арақашықтық, м.

Май ағынының тарылу коэффиценті ε=0,9-1,1 аралықта өзгереді және ең кең таралған қақпақ пішіні үшін 0,9 тең.

8. Екі қақпақ түзейтін айналдырушы момент (н·м):

Ротордың тұрақтандырылған режимі кезінде айналдырушы момент Мкр қарсылық моментімен теңестіріледі:

Мкр =Мс

9. Қарсылық моменті:

Мс шамасы негізінен подшипниктердегі үйкеліс күші мен ротордың айналу жиілігіне байланысты:

Мс = а + bn

мұндағы: а ротордың айналуының басындағы қарсылық моменті, Н·м;

b қарсылық моментінің арту жылдамдығы (Н·м)/мин-1.

Сынақ мәліметтері бойынша а =(5—20)10-4 Н·м, b =(0,03 — 0,10)10-4(Н·м)/мин-1.