Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Карбюраторды есептеу.

Мақсаты: Диффузор мен жиклердің негізгі өлшемдерін анықтай отырып, басты мөлшерлеуіш жүйе элементтерін есептеу. Карбюратор сипаттамасын ашатын көрсеткіштерді есептеу.

Қоспаны сыртта түзейтін қозғалтқыштарды қоректендіру жүйесінің негізгі құралы ретінде көп жылдар бойы карбюраторды қолданды. Карбюраторда қозғалтқыштың қоректендіру жүйесіне қойылатын негізгі талаптарды қамтамасыз ететін жүйелер мен құралдар бар:

1. Қозғалтқыштың негізгі эксплуатациялық режимдерінде тапсырылған қоспа құрамдардың алуын қамтамасыз ететін, отын беруі түзетілген басты мөлшерлегіш жүйе.

2. Жүктемесіз және аз жүктелген (жылытқанда, жарық түсіргенде және т.б.) қозғалтқыштың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін бос жүріс жүйесі.

3. Максималды қуат алу үшін максималды жүктемеге өткенде қоспаны байыту жүйесі.

4. Қозғалтқыштың жақсы аласалығын қамтамасыз ететін құрылғы (екпін кезінде қоспаның тең байытылуы).

5. Ыстық қозғалтқышпен қоса салқын қозғалтқыштың да сенімді қосылуын қамтамасыз ететін құралдар мен құрылғылар.

6. Карбюратор жұмысының сенімділігі мен тұрақылығын қамтамасыз ететін қосымша құралдар.

Карбюраторды есептеу кезінде, әдетте диффузор мен жиклердің негізгі өлшемдерін анықтай отырып, басты мөлшерлеуіш жүйе элементтерінің есептеуімен шектеледі.

Диффузорды есептеу реті.

Диффузорды есептегенде, оның қималарындағыауаның өозғалыс жылдамдығын анықтайды және негізгі конструкциялық өлшемдерін орнатады.

Атмосферадағы ауа ауа тазартқыш пен ауа келте құбыры арқылы диффузордың ең кішкентай қимасынан өтеді, ол жерде оның жылдамдығы еселеп артады, ал қысымы азаяды.

Ауа ағынының жылдамдығы мен қысымы арасындағы байланысты I – I қимасындағы қысым атмосфералық қысымға тең деп есептейді, яғни PI – I =P0 ауа жылдамдығы ωΙ – Ι=0 деп болжап, Бернулли теңдеуі бойынша сығылмайтын сұйықтық үшін анықтайды.

Сонымен бірге, белгілі дәлдікпен ауаны сығылмайтын сұйықтық ретінде, ал оның тығыздығы енгізу жолы бойында тұрақты деп есептейді. Бұл жорамал 2% -тен аспайтын қате береді, өйткені карбюратордың кез-келген қиамсындағы қысым мәні аздап қана өзгереді, ал диффузордың II – II минималды қимадағы максималды ыдырау ΔРД0 - РД 15 – 20 кПа-дан аспайды.

98

1 Сурет. Қарапайым карбюратор сызбасы.

1. Диффузордың кез-келген қимасы үшін ауаның теориялық жылдамдығы ωВ (м/с) (гидравликалық кедергілер ескерілмеді):

мұндағы: рх және Δ рх - сәйкесінше диффузордың кез-келген х х қимасындағы қысым мен ыдырау, Па;

ρ0 ауа тығыздығы, кг/м3;

диффузордың минималды қимасы үшін ( II – II қимасы):

2. Диффузордағы ауаның нақты жылдамдығы:

wД=φД·αС·wВ=μД·wВ

мұндағы: φДенгізу жолының гидравликалық кедергілері ескерілген жылдамдық коэффиценті;

αС = fП/fД =0,97-0,98 - fП ауа ағынының диффузордың II – II қимасының fД минимал ауданына қатынасы;

μД= φД·αСдиффузордың шығын коэффиценті.

2 суретте түрлі карбюратор диффузорларында болатын ΔрД ыдырауларға байланысты μД шығын коэффицентінің тәуелділіктері көрсетілген. Графикте көрсетілгендей, аз ыдырау кезінде μД тез өсіп, сосын аз өзгереді, кейде ΔрД артқанда сәл азаяды. Екі μД қисықтарының арасындағы штрихталған аймақ

99

көптеген карбюраторлар үшін μД өзгерісін сипаттайды. Диффузорды есептегенде μД қисығы тәжірибе мәліметтері нәтижесінде немесе ең үлкен қисыққа жақын қылып алынады.