Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

15. Майдың қозғалтқыштан алып кететін жылу мөлшері (Дж/с):

мұндағы: сммайдың орташа жылусыйымдылығы, кДж/(кг · К);

ры майдың тығыздылығы, кг/м3;

Vц майдың айналмалы шығыны, м3/с;

Тм.вх. және Тм.вых. майдың радиаторға кірген және шыққан мезетіндегі температурасы, К.

16. Май радиаторға кіргенде және шыққан мезетіндегі температурасы, к:

17. Сумен жуылатын майлы радиатордың салқындатқыш беті

К—радиатордағы майдың орташа температурасы; К — радиатордағы судың орташа температурасы

Майлы радиаторды есептеу мысалы. Карбюратор қозғалтқышының су-май радиаторының салқындатқыш бетін анықтау. Майдың қозғалтқыштан алып кететін жылу мөлшері QM =4670 Дж/с.

Майдың радиатор қабырғасына жылуды беру коэффиценті α1 = 250 Вт/(м2К).

Радиатор қбырғасының қалыңдығы δ = 0,2 мм = 0,0002 м.

Қабырғаның жылуөткізгіштік коэффиценті λтеп = 100 Вт/(мК).

Радиатор қабырғасынан суға жылуды беру коэффиценті α2= 3200Вт/(м2К).

Майдан суға жылуды беру коэффиценті

Радиатордағы майдың орташа температурасы =358 К.

Радиатордағы судың орташа температурасы =348 К.

Сумен жуылатын майлы радиатордың салқындатқыш беті

м2

118

15 практикалық жұмыс.

Салқындату жүйесінің элементтерін есептеу.

Мақсаты: су радиаторы мен оның салқындатқыш бетінің негізгі конструкторлық өлшемдерін анықтау.

Қозғалтқышты салқындату қозғалтқыштың оңтайлы жылулық күйі мен қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қызған бөлшектерден жылуды мәжбүрлеп алып кету мақсатында қолданылады. Алып кетілетін жылудың көп бөлігі салқындату жүйесіне, аз бөлігі майлау жүйесі мен қоршаған ортаға беріледі.

Салқындату жүйесі негізгі конструктивті элементтерін қозғалтқыштан уақыт бірлігінде алып кетілетін жылу мөлшеріне байланысты есептейді.

1. Сұйықпен салқындатқанда алып кетілетін жылудың мөлшері (Дж/с)

мұндағы: GЖжүйеде айналып тұрған сұйықтық мөлшері, кг/с;

сж=4187 — сұйықтың жылусыйымдылығы, Дж/(кг · К);

Тж.вх. және Тж.выхқозғалтқышқа кіретін және шығатын сұйықтың, К.

2. Ауамен салқындататын жүйенің қозғалтқыштан алып кететін жылу мөлшерді (Дж/с) келесі теңдеуден анықтайды

мұндағы: Gвоздсалқындатқыш ауаның шығыны, кг/с

cвозд= 1000 — ауаның орташа жылусыйымдылығы, Дж/(кг · К);

Твозд.вх және Твозд.вых.қабырғааралық кеңістікке кіретін және шығатын ауаның температурасы, К.

Есепте цилиндр қабырғасынан жалпы жылу мөлшерінің 25 — 40%, қалғаны қозғалтқыш басынан алып кетіледі.

Су радиаторын есептеу реті.

Радиатор қозғалтқыштың қызған бөлшектерінен түсетін сұйықтықты ауамен салқындатуға арналған жылу алмасу аппараты болып келеді.

Радиатор есебінде жылуды сұйықтықтан қоршаған ортаға беру үшін қажетті салқындатқыш бетті анықтайды.

3. Радиатордың салқындатқыш беті.

119

мұндағы: QЖ- сұйықтықпен алып кетілетін жылу мөлшері , Дж/с;

К – радиатордың жылуды беру коэффиценті, Вт/(м2·К);

ТСР.Ж радиатордағы сұйықтықтың орташа температурасы, К;

ТСР.ВОЗД – радиатор арқылы өтетін ауаның орташа температурасы, К.

4. Жылуды беру коэффиценті, [Вт/(м2·К)]

мұндағы: αж- сұйықтықтан радиатор қабырғасына жылуды беру коэффиценті, Вт/(м2·К);

δ1түтік қабырғасының қалыңдығы, м;

- радиатор түтіктерінң металлдардың жылуөткізгіштік коэффиценті, Вт/(м·К);

αвозд- радиатор қабырғасынан ауаға жылуды беру коэффиценті, Вт/(м2·К);

К шамасын аналитикалық анықтау күрделі болғандықтан Вт/(м2·К)

Жеңіл автокөліктер үшін .............................................................140 – 180

Жүк автокөліктері мен тракторлар үшін .................................80- 100