Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

5. Отынның тиімді меншікті шығыны.

а) сұйық отынның тиімді меншікті шығыны:

, г/(кВт·ч)

б) газ отынының тиімді меншікті шығыны:

, м3/(кВт·ч)

в) тиімді қуат бірлігіндегі жылудың меншікті шығыны:

, МДж/(кВт·ч)

28

Қазіргі заманғы автокөлік қозғалтқыштарында номинальды салмақ кезінде отынның меншікті шығыны келесідей мәндерге ие:

Отынды электронды бүркетін қозғалтқыштар үшін ....gе=200–290 г/(кВт·ч)

Карбюраторлы қозғалтқыштар үшін.............................. gе=230–310 г/(кВт·ч)

Камералары бөлінбеген дизельдер үшін........................ gе=200–235 г/(кВт·ч)

Құйынды (вихревая) камералы және алдыңғыкамералы дизельдер үшін ........................................................................................ gе=220–260 г/(кВт·ч)

Газды қозғалтқыштар үшін жылудың меншікті шығыны...........................................................................gе=12–17 МДж/(кВт·ч)

5.1–кесте .Қозғалтқыштың тиімді параметрлерінің қорытынды мәндерінің кестесі.

Параметрлер

Өлшем бірліктер

Қозғалтқыштың тиімді параметрлері

Қозғалтқыш түрі (мысалы, карбюраторлы қозғалтқыш)

n

айн/мин

nmin

nM

nN

nmax

vп.ср.

м/с

рм

МПа

ре

МПа

ηм

ηе

ge

г/(кВт·ч)

Цилиндр мен қозғалтқыштың негізгі параметрлерін есептеу реті

6. Қозғалтқыш литражы және бір цилиндрдің жұмыс көлемі.

Егер қозғалтқыштың тиімді қуаты берілген болса, онда қозғалтқыштың негізгі конструктивті параметрлері (цилиндр диаметрі мен поршень жүрісі) төмендегідей анықталады.

Тиімді қуат, иінді біліктің айналу жиілігі және тиімді қысым бойынша қозғалтқыш литражы (л) анықталады:

мұндағы: Ne – кВт-пен;

ре – МПа-мен және n – мин-1-мен өрнектеледі.

Бір цилиндрдің жұмыс көлемі (л):

29

7. Цилиндр диаметрі мен поршень жүрісі.

Цилиндр өлшемдері – диаметр және поршень жүрісі – қозғалтқыштың негізгі конструктивті параметрлері болып табылады. Қазіргі заманғы автокөлік және трактор қозғалтқыштарының цилиндр диаметрі D (мм) 60 – 150 мм аралығында болады және негізінен қозғалтқыш типі мен қолданылу түріне байланысты:

Жеңіл автокөліктердің бензинді қозғалтқыштары үшін................. 60 –100

Жүк автокөліктерінің бензинді қозғалтқыштар үшін .....................70 – 100

Трактор дизельдері үшін ................................................................ 70 – 150

Автокөлік дизельдері үшін ............................................................. 80 – 130

Поршень жүрісі оның жылдамдығымен байланысты S/D салыстырмалы шамасымен сипатталады. S/D шамасына байланысты қозғалтқыштар қысқажүрісті (S/D<1) және ұзақжүрісті (S/D >1) болып бөлінеді. Қысқажүрісті қозғалтқышта қозғалтқыш биіктігі мен массасы азаяды, индикаторлы ҚКП мен толтыру коэффициенті артады, поршень жылдамдығы мен қозғалтқыш бөлшектерінің тозуы төмендейді. Сонымен қатар S/D шамасын төмендету газдардың поршеньге жоғары қысыммен әсер етуіне, қоспа дайындау жағдайының нашарлауына және қозғалтқыштың габаритті ұзындығының артуына алып келеді. Қазіргі бензинді қозғалтқыштары S/D қатынасының онша үлкен емес шамасында жобаланады. Көбінесе S/D=0,8–1,1. Автокөлік дизельдері үшін поршень жүрісінің цилиндр диаметріне қатынасы бірлікке жақын алынады (S/D=0,9 – 1,2). Көптеген дизельдерде S/D>1. Трактор дизельдері үшін S/D=1,1 – 1,3.

Поршень жылдамдығы vп.ср қозғалтқыштың жылдам жүргіштігінің критерийі болып келеді. Қозғалтқыштар vп.ср шамасына байланысты жайжүрісті (vп.ср<6,5 м/с) және жылдамжүрісті (vп.ср>6,5 м/с) болып бөлінеді. Барлық автокөлік қозғалтқыштары мен трактор қозғалтқыштарының көбісі жылдамжүрісті, өйткені vп.ср>6,5 м/с.

Поршень жылдамдығының артуына байланысты механикалық жоғалтулар өседі, бөлшектердің жылулық кернеулігі жоғарылайды, қозғалтқыштың қызмет ету уақыты қысқарады. Осыған байланысты поршеннің орташа жылдамдығын арттыру бөлшектердің ұзақ мерзімділігін жоғарлату, қозғалтқыш құрастыруда заманауи материалдар пайдалану және қолданыстағы майлардың сапасын арттыру қажеттілігін туғызды.

Заманауи автокөлік және трактор қозғалтқыштарында поршеннің жылдамдығы vп.ср мынандай аралықтарда болады:

Жеңіл автокөліктердің бензинді қозғалтқыштары үшін...............12 –20

Жүк автокөліктерінің бензинді қозғалтқыштар үшін ...................9–16

Автокөлік газды қозғалтқыштары үшін ........................................7–14

Автокөлік дизельдері үшін ............................................................7–13

Трактор дизельдері үшін ............................................................. 6–11

30

Цилиндр диаметрі, мм

Поршень жүрісі (мм)

S=DS/S

Алынған D және S мәндерін бүтін санға дейін дөңгелектенеді.