Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Жану және ұлғаю процестерінің параметрлерін есептеу

Мақсаты: Жану соңындағы қысым мен температураны анықтаймыз.

1. Жану қоспасының молекулярлық өзгеру коэффициенті.

Жану кезінде көлемнің салыстырмалы өзгеруі μо жану қоспасының молекулярлық өзгеруімен сипатталады және жану өнімдерінің моль мөлшерлерінің жану қоспасының моль мөлшеріне қатынасы болып келеді:

2. Жұмысшы жану қоспасының молекулярлық өзгеру коэффициенті.

Жұмысшы қоспаның жану кезінде көлемнің өзгеруінде жұмысшы қоспаның молекулярлық өзгеруінің нақты коэффициенті ескеріледі және мына формуламен есептеледі:

3. Химиялық толық жанбаудан жоғалған жылу мөлшері.

α<1 болатын қозғалтқыштарда оттегінің жетіспеуінен химиялық толық жанбау орын алып тұрады, МДж/кг

ΔH=119,95·(1-α)·L0

4. Жұмысшы қоспаның жану жылуы.

Жану процесіне жану қоспасы емес, жұмысшы қоспа (жану қоспасы + қалдық газдар) қатысатындықтан, отын жануының жылуын жұмысшы қоспаның жалпы мөлшеріне қатынасын алған дұрыс (МДж/кмоль жұм. қ.):

егер α ≥1 болса Нжұм.қ.=Hu/[M1·(1+γr)];

егер α <1 болса Нжұм.қ.=(Hu - Δ Hu )/[M1·(1+γr)];

5. Жану өнімдерінің орташа мольдік жылусыйымдылығы.

Отын толық жанғанда ( ), жану өнімдері көмірқышқыл газы мен су буларының, ал болғанда, оттегінің қоспаларынан тұрады. Бұдан

20

Отын толық жанбағанда (), жану өнімдері көмірқышқыл газының, көміртек оксидінің, су буының, бос оттегі мен азоттың қоспасынан тұрады. Бұдан

.

мұндағы: - жану соңындағы қоспа температурасы;

- 0°С тең температура.

Есептеулер кезінде жану өнімдерінің орташа мольдік жылусыйымдылығы 3.1-кестеде келтірілген эмпирикалық формулалармен анықталады.

3.1-кесте

Газ атауы

Тұрақты көлемде жеке газдардың орташа мольдік жылусыйымдылығын анықтауға арналған формулалар, кДж/(кмоль·град), температура үшін, °С.

0-ден1500-ге дейін

1500-ден2800-ге дейін

Ауа

Оттегі

Азот

Сутегі

Көміртекоксиді

Көмірқышқылгазы

Су буы

6. Жылуды пайдалану коэффициенті.

1 және 2-суреттерде шамасының қозғалтқыштардың жылдамдық режимдерінен нақты тәуелділігі келтірілген. Есептеу үшін әрбір режим үшін мәнін қабылдау қажет.

7. Жану процесі соңындағы температура.

Жану теңдеуіне барлық белгілі параметрлердің сандық мәндерін қойғаннан кейін және ықшамдаудан соң бұл теңдеу екінші қатар теңдеуіне айналады:

21

мұндағы: A,B,C – белгілі шамалардың сандық мәндері.

Бұдан

.

Одан соң,.