Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі. Поршеньді есептеу реті.

1. Иілу кернеуі.

Поршень табанындағы иілу кернеуі (МПа):

σиз = Миз/Wиз = рzmax(ri/δ)2

мұндағы: Миз = (1/3) рzmaxri3иілу моменті, МН · м

Wиз = (1/3)riδжазық табанның иілу моментіне қарсылығы, м3;

рzmax = pz жанудың максималды қысымы, МПа;

ri= [D/2-(s + t + Δt)] табанның ішкі радиусы, м.

Егер табанның қатаңдық қабырғалары болмаған жағдайда, кернеудің (МПа) мүмкін шамалары келесі шектерде болады:

45

Алюминий құймасынан жасалған поршень үшін............20 — 25

Шойыннан жасалған поршень үшін....................................40 — 50

Егер қатаңдық қабырғалары болса, [σиз] мәні жоғарлайды:

Алюминий құймасынан жасалған поршень үшін........................50 дейін — 150

Шойыннан жасалған поршень үшін..............................................80 — 200

2. Жылулық кернеу.

Поршень табанында газ қысымының күштерінен басқа, ішкі және сыртқы ортаның температураларының айырмашылығы салдарынан жылулық кернеу де болады. Салқындатылатын шойын поршеньдерінің жылулық кернеуі (МПа):

σтеп = αEqδ/(200λтеп)

мұндағы: α =11·10-6шойынның сызықтық ұлғаю коэффиценті, 1/град;

Е = (1,0 ÷ 1,2)105 шойынның серпімділік модулі, МПа;

q — үлесті жылулық жүктеме, Вт/м2;

δ табанның қалыңдығы, см;

λтеп = 58 — шойынның жылуөткізгіштік коэффиценті, Вт/(м·К).

Төрттактылы қозғалтқыштар үшін

q = 11, 63 (6000 + 26n)p

мұндағы: n — айналу жиілігі, мин-1 (бензинді қозғалтқыштар үшін n = nм , ал дизельдер үшін n = nN);

piорташа индикаторлы қысым, МПа (бензинді қозғалтқыштар үшін nм болғанда, ал дизельдерге nN болғанда ).

3. Сығылу кернеуі

Салқындатылатын алюминий поршеньдерінің жылулық кернеулері әдетте тәжірибелік зерттеулер кезінде термометрлеумен анықталады. Майды айдау тесіктерімен әлсіздетілген, х-х қимасындағы (1 суретте) поршень басы сығылу мен ажырауға тексеріледі.

Сығылу кернеуі (МПа):

σсж = Рzmax /Fx-x

мұндағы: Рzmax= PzFп газдардың поршень табанына түсіретін максималды қысым күші, МН;

Fx-x х х қимасының ауданы, м2:

Fx-x = (π/4)(dк2 – di2) – n'MF'.

мұндағы dк =D – 2(t+Δt) жарықшалар түбі бойынша поршень диаметрі, м2; F'=[(dк-di)/2]dм майлы каналдың бойлық диаметрлі қимасының ауданы, м2.

Алюминий құймасынан жасалған поршеньдер үшін мүмкін сығылу кернеуі [σсж]= 30 — 40 МПа, ал шойын поршеньдер үшін - [σсж]= 60 — 80 МПа.

46

4. Ажырау кернеуі.

х-х қимасындағы ажырау кернеуі (МПа):

σp = Pj/Fx-x.

Қозғалтқыштың максималды айналу жиілігі режимі үшін ілгері – кейінді қозғалатын массалардың инеция күші (МН) қозғалтқыштың бос жүрісі кезінде анықталады:

Pj = mRω2x.x max(1+ λ),

мұндағы: mх-х х-х қимасынан жоғары орналасқан сақинасы бар поршень басы (1 суретте), геометриялық мөлшерлермен немесе mx-x ≈ (0,4 ÷ 0,6)mп анықталады, кг;

mппоршеньді топтың массасы, кг;

R кривошип радиусы, м;

ωx.x max = πnx.x max/30—қозғалтқыштың бос жүрісінің максималды бұрыштық жылдамдығы, рад/с;

λ=R/Lш кривошип радиусының шатун ұзындығына қатынасы

Алюминий құймасынан жасалған поршеньдер үшін мүмкін ажырау кернеуі [σсж]= 4 — 10 МПа, ал шойын поршеньдер үшін - [σсж]= 8 — 20 МПа.