Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Жұмыс денесінің, қоршаған орта мен қалдық газдардың параметрлерін есептеу

Мақсаты: Жұмыс денесінің, қоршаған орта мен қалдық газдардың параметрлерін есептеу және жылулық есепті жүргізу үшін қозғалтқыш жұмысының бірнеше негізгі жылдамдық режимдерін таңдау.

1. Энергетикалық қондырғының негізгі жұмыс режимдерін анықтаймыз:

а) қозғалтқыштың тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін иінді білік айналысының номинальды жиілігі режимі,

б) максимальды айналу моменті режимі,

в) максимальды (номинальды) қуат режимі,

г) автокөлік қозғалысының максимальды жылдамдық режимі,

Ескерту: Аналитикалық есептеулер жүргізу кезінде сандық есептеуді тек қозғалтқыштың номинальды қуат режимі үшін жүргізуге болады, ал қалған режимдер үшін есептелетін параметрлердің қорытынды мәндері кесте түрінде беріледі.

2. Отынның орташа элементарлы құрамын анықтаймыз.

Автокөлік қозғалтқыштарында қолданылатын отынның барлық түрлері әр түрлі көміртектердің қоспасы болып келеді және элементарлық құрамы бойынша бөлінеді.

Сұйық отындардың элементарлық құрамы массалық бірлікте (кг), ал газ тәріздестер – көлемдік бірліктерде (м3 немесе моль) өрнектеледі.

Сұйық отындар үшін:

C + H + O = 1 = 0,864 + 0,133 + 0,003

мұндағы: С, Н, О – 1 кг отындағы көміртектің, сутектің және оттегінің массалық үлестері.

Газ тәріздес отындар үшін:

мұндағы: Cn, Hm, Or– 1 м3 немесе 1 моль газ тәріздес отындағы әрбір газдың көлемдік үлестері,

N2 – азоттың көлемдік үлесі.

5

1.1-кестеде бензиндер мен дизельдік отындардың орташа элементарлық құрамдары массалық үлестерде, ал газ тәріздес отындар көлемдік үлестерде келтірілген.

1.1-кесте. Бензиндер мен дизельдік отындардың орташа элементарлық құрамдары

Көрсеткіштер

Бензиндер

Дизельдік отындар

А-76

жазғы

АИ-93

(А-92)

жазғы

АИ-95

«Экстра»

с МТБЭ

АИ-98**

Жазғы

Л

ҚысқыЗ

Арктикалық

А

-35°С

-45°С

Жанудың төменгі жылуы, МДж/г

Элементарлық құрам:

44

0,855

0,145

-

43,3

0,865

0,135

-

42,9

0,864

0,133

0,003

43

0,87

0,13

-

42,8

0,873

0,127

-

43,03

0,869

0,131

-

43

0,870

0,130

-

*-каталитикалық риформинг бензині; **-термиялық крекинг бензині.

3. Отын жануының төменгі жылу мәндерін есептейміз.

Отынның жану жылуы деп отынның массалы немесе көлемдік үлесі толық жанғандағы бөлетін жылу мөлшерін айтады. Жанудың жоғарғы Но және төменгі Ни жылулары болады.

Жанудың төменгі жылуы деп су буының конденсациясының жылуын есепке алмағандағы отынның толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін айтады.

Егер сұйық отынның элементарлық құрамы белгілі болса, онда отын жануының төменгі жылу мәнін Д. И. Менделеевтің формуласымен анықтаймыз:

МДж/кг

мұндағы: W – массалық немесе көлемдік бірліктегі отынның жану өнімдеріндегі су буларының мөлшері.

Газ тәріздес отындар үшін

Төменде 1.2-кестеде автокөлік отындарының жануының төменгі жылуларының мәндері келтірілген:

1.2-кесте

Отын

Бензин МДж/кг

ДизельдікМДж/кг

Табиғигаз МДж/кг

Пропан МДж/кг

Бутан

МДж/кг

44,0

42,5

35,0

85,5

112,0

6