Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жмысы.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

4. Жұмыс денесі параметрлерінің мәндерін табамыз.

Отынның массалық немесе көлемдік бірлігінің толық жануы үшін теориялық қажетті деп аталатын ауаның белгілі бір мөлшері қажет және оны отынның элементарлық құрамы бойынша анықтаймыз.

Сұйық отындар үшін

немесе

,

мұндағы: l0 – 1 кг отынның жануы үшін кг-да теориялық қажетті ауаның мөлшері (кг ауа/кг отын); L0– 1 кг отынның жануы үшін кмоль-де теориялық қажетті ауаның мөлшері (кмоль ауа/кг отын); 0,23 – 1 кг ауадағы оттегінің массалық үлесі; 0,208 – 1 кг ауадағы оттегінің көлемдік үлесі.

Бұдан

мұндағы: μB=28,96 кг/кмоль – 1 кмоль ауаның массасы.

Газ тәріздес отындар үшін

мұндағы: - 1 моль немесе 1 м3 отын жануының моль-де немесе м3- де теориялық қажетті ауаның мөлшері (моль ауа/моль отын немесе м3 ауа/ м3 отын).

Отынның жану жағдайына, қоспа дайындау типіне, қуатты реттеу тәсіліне және қозғалтқыштың жұмыс жағдайына байланысты отынның әрбір массалық немесе көлемдік бірлігіне келетін ауаның мөлшері отын толық жану үшін теориялық қажетті мөлшерден артық, бірдей немесе кем болуы мүмкін.

5. Жану қоспасының мөлшерін анықтаймыз.

Ұшқын арқылы тұтанатын қозғалтқыштағы жану қоспасы (жаңа заряд) ауадан және буланған отыннан тұрады және мына шамамен анықтаймыз:

мұндағы: M1 – жану қоспасының мөлшері (кмоль жану қ./кг отын);

mT – отын буының молекулалық массасы (кг/моль);

α – ауаның артықшылық коэффициенті.

7

Әр түрлі отындар үшін mT келесі мәндері қабылданады: автокөлік бензиндер үшін 110 ... 120; дизель отындары – 180 ... 200.

1.3-кесте

Көрсеткіштер

Бензиндер

Дизельдік отындар

А-76

жазғы

АИ-93

(А-92)

жазғы

АИ-95

«Экстра»

с МТБЭ

АИ-98**

Жазғы

Л

ҚысқыЗ

Арктикалық

А

-35°С

-45°С

Молярлықмасса,

кг/моль

106

110

110

115

230

235

240

Ескерту: Қозғалтқыштың есептік режимдеріне сәйкес бензинді қозғалтқыштар үшін мәндер 1-сурет бойынша анықталады.

1-сурет. Карбюраторлы қозғалтқыштың жылулық есебі үшін қорытынды мәндер.

2-сурет. Отынды бүркейтін қозғалтқыштың жылулық есебі үшін қорытынды мәндер.

Сығу арқылы тұтанатын қозғалтқыштар үшін М1 анықтауда 1/mТ шамасы ауаның көлеміне қарағанда аз шама болып келеді.

8

Сондықтан бұл қозғалтқыштар үшін:

Газды қозғалтқыштар үшін:

мұндағы: М´1- жану қоспасының мөлшері (моль жану қ./моль отын немесе м3 жану қ./м3 отын).

Кез келген отын үшін жану қоспасының массасы

мұндағы: m1 – жану қоспасының массалық мөлшері (кг жану қ./кг отын).

Отын толық жанбаған кезде (α<1) жану өнімдері көміртек оксидінен СО, көмірқышқыл газынан СО2, су буынан Н2О, бос сутектен Н2 және азоттан N2 тұратын қоспа пайда болады.

6. Толық жанбау өнімдері жеке компоненттерінің мөлшерін табамыз.

Сұйық отын үшін толық жанбау өнімдері жеке компоненттерінің мөлшерін табамыз α < 1:

көмірқышқыл газы (кмоль СО2/кг отын)

көміртек оксиді (кмоль СО/кг отын)

су буы (кмоль Н2О/кг отын)

сутек (кмоль Н2/кг отын)

азот (кмоль N2/кг отын)

мұндағы: К – жану өнімдеріндегі сутек мөлшерінің көміртек оксиді мөлшері қатынасына тәуелді тұрақты шама (бензин үшін К = 0,45 0,50).

М2 = МСО2 + МСО + МН2О + МН2 + МN2

Отын толық жанғанда (α1) жану өнімдері көмірқышқыл газынан СО2, су буынан Н2О, қалдық оттегіден О2 және азоттан N2 тұрады

9

α1 болғандағы сұйық отын үшін жану өнімдері жеке компоненттерінің мөлшері:

көмірқышқыл газы (кмоль СО2/кг отын)

су буы (кмоль Н2О/кг отын)

оттегі (кмоль О2/кг отын)

азот (кмоль N2/кг отын)

Сұйық отын толық жанғандағы өнімдердің жалпы мөлшері (кмоль жану өн./кг отын):

α1 болғандағы газ отыны үшін жану өнімдері жеке компоненттерінің мөлшері:

көмірқышқыл газы (моль СО2/моль отын)

су буы (моль Н2О/ моль отын)

оттегі (моль О2/ моль отын)

азот (моль N2/ моль отын)

.

мұндағы: N2 — отындағы азот мөлшері, моль.

Газ тәріздес отын толық жанғандағы өнімдердің жалпы мөлшері (моль жану өн./моль отын):