Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка 1-15 практика жұмысы.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
8.44 Mб
Скачать

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Техникалық факультет кафедра : «автОкөлік және жқұ»

050713 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған

«Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Ақтөбе 2012

Құрастырған:

Ерманов М. Б. – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті,

техникалық факультетінің «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушысы

050713 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының студенттеріне арналған «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар.

Оқу-әдістемелік нұсқауда қазіргі уақыттағы автомобильдің энергетикалық қондырғыларын жүйелі есептеу әдістемесі бар. Теориялық циклдардың есептеуін және сараптау электро - есептеуіш машиналарда орындауға болады.

Оқу-әдістемелік нұсқау келесі негізгі бөлімдердің есептеуін қарастырады: энергетикалық қондырғының жұмыс циклдарын жылулық есептеу; энергетикалық және экономикалық көрсеткіштерін есептеу; иінді – шатунды механизмнің динамикасын есептеу; негізгі бөлшектер мен түйіндерді беріктілікке есептеу және энергетикалық қондырғылар жүйесін есептеу .

Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің редакциялық-баспа бөлімі, 2012 жыл.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Техникалық факультеті, «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасы отырысында қаралды және бекітілді.

«____» ________________201__жылдан №_____хаттама

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Техникалық факультеті кеңесінде келісілді.

«____» ________________201__жылдан №_____хаттама

Рецензия беруші:

Мурзагалиев А. Ж. – т.ғ.к., доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе

мемлекеттік университеті техникалық факультетінің деканы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді және баспаға ұсынылды.

«____» ________________201__жылдан №_____хаттама

Мазмұны

Алғы сөз......................................................................................................................4

1. №1 практикалық жұмыс

Жұмыс денесінің, қоршаған орта мен қалдық газдардың параметрлерін есептеу.........................................................................................................................5

2. №2 практикалық жұмыс

Енгізу және сығу процестерінің параметрлерін есептеу....................................12

3. №3 практикалық жұмыс

Жану және ұлғаю процестерінің параметрлерін есептеу......................................20

4. №4 практикалық жұмыс

Қозғалтқыштың жұмыс циклінің индикаторлық өлшемдерін есептеу................24

5. №5 практикалық жұмыс

Қозғалтқыш пен цилиндрдің негізгі өлшемдері мен нәтижелі көрсеткіштерін есептеу........................................................................................................................26

6. №6 практикалық жұмыс

Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамаларын есептеу...........................32

7. №7 практикалық жұмыс

Қозғалтқыштың жылулық балансын есептеу.........................................................36

8. №8 практикалық жұмыс

Иінді – шатунды механизмнің динамикасын есептеу...........................................38

9. №9 практикалық жұмыс

Поршень тобын есептеу............................................................................................44

10. №10 практикалық жұмыс

Шатун тобын есептеу................................................................................................57

11. №11 практикалық жұмыс

Қозғалтқыштың корпусын есептеу.........................................................................76

12. №12 практикалық жұмыс

Карбюратор қозғалтқыштың газ тарату элементтерін есептеу............................89

13. №13 практикалық жұмыс

Карбюратор элементтерін есептеу...........................................................................98

14. №14 практикалық жұмыс

Майлау жүйесінің элементтерін есептеу...............................................................111

15. №15 практикалық жұмыс

Салқындату жүйесінің элементтерін есептеу.......................................................119

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................................124

3

Алғы сөз

Осы оқу-әдістемелік нұсқауда қазіргі уақыттағы автомобильдің ээнергетикалық қондырғыларын жүйелі есептеу әдістемесі бар. Теориялық циклдардың есептеуін және анализін ЭЕМ-да орындауға болады. Кешенді жылулық есептеудің динамикалық есептеумен және энергетикалық қондырғылардың жүйелері мен бөлшектерінің есептеуімен бірдейлілігі екі энергетикалық қондырғылардың есептеу мысалында көрсетілген: ұшқынмен оталатын карбюратор қозғалтқыштың және енгізу жүйесіне бензинді бүркейтін қозғалтқыштың энергетикалық қондырғыларының кешенді есептеулері.

Ұшқыннан оталатын және жеңіл отынды (бензинді) енгізу түтігі мен цилиндрге тікелей бүркейтін жаңа қозғалтқыштардың анализі және энергетикалық қондырғылардың теориялық және нақты циклдарын есептегенде электронды есептеуіш техниканы қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

Қозғалтқыштар есептеу мен сынақ кезінде электронды-есептеуіш машиналарды қолдану мүмкіндігіне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта электронды-есетеуіш техника мотоқұрылыс зауыттарда, ғылыми-зерттеу орталықтарында, конструкторлық және жөндеу мекемелерінде және жоғарғы оқу орындарында кең қолданылады.

Бүгінгі есептерді орындау үшін автомобиль қозғалтқышын өндіру жәнеэксплуатацияға байланысты маман теория жағынан, іштен жану қозғалтқышының құрылысы мен есептеуі бойынша терең білімді болуы керек.

Оқу-әдістемелік нұсқау негізгі 4 бөлімнен тұрады:

1) қозғалтқыштың жұмыс процестері және сипаттамасы;

2) қозғалтқыштың кинематикасы және динамикасы;

3) негізгі бөлшектер мен түйіндерді беріктікке есептеу;

4) қозғалтқыштың жүйелері.

Оқу-әдістемелік нұсқау 050713 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығына арналған «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» курсының бекітілген бағдарламасына сәйкес дайындалды. Оқу-әдістемелік нұсқау студенттерге тек қана материалды, терең білімді ұғу үшін ғана емес, осы білімді автомобиль қозғалтқышын құрастыру және есептеу кезінде пайдалануды мақсат қылады.

4

1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

Оставленные комментарии видны всем.